Файл: Бекітемін ыса мерзімді саба жоспары Сабаты таырыбы Векторларды скаляр кбейтіндісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Векторлардың скаляр көбейтіндісі

Бөлім:

Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар

Педагогтің Т.А.Ә.(болған жағдайда

Жеңісқанов Жан Ержанұлы

Күні:

03.04.2023

Пән/Сынып:

Алгебра, 10 «A» сынып, ЖМБ

Қатысушылар саны: 17

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Векторлардың скаляр көбейтіндісі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

10.4.4 - кеңістіктегі векторлардың скаляр көбейтіндісінің анықтамасы мен қасиеттерін білу;

10.4.16 - координаталық түрдегі векторлардың скаляр көбейтіндісі формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;

10.4.112 - кеңістіктегі екі вектордың арасындағы бұрышты есептеу;

10.4.18 - кеңістіктегі векторлардың перпендикулярлық шартын білу және қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар кеңістіктегі векторлардың скаляр көбейтіндісінің анықтамасы мен қасиеттерін біледі.

Көпшілік оқушылар үшін:

Білім алушылар координаталық түрдегі векторлардың скаляр көбейтіндісі формуласын біледі және оны есептер шығаруда қолданады.

Кейбір оқушылар үшін:

Білім алушылар кеңістіктегі екі вектордың арасындағы бұрышты есептейді.


Сабақтың барысы:


Уақыты

Кезең

дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

7 мин.

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.


(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылар- мен амандасу, түгендеу.

2.Ынтымақ-тастық атмосферасын қалыптастыру
1.Мұғалім оқушыларды түгендейді.

2.Амандасадыжәне тілектерін білдіреді.

1.Оқушылар мұғалім- мен амандасады.

2. Сабаққа дайындалады.
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.


Оқушылардың белсенділігі үшін «Жарайсың!», «Керемет!» деген сақтау сөздерімен бағалайды.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам




Жаңа сабаққа кіріспе

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі.

Сұрақтар:

1.Векторлардың арасындағы бұрыш қалай аталады?

2.Векторлардың скалярлық көбейтіндісі дегеніміз не?

3.Скалярлық көбейтіндінің координаталық түрін жазыңдар.

1. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Дескриптор:

1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.

2. Өзгенің пікірін толықтырады.

Жалпы- 3 балл.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

26 мин

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.


Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

1.Оқулықты оқып танысып шығады.

2.Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.


  • Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып есептерді шығару мүшелерімен танысады.







.

1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді

1-тапсырма

a,b және с векторлары өзара қос-қостан 60°С бұрыш жасаса, және |а|=1, |b|=2, |c|=3болса, (a+b)(a-c) скалярлық көбейтіндісін табады

Дескриптор:

1.Скалярлық көбейтіндісін табады.

2.Жауабын анықтайды.

  • Жалпы - 4 балл.

10-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.








2
- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2-тапсырма

а және b векторларының скалярлық көбейтіндісін табады.

Дескриптор:

1.Есеп мазмұнын түсінеді.

2.Скалярлық көбейтіндісін табады.

3.Жауабын анықтайды.

Жалпы - 3 балл


Жұмыс дәптерлері.


7 минут


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия


«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.