Файл: Реферат Таырыбы Сатандыруды экономикалы мні жне леуметтік негіздері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 31

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ерікті сақтандыру — тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Сақтық қызметі — сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңналамарының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.

Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялаулды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сынып тарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымның сақтық қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және (жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.

Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және бертін сақтық өнімі болып табылады.

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын: егер бұл процесс дүлей апат басқатөтенше немесе күтпегеноқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтақтастық негізінде сақтық қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай сақтық қорларын құрайды.

Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдлер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауатылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қауіпі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.

Сақтанушының немес пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.

Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырушылары жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) Қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немес оның денсаулығына өзге де зиян келтірген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелоген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Қорытынды
Мен жұмысымды қортындылай келе ,сақтандыру нақты адамдар мен заңды үйымдар мүделерін сақтандыратын жағдайлар сандарынан сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлік қызметінің түрі. Сақтандырушы тиісті тәртіппен тіркеуден өткен,сақтандыруды өз қызметінің түрі ретінде жүзеге асырушы заңды ұйым. Сақтандырушы-сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан ұйым немесе жеке адам. Сақтандыру туралы алғаш ұйым 1991 ж 22 қаңтарында құрылды. Сақтандыру міндеті және еркіті сақтандыру түрінде жүзеге асырылды. Міндетті сақтандыру – заң күшімен жүзеге асырылатын сақтандырлу. Ерікті сақтандыру тараптарының ықылас білдіруіменжүзеге асырылатын сақтандыру. Міндетті сақтандыру ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін Казахстан Республикасы Министірлер Кабинеті белгілейді. Республиканың сақтаныру нарығында шетелдік ұйымдарының қатысуымен құрылған сақтандыру ұйымдары елеулі орын алып отыр .Олар қаржының жағдайды нығаитуымен қатар , халықаралық тәжірибені, жаңа технологияларды енгізуге,отандық сақтандырушылардың дүниежүзлік сақтандыру нарығына шығуна ықпал етеді. Сақтандыру мәдениетінің, сақтандыру өнімдері туралы білім деңгеиінің төмендігін, сақтандыру артықшылығы туралы ақпараттың аздығын, қажетті қызмет түрлерінің жоқтығын атап өткен жөн. Осындай келеңсіз жағдаиларды жою ұлтық, сақтандыру нарығының дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Сақтандыру ұйымдарының сенімді түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету сақтандырушылар үшін де, өзекті мәселе болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер


  1. Страховая деятельность.— Алматы, 2005

  2. Ж.Тамашева «Сақтандыру – экономиканың бір саласы» Алматы ақшамы, 2004ж. 19 тамыз

  3. Гвозденко, А.А. Основы страхования.— М., 1999.

  4. А.Хамитов «Сақтандырушыны таңдау – тағдырыңды тапсыру» Қаржы қаражат, 7/1997ж.