Файл: Зияткерлі апаратты орау тсілдері Азаматтыыты атынастарды кпшілігі зияткерлік.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 58
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Зияткерлі ақпаратты қорғау тәсілдері
Азаматтық-құқықтық қатынастардың көпшілігі зияткерлік, әсіресе, шығармашылық жұмыстың – ғылым, әдебиет, өнер туындылары, өнертабыстар, ЭЕМ үшін бағдарламалар, өнеркәсіптік үлгілер және т.б. нәтижелерін жасау және қолданумен байланысты қалыптасады.
Шығармашылық қызметтің туындылары материалдық емес игіліктерге жатады. Мысалы, ғылым, әдебиет, өнер туындылары, яғни жаңа идеялар, бейнелер, ұғымдар жиынтығы; өнертабыс, пайдалы үлгі және тиімді ұсыныс – есептің техникалық шешімдері; өндірістік үлгі – бұйымның сыртқы түрін көркем құрастыру және т.с.с. Бірақ олар басқалар қабылдай алатындай объективті түрге келгенде ғана азаматтық құқықтық қарым-қатынастар объектісі ретінде болады. Мысалы, ғылыми жоба қағазға, немесе магниттік таспаға жазылуы мүмкін; өнертабыс сызба, үлгі немесе т.б. ретінде көрсетілуі мүмкін.
Шығармашылық жұмыстың материалдық тасымалдаушысы зат ретінде болады және басқаларға жеткізілуі мүмкін, жойылуы мүмкін және т.б. Бірақ шығармашылық жұмыстың өзі материалды емес болса да өзінің авторы атында сақталады және заңда көрсетілген басқа жағдайларды қоспағанда өзге тұлғалармен иесінің рұқсаты бойынша ғана қолданылады.
Зияткерлік қызметтің материалдық емес игіліктері нақты бір ақпараттық ресурстар ретінде қарастырылады. Қазіргі заманда ақпарат тауарлық сипатқа ие болған және адами қызметтің әртүрлі ортасында оны жинақтаумен, сақтаумен, іздеумен, өңдеумен, таратумен және қолданумен байланысты келісімдік қатынастардың ерекше объектісі түрінде болады. Бұл кезде машиналық ақпарат маңызды саналады. Мұндағы ақпаратты есептеуіш ортада жүретін, ЭЕМ-ге қабылданатындай түрде физикалық тасымалдаушыда бекітілген деп түсіну керек.
Зияткерлік қызметтің нәтижесі төмендегі объектілер болып табылады:
-
патенттік құқықпен қорғалатын «өндірістік меншік» (өнертабыстар, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер); -
заңдық тұлғаны жекешелеу құралдары, яғни орындалатын жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердің өнімдері (фирмалық атаулар, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі, өнімнің шығарылу орнының атауы); -
шығармашылық қызметтің авторлық құқықпен қорғалатын нәтижелері (ғылыми туындылар, ЭЕМ үшін бағдарламалар, мәліметтер қоры, интегралдық микросхемалар топологиясы).
Олардың арасындағы негізгі айырмашылық: олар әртүрлі құқықтық режімге ие. Объектілердің бір бөлігі патенттік құқықпен реттеледі, ал келесі бөлігі – авторлық құқықпен. Айырмашылығы тек авторлық құқық объектінің формасын, ал патенттік құқық туындының мазмұнын қорғауға бағытталған.
Зияткерлік ақпарат адамның шығармашылық идеяларының нәтижесі. Ол материалды және материалдық емес түрде болуы мүмкін.
Компьютерлік жүйелердегі зияткерлік ақпаратқа келетін болсақ, ол негізінен физикалық тасымалдаушыларда сақталатын болғандықтан оған тарату, көшіру, өзгерту, өшіру сияқты қауіптер төнуі мүмкін. Осындай жағдайларды болдырмас үшін көптеген шаралар қолданылады.
Мұндай әрекеттерге мыналар жатады:
-
плагиаттылықты анықтауға арналған бағдарламаларды қолдану, -
өзінің шығармашылық туындысына патент, лицензия алу, -
сайттардың мәтіндік контенттері іздеу жүйелерімен индекстелу керек, -
браузердің барлық скриптік ерекшеліктерін пайдалана отырып жоғарғы мәзір (терезе скрипт көмегімен ашылады), -
контекстік мәзір, тышқанды шерту сияқты мүмкіндіктер өшіріледі.
GraphicText технологиясы Интернеттегі сайттарды көшіру мүмкіндігін біршама қиындату мүмкіндіктерін ұсынады. Көптеген авторларды баспаларда, фирмаларда өздерінің гипермәтіндік файлдар түрінде сақталған жарияланымдарын және құжаттарын коммерциялық көбейту мақсатымен көшіруге немесе мазмұнын өзгертуге тырысатын қолданушылардан қалай қорғау мәселесі туындайды.
Сонымен қатар авторлар және фирмалар алдында бір жағынан файл мазмұнын заңсыз көшіруді қалай болдырмау керек, ал екінші жағынан материалдарға клиенттердің немесе ықтимал сатып алушылардың еркін қатынауын қалай қамтамасыз етуге болатыны туралы мәселе шығады.
Бұған негізгі үш жолды айтуға болады:
-
файлдарды қайсыбір «өзіндік» форматта көрсету, -
материалдарды шифрлеу, -
монитор экранында мәтіндік ақпаратты графикалық режимде көрсету
17.Компютердегі гигиеналық ережелер
ЕТК-де ДЭЕМ мен жұмыс кезінде температура жоғарылап, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы азайып, ауаның құрамы өзгеретіні белгілі. Сондықтан кабинетте төмендегідей микроклиматтың үйлесімді параметрлерін ұстаған жөн.
