ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.11.2019
Просмотров: 360
Скачиваний: 1
Жарақаттық шок белгілері:
-
қоршаған ортаға карым-катынасы мүлде самарқау
(есінен айырылмайды);
-
терінін жамылғыш қабаттарының бозаруы;
-
карашықтың үлкейіл, көздің шүвдрейіп кетуі;
-
өлсіз жөне жиі, кейде қылдай тамыр соғысы;
-
тыныс алудың тарылуы, жиілеуі, кейде дұрыс
болмауы; -
дене температурасының (32—30°С-ка дейін) жөне
артериялык кан қысымының төмендеуі; -
аурудың бет-өлпетінің қозғалыссыз калуы, кейде
шөлдеу, кұсу немесе жүрек айну белгілерінін болуы.
Шок кұбылысының даму мерзіміне сөйкес оньщ алғашқы немесе ерте (жаракаттан соң бірден) жөне екінші немесе кеш (2—6 сағаттан кейін) шок деген түрлері болады. Шок формалары: "таза" (ауыратын) жөне аскынған (кан кететін, сәуле ауруымен бірге) болады. Алғашқы шоктың өтуін екі фазаға белуге болады: қозу (кысқа мерзімді жөне түрақсыз) жөне сезімсіз (организмнің бүкіл өмір сүру әрекетінің қажу белгілері).
Жарақаттық шок ауырлыгына қарай төртке бөліпеді:
-
жеңіл — аурудың жалпы жағдайы қанағаттанарлык,
бозарған, тамыр соғысы минутына—90—110. Жоғарғы
артериялық қысымы 90—100 мм сынап бағанасы; -
орта — аурудың жалпы күйі ауыр, бозарған, кейде
мазасызданады, теріні суык тер басады, тамыр соғысы
минутына —110—130 рет. Артериялык кысымы 70—85 мм
сынап бағанасы; -
ауыр — аурудың жалпы жағдайы өте ауыр, тамыр
соғысы минутына — 130—160 рет, санауга қиын, кейде өлсіз,
сезілмейді. Артериялық кысымы 60—70 мм сынап бағанасы
жөне одан төмен;
4) актық немесе жанталасу жағдайы — естен танады, тамыр соғысы өте өлсіз, тіпті санауға келмейді. Артериялық қысымы төмен түсе береді (50 мм сынап баганасынан темен немесе анықталмайды), тыныс алуы үстіртін жөне жиілей түседі. Мұндай күйде көбіне өлуге душар етеді.
Жарақаттану және қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жөрдем
Жарақаттану кезіндегі алғашкы медициналык жөрдем (АМЖ) көрсетудің мақсаты — қан тоқтату (уакытша болса да), жараны ластанудан жөне оған микробтардың түсуінен сақтау, зардап шегушінің ауруын бөсеңдету. Алдымен жарақаты бар дене бөлігі жалаңаштандырылады. Киім не аяккиімді ақырын шешеді, кейде оны тігісі бойынша сөгеді. Екінші жұпка түспес үшін жараны саусакпен немесе аспаппен қарауға тыйым салынады. Асептика ережелерін қатаң сактау керек.
Қан кетуді тоқтату мен жараға микробтардың түсуін болдырмау үшін көбіне жараға стерильді (асептикалық) таңғыш кою арқылы жүзеге асады. Мұның алдына жара шетіне 2 рет йодтың спиртті ерітіндісін жағады, ал ол жок болса, шетін этиль спиртімен, аракпен немесе одеколонмен сүртеді. Жара бетіндегі киім жыртындыларын немесе басқа денелерді (бос жаткан) еппен жара бетіне тигізбей алады. Теренде жатқан баска денелерді алмау керек, өйткені ол қан кетуді күшейтіп, жұқпа түсіруі мүмкін. Жараны жууға тыйым салынады.
Жараға таңғыш коюға жеке танғыш пакеттер (ЖТП) немесе алдын ала дайындалған стерильді таңғыштар қолайлы.
