Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 5сынып аза тілі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 219
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ
5-сынып
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде)
Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы
Т АРАЗ, 2020
Баспаға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің Әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылған(хаттама №5, «24 » желтоқсан 2019 ж.)
Пікір жазғандар:
Г.М. Қарымбаева – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, филология ғылымдарының кандидаты, доценті, «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі.
Л.Т.Мақұлова – Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, филология ғылымдарының кандидаты, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, деңгейлік курстарды оқыту тренері.
Редакция алқасы:
Ш.А.Усерова – Жамбыл облысы білім басқармасы оқу – әдістемелік кабинетінің басшысы, төрайым; Б.Х. Тажибаев – облыстық оқу-әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары, төрайымның орынбасары; А.Н.Иманбекова – Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, сарапшы; Ш.М.Жамалбекова – облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің «Білім үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің жетекшісі, редактор; А.Нұрмолдаева – облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері, техникалық корректор.
К.С.Абишева, Ш.Р. Даулетова– «Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» 5-сынып «Қазақ тілі» – Тараз, 2020. – 103бет.
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне арналған. Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырып және тоқсан бойынша жоспарланған мақсаттарды меңгеру деңгейін тексеруге мүмкіндік береді. Тапсырмалар тыңдалым мен айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастырып, өмірдегі жағдаяттарға өз көзқарасын білдіре алуына негіз болады.
© Жамбыл облысы әкімдігі білім
басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті
Тараз қ. 2020
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ............................................................................................................................. 5
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.................................................................................................................... 6
«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ............................................................................................................................ 6
«Киім. Сән. Талғам. Фонетика», «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Лексика»» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ......................................................... 12
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 18
«Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .......................................................................................................................... 18
«Бос уақыт және хобби. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .......... 24
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.................................................................................................................. 30
«Қиял әлемі. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ..................... ...... 30
«Көлік және жол белгілері. Морфология», «Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .................................................... 36
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.................................................................................................................. 42
«Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ...... 42
«Саяхат және демалыс. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ............... 48
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы ........................................... 56
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары ............................................... 58
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы................................. .......... 66
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары ............................................... 68
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы ........................................... 78
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары ............................................... 80
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы............................................ 90
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары ............................................... 92
Қорытынды ................................................................................................................. 102
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................................................ 103
КІРІСПЕ
Жинақ «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына», «Оқу бағдарламасына», «Оқу жоспарына», «Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулыққа», «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағына», «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарға» негізделіп дайындалған.
Республикасының «Білім туралы Заңы (24.11.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты». «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары.
Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы негізгі мектептің 5-сынып «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Жинақ бөлім/ортақ тақырыптар бойынша тоқсан бойынша жиынтық бағалау және жиынтық бағалау жүргізуге арналған тапсырмалардан тұрады.
Тапсырмалар білім алушының тоқсан бойынша «Қазақ тілі» пәнінен меңгерген теориялық және тәжірибелік дағдыларын анықтауға негізделген.
Жинақтағы жиынтық бағалау тапсырмалары білім алушының тілдік құзыреттілігін дамыту мақсатында сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларына сәйкес жүйелі берілген.
Жинақта бөлім / ортақ тақырып бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағын дайындау барысында суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио сынды ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар қолданылды.
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас»
І нұсқа
Оқу мақсаты: | 5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру; 5.4.1.1. қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу. |
Бағалау критерийі: Ойлау дағдыларының деңгейі: | Білім алушы
Қолдану |
Орындау уақыты: | 20 минут |
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз. «Төрт сөйлем» әдісі бойынша көтерілген мәселеге ойыңызды білдіріңіз.
1-мәтін бойынша сұрақтар:
а) Тілдің адам өміріндегі маңызы қандай?
ә) Мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?
2-мәтін бойынша сұрақтар:
а) Қазақ тілінің тиімділігі мен ерекшелігі неде?
ә) Қазақтардың тілдік қоры қалай дамыған?
«Төрт сөйлем» әдісі
а) Менің ойымша, ...
ә) Себебі ....
б) Мысалдар мен дәлел келтіру
в) Қорытынды ой
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Берілген мәтіннен айтылуы мен жазылуында ерекшелігі бар сөздерді анықтаңыздар.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
1-мәтін
Тіл мәртебесі – ел мерейі
Біздің қазақ халқының тілі айтылуға орамды, өте бай көркем тіл. Тіл –
адамзаттың барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық қарым-қатынасының, іс-әрекетінің құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің басты борыштарымыздың бірі. Тіл байлығын игеру – ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы білу – әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып, егемендік алуы тілі мен психологиясына оның өз мәнінде дамуына мүмкіндік берді. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласына тереңдете енгізу мәселесі үлкен маңыз алып отыр. Соңғы кезде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның өркен жайып дамуына ықпал ететін басты-басты қадамдар жасалуда.
Тілді оқып-үйренуді барынша жоғары деңгейге көтеру қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тіл туралы талап міндеттерінде «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген болатын. Бұл - әр қазақстандықтың қастерлі парызы. (138 сөз)
(http://makala.kz)
2-мәтін
Оғыз Доған: Түркі бірлігінің ұйытқысы – қазақ тілі
– Сіз қазақ тілін зерттеп жүрсіз және қазақ тілі туралы диссертация қорғадыңыз. Қазақ тілін игеруді қалай бастадыңыз?
– Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең бай тілдер қатарында. Қазақтар көшпелі халық болғанымен, ауыз әдебиеті мен аңыз-әңгіме, жыр-дастандары атадан балаға ауызша айтылып, тілдік қоры ерекше дамыған. Әрқашан да түрік жастарына «үйренуге тиісті тілдердің бірі ‒ қазақ тілі», ‒ деп айтып жүремін. Біріншіден, қазақ тілінің сөздік қоры өте бай, екіншіден кез келген ойды, эмоцияны, сезімді жеткізуге өте тиімді. Меніңше, барша түркі халықтары қазақ тілін мойындауы тиіс. Өзім Мағжан Жұмабаевты рухани көсем деп есептеймін. Ол кісінің «Қазақ тілі» деген өлеңінің соңында: «...Таралған түрік балаларын бауырыңа, Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім...» ‒ дейді. Мағжанның бұл өлеңі өз елі отарланып, өз басы тұтқынға түскен ақынның қазақ тілінің болашағына қарата айтқан сөзі еді. Жан-жаққа тарап кеткен түрік балаларын: «Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім», – дейді. Сондықтан келешекте түркі халықтарының басын қосатын қазақ тілі екеніне кәміл сенемін. (133 сөз)
Сұхбаттасқан Жәнібек Ғалым
(https://turkystan.kz/)
Бағалау критерийі | № тапсырма | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Мәтін мазмұнынына сәйкес сұрақтарға жауап беру арқылы ой-пікірін білдіреді. | 1 | Сұрақтарға жауап береді; | 1 |
Өз ойын білдіреді; | 1 | ||
Себебін айтады; | 1 | ||
Дәлел келтіреді; | 1 | ||
Ойын қорытындылайды. | 1 | ||
Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді ажыратады. | 2 | Үндестік заңын, дыбыстардың жүйесін біледі; | 1 |
Орфографиялық, орфоэпиялық норманы ескереді. | 1 | ||
Барлығы | | 7 |