ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 270
Скачиваний: 8
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
9 «А» сыныбына мінездеме
Сыныпта 24 оқушы бар: 15 ұл бала, 9 қыз бала. Жас шамасы бойынша 2007-2008 жылы туылған 16-15 жастағы оқушылар. Сыныпта көпбалалы жанұяда тәрбиеленіп жатқан оқушылар бар.
Оқушылардың мінез-құлықтары әртүрлі. Оқушылардың сабақ үлгерімдері, тәртіп, тазалықтары өте жақсы. Ата-аналар үнемі мұғалімдермен мектеппен байланыста болады. Ата-аналар жиналысқа қатысып, балалардың үйдегі сабақ үлгерімін қадағалап, көмектесіп отырады. Мектепте өткізілетін мерекелік іс-шараларға да белсенді қатысады.
Сыныптағы балалар бір-бірімен тығыз, бірлесіп жұмыс жасайды, оқушыларың қарым-қатынасы өте жақсы. «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» оқу бағдарламасына сәйкес сынып математика-жаратылыстану бағытындағы пәндерді және орыс тілімен ағылшын тілін екі топқа бөліп оқытылады. Екі топ гуманитарлық бағыт бойынша қазақ тілі, Қазақстан тарихы, география пәндерінде бірге сабақ жүргізіледі. Сынып тату, ұйымшыл, белсенділіктері өте жоғары, ауызбіршіліктері мықты және бір-біріне көмек көрсетуге әрқашан да дайын. Сыныпта әр топқа лидер тағайындалған. 1-ші топ лидері Совет Бекжан, 2-ші топта Имашева Аида. Сыныпта алты оқушы мектептің интернатында тұрады. Олар: Андагулов Нурлан, Серік Айқын, Имашева Аида, Ержан Асулан, Көшімбек Мансұр, Хайрат Айымжан. Сыныпта 5 оқушы «Алтын белгіге» үміткер, 5 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.
Сынып оқушылары барлық пәндерді жақсы деңгейде меңгерген. Негізгі сабақ аяқталғаннан кейін оқушылар спорт сексияларына, қосымша сабақтарға және қалаған үйірмелерге қатысады.
Сыныптағы барлық балалардың келешегі зор. Болашақта оқушылар Жаңа Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосарына сенімдемін! Барлық оқушыларға білім мен ізденіс жолында сәттілік тілеймін!
Кураторы Мекеева Б.Т.
Мектеп психологы Алтынгожина М.С.