Файл: Жетілген жктілік. Босануды 2кезеі Жетілген жктілік. Прелиминарлы кезе.rtf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 367

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


+Кесар тілігін жасау//

Цовьянов II бойынша әдіс қолдану//

Босануды күт у ткатикасымен жүргізу//

Классикалық қолмен көмек көрсету әдісі//

Аяқ арқылы ұрық экстракциясы

***
27.Қайта босанушы жетілген жүктілікпен босануда. Қарау кезінде: басы түбінде, ұрықтың шеті тегіс емес жұмсақ бөлігі келіп тұр, кіші жамбас кіреберіске тірелген. ІА 98 см, ЖТБ 33 см. Жатыр мойны тегістелген, ашылуы 2 см. Ұрықтың жамбасы келіп тұр. Қағанақ қабы бүтін. Жүргізу тактикасы және неге? //

Босанудың консервативті-күту түрде жүргізу, өйткені ұрық салмағы орташа//

+Босануды консервативті жүргізу Цовьянову I әдісін қолданумен, өйткені таза жамбаспен келуі, ұрық салмағы орташа//

Босануды консервативті жүргізу Цовьянову II әдісін қолданумен, өйткені аятары түсіп қалуы мүмкін//

Босанудың 2 кезеңінде ұрықты шап бүгілісі арқылы тартып шығару, өйткені кіндік қысылып, ұрық гипоксиясы пайда болуы мүмкін//

Кесар тілігі жедел түрде, өйткені жамбаспен келу кезінде босану жарақаты болуы мүмкін

***
28.Алғаш босанушы әйел, 35 жаста, жүктілер патология бөліміне келіп түсті. Анамнезінде 2 өздігінен түсік жүктіліктің 8-9 аптасында. Жамбас өлшемдері D.sp. 23cm, D.Cr.-26cm, D.Tr.-28cm, C.ext.-18,5cm.. Жүктілік мерзімі 39 - 40 апта. Жатыр қозғыш. Ұрық тігінен орналасқан, басы жамбас түбінде, ұрықтың ірі тегіс емес жұмсақ бөлігі келіп тұр, кіші жамбас кіреберіс үстінде. ІА 98см, ЖТБ 37 см. Сіздің диагнозыңыз: //

Жүктілік 39-40 апта. ААА. Үлкен жастағы алғаш босанатын әйел. Ұрықтың жамбаспен келуі.//

+Жүктілік 39-40 апта. ААА. Ұрықтың жамбаспен келуі. Біркелкі тарылған жамбас 1 дәр.//

Жүктілік 39-40 апта. ААА. Үлкен жастағы алғаш босанатын әйел. Ұрықтың жамбаспен келуі. Ірі ұрық. //

Жүктілік 39-40 апта. Ұрықтың жамбаспен келуі. Біркелкі тарылған жамбас 2 дәр. //

Жүктілік 39-40 апта. Ұрықтың жамбаспен келуі

***
29.Алғаш жүкті босанушы жетілген жүктілікпен босану әрекеті басталғаннан соң 9 сағаттан кейін қағанақ суы кетуге байланысты қынаптық зерттеу жасалынды. Жатыр мойнының ашылуы - толық, қағанақ қабы жоқ, пальпацияланады: көз өйысы, мұрын қыры, аузы, бет сызығы оң жақ қиғаш өлшемде. Иегі сол жақта алдыда, мүйіске саусақ жетпейді. Сіздің диагнозыңыз: //

Жетілген жүктілік. Босанудың 1 кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі. Бетпен келудің артқы түрі. //

+Жетілген жүктілік. Босанудың 2 кезеңі. Бетпен келудің алдыңғы түрі. //

Жетілген жүктілік. Босанудың 1 кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі. Бетпен келу. Босану әрекетінің біріншілік әлсіздігі. //

Жетілген жүктілік. Босанудың 1 кезеңі. Шалқайып келу. Қағанақ суының ерте кетуі. //


