Файл: Оушы міріндегі отбасы трбиесіні ролі 10 б сынып оушыларына баяндама Алы сз.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 137
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- Қазақ халқы қандай жануарлар мен құстарды қасиетті деп санаған?
- Өте жақсы.
- Ендеше балалар, жаңа сабақты бастамас бұрын « Кім көп біледі?» ойынын ойнау арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен танысамыз.
« Отбасы» деп айтуға болады.
- Ендеше балалар, мына сұрақтарға жауап берейікші.
- Отбасына кімдер жатады?
- «Отбасы» туралы қандай мақал –мәтелдер білесіңдер?
- Өте жақсы.
- Ендеше, балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:
« Отбасының берекесі».
IV. Жаңа сабақ.
Бүгінгі жаңа сабақты ойын түрінде өткізіледі. Топпен жұмыс. Оқушыларды топқа бөлу, топ аттарымен және топ басшыларын таныстыру.
- Міне, бүгін біз балалар топпен жұмыс жүргізу арқылы, топпенен таныстырып өтейін. І - ші топ « Қамқоршы» тобы. Топ басшысы:
Төребаева Нұрай, ІІ - ші топ «Жәрдемші» тобы. Топ басшысы: Тимрбекова Аружан. ІІІ - ші топ «Көмекші» тобы. Топ басшысы: Сартай Қуаныш. Топ басшылары мына топты бағалау парағы арқылы өз топтарында ойынға белсене қатысып отырған оқушыларды бағалап отыру керек.
- Осы кезде есік қағылады.
- Балалар, бізге ата мен әже келіп қалған екен, төрлетіңіздер!
- Ата мен әже. Қырықтың бір қыдыр , - деген.
- Кәне, балалар әженің әкелген « Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық.
1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы)
3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты)
4. Кім жақын? ( Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшың болса, апайың жақын.
Алдыңа тартқан, адал асын,
Қимас жақын қарындасың.)
5. Не қымбат? ( Алтын ұяң Отан қымбат.
Құт - береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Бәрінен де ар мен ұят қымбат.)
V. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді мұғалім оқуы, түсіндіру.
б) Оқушыларға тізбектей оқыту.
Атаның тапсырмасын орындау. « Қоржындағы асық» ойыны. Ойынның шарты: қоржындағы асықтарды алып, сол асықтағы тапсырмаларды орындату.
1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі , аға, іні)
3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.
4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)
5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)
6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 - бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
8. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
9. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
- Ата, балалар тапсырмасын дұрыс орындағаны үшін бата береді.
VI. Сергіту сәті.
- Балалар, енді « Кім жылдам?» ойыны арқылы бойымызды сергітіп алайық. Ойынның шарты. Отбасы мүшелерінің заттарын жылдам құрастыру керек.
VIІ. Дәптермен жұмыс.
- Балалар, « Менің отбасым» немесе сурет бойынша эссе жазыңдар.
VIІІ. Қорытынды.
Отбасы дегеніміз өте жақын адамдар. Отбасында бәрі бірін - бірі жақсы көреді және қамқор болады.
Ата - ананы тыңдайық,
Айтқанынан шықпайық,
Ал, достарды қолдайық,
Қиын шақта қорғайық.
- Ендеше балалар «ІNSERT» жүйесі арқылы «Не үйрендік?» «Не білдік?»
- Осымен сабағымызды аяқтаймыз.
- Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!
- Балалар, сабағымызды қорытындылай келе қай топ көп ұпай жинағанын тексерейік.
ІХ. Бағалау.
- Әр топ басшылары бағалау парағы арқылы өз топтарындағы оқушыларды бағалайды.
Х. Үйге тапсырма:
1. «Отбасының берекесі» мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.
2. Отбасына байланысты мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жаттау.
3. Мәтін бойынша сурет салып келу.
Сабақтың тақырыбы: «Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі»
Мақсаты: а) Ата-аналарды қатыстыра отырып, олардың үлгісі мен ықпалы арқылы оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
ә)Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту.
б) Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: І. Сан сұраққа саяхат ІІ. Өз өнерлерін көрсету ІІІ. Сыңарын тап а) ата-аналар үшін ә) балалар үшін IV. Тыйым сөздерді оқушыларға беру. «Ұрпақ үшін тыйым сөздердің пайдасы бар ма?» (ата – аналарға сөз беру) V. Сіздің пікіріңіз.
Мұғалім сөзі: - Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы. - Бүгінгі бас қосуымыз ата – ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту. Отбасы мүшелерімен таныстыру. Топқа бөлу. Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не? Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады. Бала тәрбиесіне арналған асыл сөздерге тоқталу. Иә, сөз асылы- мақал деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныста- бала. Осы бала бағбаны кімдер? Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашанда ата – ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады. Құрметті көрермендер, мен сіздерден ата – аналардың, оқушылардың ұлттық салт- дәстүрден нені білетінін көріп, бағалар отыруларыңызды сұраймын.
І тур. «Сан саяхат» Ата – аналарға:
1. Малдың 12 мүшесін атаңыз
2. «Елім-ай» әнінің шығу тарихын білесіз бе? (бір шумағын айтып беріңіз)
3. Ұлттық ойындарды атаңыз?
4. Нанға байланысты тыйым білесізбе?
Оқушыларға:
1. Жеті ата деген не? Өз жеті атаңды білесің бе?
