Файл: Сырбай Муленов соыста нені крсе, соны жазды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Наурыз айында дәстүрлі түрде колледжде қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі өткізіледі. Кең, ауқымды түрде Наурыз мейрамын тойлаудан бастаймыз. Ары қарай басқа да іс-шаралар өз кезегімен өткізіледі. Онкүндікте студенттер үшін танымдық іс-шаралар, интелектуалдық ойындар, дебат өткізу жоспарланған. Студенттер белсенді түрде әр іс-шараға қатысады. Онкүндік мәнерлеп оқу сайысымен аяқталғалы тұр. Мәнерлеп оқу сайысы Сырбай Мәуленовтың туғанына 100 жыл толуына және ҰОС аяқталуының 78 жылдығына арналады.

Сырбай Мәуленов Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген, өз жерлесіміз, майдангер ақын.

Соғыс тақырыбын Сырбай Мәуленовтен көп жырлаған қазақ ақыны кемде-кем шығар. Өзім мектеп қабырғасынан «Соғыстан қайтқан солдаттар» деген өлеңімен таныспын

Сырбай Мәуленов соғыста нені көрсе, соны жазды.

Оның жанын, жырын оқтан, оттан қорғаған туған даласының табиғаты, елінің үміті мен арманы, өзінің оттай ыстық жалынды жүрегі екен.

___________________________________________

Қазақ тілі онкүндігі басталғалы әр іс-шараға белсене қатысып келемін. Бір іс-шарада жүргізуші болсам, екінші бірінде пікір сайысшымын. Бүгінгі іс-шарада әділқазы алқасымын. Өз тілімде еркін сөйлеу, тіл байлығымды байыту үшін өз мұғалімім, сынып жетекшім Инеш Ашимовнаның үлесі мол. Қазір ұстазымның айтуы бойынша Абай Құнанбаевтың шығармашылығына ден қойып жүрмін.

Ал бүгінгі мәнерлеп оқу сайысында Сырбай Мәуленов соғыс құрсын» деп ақыл айтпайды, ол адамзатқа, сосын оқырманына соғыстың қып-қызыл қаннан тұратынын ескертеді.. Сонда да ол мына тіршіліктен, елінен, жерінен үмітін үзбейді. «Мен ораламын» деп асқақ мінезбен, айдарлы қалыппен сөйлейді. Жүрегі нені қаласа, тағдыры соны бұйырып, ақын соғыстан аман оралды да.
«Сіздің жақта осы күні жаз екен,

Біздің жақта қыс болып тұр, жанеркем.

Сәлем жолдап көшкен бұлттан отырмын,

Бұлт жолына қарашы өзің таңертең.

Майдан деген сапырылған қан екен,

Қиын-қиын қилы жолы бар екен.

Шың қияда, шыңырауда келемін,

Шын күтсең тек, оралармын, жанеркем».
_______________________________________________________

Жұлдыз

Мен кішкентайымнан өлең оқығанды жақсы көремін. Бүгінгі сайысқа да қуана қатысқалы отырмын. Маған әсіресе іс-шараның аты қатты әсер етіп отыр. Қараңызшы, назар салып «Қызыл гүлдер, қызыл орамалдар». Сыр ағаңның майдан даласында жазған жырлары әлі де өзекті. Айналамызда соғыс жүріп жатыр, ал сол соғыс майданында қанша ақын толғанып, қаншама өлең ой дәптеріне жазылды. Сырбай Мәуленовтің соғыс даласынан оқырманына жіберген ақ адал сәлем хаттары ақ көгершін болып ақ қағаздың бетіне қонғандай.