Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 5сынып аза тілі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 223

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні _______________________________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мазмұнға қатысты көтерілген мәселеге сұраққа жауап беру арқылы ой-пікірін білдіреді.

Мазмұнға қатысты көтерілген мәселеге сұраққа жауап беру арқылы пікірін білдіруде қиналады.



М азмұнға қатысты көтерілген мәселеге сұраққа жауап беру арқылы өз пікірін білдіруде қателеседі.

М азмұнға қатысты көтерілген мәселеге сұраққа жауап беру арқылы жеке пікірін білдіреді.

Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді ажыратады.

Ү ндестік заңын, дыбыстардың жүйесін ескеріп, айтылуы мен жазылуында айырмашылықтары бар сөздерді ажыратуда қиналады.

Ү ндестік заңын, дыбыстардың жүйесін ескеріп, айтылуы мен жазылуында айырмашылықтары бар сөздерді ажыратуда қателеседі.


Үндестік заңын, дыбыстардың жүйесін ескеріп, айтылуы мен жазылуында айырмашылықтары бар сөздерді ажыратады.





«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІ нұсқа


Оқу мақсаты:

5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;

5.4.1.1. қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.

Бағалау критерийі:

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білім алушы

  • Мәтін мазмұнына сәйкес көтерілген мәселеге негізделген сұрақтарға жауап беру арқылы ой-пікірін білдіреді;

  • Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы кездесетін ерекшеліктерді ажыратады.


Қолдану

Орындау уақыты:

20 минут


Тапсырма

1. Берілген мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз. «Төрт сөйлем» әдісі бойынша көтерілген мәселеге өз ойыңызды білдіріңіз.

1-мәтін бойынша сұрақтар:

а) Халқымыз үшін ана тілінің мәні қандай?

ә) Халқымыздың рухани қазынасы не?

2-мәтін бойынша сұрақтар:

а)Елбасы басқа ұлт өкілдерінің қазақ жеріне, еліне деген сенімін қалай арттырды?

ә) Басқа ұлт өкілдерінің тіл үйренуге деген ынта-ықыласы қалай артты?
«Төрт сөйлем» әдісі

а) Менің ойымша, ...

ә) Себебі ....

б) Мысалдар мен дәлел келтіру

в) Қорытынды ой

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Берілген мәтіннен айтылуы мен жазылуында ерекшелігі бар сөздерді анықтаңыздар.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________
1-мәтін
Қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы - тіл. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-мағына болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің адам өмірінде алар орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Тіл – халықтың жүрегі һәм жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы. ХХ ғасырдың ұлы жемісі – Қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Мақсатымыз – ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ. Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – Қазақ тілі. Қазақ тілін құрметтеп, қастерлеу парызымыз болып табылады. (142 сөз)



(https://massaget.kz/)
2-мәтін
Қазақстан Халқы ассамблеясының өкілі Асылы Османмен «Ана тілің – өзіңе керек, мемлекеттік тіл – баршаға ортақ» тақырыбында сұхбат.

Мемлекеттік тілді кең қолданысқа ен­гізу­де ассамблеяның орны қандай? 
– Бүгінде мемлекеттік тілдің дамуына шү­кіршілік етемін. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне сай кең қолданысқа ие бо­лып, қағаз жүзінде емес, іс жүзінде өмірдің бар­лық саласында қызмет етсе деген тілек бар. Әу бастан-ақ Елбасының Қазақстан Ха­лқы ассамблеясын құрудағы мақсаты – елі­мізде тұратын әртүрлі ұлыс өкілдерінің ба­сын біріктіріп, өздері тұрған елге, жерге де­ген сенімін арттыру мақсаты болды деп ой­лаймын. Ассамблея алғашқы уақытта кеңес ретінде құрылды, мұнда әрбір ұлт өкілі мә­дени орталықтарын ашуға мүмкіндік ал­ды. Бірақ Құдайдан жасырмағанды адамнан да жасырмаймын, расында да, алғашқы ке­зеңдері әркім көрпені өзіне қарай тартты. Оның мәні де, маңызы да бар. Өйткені әрбір ұлт өкілі өз мәдениеті, тілі мен діні, әдебиеті мен салтын жаңғырту арқылы тұрған мем­ле­кетінде берілген еркіндіктің негізінде бұл жерге деген сенімі артты. Әрине, бастапқы кез­де мемлекеттік тілді үйренуге онша құ­лық­ты болмағанымен, байқауымша, кейінгі кез­дері тілге деген ынта-ықылас артып ке­леді. (140 сөз)

(http://old.aikyn.kz/)


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл


Білім алушы

Мәтін мазмұнынына сәйкес сұрақтарға жауап беру арқылы ой-пікірін білдіреді.

