Файл: Танымды ызметін ойынмен тзетуді таырыпты жоспары (кмекші мектепті 6сыныбына арналан).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 154
Скачиваний: 2
| № | Бөлімдер | Тақырыптар | Сағаты |
| І | Қарым-қатынас дағдылары мен жеке тұлғалық адамгершілік-ерік қасиеттері | Мен кіммін? Мен қандаймын? Табиғатпен қатынас Менің жанұям Ұл балалар мен қыз балалардың достығы Тәртіп ережелері | 1 1 1 1 1 1 |
| ІІ | Сенсорлық даму | Түс және пішін Көлем Кеңістіктік түсініктер және қатысы Тактильді-қимыл қабылдау Қабылдау қасиеттері | 1 1 2 1 2 |
| ІІІ | Зейін және есте сақтау | Ерікті зейін Зейін қасиеттері, сапасы Есте сақтау үдерісі: есте сақтау, сақтау, еске түсіру. Есте сақтау түрлері: моторлы-қозғалғыштық, бейнелік, эмоциялық. Есте сақтаудың жеке ерекшеліктері. | 2 2 2 1 1 |
| І V | Ойлау және елестету элементтері. | Көрнекі-бейнелік ойлау. Сөздік-логикалық ойлау. Ойлау операциясы: талдау, жинақтау, салыстыру, жіктеу, абстракция. Ойлау түрлері: түсіну, талқылау, тұжырымдау. Ойлаудың жеке ерекшеліктері. Елестету. Еріксіз елестету: қиял (фантазия), түс көру, қиялдану. Ерікті елестету: туынды Шығармашылық елестету: арман Менің болашағым. | 1 2 2 2 1 1 1 1 2 |
| | | Барлығы: | 34 |
Шығармашылық ойындар: «Ертегіні бейнеле», «Кім екенін таны».Жағдайлар: «Сені үзіліс кезінде абайсыз итеріп кетті және сен оқулықта түсіріп алдын...», «Сен сабақты оқымай келдің, ал сенен бүгін сабақ сұрау керек...» және т.б. Талдау, талқылау.2 тақырып. Мен қандаймын?Білім, икемділіктер, дағдылар: өзін туралы елестетуді жетілдіруді жалғасытру, ынта көрсете отырып, әр түрлі жағдайлардан аброймен шығу, шығармашылық, дербестік.Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: «Өзіңнің жұбыңды тап», «Айдаһар өзіңнің құйрығын тістеп жатыр».Ойын: «Мақтаншақтар сайысы».Жаттығу: «Мен өте жақсымын», «Сен өте жақсысын».Жағдайлар: «Қарт әже», «Соқыр атаны жолдан өткізу» және т.б.3-тақырып. Мен және табиғат.Білім, икемділіктер, дағдылар: табиғат және адам бір тұтас ретінде елестетулерді жетілдіру, табиғатпен араласуға және оны жақсы көруге үйрену, сонымен қатар табиғатқа қамқорлықпен қарау дағдыларын тәрбиелеу.Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:Ойын саяхат: «Мен және табиғат».Конкурс: «Сен табиғатты білесің бе?».Дидактикалық ойындар: «Тауып көр».Жаттығулар: «Орман дыбыстарын тыңдаймыз».Тапсырмалар: «Өзіңнің жақсы көретінт абиғат бөлігінің, жануардың суретін сал» (суреттер вернисажы).4-тақырып. Менің жанұямБілім, икемділіктер, дағдылар: жанұядағы өзара қарым-қатынас түсініктерін, ата-анасына, жақындарына сүйіспеншілік және қамқорлық сезімін білдіре білуге, сондай-ақ жанұядағы өзара жағымды қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеуді жетілдіру. Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:Тыныштық минуты.Жаттығулар: «Сыйлық», «Мен саған өзімнің махаббатымды тарту етемін», «Ол сенің көңіліне жылулық әкелсін» немесе бір-біріне басқа да тілектер айту. Балалар шеңбер құрап, бір-біріне қарап тұрып, музыка әуенімен, неге екенін түсіндіре отырып, бір-біріне қандай да бір қасиет сыйлайды. Талқылау.Жаттығулар: «Оралған қағаз». Балаларға сөйлемді аяқтау ұсынылады: «Мен өз ата-анамыды жақсы көремін, себебі ...», «менің ата-анам ...». Келесі бала келесі сөйлемді оқи алмайтындай етіп, әрбір қатарға бірден шиыршықталып оралған қағазды береді. Шығармашылық ойын: «Менің жанұям».Жағдаяттар: «Ал егер менің апам менен дүкенге баруды сұрады, ал менің барғым келмеді. Апамның орнында мен өзімді қалай көндірер едім. Сен үйсіз күшікті тауып алды, енді онымен не істейсің ...».
