ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 99
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ф-ОБ-004/006-4
1.Негізгі бөлім:
-
20.03.2023ж 08:30 - 14:30 ЭКГ түсіру және талдау
Практикамыздың бірінші күні Жедел жәрдем дәрігерінің көмекшісі Өндірістік тәжірбиенің жетекшісі Мұстафа Үмит Жан Дөлектің қадағалауымен Облыстық жедел жәрдем станциясы Түркістан қалалық жаңа бекетінде практикамызды бастадық. Практикалық жоспар міндеттемесімен танысып алғашқы тақырыпты талқыладық, Экг түсіру және талдау Жедел жәрдем станциясында шақыртуларғада шықтық
Науқас Юлдашев Икром жүрек аймағындағы ауырсынуға психоэмоциональды жағдайдан соң дамитиынына шағымданды.Науқастың айтуы бойынша нитроглицерин қабылдағанда ауырсыну басылып қайта басталады.Жағдайы орташа ауырлықта.АҚҚ 140\90 мм.с.б.Пульс 60 рет. Науқасқа ЭКГ қойылып жедел жәрдем дәрігерлерімен бірге қорытындысын талдадым. Экг түсіру алгоритмі:
I) Науқасты дұрыс кушеткаға (арқасына) жатқызып алдым. Науқас белге дейін шешініп, аяқтарын киімнен босатып алдым.
II) Науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеудің уақыты мен күні жазып алдым.
III) ЭКГ құралында тіркеу жылдамдығын қою (50 мм/с – 1 немесе 25 мм/с-1) (көп жағдайда дайын болады).
IV) ЭКГ құралын калибровка жүргізу (стандартты калибрлік күштеме 1mV, 10 мм тең) V) Электродтарды қоятын жерлердің тері жабындары спиртпен өңдедім немесе арнайы гель жағып алдым.
VI) Аяқ-қолдарына электродтарды қойдым: 1. Оң қол- қызыл түс 2. Сол қол- сары түс 3. Сол аяқ – жасыл түс 4. Оң аяқ – қара түс
VII) Willson бойынша электродтарды науқас кеудесіне дұрыс қойдым:
1. VI – 4-ші қабырға аралық төстің оң жақ қырымен
2. V2 – 4-ші қабырға аралық төстің сол жақ қырымен
3. VЗ- V2 – V4 ортасына(сол жақ парастерналды сызығы бойымен 4 қабырға деңгейінде)
4. V4 — сол жақ ортаңғы бұғана сызығы арқылы 5-ші қабырға аралық
5. V5 – V4 горизонтальды деңгейімен сол жақтан алдыңғы қолтық сызығы
6. V6 – V4 және V5 горизонтальды деңгейімен сол жақтан ортаңғы қолтық сызығы
Алгоритм бойынша дұрыс қойылды.ЭКГ көрсеткіші ST сегменті V1-V4 изосызықтан төмен Т тісшесі теріс.
ЭКГ түсіріп қорытындысын талдауды жетік меңгердім.
-
21.03.2023ж 08:30-14:30 Тамырішілік тамшылатып құю жүйесін жинау және қолдану.
Практикамыздың екінші күні Жедел жәрдем дәрігерінің көмекшісі Өндірістік тәжірбиенің жетекшісі Мұстафа Үмит Жан Дөлектің қадағалауымен Облыстық жедел жәрдем станциясы Түркістан қалалық жаңа бекетінде практикамызды бастадық. Практикалық жоспар міндеттемесімен танысып бүгүнгі тақырыпты талқыладық. Тақырыпқа сәйкес сұрақтар қойылып содан соң шақыртуға шықтық.
Жедел жәрдем бригадасымен бірге шақыртуға бардым.Шақырту барысында Тамырішілік тамшылатып құю жүйесін жасап үйрендім.
Тамырішілік тамшылатып құю алгоритмі:
1.Науқасқа өзін таныстыруІс-шара барысында өз іс-әрекетіңізді түсіндіріп, шыдамдылық, мейірімді кейіп танытып, науқастың сұрақ қоюына мүмкіндік беру. Енгізіп жатқан дәріге аллергиясы жоқ екеніне көз жеткізу.
