Файл: Оушы міріндегі отбасы трбиесіні ролі 10 б сынып оушыларына баяндама Алы сз.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 134

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ІІІ топ.

  1. Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі).

  2. Бала адалдықта өссе...(адал болып жетіледі).

  3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).

ҮІІ. «Сіз қандай ата-анасыз?».

(өз - өздерін тест арқылы тексеру).

ҮІІІ. Маржан сөздер сайысы.

(Бала тәрбиесі туралы мақал-мәтел, нақыл, шешендік сөздер айту.
Әр топтан өз пікірін қорғау)

ІІІ. Қорытынды.

Ата-аналардың өз балаларының жан-дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудырады.
Бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігі артады.

Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі »
Мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой - пікірлермен бөлісу.

Түрі: дөңгелек үстел

Әдісі: ой қозғау, пікірталас

Сабақтың барысы:

  1. Кіріспе бөлім

  2. «Әке – шаңырақтың негізгі тірегі»

  3. (әке туралы сөз, әкенің ролі қандай?)

  4. Көрініс көрсету.

  5. Ашық пікір тыңдау.

  6. Сергіту сәті.

  7. Ситуациялық жағдаяттарды шешу.

  8. Қызықты сұрақтар.

  9. Қорытынды.


I. Кіріспе бөлім

Психолог: «Ана – сая болар бағың болса,

Әке - асқар тауың» дейді қазақта.

Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн.

Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,

«Әке» деген сезімді ұмытар кім, - дей отырып,
сіздерге арналған: «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» атты дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі дөңгелек үстелімізде әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау», «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз.
Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Қазақ халқында «Бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.

II. Көрініс көрсету.

  1. Көрініс.

Ертеде бір үлкен қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, - депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп, әкесі:
- «Балам анау не? – деп сұрапты.

- «Ол – түйе» - деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі жауабын қайталапты. Әке осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:

- «Ол – түйе, түйе» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? - деп ренжіпті.

Сонда әкесі:

- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.
(Көріністен қандай ой түйгендері сұралады?)

1. Әке баласына неге ренжіді?

2. Баланың орнында сіз болсаңыз әкеңе қалай жауап берер едіңіз?

Психолог: Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі – әке. Әкенің бұл ролі бала – шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. Әрине, ер азамат өзінің әкелік борышын ұмытпағанда, әсіресе әйелімен қабағы жарасып, тату, сүйіспеншілікте тұрғанда, оған деген көзқарасында халқымыздың ізгі дәстүрін, өнегелі өміршең салтын, діни жол – жосығымызды ескергенде ғана оның қадір - қасиеті, бүкіл отбасын, ауылды ағайын - туысты топтастырушылық мәртебесі арта түспек. Келесі көріністі тамашалайық.

2. Көрініс.

Әкесі жұмыстан келе сала «Жұмыс дегенің құрып кетсін! Жатып алып демалғанға жететін не бар екен, шыбын жанның рахатын іздеу керек, жұмысты тек ақымақтар ғана істесін» деп өзінен - өзі ызаланады. Осыны естіген 5 - сыныпта оқитын баласы да «Сабақ күннен - күнге қиындап барады, басты ауыртып керегі не, бәрібір түсінбеймін» деген сөзді жиі айтып, оқуға салқын қарай бастайды.

1. Әкеден қандай тәрбие күтуге болады?

Бұл отбасындағы баланың тәрбиесі қандай болмақ?
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?


Келесі көріністі тамашалайық.


3. Көрініс.

Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты. Әке – шешесі:
- Балам, не істеп отырсың? – деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын,- депті баласы.
«Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды,- деген бар емес пе? Ата - анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған. Отырған әкелер, ер азаматтар өз міндетін қалай орындап жүр екен? Бірнеше сауалнама қойып, жауап қайтарады, тәрбие туралы ойларын ортаға салады.


III. Ашық пікір тыңдау.

IV. Сергіту сәті.

Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.

- «иә» десеңіздер - қолдарыңызды шапалақтаңыз;
- «жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар;
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата - ана бірдей ықпал жасай ма?
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.
- егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз.

- егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.

V. Ситуациялық жағдаяттарды шешу.


Психолог: «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде - кім оны орындамаса айыпты» деген екен педагог Жан Жак Руссо. Ендеше бүгінгі біздің дөңгелек үстелімізде отырған әкелер, ер азаматтар өз міндетін қалай орындап жүр екен? Сіздерге сауал.

  1. «Баланың балалығын тыйдым дегенше, ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз» депті бір кемеңгер. Бұған пікіріңіз қандай?
    2. Ауылдағы балалардың ең ересегі сіздің ұлыңыз. Үлкендердің бірнеше рет ескерткенін қарамастан олар үй маңында доп ойнауды доғармады. Балаңыздың қатты тепкен добы ақыры көршіңіздің терезесін сындырды. Сіздің әрекетіңіз?
    3. «Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт» дейді. Сіз ақылды қалай айтасыз?
    4. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты оны басқа мектепке ауыстырдыңыз. Сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты. Мінезіне де өзгерістер енгендей. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз?

5. Жеткіншегіңіз жақсы оқиды. Тәртібі де оңды. Бірде сынып жетекшісі үйге телефон соқты. «Бүгін ұлыңыз сабаққа келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалған»деді. Сіздің оны мектепке жібермеген күніңіз болған жоқ. Енді не істейсіз?
6. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4 - 6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
7. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата - аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

8. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір істеген іс - әрекетіңе көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың?»- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс – әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
9. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
10. Балаңыз күнде 1 - сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
11. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

Мектеп психологі: «Көпір»тренингі

VI. Қызықты сұрақтар.

  1. Балаңыздың туған күні?

  2. Сынып жетекшісінің толық аты – жөні

  3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

  4. Балаңыздың парталас көршісі кім?

  5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

  6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

  7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

  8. Балаңыз 1 - сыныпқа қай жылы барды?

  9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

  10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

  11. Отырған әкелерге парақшалар тарату;

  12. - өзі қандай әке?

  13. - баласы қандай?

  14. - әке баласы

VII. Қорытынды.

Ата - анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз айтқандай ата ананың қуанышы, гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық. «Әкеге қарап ұл туар» демекші, жақсы мінездер мен асыл қасиеттерді ардақтай білейік, атымызға сіңіріп, бойымызға дарыта білейік.

Сабақтың тақырыбы: Отбасының берекесі
Мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кенейту. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.
Міндеттері: Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, ойындар
Көрнекілігі:Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты сабаққа әзірлеу. Назарын сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық.
III. Үй тапсырмасын тексеру. Интерактивті тақтамен жұмыс.
- «Жануарлар әлемін қорғау» мәтіні бойынша мазмұнын айту.
- Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азайып бара жатқаны неліктен?
- Біздің халқымыз ежелден жануарлар мен өсімдіктерді қалай қорғаған?
- Осы мәтін бойынша Төле би бабамыз туралы қандай аңыз бар екенін білеміз?