Файл: за мерзімді жоспар блімі Дизайн жне технология Мектеп Мыр орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 44

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Дизайн және технология

Мектеп: Мұқыр орта мектебі

Күні: 28.02

Мұғалімнің аты-жөні: ЕрмұқановаАлмагүл

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:0




Сабақ тақырыбы:

Үстел ойының бөлшектерін дайындау. Көркемдеп безендіру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.6.2-Бұйымды дайындау мен безендіру үшін заманауи және дәстүрлі емес материалдардың тиімді қолданылуын түсіне отырып өздігінен таңдау

8.2.3.1-Қол, механикалық құрал-жабдықтарын қолдана отырып, бұйымдардың функционалдық және эстетикалық сапасын арттыру үшін материалдарды өңдеу мен безендіру әдістерін анықтау, пайдалану

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Ойынның қорабын әзірлеп, функционалдық сапасын арттырып, өздері қалаған әдістерімен безендіру. Тәжірбиелік жұмыс барысында техника қауіпсіздігін қатаң сақтау.

Көпшілігі: Жұмыстарын безендіру үшін заманауи және дәстүрлі емес материалдарды эстетикалық талғаммен өңдеу.

Кейбір оқушылар: Өз бетінше үстел ойындарының бөлшектерін дизайнмен көркемдеп өндей алады және күрделі шығармашылық идеяларды қолдана отырып, тәжірибелік жұмыс орындайды.

Бағалау критерийлері

  • Ойынның қорабы мен функционалды сапасын арттыру үшін безендіру жұмыстарын орындайды;

  • Ойын бөлшектерін безендіру кезіңде заманауи және дәстүрлі емес материалдарды эстетикалық талғаммен пайдаланады;

  • Өз бетінше үстел ойындарының бөлшектерін дизайнмен көркемдеп өндей алады және күрделі шығармашылық идеяларды қолдана отырып, тәжірибелік жұмыс орындайды.

Тілдік мақсаттар




Ойын алаңы

Игровое поле

Playing field

Фишка

Фишка

Chip

Кәртішке

Карточка

Card

Ойын тастары

Кубики

Cubes




Құндылықтарды

дарыту

«Мәңгілік ел» стратегиясы бойынша: ұлттық құндылықтар, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, эстетикалық тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, информатика, математика пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану

АКТ қолдану

дағдылары

Ноутбук, ақпараттық технологиялардың әдістері қолдана алады.

Бастапқы білім

Зерттеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Топта бірлесе жұмыс орындайды. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Оқылым
Тындалым
Айтылым

Пәнаралық байланыс:

қазақ тілі

бейнелеу өнері

математика


Психологиялық ахуал. Оқушылармен амандасу. Сыныпта жұмыс атмосферасын қалыптастыру.

Алдыңғы білімді : «Миға шабуыл» әдісін қолданамын сұраққа шапшаң жауап берген оқушыны мадақтап отырамын.

Үстел ойынын дайындаудың негізгі кезендерін атаңдар.

Кері байланыс:

(нобай, сызба, техникалық сурет).

Сызба мен техникалық суреттің қандай айырмашылығы бар?

Қалай ойлайсыздар, үстел ойынын неден жасауға болады?

Суреттерді қарап шығындар. Ұсынылған үстел ойындарының бөлшектері қандай материалдардан жасалған?

Дескриптор: - сызба мен техникалық суреті айырмашылығын анықтайды;

- жұмысты дайындауға қажетті материалдарды таңдай біледі.

Қалыптастырушы бағалау: ауызша «Керемет», «Жарайсыздар».

Саралау: дескриптор, сұрақ-жауап, диалог.


 Көркем еңбек

8-сынып

50-53 бет

В.Г.Чукалин

Р.М.Яковлев

Х.К.Танбаев

Е.В.Ермилова

Е.Е.Велькер

О.С.Лосенко


Сабақтың ортасы

10 мин
Белсенді оқыту әдісі:
Оқылым
Тындалым
Айтылым

Пәнаралық байланыс:

қазақ тілі

бейнелеу өнері

математика

Сабақтың ортасы

20 мин

Пәнаралық байланыс:

қазақ тілі

бейнелеу өнері

математика


Жаңа тақырыпты түсіндіру

Бүгінгі сабақта біз үстел үсті ойындарды дайындаудың келесі кезеңін орындайтын боламыз.

