Файл: Абкен 2004 жылдан аста п трді орау бойынша абылданан шараларды арасында оларды саны біртіндеп сті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 56
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ақбөкен
2004 жылдан аста п түрді қорғау бойынша қабылданған шаралардың арқасында олардың саны біртіндеп өсті. 2021 жылы Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ақбөкендер популяциясының саны соңғы екі жылда екі есеге – 334 мыңнан 842 мыңға дейін өскенін мәлімдеді.
Ақбөкен түрлерінің бес негізгі популяциясы бар, олардың үшеуі Қазақстанда, біреуі Ресейде (Қалмақия) және біреуі Моңғолияда. Кейбір ақбөкендер Өзбекстанда қыстайды.
Ақбөкен – жұптұяқты ұсақ жануар. Оның денесінің ұзындығы 110-146 см, салмағы 23–40 кг. Түгі сары қызыл, қыста түлеп, ашық сұр түске боялады. Имек мұрнынан оңай тануға болады. Аталығының ғана мүйізі болады, ұзындығы 30 см. Ақбөкен – ұзақ қашықтыққа жүре беретін қоныс аударатын жануар. Шағын су қоймаларынан жүзіп өте алады.
Ең алдымен олардың ерекше тұмсықтары көзге түседі. Олардың мұндай болуы жайдан-жай емес: тұмсықтарын түк жауып тұрады, ол дала шаңын сүзгіден өткізеді. Ақбөкендерге мұндай танаудың пайдасы зор, себебі олар шаңды бастарына көтеріп далада көшіп-қонып жүреді.
Ақбөкендер азық табу мақсатында даланы әрлі-берлі кезеді. Осындай ұзақ сапарларда шаршамас үшін артқы аяғының жамбас буыны аяқты маятник тәрізді алдыға-артқа қозғалтып отырад.