Файл: ЖасДарын3 бастауыш мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 48

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебі


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Қауіпсіздікті сақтайық жобалық жұмысы

Бөлім

Ақпараттық этикет (ортақ тақырып «Саяхат»)

Педагогтың аты жөні

Уәлихан Әлихан

Күні:




Сынып: 1«Б»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қауіпсіздікті сақтайық жобалық жұмысы

Оқу мағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

1.3.2.1 желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсіну

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екендігін түсінеді.

Көптеген оқушылар Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті сақтай алады

Кейбір оқушылар Интернет әлеміне саяхат жасау арқылы тәуелділәктер туралы біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Сәлемдесу» жаттығуы

Бүгінгі сабақ тақырыбы: «Қауіпсіздікті сақтайық»

  • Оқу мақсатын таныстыру;

  • Күтілетін нәтижені анықтау.

Жан дос енді сен жобамен жұмыс жасайсың. Жоба белгілі бір тақырыпқа жүргізілетін зерттеу жұмысы. Зерттеу жүргізгенде іс әрекетіміз нәтижемен аяқталуы тиіс.

Жұмыс барысы:

  • Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін қайталау.

  • Желідегі қауіпсіздік ережелері туралы постер жасау.

  • Жоба туралы әңгімелеу.

Сәлемдеседі
Балалар ортаға шеңбер құрып тұра қалады.

Мұғалім оқушыларға бірнеше сурет көрсетеді.

Егер суретте күн бейнеленсе,

оқушылар бір біріне күлімдей қарайды, алақан бейнеленсе, қолдарын қысып амандасады, жүрек бейнеленсе, құшақтасады.

Тапсырманы орындаған оқушыны ауызшы мадақтау, тлықтыру, дұрыс орындауға бағыттау

Сабақ слайды


Электронды қосымша

Сабақтың ортасы

А деңгейі

Анар мен Самат компьютер алдында қандай ережені бұзды? 13-суретке қарап, әңгімеле.

В деңгейі

Браузер арқылы https://presidentlibrary.kz/kk nmuseum сілтемесіне кір.Қандай ақпаратпен таныстың? Интернетке кіргенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтадың?

С деңгейі

Екі топқа бөлінеміз. Информатика кабинеті мен Интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы постер жасаңдар.

Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік

Интернет желісідегі қауіпсіздік

1.

1.

2.

2.

Қорытынды: Қандай жоба жасадың? Әңгімеле.

БҰЛ БӨЛІМДЕ НЕ БІЛДІК? НЕ ҮЙРЕНДІК?

Ойланып орында

14-суреттегі құрылғылардың қайсысы Интернетке кіруге мүмкіндік береді?

Жауабын айт.

Жұптық жұмыс.

Алмас компьютерде ұзақ отырады. Алмастың денсаулығына қандай зиян келуі мүмкін? Жұбыңмен ой бөлісіңдер.

Топтық жұмыс.

Желіде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? Топта ақылдасып, талдаңдар.

Ойланайық та толғанайық

Болашақта кім болғың келеді? Интерент арқылы мамандық әлеміне саяхат жасайық.

Жауап береді. Әңгімелейді.


Деңгейлік тапсырмаларды орындайды
Тапсырманы орындайды

Оқушылар бөлім бойынша білімдерін сынайды.

Смайликтер арқылы бағалау
Оқушылардың тапсырманы орындалу деңгейіне қарай бір бірін «Үш шапалақ» арқылы бағалау

Слайдтар
Компьютер

Электронды қосымша
оқулық

Сабақтың соңы

Рефлексия (жеке, жұпта, топта)

«Жеміс ағашы» рефлексиясы

Тапсырмаларды орындайды




Жапсырма қағаздар

«Жеміс ағашы» әдісі, Алма, гүл жапырақ қиындыларын жапсырады




«Сұрақ саған, жауап маған»

  • Не білдік? Не үйрендік?

Үйге тапсырма. Жұмыс дәптеріндегі 13-14-беттегі тапсырмаларды орындау

Сұрақтарға жауап береді