2.Қолды өңдеу1.Науқастың қай қолына енгізу керектігін анықтау.2.Шынтақ буынында қолын толық жазып, қол астына жастықша қою3.Қолды жуып, кептіріп, антисептикпен өңдеу.4.Стерильді қолғап кию
3.Тамырішілік тамшылатып құю жүйесін жинау1.Құтынын сыртындағы жазуын оқу: атын, мерзімін. Жарамдылығына көз жеткізу(түсі, мөлдірлігі,тұнбасы). Жүйені қолданбас бұрын оның мерзімін, қаптаманың герметикалығын, ине қақпағының бүтіндігін тексеріп, қаптаманы ашу.2.Дәрілік ерітіндісі бар флакон тығыншасынан метал немесе пластмассалы дискісін алып тастап, тығындыны спиртпен өңдеп, «ауалық фильтрден» иненің қақпағын алып, оны тығындыға енгіземіз.4.Жиналған жүйеден ауаны шығару1.Сұйықтық ағатын регуляторды жабу (қысқыш). «ауалық фильтрдің» бекітпесін ашу.2.Флаконды аударып, штативке бекітеміз.3.Тамшылатқыштың ауалық фильтірін басу арқылы жүйені жартысына дейін флакондағы ерітіндімен толтырамыз.4.Қысқышты ашып , т/і инъекция жасау үшін иненің қақпағын аламыз5.Жүйені ерітіндімен толтырамыз. Қысқышты жауып, жүйеде ауа жоғын тексеріп, қақпағын жабамыз – жүйе ерітіндімен толған, т/і тамшылатып енгізуге дайын.5.Вена функциясы 1.Науқастың иығының төменгі үштен бір бөлігіне жгут орналастырамыз. Науқастан саусақтарын бірнеше рет бүгуін сұраймыз(жұдырығын қысу), егер науқас істей алмаса, білегінен басып, қанды шынтақ венасына айдаймыз.2.Венаны пальпациялаймыз3.Бірінші стерильді шарикпен үлкен аймақты өңдейміз. Екінші стерильді шарикпен кіші аймақты, үшінші стерильді шарикпен инъекция жасайтын орынды өңдейміз.4.Оң колға инені алып, ақырын қақпағын ашып, иненің үшкір бұрышын төмен қаратып, сол қолдың бас бармағымен венаны бекітеміз. Бір қимылмен тері мен көктамырды бірден тесетіндей етіп иненің үшкір бұрышын венаның жолымен енгіземіз.5.Вена пункциясының сәтті орындалғанының белгісі – инеде қан пайда болуы6.Жгутты шешу
6.Құюдың өтуін бақылау 1.Құю жылдамдығын қысқышпен орнатамыз (1 минуттағы тамшылар санымен)2.Инені лейкопластермен бекітеміз3.Құю барысында науқастың жағдайын бақылау, жүйенің қалыпты қызметін тексеру: сұйықтықтың сыртқа ағуының жоқтығын, жүйеге ауа кірмеуін, құю аймағында инфильтрация немесе ісік болмауын бақылау. Ине тромбталып қалса және құю тоқтаса, пункцияны басқа венадан немесе сол венаның басқа жерінен жасап, жүйені қайта жалғаймыз.
7.Құюды аяқтау1.Тамшылатып құюды флаконда сұйықтық қалмағанда және одан тамшылатқышқа түспегенде тоқтату. Инені венадан шығару2.Ине орнын спиртке малынған мақта шаригімен басу3.Науқасқа қолын шынтақ буынында бүгіп, спиртке малынған шарикті 2-3 мин ұстауын өтіну. Егер науқас ессіз жағдайда болса лейкопластырмен бекіту.
-
22.03.2023ж 08:30-14:30 Асқазанды жуу.
Практикамыздың үшінші күні Жедел жәрдем дәрігерінің көмекшісі Өндірістік тәжірбиенің жетекшісі Мұстафа Үмит Жан Дөлектің қадағалауымен Облыстық жедел жәрдем станциясы Түркістан қалалық жаңа бекетінде практикамызды бастадық. Практикалық жоспар міндеттемесімен танысып бүгүнгі тақырыпты талқыладық. Тақырыпқа сәйкес сұрақтар қойылып содан соң шақыртуға шықтық.
Жедел жәрдем бригадасымен бірге шақыртуға бардым.Шақырту барысында Асқазан жуу әдісін жасап үйрендім.
Асқазан жуу алгоритмі:
1. Қажетті материалдар
1. Жіңішке асқазан зонды (диаметр 5-9 мм)
2. Вазелин немесе глицерин
3. Жууға арналған ерітінді(5- 10 литр)
1. Стакан су (50мл) және ішуге арналған түтікше
2. Жане шприці
3. Лейкопластырь
4. Сүлгі, салфеткалар
5. Резенке қолғап
6. Қалдық суға арналған ыдыс (шелек.)
7. Жууға арналған 5-10 литр ерітінді
Науқасты жүргізілетін процедурамен таныстырдым
Алжапқыш пен қолғап кидім
Танаудың өтімді жағын анықтады (танаудың бір жағын жауып тұрыпекінші жағын мен тыныс алдырыңыз , және керісінше).
