ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 273
Скачиваний: 1
жанына орналасады, бір қолын зардап шеккеннің мойынының астына салады, екінші қолының алақанымен барынша басын артқа итере отырып, оның маңдайын басады. Мұндай кезде тілдің түбі көтеріледі және көмейге ауаның кіруіне жол ашылады, ал зардап шегушінің аузы ашылады. Көмек көрсетуші зардап шегушінің бетіне еңкейеді, ашық аузымен терең дем алып, зардап шегушінің ашық аузын толығымен мықтап жабады, ауызға ауаны күшпен үрлеу арқылы бір мезгілде зардап шегушінің мұрнын маңдайдағы қолдың саусақтарымен немесе бетпен жаба отырып, жігерлі түрде дем шығарады. Міндетті түрде зардап шегушінің көтерілетін кеуде қуысын бақылайды. Кеуде қуысы көтерілген кезде ауа жіберу тоқтатылады, көмек көрсетуші бетін басқа жаққа бұрады, зардап шегуші жігерлі түрде дем шығарады.Егер зардап шегушінің тамыры жақсы соқса және бірнеше қолмен дем алдыру қажет болса, онда қолмен дем алу арасындағы аралық 5 с (минутына 12 дем алу циклін) құрайды.Кеңейтілген кеуде қуысынан басқа қолмен дем алдырудың тиімділігінің жақсы көрсеткіші болып тері қабаты мен шырыштың қызғылттануын, сондай-ақ науқастың ессіз күйден шығу мен оның өздігінен тыныс алуы табылады.Жасанды дем алдыруды жасау кезінде көмек көрсетуші ауаның зардап шегушінің асқазанына түспеуін қадағалайды. Ауа асқазанға түскен кезде, бұған себеп ретінде іштің «төс шеміршегі асты» кебуі дәлел болатын жағдайда алақанмен ақырын ғана кеуде мен кіндік арасындағы ішін басады. Мұндай жағдайда құсық пайда болуы мүмкін, онда зардап шегушінің басы мен иығын оның аузы мен жұтқыншағын тазалау үшін бір жағына бұрады.Егер ауаны үрлегеннен кейін кеуде қуысы керілмесе, зардап шегушінің төменгі жағын алға қарай итереді. Бұл үшін екі қолдың төрт саусағымен төменгі жақты екі жағынан қысып, бас бармақпен ауыздың төменгі бұрыштарына салмақ сала отырып, оны тартады және төменгі тістерінің үстіңгі тістердің алдында болатындай етіп, жақты алдыға тартады.Егер зардап шегушінің жақтары мықты жабылған болса және ауызы ашылмаса ауызды толық жауып отырып, «ауыздан мұрынға» қолмен дем алдыруды жасайды.Егер жазатайым оқиға люлькада, тіректе немесе діңгекте орын алса зардап шегуші өздігінен дем алмаса және тамыры соқса қолмен дем алдыруды отырған жерінде немесе тік қалпында жасауға болады.
-
28.03.2023ж 08:30-14:30 Жүрекке жанама массаж. Жүректің химиялық және физикалық дефибрилляциясы.
Бүгін әдеттегідей практикамыздың жетінші күні Жедел жәрдем дәрігерінің көмекшісі Өндірістік тәжірбиенің жетекшісі Мұстафа Үмит Жан Дөлектің қадағалауымен Облыстық жедел жәрдем станциясы Түркістан қалалық жаңа бекетінде практикамызды бастадық. Практикалық жоспар міндеттемесімен танысып бүгүнгі тақырыпты талқыладық. Жүректің массажы мен өкпенің жасанды желдетпесінің бір мезгілде жасалуы.Алғашқы көмек – ол адамның өмірін құтқаруға бағытталған жедел шаралар кешені. Жазатайым жағдай, сырқаттың кенеттен қысуы, улану – осы және басқа төтенше жағдайларда білімді алғашқы көмек қажет.Заң бойынша, алғашқы көмек медициналық болып саналмайды – ол дәрігерлер келгенше көрсетіледі немесе зардап шегуші госпиталданады. Алғашқы көмекті сол сәтте зардап шегушінің қасында болған кез келген адам көрсете алады. Бірақ азаматтардың кейбір санаты үшін алғашқы көмек көрсету – қызметтік міндеті. Бұл жерде сөз полиция қызметкерлері, әскериқызметшілер, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, және, әрине, медицина қызметкерлері туралы. Алғашқы көмек көрсете білу – қарапайым, бірақ әрбір адам білуі тиісті өте маңызды дағды. Шұғыл жағдайда ол біреудің өмірін құтқара алады Өкпені жасанды желдендіру (ӨЖЖ) – адамның өкпесінің табиғи желдетілуін қалпына келтіру үшін, оның тыныс жолдарына ауаны (немесе оттегіні) жіберу. Бұл әрекет қарапайым реанимациялық шара болып есептеледі.