Файл: СИЛЛАБУС латын т.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.03.2024

Просмотров: 87

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі

«Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шжқ рмк

Тілдер кафедрасы латын тілі курсы

Силлабус

Пән: латын тілі

Пәннің коды: L ya

Мамандық: 5В130200 «Жалпы медицина»

Оқу сағаттарының/кредиттерінің* көлемі 54 сағат / 1 кредит

Оқыту курсы мен семестрі 1 курс 2 семестр

Ақтөбе қ., 2013

Силлабусты ( жұмыс бағдарламасын) тілдер кафедрасы латын тілі курсы

латын тілі оқу жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырған;

Кафедра отырысында талқыланған 29 тамыз 2013ж.

Хаттама №1

Кафедра жетекшісі _____________________Е.Н.Агапов

1. Жалпы мәліметтер

    1. Жоғары оқу орнының аты: Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

    1. Кафедра: тілдер.

    1. Курс:латын тілі.

    1. Пән: Латын тілі.

1.5. Пәннің коды:LYa

1.6. Мамандар: 5В130200 «Стомитологтия»

1.7. Оқу сағаты: 54сағат

Пән сағаттарының бөлінуі

Маман

Жалпы сағат саны

Аудиторлық сағаттарының барлығы

СӨЖ

Бақылаудың түрі

Лекция

Практ.

сабақ

5В130100

«Жалпы медицина»

54

-

36

18

Дифференциалды сынақша


1.8. Оқудың курсы және семестрі:1курс,2семестр.

1.9. Тілдер кафедрасының латын тілі оқытушылары туралы мәлімет:

1. Агапов Евгений Николаевич, к.ф.н., профессор, ЖОО педагогикалық жұмыс стажы – 45 жыл.

Телефон: 56-40-31.

Ғылыми ықыластар: лингвистика, роман-германиялық филология, шет тілдерді оқыту әдістеме.

Ғылыми мектеп: аспирантура, кандидаттық диссертация қорғау (1985 г.), біліктілігін жетілдіру факультетін өту ММА им. Сеченова и МГМИ им. Пирогова.

Латын және неміс тілін оқыту.

Оқытушылар:

1. Молдашева Зауре Базаркуловна - педагог, аға оқытушы, жоғарғы оқу орындағы педагогика жұмысының стаж - 24 жыл, латын, ағылшын тілдерінен практикалық сабақтарды қазақ, орыс тілдерінде өткізеді.

Телефон: 57-32-04

Ғылыми ықыластары: қазақ топтарда латын тілін оқытудың лингво-әдістемелік сұрақтар, ғылыми журналда бірнеше мақаласы басылған.

2. Жиембаева Самал Елемесовна – педагог, оқытушы, жоғарғы оқу орындағы педагогикалық жұмыс стажы - 9 жыл, латын, ағылшын тілдерінен практикалық сабақтарды қазақ, орыс тілдерінде өткізеді.

Телефон: 22-72-82

Ғылыми ықыластары: қазақ топтарда латын тілін оқытудың лингво-әдістемелік сұрақтар, ғылыми журналда бірнеше мақаласы басылған.

3. Жугунусова Актеньке Абдыжалимовна – педагог, оқытушы, жоғарғы оқу орындағы педагогикалық жұмыс стажы - 16 жыл, латын, ағылшын тілдерінен практикалық сабақтарды қазақ, орыс тілдерінде өткізеді.

Телефон: 23-40-35

Ғылыми ықыластары: қазақ топтарда латын тілін оқытудың лингво-әдістемелік сұрақтар, ғылыми журналда бірнеше мақаласы басылған.

4. Рахматулина Нина Ивановна- педагог, оқытушы, педагогикалық жұмыс стажы - 39 жыл, латын тілі практикалық сабақтарды орыс тілінде өткізеді.

Телефон: 21-57-43. Ағылшын тілін біледі, психология негіздерін оқыту тәжірибесі бар.

Ғылыми ықыластары: латын тілін оқыту лингво-әдістемелік аспектер

1.10. Контакттік хабар:

Кестеге сәйкес сабақтар Маресьев көшесі, 68 үй, 5 қатар 508, 511, 512 бөлмелерде өтеді.

№№ 6,11,18,24 бағыттағы автобустар, «Әкімшілік» аялдамасы, №25 бағыт «Медуниверситет» аялдамасы.

1.11. Пәннің саясаты:

Сапа саласындағы саясат – бұл университеттің үнемі дамуы, айрықша іскерлік беделге ие болып, жұртшылыққа танылуы, өнімдерінің жоғарғы сапалылығы және оның бәсекеге қабілеттілігі, тұтынушы-тапсырыс берушінің талаптарын толық қанағаттандыруы және мемлекеттік реттелген тәртіпті сақтауы.


Біздің қағидаларымыз:

  1. Мүдделі талаптардың білім сапасына деген талаптарын болжау және үздіксіз зерттеу.

  2. Білім беру үрдісі мен медициналық қызметті төмендегі жолдар арқылы үнемі жетілдіру:

  • инновациялық білім беру мен медициналық технологияларды пайдалану;

  • оқу және емдеу үрдістерінің оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық және ақпарттық қамтамасыз етілуін жақсарту;

  • оқу, емдеу үрдістерінің ғылым және тәжірибемен байланысын нығайту.

  1. Жоғары білім беру және денсаулық сақтау саласындағы көшбасшылардың жетістіктеріне сүйену.

  2. Мүдделі тараптардың талаптарын қанағаттандыру бойынша университеттің мүмкіндіктері мен қызмет нәтижелерін үнемі талдап, сәйкес баға беру.