ЖТП резина қысқа жөне кағаз қабьщқа оралған екі макта — дөке жастықша мен бинт түріндегі стерильді (кейде антисептикалық зат сіңірілген) таңғыш материалдан тұрады. Жастықшаның біреуі жалпы бинт бойында қозғалады (таңғышты бекітуге арналған), ал екіншісі бинттін бос ұшына бекітілген. Пакетті пайдалану үпгін өуелі резина қабықты, ал содан кейін қағаз қабьщты ашады. Оң қолмен ораманы, ал сол қолмен бинт ұшын ұстап, жастықшаларды жазады да, жараға кояды. Оқ тесіп өткен жаралар кезінде жастықшанын бірін жараның кірер тесігіне, ал екінпгісін шығар тесікке қояды. Жастыкшаларды бинттеп, бинт
ұштарын байлайды. ЖТП-ны колдану кезіндегі негізгі ереже — таңғыштың жараға салынатын ішкі бетіне қол тигізбеу (сыртқы беті қызыл жіппен тігілген).
Жараланғандарға жөрдем көрсету кезінде асептикалық таңғыштар да қолданылуы мүмкін, олар ендірісте төмендегідей түрде шығарылады:
1) мақта-дөке жастықшалары (65 х 43 см) мен оған тігілген тұрақтандырғыш тоқыма баудан тұратын үлкен асептикалық таңғыштар;
2) мақта-дөке жастықшаларынан (56 х 29 см) жөне дөке бинтінен (14x7 см) тұратын кіші асептикалық тащыштар.
Қатты қан кету кезінде оны уақытша токтату шара-ларын жасау керек. Жұмсак тіндердщ аукымды жаралануы, сондай-ақ сүйектер мен буындар зақымдануы кезінде аяқ-колды тасымалдау үпгін орнықтырып бекіту кажет. Қатты ауырсынуды азайту үшін, зардап шегушіге промедол (морфин) салады. Егер жараланушы бойынан жарақаттық шок немесе көп кан кету салдарынан жедел қан аздық белгілері сезілсе, қажетті шаралар жасалады. АМЖЖ-дан кейін жараланған адамға сіреспеге карсы алдын ала егу жұмысын жасау, антибиотиктер салу жөне өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетіледі.
Жара асқынуларынан сақтандыру
Жедел хирургиялық жұқпа өр алуан жөне көп кездесетін іріңді аурулардың (іріңді, ұшығу, терінің тілме ұшығуының өр түрлі формалары, лифангоит жөне лимфаденит, тромбофлебит, панарицит, сепсис) пайда болуьша себеп болады. Бұл жағдайда алғапщы медициналык жөрдем көрсету: құрғақ немесе мазь (жұқпамайлы) жағылған таңғыш (Вишневский жақпамайы, антибиотик-тер — пенициллин, синтомицин, тетрациклин) салу, аяқ-колды (үшкіл орамалмен, жақтаумен) таңып тастау, АМЖЖ-ға жіберу. Жалпы, қатты іріңді жұкпа (сепсис) белгілері байқалған кезде, зардап шегушіні дереу маман-дандырылған ауруханаға жіберу, алғашқы ушығу ошағына таңғыш салу, ал оны аяқ-қол аумағында тұмшалау кезінде аяқ-қолды таңып тастау қажет.
Кез келген зақымдану кезінде медициналық жөрдем көрсеткенде, сіреспенің алдын алу маңызды міндет болып саналды жөне ол тері астына сіреспеге карсы сарысумен анатоксин егу жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Өрбір жаралыға сіреспеге қарсы сарысудьщ 1 сақтандыру дозасын, яғни 3000 АЕ антитоксиндік бірлігін егеді. Егер жара үлкен болса жөне топыракпен немесе киім жұлмаларымен ластанса, онда 2 профилактикалық доза (6000 АЕ) салынады. Ауыр жарапанған жағдайда сарысуды 7 күннен кейін кайта егеді. Басқа жараланулардың бөрінде сарысумен бірге бір мезгілде дененің басқа бөлігіне кеш пайда болатын сіреспенің алдын алу үшін тері астына 1 мм сіреспелік анатоксин 5—6 күннен кейін қайтадан 2 мл анатоксин егеді. Үш жаска дейінгі балалар жараланғанда сары судьщ — 750 АЕ, ал үш жастан жоғары балаларға — 1500 АЕ егеді. 13 жасқа дейінгі балаларға бірінші рет — 0,5 мл сіреспелік анатоксин, екінші рет, 5—6 күннен кейін — 1 мл, яғни ересек адам дозасының жартысын егеді. Газды гангрена кезінде ауруды дереу ауруханаға жатңызу керек. Сақтандыру тұрғысында оған бұлшьщ ет ішіне гангренаға карсы сары су коспасын (100 — 150 мл стерильді изатонды ерітіндінің —30000 АЕ) егу, жүмсақ тіндердің аукымды зақымдануы мен сынык кезінде (өсіресе топыракпен, нөжіспен ластанғанда) антибиотиктер колдану қажет жөне дер кезінде жараларға алғашкы хирургиялық өңдеу керек.
