Файл: Хлоры бар зарарсыздандыру заттардан жмысшы ерітінділерді даярлау кестесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 28
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Хлоры бар зарарсыздандыру заттардан жұмысшы ерітінділерді даярлау кестесі
Жұмысшы ертіндінің қоюлық дәрежесі, % | Заттың мөлшері, г. | |
1 л ертіндіге | 10 л ертіндіге | |
0,1 0,2 0,3 0,5 1,0 2,01 3,0 5,0 10,0 | 1,0 2,0 3,0 5,0 10,0 20,0 30,0 50,0 100,0 | 10,0 20,0 30,0 50,0 100,0 200,0 300,0 500,0 1000,0 (1 кг) |
Сұйық зарасыздандыру заттардан жұмысшы ертінділерді даярлау және есептеу кестесі
Жұмысшы ертіндінің қоюлық дәрежесі, % | Заттардың мөлшері- мл, су-мл. 1 л даярлау үшін | |
Зат (мл) | Су (мл) | |
1,0 3,0 5,0 8,0 10,0 | 10 30 50 80 100 | 990 970 950 920 900 |
Сутегі асқын тотығының жұмысшы ертіндісін 0,5 % жуушы затымен 1л даярлау есебі
Ертіндінің аталуы | 30 % пергид рольдің (мл) мөлшері | Жуушы заттың (г) мөлшері | Судың мөлшері (мл) |
3 % су тегі асқын тотығы | 100 | 5 | 895,0 |
4 %- су тегі асқын тотығы | 133,3 | 5 | 861,0 |
5 % су тегі асқын тотығы | 200,0 | 5 | 795,0 |
Хлорамин ерітіндісін даярлау
Мақсаты: аурухана ішілік жұқпалы аурулардың алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: санитарлы-эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес, бөлмені, жиһазды және күтім заттарын, медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолдану.
Дайындаңыз: аспадағықұрғақ ұнтағын хлорамин, таңбаланған эмальды ыдысты қақпағымен, жылы суды, ағаш қалақшаны, резеңке қолғапты, масканы, алжапқышты.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Өзіңізге масканы, алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз. -
Ыдысқа азырақ мөлшерде суды құйыңыз. -
Ыдысқа аспадағы құрғақ хлорамин ұнтағын салыңыз (ерітіндідегі белсенді хлор қоюлық дәрежесіне сәйкес). -
Суды үстінен құйыңыз (жұмысшы ерітіндіні даярлауға қажетті). -
Ағаш қалақшамен ерітіндіні толық ергенге дейін араластырыңыз. -
Даярланған хлорамин ерітіндісі бар ыдысты қақпақпен жабыңыз. -
Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты таңбалаңыз және биркаға (таңба салатын клеенкаға) ерітіндінің қоюлық дәрежесін, атын, ерітіндіні даярлаған адамның аты-жөнін, даярлаған уақытын көрсетіңіз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа бирканы бекітіңіз. -
Дем масканы, алжапқышты, қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
-
Хлорамин ерітіндісін тұп-тура қолданар алдында даярлаңыз. -
Хлорамин ерітіндісі науқастардың қол жетпейтін, қараңғы, салқын жерде тәулік бойы саңылаусыз жабық ыдыста сақталуы керек. -
Зарарсыздандыру ерітінділерін даярлағанда қауіпсіздік техникасын сақтаңыз.
Хлорамин ерітінділерін даярлау
Ерітіндідегіхлораминніңқоюлық дәрежесі(%) | Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажетті компоненттердіңмөлшері | |||
1л-ге | 10л-ге | |||
Хлораминнің мөлшері (г) | Судың мөлшері (мл) | Хлораминнің мөлшері (г) | Судың мөлшері (л) | |
0,5 | 5 | 995 | 50 | 9,95 |
1 | 10 | 990 | 100 | 9,9 |
2 | 20 | 980 | 200 | 9,8 |
3 | 30 | 970 | 300 | 9,7 |
5 | 50 | 950 | 500 | 9,5 |
5% гипохлорит кальций негізгі (маточный)
ерітіндісін даярлау
Мақсаты: аурахана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: санитарлы эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес күтім заттарын, медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.
Дайындаңыз:0,5 кг гипохлорит кальцийді (құрғақ), 10 л эмальды ыдысты қақпағымен, 10 л суды, ағаш қалақшаны, қолғапты, алжапқышты, респираторды, халатты, белсенді хлор барлығын есептейтін кестені.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Өзіңізге қосымша халатты, алжапқышты, респираторды, резеңке қолғапты киіңіз. -
Ыдысқа 0,5 кг гипохлорит кальцийді салып, оны 10 л салқын сумен ерітіңіз (гипохлорит кальцийге аз мөлшерде су қосып, ағаш қалақшамен араластырып бір қалыпты қоюланған соң, қалған мөлшердегі суды 10 л көлеміне дейін қосыңыз), қақпағын жабыңыз. -
Ыдыстағы қоспаны 30 минуттай тұндырыңыз. -
Ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісін белгілеңіз, оныңқоюлық дәрежесін және ерітіндінің атынкөрсетіңіз, таңбаға даярланған күнін, ерітіндіні даярлаған сағатын, осы ерітіндіні даярлған адамның аты-тегін жазыңыз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа таңбаны бекітіңіз.
Ескерту:
-
ерітінді 30 минуттан кейін қолдануға дайын. Дұрыс сақталғанда 7-10 күн бойы пайдалануға жарамды. Ерітінді салқын, науқастынқолы жетпейтін қоңыр жерде саңылаусыз жабылған ыдыста сакталады; -
негізгі гипохлорит кальций ерітіндісін даярлағанда құрғақ заттыңқұрамындағы белсенді хлордың пайызын есептеу қажет.
Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау
Жұмысшы ерітінділердегі гипохлорит кальцийдің қоюлық дәрежесі (%) | Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажет компоненттердің мөлшері | |||
10 л-ге | 1 л-ге | |||
Негізгі 5% ерітінді (л) | Судың мөлшері (л) | Негізгі 5% ерітінді (мл) | Судың мөлшері (мл) | |
0,25 | 0,5 | 9,5 | 50 | 950 |
0,5 | 1 | 9,0 | 100 | 900 |
1 | 2 | 8,0 | 200 | 800 |
1,5 | 3 | 7,0 | 300 | 700 |