2. Төрт түліктің пірлерін ата?
3. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат)
4. Жылқы туралы мақал- мәтел айта аласыз ба? (Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы-малдың патшасы.)
5. «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші сазгер А.Қоразбаев) Әдепті бала ата-анасын
ІІ. Өз өнерлерін ортаға салу
ІІІ. Сыңарын тап Ата –аналарға:
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
Балаларға:
1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
IV. Тыйым сөздер
1. Оқушыларға тыйым сөздер туралы сөз кезегін беру
2. Тыйым сөздердің пайдасы туралы ата- аналардың пікірлерін тыңдау
V. Сіздің пікіріңіз. Ата – аналармен өткізіледі.
1. Тәрбие ісінде отбасының рөлі қандай деп ойлайсыз?
2. Ең алдымен қандай тәрбиеге ерекше көңіл бөлер едіңіз?
3. Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолымен жасаған бір затын сыйлағанды жөн көресіз бе? Неліктен?
4. Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата - аналарға не айтар едіңіз?
5. Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге; « шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы » десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?
Сабақты қорыту: Сыйлықтар үлестіру.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі ата-ана сағатымызды аяқтаймыз. Отбасылармен бірігіп «Ана туралы жыр» әнін орындау. «Ақ сөйлеп адал күлетін бол. Шындықты жақтап жүретін бол, Сыйласудың сырын білетін бол.»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Шыншылдық – адамдықтың белгісі
Мақсаты: Шындық ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері: Шындықпен өтірікті ажырата білу жайында ойларымен бөлісу,
мейірімділік адами қасиетімен өзара адал қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту - шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, саналау.
Көрнекілік:Оқулық, көрініс, кластер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Әр күнімізді жақсы сөздерден бастайық.
Қайырлы күн құрметті оқушылар! Қош келіпсіздер, ұстаздар!
Бүгін, балалар, біз сендермен «Шыншылдық адамдықтың белгісі» атты тақырып жайлы ой бөлісеміз.
Сахналау «Түлкі мен ешкі» (ертегі)
Оқушылар осы ертегі жайлы көрініс көрсетеді.
- Түлкіге қандай мінездемелер берер едіңдер?
- Ал ешкіге ше?
- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар түлкі шын айтты ма?
- Түлкінің әрекеті дұрыс па?
- Балалар, сендер кейбір сәттерде өтірік айтқан кездерің болды ма?
- Өтірік адамға қандай зиян әкеледі?
- Ал шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?
- Шыншыл бала қандай болады.
Тыныштық сәті:
- Балалар денемізде түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар, көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Енді көзімізді ашайық.
- Тақтадағы сөйлемді оқыту. Өтірік өрге баспайды. Бұл бүгінгі біздің сабағымыздың дәйексөзі, халық даналығы.
- Балалар, адам өтірік айтқанда өтірігін біреу біліп қоя ма деп қиналады. Шындық ашылып қала ма деп сезіктенеді: Расында, өтірік ұзаққа бармайды, шындық қашанда жеңіп шығады, ол өтірік айтқан адам ұятқа қалады. Өтірік айтып ұятқа қалғанша щындықты айтып қателігімізді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет жасау – адамдықтың белгісі болып табылады. Міне, сондықтан да дана халық «Өтірік өрге баспайды» деп өсиет қалдырған. Сондықтан біз шыншыл болып, өтірік айтпауымыз керек. Шыншыл болу кез келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда ғана әділдікке қол жеткізеді. Елге сыйлы болады. Ал өтірік айтқан адамға көпшілік жақындағысы келмейді. Ол өзінің сыйын жоғалтады.
Кластер құрастыру: - Балалардың алдына сөздер жазылған қағаздар тарату. Бақыт, қуаныш, ренжітеді, ұят, сенімділік, сенімсіздік, жамандық, жақсылық. Осы сөздердің орнын анықтап, орналастыру. Шындық неге жеткізеді? Өтірік неге жеткізеді?
Қортындылау: - Балалар, өтіріктің адамға пайдасы бар ма екен? ( Өтіріктің адамға пайдасы жоқ ) Ол саған уақытша ғана пайда әкеледі де, өмір бойы өтірікші деген атқа ие болады екенсің. Өтірік айтып өмір бойы жаман адам болғанша, шындықты айтып адал адам болған дұрыс. Шындық саған өмірлік қуаныш сыйлайды.
Жүректен жүрекке: Тақтада күн тәріздес дөңгелек қағаз, ортасында « мен қандай баламын?» деп жазылған.(Жақсы сөздер жазу) -Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгіліп тұрған «күнді» құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылулық сыйлап тұр. Біз де сол күн сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлай отырып, шындық жайлы өлең шумағын жүректен – жүрекке жеткізейік. -Қанеки, қолдарымызды көтерейік бір – бірімізге алақанымызды жақындатайық, шындық жалынын сезінейік.
Әр нәрсенің байламын,
Шындықпенен шешейік.
Дақ түсірмей жүрекке,
Тәтті ғұмыр кешейік.
-Ал, балалар, сабағымызды жақсы сөздермен бастасақ. Енді жақсы тілекпен сабағымызды аяқтайық. -Келгендеріңізге рахмет! -Сау болыңыздар!
Сабақтың тақырыбы: «Жеті атаны білу - парыз»