Файл: А.нанбаевты ылым таппай матанба леіндегі леуметтікоамды мселе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың тақырыбы

А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі әлеуметтік-қоғамдық мәселе

Бөлім

Абайды оқы, таңырқа!

Педагогтің аты-жөні

Ғиниятова Дана Сапарғалиқызы

Күні:

08.12.2022

Сынып 6«Б»

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.2.1.Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Өлеңді мәнерлеп оқи отырып мазмұнын түсінеді, меңгереді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Көркем шығармадағы әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Өлеңдегі әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсінеді, өзіндік ой-пікірін тұжырымдайды.

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Сонымен бірге Абай Құнанбайұлы  жайлы білгендерін еске түсіру мақсатында  сұрақтар беремін.

«Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі . Оқушылар тез – тез айтып отырады.
Сұрақтар:
1. Абай Құнанбаев кім? -………………(ақын, ойшыл, ғұлама, философ)
2. Абай оқыған Семейдегі медресе?………………..(Семейдегі Ахмет Риза)
3. Абайдың өлеңдерін ата
4. Абайдың  ақын  шәкірттерін  атаңдар  Көкбай, Кәкітай, балалары Ақылбай, Мағауия, Шәкәрім
5. Ақын ғылым, білім туралы қандай өлеңдерін білесіңдер?

Берілген сілтеме бойынша өтіп сұрақтарға жауап беру.


ҚБ «Смайлекпен» (Әр баланың жинаған  смайлектер санын айтады)

Googl форма платформасы





Ойшақыру.



Олай болса, бүгін біз сіздермен Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің әуеуметтік-қоғамдық мәселені анықтаймыз


Суреттер арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды

Мадақтау айту

Суреттер




Топқа бөлу. Қима қағаздарға төмендегі сөздердің жазылуы барысында топқа бөлемін:

1. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым – «Бес асыл іс» тобы.

2. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – «Бес дұшпан» тобы.

3. «Желсіз түнде жарық ай», «Әсемпаз болма әрнеге», «Масғұт», «Интернатта оқып жүр, «Қансонарда бүркітші шығады аңға» - Абай тобы.

1
Бес асыл іс
-топ: «Бес асыл іс»


2
Бес дұшпан
-топ: «Бес дұшпан»


3
Абай
-топ Абай


Мағынаны ашу кезеңі.

1-тапсырма Т.

Жаңа тақырыпқа байланысты аудиожазбадан Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тыңдатамын. «Топтық тергеу» әдісін қолданамын.

1-топ. Баяндап берушілер. Өлеңді тыңдап, өлеңнің идеясын анықтайды. «Ішіне - сыртына» әдісі. Абай талдаған жақсы қасиеттерді ішіне, жаман қасиеттерді сыртына толтырыңыз.

2-топ. Сілтеме табушылар. Өлеңнің мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдер, қанатты сөздер тауып сәйкестігін дәлелдейді

3-топ. Дәнекершілер. Әңгіме оқиғасын бүгінгі өмірмен байланыстырады

Дескриптор

  • «Қосжазба күнделігін» толтырып, идеясын анықтайды;

  • өлеңнің мазмұнына сәйкес қанатты сөздер табады, сәйкестігін дәлелдейді;

  • әңгіме оқиғасын бүгінгі өмірмен байланыстырады.




Тірек сөздер арқылы топқа бөлінеді










Сабақтың ортасы


«Сканерлеп оқу» стратегиясы

1-тапсырма

Оқушыларға берілетін тапсырма: Өлеңді оқып, таныс емес сөздердің астын сызыңыз, олардың мағынасына түсінік беріңіз және сол сөздердің синонимдік қатарын табыңыз. Оқушыларға өлеңді бірнеше рет оқыта отырып, өлеңнен таныс емес сөздердің үстіне белгі қойғызамын.

Мәтіндегі таныс емес сөздер сынып ішіндегі қабырғаларда ілініп тұрады. Оқушылар өздеріне берілген өлең жолдарындағы таныс емес сөздерді тауып жинап әкеледі де, әркім өзі тауып әкелген сөздерді кезекпен оқып отырып, мағынасын түсіндіреді.

Оқушыларға өлеңді оқыта отырып, өлеңнен таныс емес сөздерді дәптерлеріне жазады, синонимдерін жазады.

1-топ:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз,
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
ғибратлі – үлгілі – өнегелі, тәрбиелі, тәртіпті, ғибратты, нәфрәтлі – жеркенішті – жаман, нашар. Идеясы: жамандықтан қашу, жақсылыққа ұмтылу.

2-топ:
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл.
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл-мизан, өлшеу қыл.

мизан – таразы – өлшем, күпір - мұсылман емес, діннен шыққан – кәпір, басқа діннің адамы, дүлдүл – кемеңгер, атақты. Идеясы: ақылға салып ойлану.

3-топ:
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге ерме,
Сізге айтамын, қаупім – бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі – тұл,
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөзі қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл,
Ғұламаһи Дауани
Солай депті ол шыншыл.
Надандық – қараңғылық, білімсіздік, ғұламаһи - ғалым, ғұлама – данышпан.

Идеясы: жақсы қасиеттерді бойға сіңіру, жамандықтан аулақ болу.

Дескриптор:


  • Өлең шумақтарын оқи отырып, таныс емес сөздерді табады.

  • Мәтіндегі таныс емес сөздерге түсінік береді, синонимдерін табады.

  • Әр топ оқушылары берілген өлеңнің идеясын табады.


Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы сағаттың тілімен топтар бір-бірімен екі жұлдызын, бір ұсыныс-тілегін айтады.

2 - тапсырма. 1-топ: «Бес асыл іс» тобы

Шығарманың идеясы арқылы өлеңде көтерілген Абай дәуіріндегі қоғамдық мәселені «Гауһарлар иерархиясы» әдісіне салу арқылы түсіндіріңдер.Өлеңді құрылысына қарай талдау.

1. Өлеңнің идеясы : Ғылым – үлкен қазына

2. Тақырыбы: Жастарды ғылымға, өнерге шақыру.

  1. Өлең құрылысын талдау.

Шумақ –

1-шумақта :

тармақ-4;

бунақ-2;

буын-7.

  1. Ұйқас: а, а, а, б –қара өлең ұйқасы

2-топ. «Бес дұшпан» тобы.

Шығарманың идеясы арқылы өлеңде көтерілген Абай дәуіріндегі әлеуметтік мәселені «Радиалды диаграмма» әдісіне салу арқылы түсіндіріңдер.














Ғылым таппай мақтанба

















3-топ: Абай тобы
Өлеңнің мазмұны бойынша «Екі жақты күнделік» кестесін толтырыңдар.



Өлең жолы

Оқушы пікірі

Ғылым таппай мақтанба

Адам өмірін босқа өткізбей

Орын таппай баптанба

Ғылым үйрену керек


Болмасаңда ұқсап бақ

Ғалым адамнан үлі алуға

Бір ғалымды көрсеңіз

Ұмтылу керек



Дескриптор:

  • Шығарманың идеясы арқылы өлеңде көтерілген қоғамдық мәселені түсіндіреді.

  • Шығарманың идеясы арқылы өлеңде көтерілген әлеуметтік мәселені түсіндіреді.

  • Шығарманың негізгі идеясын анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Жапырақ» әдісі арқылы жасыл жапырақ – жақсы түсіндім, сары жапырақ – орташа түсіндім, қызыл жапырақ – нашар түсіндім деген мағынада қолданылады. Осыған байланысты топтар бір-бірін бағалайды.

5-тапсырма Ж. Өлеңнің мазмұны бойынша «Үш қадам» кестесін толтырады.

1-қадам

2-қадам


3-қадам



Өлеңде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық

мәселелерді

анықтаңдар



Қазіргі өмірде бұл мәселелер өзекті ме?

Неліктен?


Ақы

ның бес асыл іс пен бес дұшпан туралы сөз қозғау себебі...


Дескриптор

  • өлеңдегі әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды;

  • өз ойларын тұжырымдап жазады.






Өлеңді сканерлеп оқиды.

Мәтіндегі таныс емес сөздерге түсінік береді, синонимдерін табады.

Өлеңнің идеясын табады.

Абай дәуіріндегі көтерілген қоғамдық мәселені түсіндіреді.

Шығарманың идеясы арқылы өлеңде көтерілген қоғамдық мәселені түсіндіреді.



Қалыптастырушы бағалау: Мадақтау айту

«Медаль» әдісі арқылы бағалау. «Алтын медаль» - өте жақсы жұмыс жасаған балаға беріледі, «Күміс медаль» - жақсы жұмыс атқарған балаға, «Қола медаль» - орташа деңгейде жұмыс жасаған балаға беріледі. Яғни, осы медальдардың ерекшеліктеріне байланысты топтар бір-бірін бағалайды.

«Жапырақ» әдісі арқылы жасыл жапырақ – жақсы түсіндім, сары жапырақ – орташа түсіндім, қызыл жапырақ – нашар түсіндім деген мағынада қолданылады.



Видеоролик, слайд

«Гауһарлар иерархиясы» схемасы, дәптер



«Медаль» әдісі арқылы бағалау

Padlet тақтасы


«Жапырақ» әдісі арқылы бағалау.


Сабақтың соңы

Кері байланыс:


Сұрақтарға жауап береді.

Мадақтау




Қосымша ақпарат




Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс




Үздік оқушыға жекелей берілетін тапсырма. (нурай)

Өлеңнің идеясына сәйкес келетін мақал-мәтелдер жазу.

1. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң, басың кетер.

2. Ғылым – теңіз, білім – қайық.

3. Ғылым гауһар -
Бағасы жоқ,
Надандық кесел -
Дауасы жоқ.

Дескриптор:

Өлеңнің идеясына сәйкес бірнеше мақал-мәтелдерді жазады.

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс: «Екіжақты күнделік» кестесін пайдаланып, әсер еткен шумақты анықтайды. (ислам)

Осы өлеңнің маған әсер еткен шумағы

Неліктен маған әсер етті?








Дескриптор:

Өлеңнің әсер еткен шумақтарына сәйкес жоғарыдағы кестені пайдалана отырып, өз ойын жазады.


«Сканерлеп оқу» стратегиясы
«Гауһарлар иерархиясы» әдісі

«Радиалды диаграмма» әдісі
«Үш қадам» кестесі
«Жапырақ»

«Медаль» арқылы бағалалау.


Сыныпта жүріп-тұру барысында денсаулық және қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды, сол ережелер сақталады.


Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы,

қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер

оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта

саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап

беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2..

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге

назар аудару қажет?

.



1-қадам 2-қадам 3-қадам

Өлеңде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді анықтаңдар

Қазіргі өмірде бұл мәселелер өзекті ме? Неліктен?

Ақы ның бес асыл іс пен бес дұшпан туралы сөз қозғау себебі...