ЖҮРЕККЕ ЖАНАМА МАССАЖ ЖАСАУЕгер тыныс алуымен бірге адамның пульсі де жоқ болса, онда жүрекке жанама массаж жасау қажет.Жанама немесе, мамандардың айтуынша жүректің жабық массажы немесе көкірек қуысының компрессиясы – адамның жүрегі тоқтап қалған кезде қан айналымын демеуге арналған, кеуде мен омыртқа арасында жүрек бұлшықетінің қысылуы. Бұл әрекет қарапайым реанимациялық шараға жатады. Жүрекке жанама массаж жасау техникасы: Зардап шегушіні тегіс қатты жерге жатқызамыз. Төсекте және басқа жұмсақ жерде көкірек қуысының компрессиясын жасауға болмайды. Зардап шегушінің семсер тәрізді шеміршегінің орналасуын анықтадым. Семсер тәрізді шеміршек – көкіректің ең қысқа және тар, төменгі бөлігі. Семсер тәрізді шеміршектің жоғарысынан 2-3 сантиметр өлшеп алдым – бұл компрессияның нүктесі. Алақанның негізін компрессияның нүктесіне қойдым. Әрі реанимация жасайтын адамның қалай тұрғанына байланысты, бас бармақ зардап шегушінің иегін немесе ішін көрсетіп тұруы керек. Бір қолдың үстіне екінші алақынды қойдым. Тек алақанның негізімен ғана басуды жүргізеді – Сіздің саусақтарыңыз зардап шегушінің төсіне тимеуі керек.
Төс сүйегін қаттырақ, жайлап, тек тіктеп, өз салмағыңызбен ырғақпен басамыз. Жиілігі минутына 100-110 басу. Әрі төс қуысы 3-4 сантиметрге иілуі керек.
-
29.03.2023ж 08:30-14:30 Қан тоқтататын бұрауды салу және қан кетуді тоқтатудың басқа әдістері
Қан кетудің тоқтауын немесе жалғасуын анықтау үшін науқасқа ауыз қуысындағы сұйықтықты жөтелу арқылы шығаруды өтінді.Қан кету жалғасқан жағдайда, мұрындағы сұйықтықты қайталап шығарғаннан кейін,сол мұрынды 10% лидокаин ертіндісімен жергілікті анестезияны жасады.Пращ тәрізді таңғышты салды: мұрын тампондарын 3% сутегі асқын тотығына малып немесе 5% аминокапрон қышқылының ерітіндісіне малып ,5-8 минут бақылады.Егер қан кету тампон немесе жұтқыншақ арқылы жалғасып жатса,науқасты кезекші ЛОР-кабинетке(стационар) тасымалдау, мүмкіндігінше отырған күйде немесе зембілдің бас жағын көтеріңкі күйде.
-
30.03.2023ж 08:30-14:30 Жарақаттанған аяқ-қолдың иммобилизациясы және танғыш тану
Иық сүйегінің сынығы кезіндегі Крамер жақтауын салу техникасыНауқастың жағдайын бағалады( ТАЖ,ЖЖЖ, және пульстің толуы,АҚҚ)Науқасты тыныштандырады,манипуляцияныҚолды спиртпен өңдеді,залалсыздандырылған қолғап киді.Ауырсыну басатын препарат енгізді- 2мл кетотоп немесе 1 мл 2% промедол ертіндісін б/еГематомаға 20-30 мл 0,5% новокаин ертіндісін енгізді. (аллергиялық анамнезін анықтаңыз!);Жарақат аймағын қарады.Сынық немесе сүйектің шығуы барына көз жеткізді.Қолға ортафизиологиялық қалып берілді.Қолтық астына валик қойып, қолды шынтақ буынында 900 бүкті. Қолды бүгілген күйінде кеудеге жақындатып қойдыСатылы Крамер шинасын алды, ұзындығы-120см, ені-11 смШинаны сау қолға қойып, саусақтардың негізінен шынтақ буынына дейін белгіледі.Шинаны алып және буынға қойылатын орнын тік бұрышта бүгті.Шинаны сау қолға қойып, шынтақ буынынан иық буынына дейін өлшеді. Шинаны алып және буынға қойылатын орнын доғал бұрышта бүгті.Шинаны қойғанда, оның шеті арқамен сау жаурынға дейін өтті.Шинаны сау қолға қойып өлшеді.Шинаны зақымдалған қолға қойды.Таңғышпен сау жауырынға дейін бекітті, таңғыш салу ережелерін ескерді.
-
31.03.2023ж 08:30-14:30 Қуықты катетерлеу