ЕТК-гі шаңды азайту үшін:
3) сырт аяқ киімін ЕТК-де алмастыру қажет;
4) ЕТК-ның кіре берісінде портфель, сумкаларды сақтайтын полкалы шкафтар болғаны дұрыс;
5) Бормен жазылатын класс тақтасы фламастермен жазылатын тақтамен алмастыру қажет. Немесе тақтаның орнына мұғалімнің столындағы ДЭЕМ-ға жалғастырылған демонстрациялық телевизорды пайдалануға болады.
ЕТК-нің жарықтылығын түстермен және жарықпен реттеуге болады.
Видеомонитор экранына қарсы қабырғаны қара, қоңырқай түстермен бояуға болмайды. Жұмыс столының бетінің түсі табиғи ағаш түсі немесе ашық жасыл, ашық көк болғаны дұрыс.
Сынып тақтасының түсі қара жасыл, қара қоңыр болуы керек. Терезенің жақтаулары міндетті түрде ақ майлы бояумен боялуы қажет. Терезеге ілінген шторлар табиғи жарықты жібермеуі керек. Қара түсті шторды терезеге құруға болмайды. ЕТК-гі ДЭЕМ-ға жеке қосымша шам арқылы жарық түсіруге рұқсат етілмейді.
Жұмыс столы мен класс тақтасының ең төменгі жарықталынуы 400-500 люкс болуы керек.
Ауаның температурасы - 19-210С, салыстырмалы ылғалдылығы –
62-55%, ауаның қозғалыc жьлдамдығы - 0.1 м/с болуы тиic. Кабинеттегi микроклиматы - сақтау үшiн күн радиациясы тiкe түспейтiн жаққа (солтүстiк солтүстiк шығыс) орналастыру қажет. Ауаның ылғалдылығын жоғарылату үшiн қыздырғыш құралдардың тұсына үлкен көлемдi аквариумдарды орналастыруға болады.
ЕТК-і жоспарланбай салынған мектептерде жоғарыда аталған микроклиматты ұстап тұру үшін кабинеттің ауасын есік-терезе арқылы желдетіп тұру қажет. Желдету уақыты 10 минуттан кем болмауы тиіс. Ауаны тазартудың басқа жолы терезеге орналастырылған кондиционер арқылы ауа алмастыруға болады. ЕТК-гі ауа алмасу кабинеттің ауданы мен квадратурасына байланысты.
ЕТК-ның жұмысын ИЕТН оқытушыларының бірі басқарады, ол кабинеттің жабдықталуын, оқушылар мен мұғалімдердің ИЕТН пәні және басқа сабақтардағы қолдану жұмысын ұйымдастырады.
18.Зияткерлік ақпарат түрлеі. Авторлық құқық
Азаматтық-құқықтық қатынастардың көпшілігі зияткерлік, әсіресе, шығармашылық жұмыстың – ғылым, әдебиет, өнер туындылары, өнертабыстар, ЭЕМ үшін бағдарламалар, өнеркәсіптік үлгілер және т.б. нәтижелерін жасау және қолданумен байланысты қалыптасады.
Шығармашылық қызметтің туындылары материалдық емес игіліктерге жатады. Мысалы, ғылым, әдебиет, өнер туындылары, яғни жаңа идеялар, бейнелер, ұғымдар жиынтығы; өнертабыс, пайдалы үлгі және тиімді ұсыныс – есептің техникалық шешімдері; өндірістік үлгі – бұйымның сыртқы түрін көркем құрастыру және т.с.с. Бірақ олар басқалар қабылдай алатындай объективті түрге келгенде ғана азаматтық құқықтық қарым-қатынастар объектісі ретінде болады. Мысалы, ғылыми жоба қағазға, немесе магниттік таспаға жазылуы мүмкін; өнертабыс сызба, үлгі немесе т.б. ретінде көрсетілуі мүмкін.
Шығармашылық жұмыстың материалдық тасымалдаушысы зат ретінде болады және басқаларға жеткізілуі мүмкін, жойылуы мүмкін және т.б. Бірақ шығармашылық жұмыстың өзі материалды емес болса да өзінің авторы атында сақталады және заңда көрсетілген басқа жағдайларды қоспағанда өзге тұлғалармен иесінің рұқсаты бойынша ғана қолданылады.
Зияткерлік қызметтің материалдық емес игіліктері нақты бір ақпараттық ресурстар ретінде қарастырылады. Қазіргі заманда ақпарат тауарлық сипатқа ие болған және адами қызметтің әртүрлі ортасында оны жинақтаумен, сақтаумен, іздеумен, өңдеумен, таратумен және қолданумен байланысты келісімдік қатынастардың ерекше объектісі түрінде болады. Бұл кезде машиналық ақпарат маңызды саналады. Мұндағы ақпаратты есептеуіш ортада жүретін, ЭЕМ-ге қабылданатындай түрде физикалық тасымалдаушыда бекітілген деп түсіну керек.
Авторлық құқық - автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары. Авторлық құқық және сабақтас құқығы авторлардың өнер туындыларын, қойылымдарды, орындаушылықты, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын қорғайды.
Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. Авторлық құқық белгiлi бiр объективтi түрге ие болған:
-
жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты); -
ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк алдында орындаушылық және сол сияқты); -
үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты); -
бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне - немесе фотокадрлар және сол сияқты); -
көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты); -
өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.