Жетілген жүктілік. Босанудың 2 кезеңі. Шалқайып келу. Қағанақ суының ерте кетуі

***
30.Алғаш жүкті босанушы жетілген жүктілікпен босану әрекеті басталғаннан соң 5 сағаттан кейін қағанақ суы кетуге байланысты қынаптық зерттеу жасалынды. Жатыр мойнының ашылуы – жатыр мойнының ашылуы 5 см, қағанақ қабы жоқ, пальпацияланады: көз өйысы, мұрын қыры, аузы, бет сызығы оң жақ қиғаш өлшемде. Иегі сол жақта алдыда, мүйіске саусақ жетпейді. Босану әрекетін таңдаңыз және неге? //

+Өздігінен босану табиғи жолмен, өйткені бетпен келудің алдыңғы түрі//

Кесар тілігі операциямен босандыру, өйткені бетпен келіп тұр//

Ұрық бұзушы операция жасау, өйткені бетпен келіп тұр//

Босану әрекетін күшейту, босануды табиғи жолмен жүргізу, өйткені бетпен келудің алдыңғы түрі//


Босануды акушерлік қысқыш салумен аяқтау, өйткені бетпен келудің алдыңғы түрі

***
31.Қайта босанушы әйел, жамбас өлшемдері қалыпты, жүктіліктің 39-40 аптасында, қынаптық зерттеу кезінде анықталды: жатыр мойнының ашылуы толық, маңдайы, көз өйысы, мұрын қыры, үлкен еңбегінің алдыңғы бұрышы. Жүрек соғуы 136 рет минутына. Босану әрекетін таңдаңыз және неге? //

+Кесар тілігі операциямен босандыру, өйткені маңдайы, көз өйысы анықталады//

Босануды консервативті түрде жүргізу, өйткені жатыр мойнының ашылу толық//

Ұрық басының перфорациясын жасау, өйткені жатыр мойнының ашылуы толық және жамбас өлшемдері мен ұрық басының сәйкессіздігі анықталады//

Қуыстық акушерлік қысқыш салу, өйткені жатыр мойнының ашылуы толық//

Босануды күшейтуді бастау, өйткені ұрық гипоксиясының пайда болуына байланысты босануды тездету керек

***
32.Алғаш босанушы әйелде жамбас өлшемдері - D.sp. 23cm, D.Cr.-26cm, D.Tr.-28cm, C.ext.-18,5cm., жетілген жүктілік және ұрық салмағы орташа. Қынаптық зерттеу кезінде анықталады: басы кіші жамбас кіреберіске тірелген, бет сызығы оң жақ қиғаш өлшемде, иегі сегізкөзге бағытталған, жатыр мойнының ашылуы толық. Жүрек соғуы анықталмайды. Дұрыс диагноз таңдаңыз: //

Жетілген жүктілік. Босанудың II кезеңі. Ұрықтың антенатальді өлімі. Бетпен келу. Алдыңғы түрі. Біркелкі тарылған жамбас I дәр. //

Жетілген жүктілік. Босанудың II кезеңі. Ұрықтың антенатальді өлімі. Бетпен келу. Артқы түрі. //

+Жетілген жүктілік. Босанудың II кезеңі. Ұрықтың антенатальді өлімі. Бетпен келу. Артқы түрі. Біркелкі тарылған жамбас I дәр. //

Жетілген жүктілік. Босанудың II кезеңі. Бетпен келу. Артқы түрі. Біркелкі тарылған жамбас I дәр. //

Жетілген жүктілік. Босанудың II кезеңі. Бетпен келу. Біркелкі тарылған жамбас I дәр.

***
33.Жүкті әйел Т., 33 жаста, жүктілер патология бөліміне келесі диагнозбен келіп түсті: жүктілік 38 апта. Жатырдағы тыртық. Бірінші жүктілік 4 жыл бұрын ұрықтың жедел гипоксиясы бойынша корпоральді кесар тілігімен аяқталған. Қарау кезінде – жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бұл жүктілік - екінші. Жүрек соғуы анық, ретті 136 рет/мин. Ұрықтың болжам салмағы 3500,0 г. Қынаптық зерттеу кезінде: «жатыр мойны жетілген». Босануды жүргізу жоспарын таңдаңыз және неге? //

Босануды табиғи жолмен жүргізу, өйткені ұрық самағы орташа//

Босануды табиғи жолмен жүргізу, өйткені жүктілік жетілген, ұрық жағадайы қанағаттанарлық//