  3. Барлық құрылымдық бөлімше жетекшілері мен қызметкерлерінің сапа менеджменті жүйесінің талаптарын мүлтіксіз орындауы және үздіксіз жетілдіруі.

  4. Университетте қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен сапа саласындағы құзырлығын дамыту және арттыру.

  5. Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің нәтижелі және шығармашылық деңгейде қызмет етуі үшін қажетті жағдайлар жасау.

  6. Университеттің әрбір қызметкерлерінің сапалы білім беру мен медициналық қызмет көрсетудегі жауапкершілігін қамтамасыз етіп, оған жету әдістерін шыңдау.

  7. Университет түлектерінің дәрігерлік қызметіне мониторинг жасау мақсатында олармен байланыста болу.

РМҚК «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің» басшылығы сапа саласындағы Саясатты бекіте және түсіндіре отырып, оның дұрыс қабылданып, танылатындығына сенеді.

РМҚК «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің» әрбір қызметкері атқарылатын жұмыс сапасына жауап бере отырып, сапа саласындағы Саясатқа қайшы келетін әрекеттерді қабылдамауға және оны жүзеге асырмауға міндет алады.

«Латын тілі» пәнін оқығанда студенттер латын және грек тілдерінен пайда болған терминдер мен арнайы түсініктерді, медиктердің мамандық тілін біртіндеп меңгеріп алады. Медициналық терминологияның негізгі ерекшелігі – латын тілінің көп ғасырлы «традициялық» пайдалануы. Бұл пән студенттердің мамандық медицина тілін ойдағыдай меңгеру үшін нәтижелі оқу негізі болады. Латын тілі оқу процесінде студенттер қажетті білім мен іскерлігін медико-биологиялық медицина пәндеріндегі ғылыми латын терминдерін қолға түсіреді. Латын тілі пәнінің мазмұны үш негізгі медициналық терминология жүйесіне бөлінеді:


1) морфология пәндерінің терминологиясы (анатомия, гистология), 2) патологиялық анатомия мен клиникалық пәндердің терминологиясы 3) фармацевтикалық терминологиямен дәрі – дәрмектер мен рецептура

Студенттердің сабаққа міндетті түрде қатысуына, СӨЖ, рубеждік бақылауды уақытында тапсыруына көңіл аударамыз. Баға қою саясаты сабаққа қатысу, уақытында СӨЖ тапсыру, СӨЖ сапасын, студенттердің пән бойынша білімі мен іскерлігінің ағымдағы, рубеждік және қорытынды бағалау нәтижесін есепке алады.

Тиісті түрде орындалмаған жұмысының бөлімдерінде айыптық шаралар қолданылады:

- сабаққа қатыспағанға – минус 1 балл,

-СӨЖ уақытында тапсырмағанда- минус 0,5 б.


2.Бағдарлама.

2.1. Кіріспе.

ЖОО – да латын тілін оқытудың мақсаты – сауатты дәрігерді дайындау, студенттің мәдени – білім деңгейін көтеру, ой өрісін кеңейту. Үлкен ықылас пен пайданылатын нақыл сөздері мен афоризмдер ұсыныс етеді, олар қысқа түрде толық мағынасын білдіреді. Primum noli nocere (Біріншіден - зиян келтірме)

Көп тілдердің лексикалық қорының құрамындағы грецизм мен латинизмдерінің білімінсіз (медицина, студент, доцент, гигиена, терапия, стоматология, кредит, градус т.б.) басқа елдердің дәрігерлері мен ғылымдар бір-бірін түсінбейді.

    1. Пәннің мақсаты:

Латын грамматика білімібойынша студенттердің лингвистикалық компетенцияны құрау: үш медициналық жүйелерінде қолдану үшін фонетикалық және грамматикалық ережелерін білу, бағдарламаның лексикалық минимумын білу, оқу және жаза білу, терминдерді латын тілінен және латын тіліне аудара білу.

    1. Пәннің есептері:

Студенттерді кейінгі оқу, практикалық ғылыми жұмысында сауатты, саналы түрде, латын терминологияны қолдануға үйрету, негізгі медициналық терминологияны ғылыми түсініктерді, медициналық терминологияның үш жүйесін (анатомиялық, фармацевтикалық, клиникалық) меңгеріп, білім алу үшін көмектесу.

    1. Оқудың соңғы нәтижесі:

Студент білу қажет:

  • негізгі оқу ережелерін,

  • дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін,

  • әріптердің және әріп тіркестердің жазылуын,

  • зат есімдердің септеуін,

  • сын есімдердің септеуін,

  • сын есімдермен зат есімдердің қиысуын,

  • етістіктердің жіктеуін,

  • медициналық терминологияда қолданылатын предлогтарды,сан есімдерді,есімдіктерді,

  • дәрі –дәрмектердің тривиалдық сөз құрау түрлері мен жолдарын,

  • ұзақ уақытқа сақталған лексикалық минимум ( 900 лексикалық бірлік),

  • рецепт структурасын және оны жазу талаптарын,

  • жиі қолданылатын латын нақыл сөздер мен афоризмдерді.

Студент істеу білу қажет:

  • бағдарлама бойынша латынша оқу және жазу;

  • медициналық терминдерді латын тілінен және латын тіліне аудару;

  • рецептерді сауатты түрде жазу, латын тілінен және латын тіліне аудару;

  • химиялық қосымшаларды латын тілінде құрастыру(оксидтерді,қышқылдарды,тұздарды);