Жарақаттық шоктың пайда болуының алдын алу
Өр түрлі зақымдану кездерінде шоктан сақтандыру аса маңызды. Бұл жерде жоғарыда айтылған шоктьщ дамуына жағдай жасайтьш барлык факторларды ескерген жөн. Кез келген жаракат (өсіресе ауыр) кезінде ауруды жене кан кетуді азайту үшін барльщ мүмкіндікті пайдалану қажет. Сондай-ақ, шоктың туындауына жағдай жасайтын тоңу, аштық, шөлдеу, ерекпу, козу, толку сияқты факторларды жою өте маңызды. Шоктан сақтандырудың маңызды іс-шаралары қатарына сынықты дер кезінде жөне жаксылап таңып тастау, кан кетуді тоқтату, сондай-ақ дұрыс тасымалдау жатады.
АМЖЖ көлеміндегі іс-шараларға мыналар енеді: 1) дененін: зақымданған бөлігін таңып тастау (жара немесе күйік бар болса, ең өуелі стерильді таңғыш, ал қатты қан кетсе, қан токтататьш жгут салу керек);
-
зардап шегушіні жылыту (ыстық сусынды іш куысы
органдары зақымданған кезде беруге болмайды, көрпеге
орау, жылтқы қою); -
тері астына промедол (2% ерітіндінің 1 мг) немесе
морфин (1% ерітіндінщ 1 мл), кофеин (10 % ерітіндінщ 1—
2 мл), лобелин (1 % ерітіндінің 1 мл жіберу керек);
-
барынша тыныштық сақтау керек.
Жараға таңғыш не жақтау кою кезінде, аддымен, шок жағдайында жатқан аурудың сыну бөлігіндегі киімін қию керек. Содан соң жапа шегушіні тез арада АМЖЖ-ға немесе таяу ауруханаға жібереді. Мұндай шүғыл тасымалдаудың алдында 20—30 минут бұрын ауруға тері астынан 1—2 мл 1 %-дық морфин ерітіндісін немесе басқа наркотик енгізу керек.
Закымданған жерге (аяк-колға) алдын ала койылған қан тоқтатқыш жгут дөрігерлік көмек керсетілгенше алынбайды, өйткені жгутты алу кезінде қанға зақымданған тін бөлінісшщ улы өнімдер (токсемин) түсуі нөтижесінде шок құбылысы өршиді. Шок жағдайындағы ауру медкыз-метшінің үнемі бакылап тұруын қажет етеді жөне оны мүмкіндігінше дөрігердің бақылауына өткізген дұрыс.
Асептика және антисептика туралы түсінік
Жараға жұқпаның түсуі кез келген жараның жиі кездесетін жөне кауіпті асқынуларының бірі болып табылады. Міне, сондықтан да барлық хирургиялык жұмыстардың негізгі жара жұкпасынын алдын алу (сактандыру) қағидасына тіреледі. Жараның беткі кабатына тиетін нөрсенін барлығында ауру туғызатын микробтар болмау керек, (стерильдену кажет), сондай-ақ жарага түскен микробтарды барышпа өлсірету кажет. Жара жүқпасының алдын алу жөне онымен күресу үшін қазіргі заманда хирургияда жұқпадан сақтандырудың біртұтас жүйесін кұрайтын асептика мен антисептиканың өр алуан төсілдері қолданылады.
Микробтарды жараға түскенге дейін жоюға бағытталған, сөйтіп, оны жұкпаға ұшыраудан сақтайтын іс-шаралардың (жара жұкпасынан сақтандыру өдістері) жиынтығы асептика деп аталады. Асептиканың негізгі заңы: жараға тиетін нөрсенің бөрі микробсыз, яғни стерильді болуы тиіс. Асептикаға қол жеткізу үшін, негізінен, микробтар үшін қатерлі жоғарғы температура (бумен, қайнату аркылы стерильдеу) және кейде өр түрлі химиялық заттар (спирт, йод), сонымен бірге ультрадыбыс, газдар, иондаушы сөулелену пайдаланылады.
