Файл: ыса мерзімді саба жоспары за мерзімді жоспар блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 40

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім: «Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың дамуы»
Тарау: Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы


Мектеп:




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:




Сынып: 10

Жаңа сабақ

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:




Сабақтың тақырыбы

Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі (1 сабақ )





Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.3.4.1 Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуының себеп-салдарын анықтау;




Сабақ мақсаты

Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін жоғалтуының себеп-салдарлық байланыстарын талдайды.




Күтілетін нәтиже:


Дереккөзімен жұмыс жасай отырып Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін жоғалтуының себептерін анықтайды.

Шағын зерттеу жұмысын жүргізе отырып ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық көтеріліске шығу себептерін анықтайды.




Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

Талдау

Құжат мазмұнын талдай отырып қандай өзеріске алып келгендігін талдайды. Кемдегенде 3 өзгерісті көрсетеді және дәлел келтіреді.

Бағалау

ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістерінің ұзақ мерзімді 2 себебін және қысқа мерзімді 2 себебін анықтап, өзіндік баға береді





Тарихи концепт (фокус):


Себеп-салдар





Тілдік мақсаттар:

  1. 1)... туралы пікірталасқа қатысады (айтылым, тыңдалым)

2) қысқаша қорытынды резюме\ зерттеу жұмысын жазады (жазылым)

Пән лексикасы және терминология: Егемендік, автономия, өзгеріс

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Қазақтардың Ресей бодандығын қабылдауының салдары қоғамда саяси өзгеріс әкелді...




Құндылықтар:


-патриотизм

-ұлттық сана-сезім

-төзімділік

-бостандық




Пәнаралық байланыс

Жалпы тарих, география.




АКТ қолдану дағдылары

Берілген интернет ресурстарды пайдалана отырып қажетті ақпаратты іздеу және өңдеу дағдылары




Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар Қазақ жүздерінің Ресейге қосылуын және ұлт-азаттық көтерілістерді біледі.




Сабақбарысы




Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер




Сабақтың басы

5 мин


БЫМ. Қазақстанның мемлекеттік егемендігін жоғалтудың себеп-салдарын анықтау үшін сурет ұсынылады:

  • Суреттің негізгі идеясы неде?

  • Суреттегі тарихи оқиғалардың қандай себеп-салдары болуы мүмкін?

деген сұрақтарды қоя отырып, сабақ тақырыбы мен мақсатына шығамын.



Зерттеу сұрақтары

  1. Қандай тарихи оқиғалардан соң Қазақ хандығы мемлекеттік дербестігін жоғалта бастады?

  2. Мемлекеттік егемендік үшін күрес жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстардың ерекшелігі неде?

  3. Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы ұлт-азаттық күрестің сипаты қалай өзгерді?

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін бес томдық Алматы «Атамұра» 2010. 3 – том, 3-тарауға Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы. (XVIII ғасырдыың 30-40 жылдары) 2 тақырып «Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы» 156 б.

Әбділдабекова,

А. М. XVIII-XX ғасыр басындағы Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы: тарихнама мәселелері. – Алматы, 2007





Сабақтың ортасы

15 мин

5 мин Өзара бағалау


10 мин

7 мин


Оқушыларға Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы туралы құжат ұсынылады және тапсырманы орындау үшін сұрақтар беріледі.

№ 28. 1731 г. февраля 19. — Грамота имп. Анны хану Абулхаиру и всему казахскому народу о принятии их в российское подданство

Понеже мы, великая государыня, наше императорское величество, из писания твоего, Абулхаир-хана, через посланцов твоих, КутлумбетяКоштаева да СеиткулаКуйдагулова, усмотрили желание твое со всем твоим владением быть в подданстве нашем и с подданными российскими з башкирцами быть в миру, а те посланцы твои, Абулхаир-хана, словесно здесь доносили, что желаешь ты, хан, с войском кайсацким быть в подданстве у нас на следующих пунктах.

Первое, обещаетесь нашему и. в. служить верно и платить ясак так, как служат башкирцы.