Енгізілетін зонд ұзындығын анықтады. Бұл үшін зонд арқылы мұрын ұшынан құлақтың сырғалығына дейін одан кейін құрсақ құысының алдынғы қабырғасымен семсер тәрізді осіндіге дейін. Өлшенген жерін белгілеп алып, бұл сізге зондты керекті жерге дейін енгізуге мүмкіндік береді.
Науқасқа зондты енгізу кезінде жүрек айнып лоқсуы мүмкін екендігін түсіндірдім,бірақ мұрынмен терең тыныс алу арқылы бұны жеңуге болатынын түсіндірдім.Сонымен қатар зондты тіспен тістеп қимылдатуға болмайтынын айттым.
Науқастың көкірек қуысын сүлгімен жаптым
Қолды жуып, қолғап кидім
Зондтың тұйық ұшын вазелинмен немесе глициринмен жақсылап сүрттім.
Науқастың басын шамалы арқаға шалқайттым
Зондты танау арқылы15-18 см енгізгеннен кейін науқасқа басын алға қаратуын сұрадым
Науқасты жұтындыра отырып зондты жұтқыншақтың артқы қабырғасы арқылы жылжыттым
Зондты жұтқыздырып болғаннан кейін науқастың тыныс алып , сөйлей алатынына көз жеткіздім
Зондты әр жұтынған сайын жаймен белгіленген жерге дейін енгізді.Науқасқа стаканда су және ішуге арналған түтік берді, басын шамалы алға иіп аз аздан жұтынып ішуін сұрадым.Бұл зондтың жақсы жылжуына көмек береді.
Егер зонд енгізгенде қатты қарсылық болса, немесе науқаста жөтелу, ентігу, бетінің көгеруі болса зонд көмейге түскен, ол кезде зондты жаймен қайтып алдым.
Зонд асқазанға түскеніне көз жеткіздім.
Жане шприцін пайдаланып асқазанға 20 мл ауа жібереміз, фонендоскоп арқылы тыңдап немесе құлағымызды құрсақ қуысына қойып тыңдадым.
Асқазандағы сұйықтықты шприцке алдым
Шприцке жууға арналған ерітіндіні алу , оны зондқа жалғап асқазанға енгіздім
Шприцтің поршенін өзімізге тартып , асқазандағы сұйықтықты сорып аламыз. Толтырып алған шприцті зондтан босатып алып , ішіндегісін жуып шаюға арналған ыдысқа төктім.
Дайындаған сұйықтық біткенге дейін процедураны қайталай береміз(5-10 литр немесе 10-15% дене массасына қарай)
-
23.03.2023ж 08:30-14:30 Қан құрамындағы қантты анықтаудың экспресс әдістері және оларды түсіндіру.
Практикамыздың төртінші күні Жедел жәрдем дәрігерінің көмекшісі Өндірістік тәжірбиенің жетекшісі Мұстафа Үмит Жан Дөлектің қадағалауымен Облыстық жедел жәрдем станциясы Түркістан қалалық жаңа бекетінде практикамызды бастадық. Практикалық жоспар міндеттемесімен танысып бүгүнгі тақырыпты талқылау жұмыстарын жүргізіп кері байланыс орнаттық. Жедел жәрдем бригадасымен бірге шақыртуға бардық.Шақырту барысында науқастың қандағы қант мөлшерін анықтау әдісі жасалды. Яғни қандағы қант мөлшерін глюкометр көмегеімен өлшейміз.Науқастан келісімін алып өлшеуді бастадық.
Қандағы қант мөлшерін анықтау алгоритмі:
Қолымды өңдеп алдым.
Инъекция жасайтын жерді антисептикпен өңдеп алдым (инъекция бір реттік инемен немесе жеке қаламмен жасалынған жағдайда қажет емес).
Қан айналымын арттыру үшін қолыңызбен аздап сілкіп алдым.
Сонымен қатар, теріні пункция жасалатын орнын стерильді шүберекпен немесе мақта жүнімен құрғаттым.
Саусақ ұшының аймағында пункция жасадым, құрғақ мақта жастықшасымен немесе дәке көмегімен қанның алғашқы тамшысын алдым.
Сынақ жолағына қан тамшысын салып, оны глюкометрге салдым (кейбір құрылғыларда, қан құйылмас бұрын, құрылғыға тест жолағы орнатылуы керек).
Талдау үшін батырманы бастым немесе құрылғы автоматты түрде жұмыс істеген жағдайда нәтиже экранда көрсетілетінін күтіңіз.
Қорытындысын жазып алдым
Инъекция аймағын кез-келген антисептикпен сүрттім.
Дәл осы әдіспен науқастың қант деңгейін анықтауды үйрендім.Қандағы қант деңгейінің қалыптыдағы мөлшеріменде таныс болдым.Қандағы қант деңгейі көтерілгенде науқас өзін жайсыз сезініп әлсіздікке қалтырауға шағымданатынын білдім.
