Файл: Фурманов орта мектебі (жаратылыстану апталыыны жабылуына арналан сыныптан тыс кеш) Сыныбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 51
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Фурманов орта мектебі
(жаратылыстану апталығының жабылуына арналған сыныптан тыс кеш)
Сыныбы: 9-11 сыныптар аралығы
Өткізгендер:Сулейменова Ж.Ж.
Қабажаева А.К.
Сақтапбергенова Ж.Ғ.
Серикбаева А.Ж.
Сапабекова Ж.Т.
Ильясова Г.Н.
Саменова Ж.Ж.
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы: Жаратылыстану әлемінде
Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, топ үшін жауапкершіліктерін нығайту, өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Түрі: кеш.
1-жүргізуші
- Уа, халайық, халайық.
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде
Есеп шешіп, жарысып,
Көңілді кеш жасайық,
Ат салысып, аянбай
Бар өнерге басайық.
2-жүргізуші
Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, біліммен алысуға
Бар өнерді салайық ортамызға
Қанекей, кім шығады сайысуға.
1-жүргізуші
Табиғат сырын аштырған
Токпен қазан астырған
Миллион гектар астықты
Комбайынмен бастырған
Физика демей немене?
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
2-жүргізуші
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар!? Бүгінгі біздің 9-11 сыныпта арасындағы «Жаратылыстану әлемінде» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от көздерінде жалын бар
«Тапқырлар» тобын халайық
Қол соғып қарсы алайық
1-жүргізуші
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу
Алға қойған мақсатты
Әрқашан да мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты-деп ортаға
«Алғырлар» тобын қарсы алайық.
2-жүргізуші
Барлық ісіті атқарып
Пайдасын мектепке тигізген
«Білгірлер» тобын қарсы алайық
1-жүргізуші
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады
Баға берер әділқазы ортамызға
Сіздерге құрметпен қол соғылады- дей отырып әділқазы алқаларымен таныс болайық.
_____________________________________________
______________________________________________
_______________________________________________
2 жүргізуші: Бүгінгі сайыстың жоспарымен таныс болыңыздар.
Жоспары
1. «Таныстыру»
2. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап»(әр топқа сұрақ-жауап қойылады)
3. «Қателеспе» (формулалар биі)
4. «Ән шырқайық қосылып» (нота бойынша берілген сұрақтарға жауап беру)
5. «Сергіту сәті» (көрермендерге жұмбақтар)
6. «Математикалық ойын»
7. «Қисынды ойлар».(Логикалық есептер).
1-жүргізуші
Ал, қанекей сайысты бастайық
Өзімізді таныстырып тастайық,- деп сөз кезегін әр топқа береміз
Әр топ өздерін таныстырады.
2-жүргізуші. Келесі кезең «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» кезеңі.
Санның да саны бар ғой саналатын,
Әртүрлі білім сырын ұға алатын
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Саналып әр секундпен жүре алатын.
Оқушылар жылдамдыққа сұрақтарға жауап береді
1 - топ:
1. Ең алғашқы әйел математик (С. Ковалевская)
2. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі (ширек)
3. Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін ата (апта күндері)
4. 2,5 таяқтың неше ұшы бар (6)
5. Еменде 3 бұтақ, ал әр бұтақта 3 алмадан бар, барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
6. 25 санының квадраты
7. Ең бірінші программа құрған оқымысты әйел программист.......... (Ада Лавлейс)
8. Бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама. (Операциялық жүйе)
9. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым? (Ботаника )
2 - топ
1. Ағаш үстінде 200 торғай отырады. Аңшы 20 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (20 торғай)
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. Дүниедегі ең жүйрік не? (Ой - қиял)
4. 7 тауықтың бір - бірден балапандары бар. Олардың барлығы нешеу?
5. Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар 14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
6. 40 санының төрттен бір бөлігі.
7.Электронды есептеуіш машинаның даму буындары нешеге бөлінеді? (4 буынға)
8. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы (интернет)
9. Жасушаны ашқан ғалым? (Роберт Гук)
3-топ
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
4. 100 жыл басқаша қалай аталады?
5. Бір санға сондай санды тіркеп жазса, ол неше есе артады?
6. 4 санының кубы нешеге тең?
7. Деректер бойынша шамамен жасы 2000 - 5000 жыл болатын құрал?(Есепшот)
8. Ең ұзақ жасайтын ағаш (Емен, 2000 жыл)
9. Жануар атымен аталатын құс – Түйеқұс
1-жүргізуші:
Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін
Есеп-қисап, сан цифр термек үшін
Көрсетіп септеудің жолын қалай
Келдім оларды айтып бермек үшін,-деп келесі кезең «Қателеспе» яғни «Формулалар биі» ойынын ойнайық.
Ойын шарты бойынша 6 оқушы ортаға шығарылады. Оларға формулалар жазылған парақшалар таратылып беріледі. Сол парақшадағы формулаларды дұрыс болатындай етіп бір – бірін толықтыру қажет.
Формулалар сыңарын тауып ортаға вальсқа алып шығады.