5-тақырып. Ұл балалар мен қыз балалар арасындағы тәртіп ережелеріБілім, икемділіктер, дағдылар: ұл балалар мен қыз балалардың арасындағы достық туралы түсінікті жетілдіру, тұлғааралық жағымды қатынастардың икемділіктері мен дағдыларын қолдау.Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:Тыныштық минуты.Шапшаң қимылды ойындар: «Жұбыңды тап», «Жылға».Шығармашылық ойындар: «Мақтаншақтар конкурсы», «Күлмейтін ханшайым».Тапсырмалар: ұл балалар мен қыз балаларға арналған олардың өзара қарым-қатынастарына қойылатын талаптарды құру. Ұл балалар (қыз балалар) бір біріне қалай қарауға міндетті, неге? Пікір таластыру.6-тақырып. Ұл балалар мен қыз балалар арасындағы достық.Білім, икемділіктер, дағдылар: тәртіп ережелерін сақтаудың икемділіктері мен дағдыларын тәрбиелей отырып, тәртіп ережелері туралы түсініктерді жетілдіру.Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:Тыныштық минуты.Саяхат ойыны: «Сыпайгершілік еліне саяхат».Конкурс: «Амандасу-қоштасу».Жаттығу ойындары: «Алақан», «Мен мақтанамын», «Оқушы міндетті емес», «Ата-аналар мен балалар», «Мен мұғаліммін» және т.б.ІІ ТАРАУ. СЕНСОРЛЫҚ ДАМЫТУ7-тақырып. Түс және пішінБілім, икемділіктер, дағдылар: түс және пішін туралы білімді, оларды ажырата білуді, оларды іс-әрекетте қолдану дағдыларын жетілдіру.Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:Тыныштық минуты.Тапсырма: өзінің көңіл-күйінің суретін салу.Дидактикалық ойындар: «Тамаша дорба», «Тауып көр», «Пішінін таны».Шапшаң қимылды ойындар: «Маған қарай жүгіріңдер», «Көңілді старттар» және т.б.8-тақырып. КөлемБілім, икемділіктер, дағдылар: көлем туралы білімді, көлемнің түрлерін ажырата білуді, көлем туралы білімді өз бетімен іс-әрекетте қолдану дағдыларын жетілдіру.Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:Дидактикалық ойындар: «Саты», «Онда не?», «Сатыны салайық», «Дәл осындай затты тап», «Өрнек», «Хайуанаттар бағы», «Лото».9-10-тақырыптар. Кеңістіктік түсініктер мен қатынастар Білім, икемділіктер, дағдылар: кеңістіктік түсініктер мен қатынастарды, кеңістікте бағдарлау икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Дидактикалық ойындар: «Өзіңнің суретіңді сал», «Бағдаршам», «Бұл не?», «Тап та шақыр».Шапшаң қимылды ойындар: «Тығылмақ», «Допты қуып жет», «Жарыспақ», «Ұстап алу».Тапсырмалар: «Жүргізушілер», «Өрнек құра», «Достық кілемін безендір».Жаттығу ойындары: «Көңілсіз, осылай отырған көңілсіз», «Соқыр жетекші» және т.б.11-тақырып. Тактильді-қимылды қабылдауБілім, икемділіктер, дағдылар: тактильді-қимылды қабылдауды, оларды іс-жүзінде қолдану дағдыларын жетілдіру.Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:Дидактикалық ойындар: «Сипалап көр және илеп жаса», «Мозаика», «Сипалап отырып тап», «Дүкен».Шығармашылық ойын жаттығулар: «Мүсінші» және т.б.12-13-тақырыптар. Қабылдаудың қасиеттеріБілім, икемділіктер, дағдылар: қабылдау қасиеттерін, оларды қызметте қодану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:Дидактикалық ойындар: «Бүтіннің суретін сал», «Фигураны құра», «Бүтін жаса», «Үйдің суретін сал», «Жағадағы ұсақ тастар», «Сиқыршылар».Силуэттық суреттерді, аяталмаған фигуралардың (үй және жабайы жануарлар, құстар және т.б.) суреттерін аяқтауға берілген жаттығу тапсырмалар. Өзгерген мәтіндерден (буын, сөз, сөйлем қалауың бойынша) сөз, сөйлемдер мен әңгімелер құрастыру.