-
24.03.2023ж 08:30-14:30 Жоғары тыныс жолдарын тазалау және олардың еркін өткізгіштігін сақтау әдістері.
Практикамыздың бесінші күні Жедел жәрдем дәрігерінің көмекшісі Өндірістік тәжірбиенің жетекшісі Мұстафа Үмит Жан Дөлектің қадағалауымен Облыстық жедел жәрдем станциясы Түркістан қалалық жаңа бекетінде практикамызды бастадық. Практикалық жоспар міндеттемесімен танысып бүгүнгі тақырыпты талқылап, түсінбеген жерлерімізді сұрап білдік. Сұрақ қою барысында көптеген ақпараттар айтылды.Жоғары тыныс жолдары жайында мәліметтер айтылып шұғыл жағдайда алғашқы көмек көрсету жолдарыда айтыла өтті.
Жедел жәрдем бригадасымен бірге шақыртуға шықтық.
Науқас Жұмаханова Қызларгүл 53 жаста,бронх астма жағдайында
Науқасты тыныштандарып қысып тұрған киімдерін босаттым. Маска көмегімен ылғалды оттегі бердім.Бронхолитиктер салынған небулайзер жасалды.АҚҚ, пульсін,ЖСЖ, қақырық түрін тексердім.
Алғашқы көмек: 10-20 мл 2,4% эуфилин+ NaCl 10-20 vk 0,9 % көктамырға енгіздік.
90-150 мг преднизалон вена ішіне енгіздік
5000-10000 ХБ вена ішіне гепарин енгіздік.
Науқасты жатқызып,басын жоғары көтеріп,инфузионды терапия бөлімшесіне жеткіздік.
Бүгінгі жасалған алғашқы көмек барысында жіберілген қателіктерімді жетекшіммен талдап алдым. Келесі шақыртуларда қайталам ауға тырыстым.
-
27.03.2023ж 08:30-14:30 Ауа өткізгіштігінің және демпердің және тыныс алу қапшығының көмегімен ауыздан ауызға және ауызбен мұрынға әдістерімен жасанды дем алдыру.
Практикамыздың алтыншы күні Жедел жәрдем дәрігерінің көмекшісі Өндірістік тәжірбиенің жетекшісі Мұстафа Үмит Жан Дөлектің қадағалауымен Облыстық жедел жәрдем станциясы Түркістан қалалық жаңа бекетінде практикамызды бастадық. Практикалық жоспар міндеттемесімен танысып бүгүнгі тақырыпты талқылау жұмыстарын жүргізіп кері байланыс орнаттық. Жедел жәрдем бригадасымен бірге шақыртуға бардық.Бүгінгі жоспарға сәйкес тақырыпты талқылап,түсінбеген тұстарымызды жетекшімізден сұрай отыра таныс болдық. Жасанды дем алдыру зардап шегуші дем алмайтын немесе нашар (сирек, терең, өксігендей етіп) дем алатын кезде, сондай-ақ оның дем алуы: электр тоғымен зақымдануына, улануына, батуына байланыстылығына қарамастан үнемі нашарлаған болса жасалады. Жасанды дем алдырудың ең тиімді тәсілі болып «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілі табылады, себебі мұнда зардап шегушінің өкпесіне жеткілікті ауа көлемінің түсуі қамтамасыз етіледі. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілдері көмек көрсетушінің ауаны зардап шегушінің тыныс алу жолдарына еріксіз беретін қолдан дем алдырудың үрлеу әдісі бойынша жасалатын тәсіліне жатады. Адамның ішіне тартатын ауасының физиологиялық тұрғыдан зардап шегушінің ұзақ уақыт бойы дем алуына жарамдылығы анықталған. Ауаны үрлеуді дәке, орамал, «ауа үрлегіш» - арнайы құрылғысы арқылы жүргізуге болады. Жасанды дем алдырудың бұл тәсілі үрлегеннен кейін кеуде қуысын кеңейтуге және жәй дем шығару нәтижесінде оның сәйкес келуі зардап шегушінің өкпесіне ауаның түсуін оңай бақылауға мүмкіндік береді.Жасанды дем алдыруды жүргізу үшін зардап шегушіні арқасына жатқызады, дем алуына кедергі жасайтын киімді шешеді.Жасанды дем алдыруды бастар алдында бірінші кезекте арқасында ессіз жатқан кезде артқа кеткен тілмен жабық болатын жоғарғы тыныс алу жолдарының өту жолдарын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ауыз қуысында тыс (құсық массасы, орнынан шығып кеткен жасанды тістер, егер адам суға батқан болса құм, лай, шөп) болуы мүмкін, оларды орамалмен (матамен) немесе дәкемен оралған саусақпен алып тасталады. Осыдан кейін көмек көрсетуші зардап шегушінің басының