1) Ньютонның екінші заңы F=ma
2) Үйкеліс күші Fүйк=ΜΝ
3) Джоуль-Ленц заңы Q=J2Rt
4) Сызықты функция y=ax+b
5) Дискриминант формуласы D=b2-4ac
7) Қысқаша көбейту формуласы (a+b)2=a2+2ab+b2
8)Көлемнің формуласы V=abc
2-жүргізуші: Келесі кезең «Ән шырқайық қосылып» нота бойынша берілген сұрақтарға жауап береміз.
1. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
2. 44444444= 500 (444 + 44 + 4 + 4 +4= 500)
3. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтады. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтады? (Төрттен бірін)
4. Компьютердің енгізу құрылғыларын ата. (пернетақта, тінтуір, сканер)
5. Өз атын өзі шақыратын құс? (Көкек )
6. Көлемі жөнінен екінші материк. (Африка)
1- жүргізуші: Келесі кезең «Сергіту сәті» (көрермендер ойыны) жұмбақ шешу
1.Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат. Жауабы: кемпірқосақ
2. Күндіз қасыңнан қалмайды.
Бірақ ешкім ұстай алмайды.
Қорқақ па, қараңғыға бармайды. Жауабы: (Көлеңке)
3. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә- ні қолдап қайталайтын берген (пернетақта)
4 Қағазға тойматын құрылғы (принтер)
5. Біз санбыз сызықпен бөлінген,
Математиканы ұқпас адамға,
Құбыжық боп көрінген,
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген. (бөлшек сан)
6. Алды артымыз шексіз деп,
Жете алмайсың біздерге,
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсе де. (түзу)
7.Табылса бұрын там - тұмнан
Қазір көп әрбір өлкеде,
Қымбат болды алтыннан
Қандай металл ертеде. (Алюминий)
8.Қымбат деп айтатындай емес алтын,
Сонда да тапты игілік одан халқым.
Апарып Айға елімнің туын тікті
Жемісін ақыл - ойдың елдің салтын. (Темір)
9. Үлкен-үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп (Тау)
10 Аспанды жағып өтеді
Бірақ бізге жетпейді. (Метеорит)
11. Мекені көкте екі ару
Бір-бірін көруге зәру. (күн мен ай)
12.Керегіңше әрқайсың
Сіміресің қанбайсың.
Онсыз жерде он минут,
Өмір сүре алмайсың. (Ауа)
Математикалық ойын.
Ойын «Қарандаш қай қалтамда».
Ойынның шарты: ойынға бес адам шығады. Бір адам карандашты алып қалтасына жасырады
-
Карандаш алған адамның нөмірін 2-ге көбейтеді. -
Оған 3-ті қосады. -
Оны 5-ке көбейтеді. -
Карандаш оң қалтада болса 8-ді, сол қалтада болса 9-ды қосады. -
Шыққан санды айтады.
Шыққан саннан 22-ні азайтамыз. Алынған санның біріншісі карандаш алған адамның реті, екіншісі 1-болса оң қалтада, екі болса сол қалтада.
1-жүргізуші: Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай?(соңғы қызға корзинамен бірге беру керек)
2-жүргізуші: 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.
1 -жүргізуші: Кезекті «Математикалық терминдер»ойынына береміз.
Екі оқушы шығып, шарды үрлейді. Үрлеген сайын, бір математикалық терминді айтып отыруы керек. Кім 1 минутта шарды .үлкен етіп үрлейді, сол жеңімпаз болады.
1-жүргізуші: Суретте қандай геометриялық фигуралар бейнеленген.
2-жүргізуші: «Ойлаған санды тап» ойыны.
-
бір сан ойла -
о йлаған саннан бірді азайт -
айырманы екіге көбейт -
Шыққан санға ойлаған санды қос -
Шыққан санды ата.
Шыққан санға екіні қос, қосындыны үшке бөл. Ойлаған сан шығады.
1-жүргізуші: Қанша үшбұрыш бар (8)
2-жүргізуші: келесі кезең «Қисынды ойлар».(Логикалық есептер).
1) Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн - жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған?(6 лақ)
2) Азамат, Ержан, Тоқтар бақылау жұмысынан қандай баға алғандарын мұғалімнен сұрағанда, ол: “Ешкім“2” алған жоқ, бірақ бағаларың әртүрлі. Тоқтар “3” алған жоқ, Ержанның бағасы “3” те, “5” те емес,- деді. Балалар қандай баға алды? (Азамат – 3, Ержан – 4, Тоқтар – 5)
3) Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы неше кг? (6 кг)
4) Егер түнгі сағат 12 - де күн жауып тұрса, алда 84 сағаттан кейін ашық күнді көруге бола ма?(болады)
5) Алғашқы үш сабақ: қазақ тілі, математика және тарих болды. Математика бірінші емес, тарих бірінші де, үшінші де емес.
Қай пән нешінші болды?
1. Қазақ тілі
2. Тарих
3. Математика
1 жүргізуші
Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды
Ал, қазір әділ қазылар сөз алады
Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Қорытынды
Егеменді қазақтың біз ұраны,
Өз туы бар, елтаңба, әнұраны,
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
Самғайтын биіктерге тау қыраны.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі
Әділ қазы, көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі! – деп сайысымызды аяқтаймыз.
Назарларыңызға рахмет!