ІІІ ТАРАУ. ЗЕЙІН ЖӘНЕ ЕСТЕ САҚТАУ14-15-тақырыптар. Ерікті зейінБілім, икемділіктер, дағдылар: ерікті зейінннің икемділіктері мен дағдыларын жаттықтыра отырып, оларды жетілдіру.Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:Дидактикалық ойындар: «Ең байқампаз кім?», «Сиқырлы сөздер», «Тірі-тірі емес», «Құлақ-мұрын».Жаттығу ойындар: «Тыйым салынған қимыл», «Тұр», «Қозғалма», «Доппен ойын», «Ине мен жіп», Күн мен түн, «Жапалақ».16-17-тақырыптар. Зейін қаситеттері (сапалары)Білім, икемділіктер, дағдылар: зейін қасиеттерін икемділіктері мен дағдыларын іс-жүзінде қолдануды жаттықтыра отырып, оларды жетілдіру.Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:«Бұйрықты тыңда», «Жапалақ», «Ойлану», «Ит», «Кім кімнің артында?», «Доппен ойын», «Тұр», «Тыйым салынған қимылдар».18-19-тақырыптар. Есте сақтау үдерісі: есте сақтау, сақтау, шығаруБілім, икемділіктер, дағдылар:
есте сақтау үдерістерін дамытуды жетілдіру, оларды қызметте қолданудың икемділіктері мен дағдыларын жаттықтыру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Қане, тап», «Заттарды тізіп шық», «Мына қатарды қара да, барлығымызды қаз-қатар тіз», «Қимылды есте сақта және қайтала», «Жоғалған үй».
20-тақырып. Есте сақтау түрлері: моторлық-қимылды, бейнелік, эмоциялық және т.б.
Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтаудың әр түрлерін дамытуды жетілдіру, оларды қызметте пайдалану икемділіктері мен дағдыларын жаттықтыру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Менің артымнан қайтала», «Қимылды есте сақта», «Өз орныңды есте сақта», «Бұзылған телефон», «Ретін есіңде сақта», «Кім не істеді?», «Суретші», «Көлеңке» және т.б.
21-тақырып. Есте сақтаудың жеке айырмашылықтары
Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтаудың жеке ерекшеліктерін жетілдіру, оларды қызметте қолданудың икемділіктері мен дағдыларын жаттықтыру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты.
«Мүсінші», «Жағадағы ұсақ тастар», «Ертегінің, жағдайдың суретін сал», «Айна», «Көлеңке», «Кім не істеді?», «Суретші», «Тұрысты қара», «Теңіз толқиды», «Ертегіні, әңгімені аяқта», «Ертегіні, жағдаятты бейнеле» (таңдау бойынша).
22-тақырып. Көрнекілік-бейнелік ойлау
Білім, икемділіктер, дағдылар: көрнекілік-бейнелік ойлауды жетілдіру, оларды қызметте қолданудың икемділіктері мен дағдыларын жаттықтыру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты.
«Оқиғаны ойлап тап», «Қане, тауып көр», «Суреттер-жұмбақтар», «Ойыншықты (затты) анықта», «Өзіңнің жақсы көретін табиғат бұрышының, ойыншықтың, ертегінің суретін сал» (суреттер вернисажы).
23-24-тақырыптар. Сөздік-логикалық ойлау
Білім, икемділіктер, дағдылар: сөздік-логикалық ойлауды жетілдіру, оларды қызметте қолданудың икемділіктері мен дағдыларын жаттықтыру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Суреттер-жұмбақтар», «Ойдан шығарылған ғажайыптар», «Ойыншықты (затты) анықта», «Үш сөз», «Жалпыны іздеу», «Артық сөзді алып тастау», «Ертегі, әңгіме, жағдайды ойлап тап және бейнеле», «Жақсы көретін жануардың суретін сал». Балалардың жұмыстарын талдау және талқылау.
Дидактикалық ойындар: «Әңгімені тап», «Жұмбақтар», «Қане, қайтала», «Сөзбен ойын», «Жаңасын ойлап тап», «Өз ойыңды басқа сөзбен бер».