Файл: Жаартылан оу бадарлама (7 сынып бадарламасы) негізіндегі Дние жзі тарихы пні бойынша.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 42
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жаңартылған оқу бағдарлама (7 сынып бағдарламасы)
негізіндегі «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша
7 сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Бөлімдер | Тақырыптыр | Оқу мақсаттары | Сағат саны | Мерзімі |
I тоқсан (8 сағат) | ||||
1-бөлім Жаңа заманның басталуы | Курсқа кіріспе. XVII ғасырдың ортасындағы Ағылшын бұржуазиялық революциясы қандай маңызға ие болды? | 7.4.2.3 дүниежүзі тарихының жаңа кезеңін сипаттау үшін «жаңа заман» ұғымын қолдану; 7.3.2.1 - Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау; 7.1.1.1 - «капитал», «буржуазия», «жұмысшы табы» \пролетариат\ ұғымдарын қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін қолдану; | 2 | |
Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті? | 7.4.1.1 - себеп-салдарды анықтау арқылы Еуропадағы феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа (мануфактура, фабрика) өту процесін түсіндіру; 7.1.1.2 - мануфактура, фабрикалардың пайда болуы мен жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы арасындағы байланысты анықтау; | 1 | | |
2-бөлім XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания | Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды? | 7.2.2.1 - тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану; 7.1.1.3 - Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау (Қытай, Үндістан, Жапония); 7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау; | 2 | |
3-бөлім Ағартушылық идеяларының таралуы | Ағартушылық дәуірдің қандай идеялары еуропалық монархтардың қызметінде көрініс тапты? | 7.2.1.1 - қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау; 7.2.3.2 - Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау | 1 | |
Ағартушылық идеялар американдықтарға қалай әсер етті? | 7.3.2.7 еуропалық революциялардың солтүстікамерикалық қоғамның дамуына ықпалын сипаттау; 7.2.3.2 - Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау; 7.3.1.1 - республикалық басқару құрылымның ерекшеліктерін анықтау | 1 | | |
2 -тоқсан (8 сағат) | | | ||
4-бөлім Француз бұржуазиялықреволюциясы ның көрінісі | 1789-1799 жылдар аралығында Францияда қандай өзгерістер орын алды? | 7.3.2.1 - Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау; 7.1.2.1 - экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау; | 2 | |
Неліктен Давид пен Бодридің Марат туралы көзқарастары әртүрлі болды? | 7.2.2.1 - тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану; 7.2.2.2 - өнердегі негізгі стильдер мен ағымдардың белгілерін (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау; | 1 | | |
Наполеон империясы қалай құрылды және оның құлдырау себептері неде болды? | 7.2.2.1 - тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану; 7.3.2.4 - империалистік соғыстардың әлемдік саясаттың өзгеруіне ықпалын бағалау (Наполеон соғыстары мысалында); 7.2.3.2 - Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау | 2 | | |
5-бөлім XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы | Ресей мен Британия Иранға ықпал ету үшін неге бақталас болды? | 7.3.2.2 – XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау; 7.4.2.1 - түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін салыстыру | 1 | |
Танзимат саясаты Осман империясын күшейтуге әсер етті ме БЖБ | 7.4.2.1 - түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін салыстыру; 7.3.2.2 - XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау | 1 | | |
Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды? | 7.3.2.2 - XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау | 1 | | |
3 –тоқсан (10 сағат) | ||||
6-бөлім XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері | Англия және Қытай үкіметтерінің хат алысуынан империализм туралы не біле аламыз? | 7.3.2.2 - XVIII - XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау | 1 | |
Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде? | 7.1.1.3 - еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау; 7.2.1.2 - миссионерліктің міндеттерін анықтау; 7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі | 2 | | |
7-бөлім Революциялық идеялардың XІX ғасырдағы Еуропаға әсері | Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады? | 7.3.1.4 - әртүрлі елдердің бір уақыт кезеңіндегі тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттердің (Италия, Германия) қалыптасу маңызын анықтау; 7.3.2.5 - тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану | 2 | |
8-бөлім XІX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы | Неліктен ІІ Александр патша «Халық еркі» ұйымының құрбаны болды? | 7.2.3.1 - Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың (халықшылдық, либерализм) пайда болу себептерін анықтау; 7.3.1.3 - тарихи оқиғаны түсіндіру үшін «басыбайлы құқық», «декабристер», «халықшылдар», «жеке террор», «пролетариат диктатурасы» ұғымдарын қолдану | 1 | |
9-бөлім XІX ғасырдағы еуропалық отаршыл үстемдік | 1857-1859 жылдардағы. Үндістандағы оқиғаларды XIX ғасырдағы британдықтар мен қазіргі кездегі үндістер қалай баяндайды? | 7.1.1.3 - Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау 7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау | 1 | |
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау | IІІ тоқсан бойынша оқу мақсаттары | 1 | | |
| Әлемдік отарлау жүйесі қалай қалыптасты? | 7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау; 7.3.2.3 - отаршылдық экспансияның салдарын талдау арқылы XIX ғасырдағы әлемнің саяси картасындағы негізгі өзгерістерді анықтау | 1 | |
4 -тоқсан (8 сағат) | ||||
10-бөлім Америка Құрама Штаттарының күшеюі | АҚШ-тың батыс бағыттағы аумағы қалай кеңейді? | 7.3.1.2 - XIX ғасырдағы Америка Құрама Штаттары территориясының кеңею үдерісін сипаттау | 2 | |
АҚШ-тағы құлдық қалай жойылды? | 7.1.2.2 - трансатлантикалық құлдықтың ерекшеліктерін анықтау; 7.4.2.1 - түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау | 1 | | |
Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді? | 7.4.1.3 - АҚШ-ғы капиталистік монополиялардың даму ерекшеліктерін анықтау; 7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау; | 1 | | |
11-бөлім Суретшілер мен жазушылардың көзқарасымен XІX ғасырдағы өзгерістерге шолу | XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? | 7.2.2.2 - өнердегі негізгі стильдер мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау; 7.2.2.1 - тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану | 1 | |
Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» атты мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді? | 7.2.2.1 - тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану; 7.3.2.5 - тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану | 1 | | |
12-бөлім Ғылыми ойдың дамуы | XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды? | 7.2.4.1 - өзгерістер мен сабақтастықты көрсету арқылы адам мен қоғам өміріндегі ғылыми жаңалықтардың маңызын талдау; 7.2.1.1 - қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау | 2 | |
Қайталау сабағы | | 1 | | |
Зерттеу жұмысы: XІX ғасырдағы өзгерістерге шолу: суретшілер мен жазушылардың көзқарасымен | | 1 | |