Босануды табиғи жолмен жүргізу, өйткені жатыр мойны жетілген, әйел жағдайы қанағаттанарлық//

+Жоспарлы кесар тілігі, өйткені анамнезінде – корпоральді кесар тілігі//

Жоспарлы кесар тілігі, өйткені әйел жасы 33-те және анамнезінде өзігінен босану болған жоқ

***
34.Босанушы С, 24 жаста, алғаш босану. Жүктілік қалыпты өтті. Түскен кезде жағдайы қанағаттанарлық. Тамыр соғуы ретті, 86 рет/мин. АҚҚ 115/60 мм с. Жамбас өлшемдері қалыпты. Босанды тірі нәрестемен, ұл жынысты, салмағы 3950 г. Нәресте туғаннан кейін қан кету басталды. Бұлшық етке 1 мл окситоцин енгізілді. III кезең асқынусыз өтті. Бала жолдасы бүтін. Жатыр тығыз. Қан кету тоқтамайды, қан ұйып қалды. Шат аралығы бүтін. Айнамен қарау кезінде оң жақтан жатыр мойнының жыртылуы анықталды, қынаптың күмбезінің оң жағына дейін жетеді. Акушерлік тактика және неге? //

Жатыр мойнын тігу, өйткені жатыр мойнының жыртылуы бар//

Қан ұйындыларын алу үшін жатыр қуысын қолмен тексеру//

+Жатыр қуысын қолмен тексеру және жатыр мойнын тігу жатыр жыртылуын терсістегеннен кейін//

жатырдың қынапүсті ампутациясы, өйткені қан кету тоқтамайды

Жатыр экстирпациясы, өйткені қынап күмбезіне дейін жететін жатыр мойнының жыртылуы бар

***
35.19 жастағы алғаш босанушы әйел уақытында тез босанды. Анамнезінде - 2 медициналық аборт. III кезең белсенді жүргізілді: ұрық туғаннан кейін 1 минуттың соңында бұлшық етке 5 БР окситоцин жасалынды. Жатыр жиырылған кезде акушерка сол қолымен жатырға қарсы қысым көрсетіп, кіндік бауы арқылы тракция жасады. Кенеттен әйел жағдайы нашарлады, жүрек айну, іштің төменгі бөлігінде қатты ауырсыну пайда болды. АҚҚ - 90/50-95/55 мм с.б, тамыр соғуы әлсіз, жиілігі - 100 рет мин. Ішке пальпация жасағанда төменгі бөлігінде қатты ауырсыну анықталды, бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды, жатыр қасаға үстінен анықталмайды. Кіші жамбас кіреберісінде воронка тәрізді ойыс анықталады, жамбас қуысына жалғасады. Сыртқы жыныс мүшелер алдында шар тәрізді жұмсақ, қызыл- көкшіл түсті түзіліс анықталады. Түсіп тұрған түзілістің ортасында плацента орналасқан. Босану асқынуын атаңыз және не үшін ол пайда болды? //

Жатырдың толық жыртылуы, өйткені босану тез болды//

Асқынған акушерлік анамнез – жатырдың толық емес жыртылуының қауіп факторы//

+Жатырдың айналып сыртқа шығуы, өйткені жатырға қарсы қысым дұрыс көрсетілген жоқ//

Жатырдың айналып сыртқа шығуы босануда құрсақішілік қысымның жоғарлауына байланысты//

Қынап кистасы, бұрын анықталмаған

***
36.Қайта босанушы 29 жаста, босануда 12 сағат. Толғақтар жиі, күші жақсы. Екі сағат бұрын қағанақ суы кетті және ышқыну басталды. Ұрық басының жылжуы жоқ. Анамнезінде – уақытынан бұрын босану тірі нәрестемен және медициналық аборт. Түскен кезде – мазасыз. АҚҚ - 125/80 мм с. б. ІА - 104 см, ЖТБ - 36 см. Жатыр тығыздалған, босаңсымайды, түбі оң жаққа қарй бағытталған. Ышқыну кезінде кіндік аймағында қиғаш тұрған тартылым анықталады. Ұрық басы келіп тұр, кіші жамбас кіреберіске тірелген. Жүрек соғуы анық, 140 рет/мин. Вастен белгісі оң. Жамбас өлшемдері: 24-26-28-19 см. PV: жатыр мойны тегістелген, ашылуы толық, шеті ісінген, қынапқа еркін салбырап тұр. Қағанақ қабы жоқ. Басы тірелген. Сагитальді тігіс сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақта алдыда, үлкеннен төмен. Сипатталған акушерлік патологияны шақырған механикалық себепті атаңыз: //


