Файл: Реферат Таырыбы Сатандыруды экономикалы мні жне леуметтік негіздері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 29

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті .

Реферат
Тақырыбы:

«Сақтандырудың экономикалық мәні және әлеуметтік негіздері»

Орындаған :Жорабек Қазыбек

Тексерген :Матайбаева Гаухар

Астана 2023ж

Жоспар

Кіріспе ..............................................................................................................3
1. Сақтандыру туралы жалпы түсінік ........................................................4
2. Сақтандырудың экономикалық мәні .......................................................10
Қорытынды.....................................................................................................14
Қолданылған әдебиеттер ..............................................................................15

Кіріспе.
Сақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады. Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзі өмір сүрген уақыт ішінде өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, материалдық игіліктерді жасауға ықпал жасай бастады. Соңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі қайта құруларға төтеп берді. Осыған орай отандық сақтандыру нарығын демонополизациялаудың нақты фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде айтарлықтай жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары пайда бола бастады. Қазір сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен кеңістік бар. Ондаған тіпті жүздеген әртүрлі мәртебедегі әрі сан алуан меншіктік нысандағы сақтандыру ұйымдары құрылуда. Сақтандырудың бұрынғыларынан түбегейлі өзгеше жаңа түрлері пайда болып, бұл жерде сақтандыру жағдайындағы орын алған олқылықтар мен кемшіліктер ескерілген. Сақтандырушылардың қызметтері мен ұйымдарының тәртібіне қатысты сауатты жасалған заң шығару актілерінсіз, нарық жоқ. Өйткені заң сақтандыруды қалыптастырудың, дамытудың негізі болып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуына орай, өзге салалармен қатар сақтандыру да қазіргі Қазақстанның экономикадағы ролі арта түсуде. Қазіргі кезде сақтандырудың ондаған түрлері бар. Олар: міндетті әлеуметтік сақтандыру, өмірді сақтандыру, медициналық сақтандыру, көлік және мүлік құралдарын сақтандыру, жүктерді сақтандыру және т.б. Соңғы кезде, еліміздегі сақтандыру ұйымдары шетел тәжірибелерімен алмасуда.


1 Сақтандыру туралы жалпы түсінік
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп – қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл – ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерінде (натуралдық – заттай қосалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай – ақ ақша ресурстарында кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв пен сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Сақтандырудың мақсаты - қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

1 қатынастардың ықтималдық сипаты;

2 қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда - мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

- сақтық қатынастарының ақшалай сипаты,

- сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы,

- оның іс – қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отыруы,

- сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы.

- ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалылығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субьектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы кредит институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек

көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.



Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категориялардың қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешілігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандырудың экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше оқиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорынның , ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдыруы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның обьектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе – теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.

Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымындағы қорларды - әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғаудың бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың іс - әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысты.

Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл –

ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субьектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл - жалпы, сақтандыру мен өмірді сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субьектілер үшін мүлікті сақтандыру.

Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі
медициналық сақтандыру болып табылады.

Сақтандыру теориясында жекелей бағалау әдісі, орташа шама әдісі, проценттер әдісі бар.

Орташа шама әдісі шағын топқа бөлшектенеді, сөйтіп қатердің

белгілері бойынша мөлшерді анықтау үшін қолданылады, мысалы,

сақтандыру обьектісінің баланстық құнын, өндірістік қуатын, технологиялық циклдың түрін және т.б.

Проценттер әдісі шикізаттар мен тағы басқалардың материалдарының жаңа түрлерін, өнеркәсіптегі жаңа өндірісжағдайымен сол секілді оның технологиясының өзгерістерінде, жаңа көлік жүйесін игеруде, құрлықтағы, судағы, әуәдегі жол қатынастарының жоғары өткізіп жіберу әрі тасымалдық мүмкіндігі бар жерлерде қолданылады.

Нарықтық экономикада сақтандыру қатердің мөлшерімен тығыз байланысты. Қатерді туралау, тарату мен бөлу техникалық тәсілден құрылады, яғни бұдан іс жүзінде барлық сақтандыру кешенін өткізу ұйымдастырылады. Қатердің пайда болуы адамдардың еркі мен оқиғаның кездейсоқтығына тәуелді емес. Бұл күтпеген апат пен бақытсыздық оқиғасына қатысты болады. Адамзат қатерге тиімді бақылау қойып және де оның қажет емес әсер ықпалын ең аз мөлшерге дейін жеткізгенде ғана сол тиісті ғылыми білімге, сол дәрежеге қол жеткізеді. Қатерді бағалау үшін нақты хабар (мәлімет) қолда болуы қажет.

Теория мен практика жүзінде экологиялық, көліктік, саяси және арнайы қатерлер деп бөлінеді.

Экологиялық қатер табиғи ортаның ластануымен байланысты, яғни нақты бір сақтандыру мүддесіне әкеп соғады. Көлік қатерлері автомобиль көліктерін, өзен, теңіз бен әуе кемелерін сақтандыруға келтіреді, сол секілді өзен, теңіз, әуә, автомобиль, әрі теміржол көліктерімен тасылатын жүктерді сақтандырылуына әкеледі.

Саяси (жазалау) қатерлер егемен мемлекет пен оның азаматттарына қатысты шет ел мемлекеттері тарапынан жасалатын құқыққа қарсы әрекеттеріне, шараларымен акцияларына байланысты. Бұл қатерлер сақтандырушының зор жауапкершілігінің ішіне кіреді.

Арнайы қатерлер деп – бұл ерекше құнды жүктерді тасымалдауды сақтандыру, мысалы, алтын, күміс және басқа қымбат заттар, металдар және олардан істелген бұйымдар, өнер шығармалары, қолда бар

ақшалар т.б. Осы қатердің мазмұны сақтандыру шартындағы ерекше жағдайда атап көрсетіледі және де сақтандырушы жауапкершілігінің

көлеміне енгізіледі.Сақтандырушы құрылған сақтандыру қорынан сақтандыру оқиғасы пайда болған кездегі зардапқа өтем беруге сақтандыру шарты әрекет етіп тұрған бүкіл кезең бойына қаржы беруге дайын болуға тиіс. Міне, осылайша теориялық тұрғыдан сақтандырушы сақтандыру ісін жүзеге асырумен байланысты тек бір ғана өзгеше қатердің қауіп – қатеріне ұшырайды.


Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қоладнылады, олар: бюджеттік жіне сақтық әдістері.

Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамдың қаражаттарын пайдалануды болжайды.

Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады, жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.

Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде – қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда – қос әдіс, үшінші бөлікте – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс пайдаланылады.

Сақтандырудың экономикалық категориясының материалдық ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету мен сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшылықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.

Сақтық қорлары – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтануға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамдас бөлігі. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.

Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден бір бөлігі. Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуде түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін нарығында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық

тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.

Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.