Файл: аза тілі дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 2257

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Негізгі бөлім

Келесі «Оқиық» айдарында оқушыларға өлеңді түсініп оқу жүктеледі. Мұнда оқушылар әдеттегідей кейіпкерлердің бірі Алматтың суретіне қарап, бұлт сөздері арқылы оның түс көргені және түсінде өтірік өлең шығарғаны туралы мәліметпен таныс болады. Мұғалім:

- Балалар, сендер түстеріңде өтірік өлең шығарып көрдіңдер ме?

-Иә, тіпті өңдеріңде де өлең шығарып көрмедіңдер.

  • Кейіпкеріміздің өтірік өлеңі ұнады ма сендерге?

  • Иә.

-Алмат өтірік өлеңіне сурет те салған екен. Кәне, оны да тамашалап көрейік.

5 мин

Жеке

Оқулық

Келесі «Көрсетейік және айтайық» айдарында оқушылар Азаматтың өтірік өлеңі мен суретінің мазмұн сәйкестігін салыстырады. Тексереді. 4.3.5.1 мақсаттарын басшылыққа алады. Осы тұста тағы бір кейіпкеріміз Сұңғат қосылып, оқушыларға өзінің керемет ойын жеткізеді. Оны оқушылар оның суреттегі бұлт сөзінен танысып біледі. Ол: –Балалар, мен сендерді айға апара аламын. Кеңістікке сапар жасайтын құрылғы ойлап таптым. Жүріңдер, қыдырып қайтайық. Тек бір шартым бар. Осы сапар туралы өлең шығарасыңдар.

Балалар мұғалімнің көмегімен ойлана келе бір шешімге келеді. Сұңғат талаптарына келіседі.

Мұғалім оқушыларды «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Жақсы!»,

«Тамаша!» сияқты мадақтау сөздерімен мадақтайды.

5 мин

Мұғалім-сынып

Сөздіктер

Келесі «Жаттығайық» айдарында оқушылар Азаматтың сұрақтары туралы ойланады және өз ойларымен бөліседі. 4.1.5.1 мақсатын жүзеге асырады.

Айға балалар немен барғалы жатыр?Айдаолар некөруі мүмкін?

3 мин

Мұғалім- сынып

Оқулық

«Бөлісейік» айдарында «Интервью» әдісі арқылы оқушылар екі топ қарсы топтарға сұрақ қою арқылы сұрақтар қызу талқыланады. Оқушылар толық сөйлеп, ойларын толық жеткізуге тырысады.

5 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс

«Интер- вью» әдісі

«Жазайық» айдарында оқушыларға «Айға сапар» атты өлең шығару тапсырылады. Онда берілген үлгіні басшылыққа алады. Ал оқушы шығармашылығына, өлеңіне арқау болар заттар тақтадағы суреттерде көрсетіледі. Бұл тапсырма екі топқа екі сиқырлы сандық беріп, ол сандықтан өлең шығаратын зат атауларын шығарып беріп, оқушы қызығушылығын арттыру жасалады.

Оқушылар бір-бірін «Дүркін шапалақ» әдісімен бағалайды.

7 мин

жұптық Жұптық жұмыс Сынып

Сиқырлы сандық

Жазылым

«Сөйлесейік» айдары арқылы жазба жұмыстары болған соң, әр топ өз шығармашылық топтамаларымен ортаға шығып бөліседі. Мұнда оқушылар «Постер қорғау», «Біздің шығармашылығымыз» атты жазған шығармашылықтарымен таныстырылым өткізеді.

5 мин

Жеке,топтық, жұптық жұмыс (4оқушы)

«Постер қорғау»,

«Біздің шығарма- шылығы- мыз»








Сергіту: оқушылардың өздері шығарған немесе Азаматтың жаңылтпашын айтқызу, жаттықтыру мақсатында «Мені қайтала» ойынын ойнатады.

2 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс




Қор. бөлім

«Білім ағашы». Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

«Білім ағашына» бүгінгі сабақтағы ең маңызды деп санаған 3 нәрсені стикерге жазып жапсырады.

3 мин

Сынып- мұғалім




Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  1. Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу

  2. Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің

өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу

Дескриптор


  • Қажетті ақпаратты дереккөздерден ізеп таба біледі.

  • Каллеграфиялық нормаға сай көркем жазады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқумақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?



Сабақтың тақырыбы

Қайта оралу. (4-тоқсан, 8-тарау)

135-сабақ

Дағды

Айтылым мен жазылым

Оқыту мақсаттары

4.2.4.1 *Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

4.4.3.1 *Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте)/қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану

Лексикалық минимум

Алдыңғы сабақтарды қайталау

Алдыңғы білім

Айға сапар

Сабақтың барысы

С.кезеңі


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139





Кіріспе

  • Балалар, сендер болашаққа сенесіңдер ме? Болашақ өмірлеріңді көз алдарыңда қалай елестетер едіңдер? Осындай ойлар сендерді ешқашан мазалаған жоқ па?

