Файл: Р. А.адырлов, Н.. Беристемова.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 523

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



3-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Кейіпкердің қозғалысы

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

1-бөлім. «Программалау (ортақ тақырыптары: «Жанды табиғат»,

«Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Педагогтің аты-жөні:



Күні:



Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Кейіпкердің қозғалысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.2.4 программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Кейіпкерді қозғалтуда координаталарды қолданудың тимділігін біледі. Оқушылардың көбі үшін:

Кейіпкер қозғалысын іске қосатын командалар туралы түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Scratch ортасында кейіпкерлердің қозғалысын ұйымдастыруды үйренеді.




Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру

кезеңі

1-7 мин

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту. «Арқаға сурет салу» ойыны

Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім сап соңында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш, автокөлік т.б.). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрған баланың арқасына өзінің арқасына салынған заттың суретін салады. Суреттер салынып біткеннен кейін, мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады. /Бұл ойынды ойнату арқылы сыныпта психологиялық жағымды көңіл күй орнығады. Оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен белсене қатысуына септігін тигізеді/.

4. Топтастыру

Топтастыру. «Социометрия» әдісі

Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.

Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік береді. Нәтижесінде түстеріне қарай 3 топқа бірігеді.

І топ: Ақ түс

ІІ топ: Қызыл түс

ІІІ топ: Жасыл түс

Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі

қолданылады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып,

суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде

білгендері

бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Кейіпкерлерді қозғалысқа келтіретін қандай командалық блоктарды айта аласың? Есіңе түсір.

  • 1-суретке назар аудар. Не бейнеленген?

  • Осы суреттер бойынша қандай оқиға желісін немесе ойын идеясын ұсынған болар едің?



Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды белсенділігіне қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.



Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Жаңа сабаққа дайындық

Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.





Сабақтың ортасы

(26 мин)



ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін) Оқулықпен жұмыс істеу. «Мәтінмен жұмыс» әдісі Тапсырмалар:

  • мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу;

  • әр бөлікке атау беру;

  • әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау;

  • негізгі ұғымдарды сипаттайтын сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді табу;

  • мәтіндегі барлық негізгі ұғымдарды кезегімен атап беру; • мәтіндегі оқуға орын алған жерлерді атау; . мәтінді аяқтаудың нұсқасын ұсыну.






Топтық жұмыс

«ПОПС

формуласы» әдісі Оқушылар оқулықтағы жаңа білім айдарында берілген мәтінді оқып, топ ішінде талдайды.

Қорытындысын төмендегі сөйлем тіркестері арқылы баяндап, топ арасында бір-біріне жеткізеді.

Бірінші

сөйлем: «Менің ойымша ,..»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай

түсіндіремін...» Үшінші

сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ....

»

Соңғы сөйлем:

«Осыған байланысты мен мынадай

қорытынды

шешімге келдім ...»

1-тапсырма

«Ормандағы кездесу» ертегісі жобасының 4,

5-інші және 6-

суреттегі скриптеріне талдау жасаңдар. Жобада қолданылған командаларды блоктарға жіктеңдер. Командалардың жобадағы қызметін жазыңдар.

Дескриптор

  • «Ормандағы кездесу» ертегісі жобасының 4, 5 және 6-

суреттердегі скриптеріне талдау жасайды.

  • Жобада қолданылған командаларды блоктарға жіктейді.

  • Командалардың жобадағы қызметін жазады.



Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.



Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері



Жұптық жұмыс. 2тапсырма Координат жазықтығында лақтың қозғалыс бағыты берілген (7сурет). Лақ жүріп өтетін нүктелердің координаталарын анықтап, жазыңдар.

Дескриптор

  • Лақ жүріп өтетін нүктелердің координаттарын анықтайды.

  • Лақ жүріп өтетін нүктелердің координаттарын анықтап, жазады.



Қалыптастырушы бағалау

Жұптасқан оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері



Жеке жұмыс

3- тапсырма 7-інші және 8суреттерде берілген жоба скриптері орындалғанда, кейіпкер қозғалысын бағала.

Дескриптор

 Берілген жоба скриптері орындалғанда кейіпкер қозғалысын бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне қарай өздерін «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.



Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері








Кейіпкер қозғалысының ізін қағазға түсірсек, қандай схема пайда болады?

 Кейіпкер қозғалысының ізін қағазға түсірсек, қандай схема пайда болатынын анықтайды.










Топтық жұмыс. «Қар үйіндісі»

әдісі

Біріншіден, оқушылардың әрқайсысы жеке жауап беруі керек. Кейін жұбы ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп,

үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.

4-тапсырма

  • Кейіпкерді қозғалтуда координаттарды қолданудың қандай тиімді жағы бар?

  • 1-кестедегі командалардың арасында ең көп қолданылатын команда қай команда? Себебін түсіндір.

Дескриптор

  • Кейіпкерді қозғалтуда координаттарды қолданудың тиімді жағын айтады.

  • Ең көп қолданылатын команда түрін атайды және себебін түсіндіреді.

Қалыптастырушы

бағалау

Топтағы оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне қарай бірбірін «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Сабақтың соңы 7 мин.

Сабақты бекіту.

Рефлексия.



ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

«Үш пікір» әдісі

Ортаға өтілген тақырып параққа жазып тасталады. Сол тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады. Бұл әдіс сыныптағы оқушылардың бәрі тең дәрежеде пікір білдіруге мүмкіндік жасайды.

Қалыптастыруыш бағалау: мұғалім ожқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды; жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз

оқушылардың

материалды игеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау

«Бас бармақ» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.







Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: 2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:


4-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс командаларын жоба құруда қолдану

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

1-бөлім. «Программалау (ортақ тақырыбы: «Жанды табиғат»,

«Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Педагогтің аты-жөні:



Күні:



Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қозғалыс командаларын жоба құруда қолдану

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.2.4 программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Өздеріне ұнайтын тақырыптағы компьютерлік ойындарды әңгімелейді.

Оқушылардың көбі үшін:

Жоба скриптерінде жасырыну мен көрсету командаларының қызметін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Scratch-те ойын құру барысында циклдік алгоритмді қолдануды үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту: «Ассоциативті қатар» ойыны

Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: дыбыс, «Дыбыс жазу», программа, өңдеу т.б.

Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі). Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.

Топтастыру:

Топтастыру: «Гүлмен тілек жеткізу» әдісі

Оқушыларға түрлі түсті қағаздардан жасалған гүл таратылады. Оқушылар гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.

І топ – «Дыбыстық әуендер»

ІІ топ – «Дыбыстық файлдар»

Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу