Файл: Сабата олданылатын дістсілдермен психологиялы тренингтер жинаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 391

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

113. «Еркін жазу»

Бұл әдіс«ой толғаныс» кезеңінде пайдалануға лайықты да тиімді. Мұғалім сабақ барысында қарастырылған жаңа ақпарат жайында, одан алған әсері, не үйренгені, нені әлі де біле түсу керек екені т.б. туралы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде, оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.

Оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
114. «Еркін пікір»

Пікірталастар ұйымдастыру, баяндамалар жасау, реферат, шағын ғылыми жұмыстарды қорғау – оқушының білім қорын, ізденісін көрсетумен қатар, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін меңгеруіне қызмет етеді.
115. «Еркін талқылау»

Бұны шағын топта қалай болса, сондай-ақ барлық сыныппен орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс топтарда өтсе мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін. Нұсқа ретінде бір оқушыны көмекші болуды сұрауға болады, бұл техника оқушыны, ол оқушы әрекеттерінің оң тәжірибесін алысымен пайдалануға және осы рольдегі мінез-құлқының негізгі аспектілерін талқылауға болады.

116. «Ертегі құрастыру»
Бастаушы ертегінің бірінші сөйлемін айтады. Қалғандар бір-бір сөйлемнен өздері қалауынша ертегінің сюжетін құрастырады. Қатысушылардың қиял жүйріктігі, тіл байлығына қарай түрлі ертегі құрастырылып шығады.
117. «Есімдер арқылы топқа бөлу»

www.classtools.net – «жеміс-жидек машинасы» бағдарламасы, мұнда сізде есімдерді енгізуге, оларды сақтауға және оқушыларды кездейсоқ тәртіпте таңдауға мүмкіндік болады.

Есімдерді балмұздақтардың таяқшаларына жазыңыз және жауап беру үшін кездейсоқ тәртіппен оларды тартып шығарыңыз.

Сандарды допқа немесе оқушылардың саны немесе сыныптағы отыратын орнының нөмірі жазылған санауыштарда жазыңыз – әр сыныпта қолданыңыз.

118. «Жағымды тілектер алқасы»

Алдын ала топтағы оқушы санына сай ұзын (70 см) және көбірек түрлі-түсті қысқа (10 см) жіптер дайындалады. Жағымды әуен арқылы барлық қатысушылар бір шеңберге топтасады. Мұғалім қолындағы жіптерді көрсетіп: «Менің қолымда түрлі-түсті, ұзын-қысқа жіптер бар. Шын мәнінде, бұлар жай жіптер емес, біздің шығармашылығымыздың ұшқындары. Аңызға сүйенсек, егер таза жүректі адамдар бір жерге жиналса, бұл ұшқынды әдемі алқаға айналдырады екен. Қазір ұзын жіптерді әрқайсысың алып, өз мойындарыңа тағып, ұшын байлауларыңды сұраймын. Содан соң түрлі-түсті қысқа жіптен алып бір-біріңнің мойындарыңдағы алқаға жағымды тілек айтып байласаңдар. Осылайша қысқа жіптер алқамыздың моншақтарына айналады.»


Барлығы байлап болған соң, осы күннен естелік ретінде сақтап қою ұсынылады.

119. «Жазылым дағдыларын дамытуға әдіс-тәсілдер»

Құру

Құру үдерісі және жоспарды жобаға айналдыру үдерісі: ой дамыту, қолдау

бөліктерін енгізу, проза түрінде жазу, азат жол пайдалану, азат жолдарды

байланыстыру, басым тиімді бастау және аяқтау. Жазу бойынша бірнеше жоба болуыда мүмкін.

Оқушылар жобаны жазу кезінде критерийлерге жүгіну керек. Мазмұндама

мұғалімге жауап беруде, қатарластар ескертпесінде немесе жаңа ақпаратқа, сондай-ақ,өзгерту үдерісі кезінде байқалған кез келген сұраққа жауап беру кезінде өзгереді.

Өзгерту

Өзгерту – мазмұн сәйкес ақпараттан тұратынына және оның ақпаратты бірыңғайберетініне көз жеткізу үшін қайта оқу немесе шығарма жобасын қайта қарау.

Оқушылар орфография, грамматика, пунктуациядағы қателерді анықтау және

түзеу үшін, сондай-ақ, өшіріп, қосып, материалды нақтылау үшін түрлі түсті

қаламдарды пайдалану керек.

Өзгерту бірнеше кезеңнен тұруы да мүмкін, себебі, жазушы әртүрлі

элементтерді жазуға назар аударады. Ол мыналардан тұрады:

Мазмұн – жазбаша мазмұндаманың мазмұнына қараңыз, ол нақты бір мақсат

пен аудитоияға сәйкес келеді ме, барлық сәйкес ақпарат жеткілікті деңгейде

енгізілген бе?

Құрылым – Мазмұндауда басы, ортасы және соңы анық берліген бе? Немесе

хабарлы мәтінде анық кіріспе мен қорытынды болады ма? Ақпарат қисынды,

байланысқан және прогрессиялы бірізділік болу керек. Қызықты әрі тиімді

болатын кіріспе және қорытынды фразалар болу керек.

Мәтінді құрылымдау – Абзацтар сол абзацта талқыланатын ақпаратты

айрықшалайтын немесе соған сілтейтін тақырыптық сөйлемнен басталу керек.

