ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 430
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал ғылыми негізде жазылған еңбек, ол орыстың ұлы ғалымы, физиолог И.М.Сеченовтың «ми рефлекстері» (1863 )атты еңбегі. Осы еңбегінде ол психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет дәлелдеген. Еш әрекет өзінен өзі пайда болмайды, тітіркендіргіштің әсерінен туады. Қобалжу, сезім, адамның ойы белгілі бір жауапты тудырады, мұның барлығы да бұлшық еттердің қызметімен аяқталады. Ғалым мидың қызметі рефлекторлы түрде іске асады, -деп түсіндіреді. И.М. Сеченовтың бұл ілімін И.П.Павлов шартты рефлекс тұрғысынан дәлелдеген және дамытқан.
Балалардың шартты рефлекстерінің маңызы және олардың шартсыз рефлекстерден айырмашылығы. И.П.Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және шартсыз деп бөлгені айтылған. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысымен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер ете салысымен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән өздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің төменг і дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді. Шартсыз рефлекстер негізінен ұрықтық кезеңде де, бала туғаннан кейін қалыптаса береді.
Темперамент адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.
Холерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.Күйгелектік сондай адамдарға тән.Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып келеді.Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады.Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия,белсенділік, құштарлық,инициативтік.Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы,қаталдық,қатаңдық,шамдану,ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі.Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холериктіанық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады.Тақтада жауап бергенде , кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады,өте жылдам жауап береді.Ондайлар тез істеуге,үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады.Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.
Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Мысалы,2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.
Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.
Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады.
3.2.10.Вестибулярлық аппарат ,пирамидалық жүйе мен мишықтың қызметтеріндегі айырмашылық пен ұқсастық.
Вестибулярлық аппарат — лат. вестибулум деген сөзі, кіреберіс деген мағынада. Статикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибулярлық аппаратта орналасқан. Кіреберіс аппараты — ішкі құлақта орналасқан, адамның кеңістікте қандай күйде екенін, тепе-тендікті сақтайтын, яғни денені, бастың түрлі жағдайдағы — шалқайған, еңкейген және айналған кезін сездіретін ағза.
Мишық— дененің кеңістіктегі тепе-теңдігін реттейтін және дене мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын үйлестіретін, орталық жүйке жүйесінің мүшесі — мидың бір бөлігі. Мишық — сыртқы қатпарлы сұрзаттық мишық қыртысынан және ішкі ақзаттан тұрады. Мишық қыртысы үш қабаттан: сыртқы — молекулалы, ортаңғы — ганглионды жөне ішкі — дәнше қабаттардан тұрады. Мишықтың сүрзаты: жұлдызша, себетше, алмұрт тәрізді және дәнді нейроциттерден құралған. Мишықтың ақзаты — мишықты мидың басқа бөліктерімен байланыстыратын өткізгіш жолдарды құрайтын миелинді жүйке талшықтарынан тұрады. Мишықтың ең бас кызметі -- адамның өз еркімен атқарылатын не оған бағынбайтын қимыл-әрекеттерді үйлестіріп отыру. Қандай да болсын Кимыл-арекеттің дәлме-дәл орындалуы, тепе-теңдікті сақтау мишыққа байланысты. Алайда мишық қызметі толық бұзылса да, тіршілік тоқтамайды, ал мишық біртіндеп көп жылдар бойы бұзылатын болса, мишықтың қызметін мидың басқа бөлімдері, әсіресе ми қыртысы өзіне алып қимыл әрекеттерін түзете алады.
3.2.11 Хеморецепторлар мен Механорецепторларды атаңыз,әрқайсысының орналасу орны мен қызметі.
Организмге әсер ететін әртүрлі тітіркендіру рецепторлар қабылдайды, тітіркендірудің түріне қарай талғамалы жауап қайтарылады. Мысалы, көз рецепторлары жарық тітіркендіруін, құлақ рецепторлары дыбыс тітіркендірулерін, тері рецепторлары механикалық, температуралық тітіркендірулерді қабылдайды. Осыған орай көру, есту иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу мүшелеріне ажыратады. Дененің кез-келген жерінде орналасқан рецепторларды сезім мүшелеріне жатқызады. Мысалы, жиырылу мен созылуды қабылдайтын бұлшықет рецепторлары, қан қысымын және химиялық құрамын бейнелейтін қан тамырларының қабырғаларының рецепторлары т.б. Сезім мүшелерінің әрекеті объективті тұрғыдан алғанда олардың рецепторларында қозудың, субъективті тұрғыдан алғанда түйсіктің пайда болуынан байқалады. Түйсік пайда болу үшін қозу сезім мүшелерінен орталыққа тебетін жол арқылы орталық жүйке жүйесіне келуі керек. И. П. Павлов осының негізінде физиологияға анализаторлар ұғымын енгізді, бұл барлық анатомиялық түзінділердің жиынтығын білдіреді, түйсіктің пайда болуы анализаторлардың қызметіне байланысты. Анализаторлар функциясы жөнінен өзара байланысқан, мынандай бөлімдерден тұрады: шеткі, өткізгіш, ми қыртысының тиісті аймағынан тұратын қыртысты бөлім. Шеткі бөлім жүйке ұштары рецепторлардан тұрады, ол тітіркендіргіштерді қабылдайды. Өткізгіш бөлім қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді. Ми қыртысының ядролары анализаторлардың ең жоғарғы бөлімі болып табылады. Бұл бөлімде қозуға анализ жасалып, ол түйсік ретінде қабылданады.
Әсер ететін тітіркендіргіштердің физиологиялық табиғатына сәйкес рецепторлары бірнешеге бөлінеді: фонорецепторлар (дыбыс), фоторецепторлар (жарық), механорецепторлар (механикалық), хеморецепторлар (химиялық), барорецепторлар (қысым), терморецепторлар (жылу, суық).
Механорецепторларолардың механикалық деформациясы кезінде қозғалады, теріде, қантамырларда, ішкі органдарда, тірек-қимыл аппаратында, есту және вестибулярлық жүйелерде орналасады. 2. Хеморецепторларорганизмнің сыртқы және ішкі ортасындағы химиялық өзгерістерді қабылдайды. Оларға дәм және иіс сезу рецепторлары, сондай-ақ қан, лимфа, жасушааралық және жұлын сұйықтығы құрамының өзгеруіне жауап беретін рецепторлар жатады. Мұндай рецепторлар тіл мен мұрынның шырышты қабығында, ұйқы және қолқа денешіктерінде, гипоталамуста және сопақша мида кездеседі.
Механорецепторлар олардың механикалық деформациясы кезінде қозғалады;Хеморецепторлар ағзаның сыртқы және ішкі ортасының химиялық өзгерістерін қабылдайды.
3.2.12 Эндокринді тіндері бар органдар мен эндокринді жасушалары бар органдарды атаңыз,қызметтерін талдаңыз