Файл: Виртуалды тур туристерді тартуды заманауи, тиімді формасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 45
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ВИРТУАЛДЫ ТУР – ТУРИСТЕРДІ ТАРТУДЫҢ ЗАМАНАУИ,
ТИІМДІ ФОРМАСЫ
Дәулетбаева Гауһар Төлемісқызы
Маңғыстау Туризм колледжі
Бүгінгі туризм – ол бүкіл әлемнің туристік корпорациялары, қонақ үй және ірі әуекомпаниялары қатысатын глобальды компьютерлендірілген бизнес. Қазіргі кезде турагенттер мен туроператорлар өздерінің турөнімдерін тұтунышыларға ақпараттық технологиялардың арқасында тым икемді және дербес, тартымды және қолайлы қылып таратуда. Қонақүйлерді демалатын орынды және туризмге байланысты көптеген қызмет түрін цифрландыру, яғни ақпараттандыру арқылы қолжетімді ету әбден мүмкін.
Қазақстанның ақпараттық технологиялардың арқасында шетел туристерінің Қазақстанның көрнекті жерлерімен жақынырақ танысып, суреттерін көріп, қонақ үйлерді алдын-ала брондауына мүмкіндіктері бар. Еліміздің туристік әлеуетін арттыруды көздеген кәсіби мамандар жаңа технологияларды туризм саласына белсенді енгізіп жатыр.
Технологиялардың дамуына байланысты үйде отырып-ақ компьютерден немесе смартфоннан дүниежүзінің кез келген жеріндегі музей мен көрме залдарын аралау мүмкіндігі пайда болды. Виртуалды турлар – ақпаратты ұсынудың ең тиімді әрі сенімді тәсілдерінің бірі. Олар қызықты виртуалды экскурсия жасауға мүмкіндік береді. Адам соның ішінде жүргендей сезімге бөленеді. Бейнежазба немесе фотосуреттердің қарапайым топтамасына қарағанда, виртуалды тур интербелсенді.
Саяхат барысында қандай да бір нысанды жақындатуға немесе алыстатуға, айналдырып қарауға, интерьердің жеке бөлшектерін егжей-тегжейлі зерттеуге, панораманы алыстан көруге болады. Бір панорамадан екіншісіне ауысуға, мысалы, жеке бөлмелерде, т.б. серуендеуге мүмкіндік бар. Осының бәрінен өзіңе ыңғайлы қарқынмен асықпай өтесің.
Виртуалды тур – бірнеше панорамалық фотосуреттің (сфералық не цилиндрлік) жиынтығы. Бір панорамадан екінші панорамаға белсенді аймақтар (оларды байлау нүктелері немесе өту нүктелері деп атайды) арқылы өтеді. Осы белсенді аймақтарда тікелей суреттерде бейнеленген зат, сонымен қатар турдың жоспары есепке алынады. Виртуалды тур фондық музыкамен, әдеттегі фотосуреттермен, бейнероликтермен, flash-роликтермен, турлардың жоспарымен, түсіндірмелермен және байланыс ақпаратымен толықтырылуы мүмкін.
Виртуалды турда кәдімгі фотосуреттерді интербелсенді қарау сипатымен ерекшеленетін фотопанорамалар негізге алынған. Виртуалды турды қолданушы белсенді аймақтар арқылы немесе тур картасын басшылыққа ала отырып, панорамалар арасында қозғала алса, тіпті қызықты болады. Виртуалды турды жасау процесін үш кезеңге бөлуге болады. Олар: нысанды суретке түсіру, алынған суреттерді өңдеу және виртуалды турды түпкілікті құрастыру.
1-сурет Тұзбайыр
2-сурет Шерқала
https://city3d.kz/travel/zagadki-mangistau/ сайтынан 3d панарамасында жасалған Виртуалды турды көре аласыңыз.
Виртуалды турлар басқа арнайы қосымшаларда (турларды құрастырушыларда) алдын ала құрылған фотопанорамалардан жиналады. Жеке фотопанорамалар өзара оларға бөлінген белсенді аймақтар (фотопанорамалардағы арнайы аумақтар) есебінен біркелкі ауыса отырып байланысады.
3-сурет сайт бағдарламасының атауы
Олар тек бір панорамадан екіншісіне ауыстырып қана қоймай, нысандар туралы қосымша ақпаратты бейнелеу үшін де қолданылады. Белсенді аймақтар технологиясы виртуалды келушінің назарын панораманың жекелеген бөліктеріндегі ақпаратқа аударуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар виртуалды турға үй-жайлар және қолданушыларға өздерінің тұрған жерін анықтауға мүмкіндік беретін, навигаторлардың интербелсенді жоспарлары енгізілуі мүмкін. Турды жоспар бойынша, өту нүктелері бойынша немесе жобаны жасау кезінде анықталған жоспарға сәйкес автоматты түрде қарауға болады. Виртуалды турларды да интернет-браузерден, сондай-ақ әрбір тур құрастырушысы үшін ерекше виртуалды турларды арнайы шолушылардан көруге болады.
Фото/видеомен салыстырғанда 3d турның артықшылықтары
-
сізді бәсекелестерден ерекшелендіреді
- бизнесіңізге деген сенімді арттырады
- тұтынушылардың белсенділігін арттырады
- фотоға немесе бейнеге қарағанда көбірек ақпарат береді
https://mir3d.kz/price/