Жаңа абзац орын, уақыт және сөйлеуді бастайтын жаңа кейіпкер/адамды

ауыстыра отырып, жаңа тақырыптан басталу керек. Маңызды әрі нақты сөйлемқұрылымдарының әр түрлілігін әсер алу үшін саналы түрде пайдалану қажет.

Айқындық - барлық жаңа тұжыырымдамалар нақты түсіндіріліп нақты

анықталған ба? Әр сөйлемнің мағынасы түсінікті ме? Ненің айтылып тұрғанытүсінікті ме?

Сөздік – Сөздік таңдау қажетсіз қайталаудан қаша отырып, дәл әрі маңызды

болу керек. Тезаурус пайдалану кезінде мұқият болған жөн, себебі оқушылар

маңызы бірақ мәнмәтінге сәйкес келмейтін синонимдерді пайдаланып қоюы

әбден мүмкін.


120. «Жақсарту жөніндегі нұсқаулық»

Оқушылардың жұмысына түсініктеме бере отырып, бұл үдерісті оқушыларға жақсарту жөнінде нұсқаулық беру үшін қолданыңыз. Оқушылардан сыныптастарының жұмыстарын бағалаған кезде түсініктемелерді қолдануын сұрай отырып, үдерісті дамытыңыз. Нұсқаулық ұғымын және оның басқа ереже түрлерінен қалай ерекшеленетінін талқылаңыз (мысалы, ұйғарым, ескерту және т.б.).
121. «Жақсылық тамшысы»

Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.

122. «Жақсы сұрақ деп нені айтады?»

Оқушылармен «жақсы» сұрақ ұғымын талқылаңыз. Үдеріс ашық және жабық сұрақтардың арасындағы айырмашылықтарды анық түсінуге мүмкіндік береді. Одан кейін олар тақырып бойынша сұрақтар қоя алады және олардың қайсысы жақсы болғанын шеше алады, одан кейін сұрақтардың жауаптарын талқылауға ауысады.

123. «Жаңалық ашамыз»

Заттардың негізгі қасиеттерімен қоса қосалқы қасиеттерін ашу үшін тапсырма беріледі. Бұл таптаурын болған ойдан арылу, айналаға сын көзбен қарау, жаңалық ашуға ұмтылу үшін керек.

Мысалы, «Сіріңке жанып, жарық беріп қана қоймайды, бір жағынан салмағы мен ұзындығын жоғалтады; су – сұйық, бірақ оны қатырған кезде, құрылыс материалы ретінде қолдануға болады (мұз қала салу) т.с.с.

Оқушыларға қарапайым заттардың өзгеше қасиеттерін ашу тапсырылады. Мысалы, полиэтиленді қақпақ, қаламсаптың пайданылған өзекшесі, шеге, балмұздақ т.с.с.

Бұл тапсырма талантты және дарынды балалардың қабілетін ашуға көмектеседі.

124. «Жауап беретін әріптес»

Жұптармен немесе әріптестермен жұмыс істегенде ауызша бағалау. Оқушылар әріптесті немесе топты өз жұмысына түсініктеме беруге немесе талқылауға шақырады. Бұл үдеріс тиімді жүруі үшін оқушылар оқу мақсаты мен табыс критерийлерін білуі қажет. Олар сонымен бірге жауап беретін әріптестің рөлін бағалауы – оқу мақсаттарына сәйкес құрылымды және жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс. Оқушыларға жұмысты орындап жатқан адамға қоятын сұрақтар тізімі берілуі мүмкін.

125. «Жәшіктегі кітаптар»

Ортаға әсем безендірілген жәшік әкелінеді. Мұғалім: «Сыртындағы суреттерге қарап, осы жәшіктің ішінде не бар екенін тапқан оқушыға сыйлығымыз бар.» «Дұрыс, кітап!»


Қазір әрқайсысың бір кітаптан алып, 10 минут көлемінде кітапты оқып, қарап шығады. Содан соң кітапты жұбымызбен ауыстырып, тағы 10 минут оқимыз. Қысқаша қажетті деген мәліметтерді, қызықты ойлар мен кейіпкерлерді өздеріңе түсіріп алуларыңа болады,» - дейді.

Балалар 20 минут оқып болған соң, бір-біріне осы кітап туралы ойларын жеткізу тапсырылады. Бір-бірін толықтырады. Қызығушылық танытқан кітаптарын үйге оқуға алуларына рұқсат етіледі.

126. «Жеміс себеті»

Топ шеңбер құрып орындықта отырады. Жүргізуші әр қатысушыға жеміс аттарын айтып шығады. Мысалы, алма, алмұрт, лимон, жүзім, апельсин, анар, банан т.с.с. Жүргізуші екі жемістің атын айтқанда, олар орын ауыстыруы керек. Ортадағы адамның міндеті - орын ауыстырушылардың бірінің орнына орналасу. Ол енді екі-үш жемістің атын бірге немесе «жеміс салаты» деп бәрін бірге айтуына болады.

127. «Жетістік баспалдағы»

«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.



Өте жақсы түсіндім




Жақсы түсіндім

Түсіндім

Аздап түсіндім

Түсінбедім
126. «20 сұрақ – иə-жоқдеген жауап»

Оқушыларға ақпарат алу үшін, 20 сұрақ қоюға болады. Алайда сұрақ қойылып жатқан адам «иə» не «жоқ» деп қана жауап береді. Мысалы,оқушы бір геометриялық фигура -- ромбыны жасыруы мүмкін, алсыныптың қалған бөлігі қасиеттерін атау арқылы оның қандай фигураекенін табуы керек.

127. «Жұмбақ зат»

Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Ойынның шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет.