Файл: за мерзімді жоспар блімі 7 тарау арыша саяхат Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 36

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7 тарау: Ғарышқа саяхат

Мектеп: Көкшетау қаласы, ФМБ НЗМ







Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова А.Ж.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Айналамыздағы ғарыш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.3.1 Тиімді тәсілдермен анықталған материалдарды және компоненттерді нақтылықты сақтай отырып өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру

4.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану

Сабақ мақсаттары

  • «Мен ғарыштамын» тақырыбында әңгіме ойлап табу;

  • Ермексазды қолданып көлемді аппликация орындау, түсті А4 форматты қатты қағаздың бетіне, композиция құру.

Жетістік критерийлері

Оқушы:

  • Пластинография техникасын қолданып, шығармашылық жұмыстарды орындайды.

  • Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды пайдаланады.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминдер

  • Мақта дискілері, пластик бөтелкелерінің қақпақтары, жүн жіптері, фольга, плёнка

  • Меркурий, Венера, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун

Неліктен екенін айта аласыз ба?

  • Ғарыш кеңістігіндегі қандай обьектілерді таңдайсыз?

  • Сіздің елестетуіңізде олар қалай көрініс тапқан?

Құндылықтарды дарыту

Азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Астрономия

АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім


Табиғат әлемімен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді.



Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет





Сабақтың басы

5 минут


Сабақтың басы: Сәлеметсіздер ме!
1. Сабақтың түрі - дағдыларды қалыптастыру.

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен және сабақ мақсаттарымен таныстыру. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

(1 слайд)
Мен сізбен кездескеніме өте қуаныштымын және сіздерге жақсы көңіл-күй бар деп үміттенемін. Бір-бірімізге күлімсірейік. Бүгін біз пластилинография техникасымен танысуды жалғастырамыз, «Айналамыздағы ғарыш» тақырыбында композиция құрастырамыз.

2. Тапсырма №1. Оқу әдістемесі - визуалды, жұмыс түрі - фронталды, әдіс - жаңа ақпаратты игеру.
«Пластилинография» дегеніміз не?
- Балалар, сіздер білесіздер суретті қарындаштарпен бояулармен ғана емес, ермексазбенде салуға болады. Пластинография – дәстүрлі емес техникаға жатады, көлденен бетте бейнеленген көлемді сурет (барельеф) ермексаз қолданып, «суретте» бейнелерді көп немесе аз дөңеспен арқылы көрсетіледі. Бүгін біз ғарышқа қызықты, танымды саяхат жасаймыз, бірақ алдымен жұмбақтарды шешу керек:

Етегім толы сөк,

Ерте тұрсам жоқ. Жауап: Жұлдыз
Көлде жүрген ақ үйрек,

Түнде бар да, күндіз жоқ. Жауап: Ай

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Ғарыш туралы қандай әңгіме, мультфильм білесіздер?

  • Олар не жайында? Мультфильмде ғарыштың қандай элементтері бейнеленген? (2слайд)

«Мен ғарыштамын» атты тақырыбына ермексаздан рельефті аппликацияны А4 форматында орындау.

Рельефті ермексазды аппликацияның орындау кезеңдерін қарастыр.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Бұл техниканың қандай ерекшеліктері бар?

Жауап: жұмсақ материал, қолға жағымды.

  • Практикалық жұмысқа қандай материалдар қажет?

Жауап: Қатты қағаз, ермексаз, стектар.

3.Кері байланыс: оқушылар ұсынылған жұмыстарға байланысты сұрақ қойу.

4.Қалыптастырушы бағалау: Толық қызықты жауаптар үшін оқушыларды мақтау.


https://www.youtube.com/watch?v=--JUVPoHfvc

https://ru.pinterest.com/pin/468092955011225630/


Сабақтың ортасы

30 минут

2 минут

5. Тапсырма №1

Әдіс - практикалық, жұмыс түрі - жұптық.

Рельефті аппликация техникасында түсті А4 қатты қағазда композиция жасау. (3,4,5 слайд)
Оқушылардың назарың түс және пішінге аудару.
«Мен ғарыштамын» деген тақырыбына кішігірім әңгіме ойластыруды сұрау. 

Пластинографикалық бейненің жасау негізгі әдістері. (Слайд 6)
- Жұмысқа кіріспес бұрын, мүсіндеудің негізгі әдістерің еске түсірейік:
ермексаздан жгуттар жасап жабыстыру,
ермексаздан дөнгелектер жасап жабыстыру,
жағып жабыстыру,
мүсінде контурларды қолдану,
үлгіні пайдалана отырып мүсіндеу
рельефты мүсін.
- Жағып сурет орындау реті: алдымен ермексазды басу, содан кейін оны ортасынан контурдың шеттеріне дейін жағу.
- Барлық мүсіндеудің негізгі әдістерін еске алдық.

Ермексаз қолданып бейне жасау үшін не қажет? (Слайд 7)
- Түсті ермексаз, қатты қағаз (әйнек), жұмысқа арналған тақтай, дымқыл майлықтар, стектер.
- Сабақтың практикалық бөліміне кіріспес бұрын ермексазды қолдану әдістемесін талқылау.

Сергіту сәті

Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкi болып қашамыз, қашамыз  (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).

6.Жұмыс кезеңдері:
• Түсті қағаздың бетіне ғарыштық кейіпкерлердің суретін және элементтерін салу;
• Ермексазды пайдаланып, кескіндерді қалыптастыру және көлемді аппликация мүсіндеу;
• Ғарыш объектілері мен кейіпкерлердің түс ауқымына назар аудару.

Жұпта немесе кішігірім топтарда сыныптастарыңның жұмыстарын талқылаңыздар. Талқылау барысында жұмысты жасау барысында қолданған әдістерді талқылайтындай сұрақтар қойыңыздар.

7.Саралау:
Барлығы түстер мен кейіпкерлердің ең аз санын пайдаланады. Көпшілігі мұғалімнің көмегіне жүгіну және көлемді бейне жасайды. Кейбір оқушылар ғаламшарлар, кейіпкерлерді және көлемді бейне пайдаланып, өз бетімен жұмыс жасайды.

8.Дескрипторлар:
- жұлдызды аспанды орындайды;
- кейіпкерлерге көлем береді;
- ғаламшарларды жасайды;
- ұқыпты жұмыс.

9. Кері байланыс:

- Сіз қандай техниканы таныстыңыз?
- Орындау технологиясын қайталаңыз?

Ғарыштық музыка

https://www.youtube.com/watch?v=wI-VOWOGSr4


https://www.youtube.com/watch?v=_e18B3g-pqY

(пластилинмен сурет салу)
Ермексаз, тақтай, стектер, қатты қағаз А4.


Сабақтың соңы

3 минут

10. Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

    • нені білдім, нені үйрендім?

    • нені толық түсінбедім?

    • немен жұмысты жалғастыру қажет?

11. Үй жұмысы: Материалды таңдау: жіп, PVA желім, қатты қағаз, ермек саз, ермексазға арналған тақтай, жүн және т.б.

12. Жұмыс орның жинау.




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Барлығы түстер мен кейіпкерлердің ең аз санын пайдаланады. Көпшілігі мұғалімнің көмегіне жүгіну және көлемді бейне жасайды. Кейбір оқушылар ғаламшарлар, кейіпкерлерді және көлемді бейне пайдаланып, өз бетімен жұмыс жасайды.

Өзара бағалау;
Бір-бірін бағалау;
Оқытушының байқауы.


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?