Жарадағы микробтар санын азайтуға немесе оларды жоюға бағытталған іс-шаралар жүйесі антисептика деп аталды.
Антисептиканың төмендегідей түрлері бар:
-
механикалық (жұқпа түскен жараны алғашкы хирургиялық өндеуден өткізу, яғни микробтар мен өлітіндердіалып тастау мақсатында жараның түбімен шеттерін ойьш кесу):
-
физикалық (жараға ылғал тартқыш макта-дөке таңғышын салу, кептіргіш ұнтақ, тампон, білте, дөкенің ұзын жолағы түріндегі тампон немесе резина немесе пластмасса түтік түріндегі білтені пайдаланау, сондай-ақ жараны ауа көмегімен емдеудің ашык өдісімен кептіру).
Осылайша микробтардың өмір сүруі мен көбеюіне кедергі келтіретін қолайсыз жөне тіндердің ыдырау енімдерімен улы заттар токсиндерінің сіңуін азайтатын жағдайлар жасалады.
химиялық (бактериологиялық әрекеті микробтардың дамуы мен кебеюін басып тастайтын жөне бактерицидті өрекеті — олардың елуін қамтамасыз ететін антисеп-тикалық заттар колдану).
Артериядан, венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері мен құралдары
Қан тоқтату — уакытша жөне түпкілікті деп бөлінеді. Уакытша қан тоқтату алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады жөне төмендегі төсілдер бойынша жүргізіледі:
-
дененің зақымданған белігін кеудеге қатысты алған-
да — көтеріңкі калыпта ұстау (аяқ-қол жараланғанда
венадан қан кеткен кезде жараға қысып тұратын таңғыш
салғаннан кейін жастық оралған киім кою); -
кішігірім кан кету кезінде қысып тұратын таңғыш
көмегімен закымданған жерде қан ағып жатқан тамырды
басу (жараны йодтың спиртті ерітіндісімен тазартканнан
кейін қалың мақта салынады да, бинтпен оралады);
3)аяк-қолды мейлінше шүғыл бүгу немесе жазу қалпында тұрақтандыру (иық алды немесе балтыр, табан жараланғанда, шынтақ немесе тізе буьшын бүгу немесе жазу аяк-қол жарасына қатты кан кеткенде жгут салу мүмкін болмағанда, қолды аркаға мейлінше созып, ал аяқты ішке бүгіп, тұрақтандыру).
Дененің өр тұсындағы артерияны сау-сакпен басу қан кетіп жаткан тамырды тікелей жара аумағында емес, одан жоғары жерде (зақымданған артерияның орталық бөлігі) басуға негізделеді. Бұл төсіл арте-риядан катты қан кеткенде колданылады. Тамырды басу (143-сурет) оны жакын жатқан сүйекті саусакпен кысьш, саңылауды жабу мүмкін болатын тері қабатына жакын жатқан жерде жасалады. Өрбір ірі артерия үтттін белгілі бір анатомиясыз нүктелер болады:
-
иык алды жарасы кезінде — артерияны иықтың ішкі
жағынан басады; -
балтырдан қан кеткенде — тізе асты артериясын
басады (бас бармақпен тізе буынын алдыңғы жағын ұстап,
ал қалған саусақпен тізе асты шүңкырындағы артерияны
тауып, сүйекке басады); -
сан жараланғанда — сан артериясының шап астын-
дағы жоғарғы жағын жүдырықпен басады; -
бастағы жарадан қан кеткенде — жара жактағы самай
артериясын басады (артерия құлақтың жанынан өтеді, оны
тамыр соғысы арқылы анықтайды); -
беттен кан кеткенде — жақ артериясьш басады (ол
мойыннан бет пішіндеріне қарай жүреді жөне жақтың
төменгі шеті арқылы оның бұрыпіы мен иек арасында иіледі); -
мойындағы жара кезінде — жара жақтағы жөне одан
төмен ұйкы артериясын басады (трахея жайында); -
иық үстіндегі, иык буынына жакын немесе колтык
айналасьшдағы жара кезінде бүғана асты артериясын бұғана
астындағы шұңкырға (бірінпгі қабырғаға) басады, кейін аяқ-
қолға бұрау немесе жгут салады.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ Мұхаметбеков Е.Қ