1

Сұрақтарға жауап береді;

1

Өз ойын білдіреді;

1

Себебін айтады;

1

Дәлел келтіреді;

1

Ойын қорытындылайды.

1

Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді ажыратады.

2

Үндестік заңын, дыбыстардың жүйесін біледі;

1

Орфографиялық, орфоэпиялық норманы ескереді.

1

Барлығы




7




«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні _______________________________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мазмұнға қатысты көтерілген мәселеге сұраққа жауап беру арқылы ойын білдіреді.

Мазмұнға қатысты көтерілген мәселеге сұраққа жауап беру арқылы ойын білдіруде қиналады.



М азмұнға қатысты көтерілген мәселеге сұраққа жауап беру арқылы ойын білдіруде қателеседі.

М азмұнға қатысты көтерілген мәселеге сұраққа жауап беру арқылы ойын білдіреді.

Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді ажыратады.

Ү ндестік заңын, дыбыстардың жүйесін ескеріп, айтылуы мен жазылуында айырмашылықтары бар сөздерді ажыратуда қиналады.

Ү ндестік заңын, дыбыстардың жүйесін ескеріп, айтылуы мен жазылуында айырмашылықтары бар сөздерді ажыратуда қателеседі.


Үндестік заңын, дыбыстардың жүйесін ескеріп, айтылуы мен жазылуында айырмашылықтары бар сөздерді ажыратады.



«Киім. Сән. Талғам. Фонетика», «Отбасындағы мерекелер мен дәстүрлер. Лексика» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа

Оқу мақсаты:

5.2.5.1 мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру;

5.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.


Бағалау критерийі:

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білім алушы

  • Мәтіннің жалпы мазмұны мен нақты ақпараттарға сүйене отырып сұрақтар құрастырады;

  • Мәтіндегі орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды;

  • Анықталған қателерді сөздіктерге сүйеніп, түзетеді.

Қолдану

Орындау уақыты:

20 минут



Тапсырма

1. Берілген сұрау есімдіктерін қатыстыра отырып, мәтін мазмұнын түсінуге 2 сұрақ, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған 3 сұрақ құрастырыңыз.


Кім?




Не?




Қандай?




Неге?




Қалай?





Мәтін  

«Берік Исмаилов» сән үйінің сәнгері - Аяулы Дәменовамен сұхбат.

Тілші:

Сән дегеніміз - киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі ортасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі деп жатамыз. Келісесіз бе? Өзіңіздің кәсіби сәнгер ретінде киім кию мәдениеті туралы ойыңызды айта аласыз ба?

Сәнгер:

– Жалпы киім ұғымы адамдардың қоғамдық жағдайларға және уақытқа сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен (мода) тығыз байланыста болады. Қоғам дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни әрдайым жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсімен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Қысқаша айтқанда, сән, мода әрдайым өзгеріс үстінде болғандықтан оны қуып жету мүмкін емес, сондықтан адам өзіне қонымды, жарасатын киім үлгісін таңдап сән ағымымен ұштастыра білсе, ешқашан ұтылмайды деп ойлаймын. (147 сөз)

(https://massaget.kz)

2. Мәтіннен орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөздер мен сөз тіркестерін анықтаңыз. Қателерді сөздіктерге сүйеніп, орфографиялық нормаға сай түзетіңіз.
Қазан шегелеу (салт-дәстүр)
Қазақ халқының əлеуметтік-тұрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан қастерлі дəстүрдің бір түрі – қонақжайлылық өздері жақсы танитын, əзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып барып, «осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Үй иесі əзілмен жауап қайтырып, «жақсы болды ғой, қазан шегелегіш шебер іздеп отұр едік» деп, қонақ-жайлылық танытып, оларға қонақасы береді. Демек, «қазан шекелеу» қонақ бола келдік, деген ұғымды білдіреді. Қонақасы (дəстір) қазақтың тарихи аңыз-əңгімелерінде Алаш атамыз өзінің ақарыс, бекарыс, жанарыс атты үш ұлына енші бөліп бергенде, өзіне тиісті еншісін: «Бұл бүкіл иісі қазақтың бөлінбеген еншісі болсын, мұны да сендерге бөліп берейін, үрім-бұтақтарыңа жалғассын. Бір-біріңе қайырымды болыңдар. Алұстан шаршап-шалдығып келген қонақтың еншісі – қонақасы болсын», - деп батасын берген екен. (113 сөз)