Файл: Саба 1блім 1саба азастандаы крікті жерлер Мектеп М. Таенов атынаы негізгі мектепкмм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 35

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



САБАҚ: 1-бөлім: 1-сабақ

Қазақстандағы көрікті жерлер

Мектеп: «М.Таенов атынағы негізгі мектеп»КММ

Күні: 03.09.2021 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Қожахметова А.Ж.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы көрікті жерлер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж3.Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру.

ӘТН1. Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақтың мақсаттары

Ұсынылған тақырыптар бойынша мәліметтерді түсінеді, берілген тапсырмаларды талапқа сай орындайды.

Бағалау критерийлері

-тыңдалым материалынан деректер жинақтай отырып, кесте толтырады.
- cөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіріңіз.

Оқушылар:


Пән лексикасы және терминология:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Осыған дейін меңгерілген білім




Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту. Жұптық жұмыс.


Оқушылар назарына суреттер ұсынылады. Суретке қараңыз, жұбыңызбен болжам жасап көріңіз.

  1. Сурет қандай ой салды? Неге?

  2. Сабақтың тақырыбына болжам жасап көріңіз.

Сабақ тақырыбы анықталады.




Сабақтың ортасы

Сабақтың тақырыбы оқушылардың ойларымен байланыстырылып, оқу мақсаты, күтілетін нәтижемен таныстырылады.

Сыныппен жұмыс.

1.Қазақстанда туризмнің қай түрі жақсы дамыған?

2.Қазақстанның қандай көрікті жерлерінде болдың?

3.Қай қалаларды туризм орталығына айналдыруға болады деп ойлайсың? Не себептен?
Жеке жұмыс.

«Еліміздің ең көрікті жерлері» бейнежазбасын көріп, кесте толтырыңыз, жер атауларын жазу барысында бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатын сөздерді ескеріңіз.

жер атауы

 

жер көлемі

ерекшелігі

орналасқан жері












Дескриптор:

- жинаған ақпарат бойынша кесте толтырады (орналасқан жерін, жер көлемін анықтайды, кем дегенде 3 ерекшелігін табады);

- жер атауларына байланысты бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Жұппен жұмыс.

Жұптаса отырып, бір-біріңіздің жұмыстарыңызды дескриптор бойынша бағалаңыздар.
(комментарий жазуға болады)

2-тапсырма. Берілген мақал–мәтелдерді бүгінгі сабақпен байланыстырып, қорытынды жасаңыз.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Өз елің – алтын бесік.

Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық.

Туған жер – тұғырың!



https://www.youtube.com/watch?v=1rmw5d2G7c0


Сабақтың соңы


Рефлексия:

Екі жұлдыз, бір тілек білдіреді.
Үйге тапсырма.«Бір әріптің ізімен» әдісі бойынша Қазақстанның кез келген аймағы туралы білетін ақпаратыңызды бірдей әріптермен басталатын сөздермен құрастырып жазып келіңіздер.