  • Ендеше, балалар, біздің әдеттегі кейіпкерлеріміз өте қиялшыл балалар болып шықты. Олар болашақты ойлағандары сонша неше күннен бері түстерінде де көріп, өң мен түсті ажырата алмайтындай бола бастаған. Сол оқиғаларға тоқталып көрейікші. Кәне, Тілеуханның оқиғасына зер салайықшы. Қалай ойлайсыңдар, балалар, Тілеухан қандай оқиғаға тап болуы мүмкін? Кім қандай болжам жасайды?... Бұл ретте «Болжау» стратегиясы

қолданылады.

2 мин

Мұғалім-сынып


«Бол- жау» страте- гиясы


Айты- лым

«Көрсетейік және айтайық» айдарында оқушылар назарына бірнеше суреттер беріледі. Суреттердегі оқиға желісіне назар аудара отырып, әр оқиғаның мазмұнына тоқталады. Кейіпкерлердің қайда жүргенін, немен шұғылданып, не істеп жүрген іс-әрекеттеріне сай оқиғаның немен аяталатынын өзбеттерінше болжайды. Ойларымен бөліседі. Бұл ретте әр суретті нөмірлеп қойып, кім қай нөмірді суырса, сол суреттің қалай аяқталуын не жалғасын болжайды. Бұл ойын «Сиқырлы қорап»

деп аталады. Қорап ішінде сандар жазылған парақшалар болады.

3 мин

Топтық жұмыс

Сурет- тер

Негізгі бөлім

Келесі «Тыңдайық» айдарында диалог беріледі. Аудиотаспадан оқушылар тыңдап танысады немесе қағазға жазып, әр партаға парақшамен үлестіріледі. Тыңдап, жүргізіп оқып танысады және түсінгенін айтып береді. Бұл ретте оқушылар алдыңғы айтқан өз болжамдарымен осы диалог арқылы Тілеухан хикаясының түсі екенінен хабардар болады.

Бұл тыңдалым тапсырмасын орындату барысында мұғалім аудиотаспаға назар аударып, оқиға жауабын таба алатындықтарын болжауына немесе нақты айтуына мүмкіндік туғызады.

Тыңдалым мәтіні:

Диалогті тыңда, жүргізіп оқы. Түсінгеніңді айтып бер.
Анасы: Тілеухан, тұр, балам, таң атты.Тілеухан: Жақындама! Үйге оралу керек.Анасы:Тілеухан, ояншы.

Тілеухан: Жоқ, қорапты ашпа!Анасы:Қорап! Қандайқорап?

Тілеухан:А-а-а-а! Үйгеқайтқымкеледі!

Анасы: Тілеухан үйде, анасының қасында.Тілеухан:Уф, түсімекен ғой!

5 мин

Жеке

Аудио- таспа








Келесі «Сөйлесейік» айдарында оқушылар назарына бірнеше сұрақтар легі ұсынылып, көршісімен талқылау тапсырылады. Бұл орайда

төмендегідей кесте пайдалануға болады.

Тапсырманы аяқтап болған соң:

-Менің ойымша,... себебі... өйткені... сондықтан... деген түйіндермен қорытындылайды. Оқушылар бір-бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы

бағалайды.

5 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

«Жазайық» айдарында ұсынылған үлгіні оқушылар орынды пайдалана отырып, жазылым тапсырмасына кіріседі. Жазылым тапсырмасы «Мен болашаққа сенемін» атты еркін жазу эссесін жүзеге асырады. Эссені өз беттерінше орындап, оқушылар жұптаса бірін-бірі

тексереді.

3 мин

Мұғалім- сынып

Оқулық

Түзетілген эссе қайта өңделіп, енді дәптерге көшіріледі. Мұнда 4.4.3.1 мақсаттары жүзеге асады.

ҚБ. Мұғалім бір минуттық эссені тақырып бойынша нені білгендігін анықтау үшін оқушыларға кері байланыста қолданады.

Бір минуттық эссені жаздыру үшін мұғалім келесі сұрақтарды бере алады:

  • Сен бүгін ең басты не туралы біле алдың?

  • Сен үшін қандай сұрақтар түсініксіз болып қалды?

Оқыту ортасы мен форматына байланысты бір минуттық эссе әртүрлі қолданылуы мүмкін:

  • Сабақ кезінде: сабақ бірнеше кезеңге бөлінеді, оқушылардың материалды кезеңдерге сай меңгеруі қадағаланады.

Сабақ соңында оқушыларға келесі сабақта олардың не істейтіндігін

хабардар ету үшін.

5 мин

Жеке ж. Жұпт. ж. Сынып

Оқулық

Келесі «Автор орындығы» әдісі арқылы оқушылар өз шығармаларымен өзгелерді таныстыруға мүмкіндік алады.

7 мин

Жеке
Сынып

«Автор орынды- ғы» әдісі

Сергіту: «Шеңбердегі доп» ойыны арқылы әрбір допты ұтқан оқушы эссе оқыған оқушыларға арнап өз пікірлерін ортаға салады.

5 мин

Жеке жұмыс (4оқу




Келесі «Ұрандар» айдарында оқушылар бүгінгі жазған эссе тақырыбына орай жалынды ұрандар жазып стикерлермен Білім ағашын безендіреді.

2 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс

Стикер