Белсенді оқыту: «Жұбына көмектес» әдісі.

Мақсаты: балаларды басқа адамды естуге, тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, басқаның пікірімен санасуға мүмкіндік береді.

Тапсырма №1.

Оқушылар үстел ойынын көркемдеу жайлы сұрақтарды талдайды:

Кері байланыс сұрақ жауап арқылы:

Ойынның қандай бөліктерін көркемдеу керек?

Ойын алаңы мен басқа бөлшектерін көркемдеу үшін қандай материалдар мен құралдар қажет?

Ойын алаңы мен басқа бөлшектеріне суреттерді қалай көшіреді?

Қажет жағдайда өз үстел ойынының логотипін талдайды және нұсқалар ұсынады.

Дескриптор: - көркемдеу тәсілдерін талқылайды.

- жұмыстың орындалу реттілігін анықтайды;

- жұмысты дайындауға қажетті материалдарды және құралдар таңдай біледі.

Қалыптастырушы бағалау: Әр жұп бірін-бірі бағалайды.

Саралау: кері байланыс, дескриптор, сұрақ-жауап, диалог.

Тәжірбиелік жұмыс жасар алдыңда ұшты және өткір құралдарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіз техникасы туралы оқушылармен бірге нұсқама жүргіземін.

Тапсырма №2. Тәжірбиелік жұмыс.

1-кезең. Оқушылар өз дайындамаларын, ойын элементтерін яғни бөлшектерін тазалап, безендіру жұмыстарын орындайтын болады.

2- кезең. Өздері үстел үсті ойындарының сыртқы қорабын орындайтын болады. Қорап өздері қалаған өлшемде және пішінде бола алады. Қораптың сыртқы бетінде композициялық және эстетикалық талапқа сай орындалуы тиіс. Қорапты ойындарына сай етіп, сыртқы көрінісінде ойынның атауы, логотипі, тұтынушылардың қай жас ерекшелігіне арналғандығы туралы ақпараттар болуы керек.

Қағаздан орап жасау үлгілері:

Оқушылар өздерінің көркемдеген бұйымдарын талдау үшін бүкіл сынып алдында көрсетеді. Таныстыруға әр оқушыға 1-2 минут уақыт беріледі.

Дескриптор:

қажетті материалдардың тиімді тұстарын анықтайды;

- бұйымды дайындайды;

- жеке бөлшектерін дайындап, безендіреді.

Қауіпсіздік техникаларын сақтайды;

Қажетті құралдардың қолдану мақсаттарын біледі;

Материалдарды безендіруге тиімді технологияларды қолданады;

Бағалау: оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Саралау: кері байланыс, дескриптор, жеке жұмыс.

Ресурстар: Электронды оқулық.

Ватман, қатты картон, түрлі бояулар, фломастерлер, түрлі түсті қағаздар, желімдер, қайшы, кеңсе пышақтары, түрлі өлшемдегі скотчтар, ыстық желім, түрлі түсті мата қиындылары (фетр), галантериялық элементтер, түрлі түсқағаз (обои) қиындылары және т.б.


Сабақтың

соңы

5 мин.

Рефлексия: «Талқылаудағы әріптестер» әдісі арқылы.

Серіктеспен талқылау:

Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:

  • Не оңай болды?

  • Не қиын болды?

Сіз болашақта білгіңіз/үйренгіңіз келетін нәрсе

Кері байланыс: «Екі жұлдыз бір тілек». Оқушылар бүгінгі сабақта өздеріне ұнаған екі нәрсе және бір тілек стикерге жазып, тақтада ілініп тұрған тілек ағашына жабыстырады.

Қалыптастырушы бағалау: ауызша сұрақ жауап арқылы.

қосымша ресурстар-слайд, плакат,стикер, фломастер,қарандаш


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

Топтық жұмыс қарастырылған.

Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.


Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген техника қауіпсіздігін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Сабақ мақсаттары шынайы, қолжетімді болды.

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді. Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаланды.

Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақты жаңа әдіс-тәсілдер пайдаланып, өту оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

2. Бағалау кезеңдерінде өзін-өзі, өзгені және топты бағалау-нақты бағалау критерийлерін бергендіктен табысты болды. Оқушылар әділ бағаланды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?