Второе, чтоб от подданных российских обид и разорения вам никакова не было.

Третье, ежели на вас, кайсаков, будут нападать какие неприятели, чтоб вы могли от того нашим императорского величества защищением охранены быть и счислять бы вас с подданными российскими.

Четвертое, чтоб ясырей, взятых от вас башкирцами и протчими российскими подданными, вам возвратить. А вы обещаете взятых россиян отдать и з башкирцами и с калмыки быть в миру.

(Аударма: 1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кiшi жүз қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезiнде бiрқатар шарттар қойыла- тыны ескерiлдi. Бiрiншiден, Әбілқайырдың қол астындағылар Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға мiндеттi болды. Екiншiден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиiс болды. Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей оларды қорғауға міндеттенді. Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәттi бейбiт жағдайда өмiр сүруi тиiс болды.)

Сұрақтар:

1. Бұл құжат қайда, қашан, қандай жағдайда қабылданған?

2. Құжаттың авторы кім? Сіз ол адамның іс-әрекеті туралы не білесіз?

3. Құжаттың мәтінінде қандай негізгі идея қолданылған?

4. Бұл құжаттың қабылдануы қандай өзгеріске алып келді?

5. Құжаттың мазмұнына сәйкес нақты тарихи көзқарасыңыз қандай?

Ж. Оқушылар «Қазақстанда хандық биліктің жойылуы» туралы бейнематериал көріп, Қазақстанның мемлекеттік егемендігін жоғалтудың себеп - салдарын анықтап, кестені толтырады.

Қазақ хандығының саяси дербестігін жоғалтуы


Себептері

Салдарлары






Бейнематериалды көріп болғаннан кейін, Қазақстанның мемлекеттік егемендігін жоғалтудың салдарына:

  1. Қазақ қоғамына тән дәстүрлі билік институтының жойылуы;

  2. Әкімшілік басқару жүйесінің құрылуы т.б. сияқты мүмкін болатын жауаптар күтіледі.

І топ -ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық көтеріліске шығуының ұзақ, орта, қысқа мерзімді себептерін анықтаңыздар

ІІ-топ. Қазақ елінің мемлекеттік егемендігін жоғалтуының ұзақ, орта, қысқа мерзімді себептерін анықтаңыздар.

Әр топ зерттеу жұмыстарының қорытындысын сынып алдында таныстырады.

Бағалау критерийлері:

  1. Берілген тапсырманың нақты жауабының болуы.

  2. Топтағы әр оқушының берілген мәселені басқа топ оқушыларына түсіндіре алуы.

  3. Жұмыс нәтижесін нақты дәлелдер арқылы сипаттай алуы.

http://www.vostlit.info/Texts/Dokumenty/M.Asien/XVI/1580-1600/Kazach_rus_16_18/21-40/28.htm

28. 1731 г. февраля 19. — Грамота имп. Анны хану Абулхаиру и всему казахскому народу о принятии их в российское подданство

http://www.vostlit.info/Texts/Dokumenty/M.Asien/XVI/1580-1600/Kazach_rus_16_18/81-100/91.htm

91. 1742 г. июня 23. — Грамота имп. Елизаветы хану Абулмамбету и всему казахскому населению Среднего жуза в связи с принятием ими российского подданства.

https://www.youtube.com/watch?v=rwK5gMvevzoЛиквидация ханской власти в Казахстане




Сабақтың соңы
3 мин

Үй тапсырмасы:«Алаш қайраткерлерінің қазақ халқының емендігі үшін күресі» тақырыбына эссе жазу.Эссе жазу критерийлері беріледі.

Кері байланыс:
-Не таң қалдырды.....

- Менің сұрағым бар...





Саралау

Оқушыларғақажеттіақпараткөздеріменресурстарберіледі.

ҚабілетіжоғарыоқушыларежелгіҚазақстанменОртағасырлардағысаясиүрдістерарасындағыбайланыстытауыптүсіндіружұмысын жүргізеді

Бағалау


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы













Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?







Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?