Ірі ұрық//

+Тар жамбас//

Маңдаймен келуі//

Артқы түрі//

Артқы асинклитизм

***
37.Перзентханаға қайта босанушы жетілген жүктілікпен келіп түсті, босану әрекеті басталған соң 11 сағаттан және қағанақ суы кеткен соң 7 сағаттан кейін, қанды бөліністер және түсіп қалған ұрық қолымен. Тамыр соғуы 100 рет/мин, ретті. АҚҚ 90/60 мм с.б. Ұрық көлденең орналасқан, басы сол жақта. Жатыр ұрықты тығыз ұстап тұр. Жүрек соғы анықталмайды. РУ: Қолы қынапта, ашылуы толы, қағанақ қабы жоқ, иығы кіші жамбасқа түсіп тіреліп қалған, бөліністер қанды, аздаған. Сіздің диагнозыңыз: //

Жетілген жүктілік. Ұрықтың көлденең орналасуы//

Жетілген жүктілік. ҚОПУБА//

Жетілген жүктілік. Ұрықтың асқынған көлденең орналасуы. Өлі ұрық//

Жетілген жүктілік. Жатырдың жыртылу қауіпі//

+Жетілген жүктілік. Қағанақ суының ерте кетуі. Ұрықтың асқынған көлденең орналасуы. Өлі ұрық. Жатырдың басталған жыртылуы

***
38.24 жастағы алғаш босанатын әйел уақытында босанды. Тірі ұл бала туды, салмағы 3950 г. Нәресте туғаннан соң қан кету басталды. Бұлшық етке 5 БР окситоцин жасалынды. III кезең асқынусыз өтті. Жатыр тығыз, түбі 1 саусақ кіндіктен төмен. Қан кету тоқтамайды, қан ұйып қалды. Шат аралығы бүтін. Айнамен қарау кезінде оң жақтан жатыр мойнының жыртылуы анықталды, қынаптың күмбезінің оң жағына дейін жетеді. Акушерлік тактика: //

Жыртылуды тігу//

Жатыр қуысын қолмен тексеру//

Жатырдың қынапүсті ампутациясы//

+Жатыр қуысын қолмен тексергеннен кейін жатыр мойнын тігу//

Жатыр экстирпациясы

***
39.Қайта босанушы әйел жетілген жүктілікпен ішінің ауырсынуына, бас айналуына және аздаған жыныс жолдарынан қан кетуге шағымдарымен келіп түсті. Толғақтар 4 сағат бұрын басталды. 2–кі апта аралығында ісінулердің пайда болуын айтады, АҚҚ 140/90 мм с. б. дейін көтерілген. Зәрінде белок - 0,33 г/л. Терісі бозғылт, бетінде,аяғында ісінулер бар. АҚҚ 95/60, тамыр соғуы 96 рет/мин., әлсіз. Жатыр шар тәрізді, ЖТБ - 36 см, ІА - 105 см. Жатыр тығыздалған, пальпация кезінде түбі аймағында ауырсыну анықталады, жатырдың тығыздалуына байланысты ұрық бөліктері анықталмайды, ұрық жүрек соғуы естілмейді. Операциялық жағдайда айнамен және вагинальді қаралды: жатыр мойны тегістелген, ашлуы 7см, қағанақ қабы бүтін, тырсылдаған, басы кіші сегментпен кіші жамбас кіреберіс тұсында. Дәрігер тактикасы және неге: //

Инфузионды-трансфузионды терапия, қағанақ қабын жару, босануды аяқтау үшін көк тамырған окситоцин енгізу, өйткені жатыр мойнының ашылуыки 7 см//