Файл: Ас орыту мшелеріні рылысы мен ызметін крсетііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 432

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Әйелдердің аналық безінің дерттік гипофункциясы жыныс белгілерінің дамымауымен сипатталады (шатында жүн өспейді, сүт бездері мен жыныс мүшелері жетілмейді, етеккірі келмейді немесе ретсіз келеді). Кейде жалпы семіру байқалады. Психикалық дамуы өзгереді.Аналық жыныс бездерінің гиперфункциясы ісіктік дерт кезінде дамиды. Онда қыздарда ерте жыныстық жетілудің барлық белгілері болады. Ісікті алып тастағанда бұл патологиялық құбылыстардың бәрі жойылады

3.2.4.Оқушылардың физиологиялық дамуының педпгогика және психология ғылымдарымен байланысы,оның оқу-тәрбие жұмысы мен еңбек тәрбиесін дұрыс ұйымдастырудағы ,оқушылар денсаулығын сақтап нығайту.,денелік дамуын жетілдіру мен жұмысқа қабілеттігін арттыру

Миды іске қос...

3.2.5 Акселерация ,ретардация ,реактивтілік дамудың үздіксіздігі,әркелкілігі,ең маңызды жүйелердің дамуының озық жүрүі және гетерохрония туралы ұғым.

Акселерация ; латынша ( accelarae ) - жылдамдық деген сөзден шыққан . Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді , табиғаты көп факторлы болып келеді . Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайта - тындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады . Сондықтан , өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек . « Акселерация » терминінің өзіне жетпіс жылдан астам уақыт болды – оны 1935 жылы неміс дәрігері Е.М. Кох ұсынған болатын . Бұл сөзбен ( латын тілінен « жылдамдату » дегенді білдіретін ) балалар мен жасөспірімдердің құрдастарымен салыстырғанда бойының , салмағының және кейбір басқа өлшемдерінің ұлғаюы аталған болатын . Акселерация құбылысы АҚШ - та , Европада , Азияда , Россияда байқалады , қалаларда ауылдық жерлермен салыстырғанда күштірек көрініс береді . Оның кеңінен таралуы ғалымдарға акселерация құбылысын қазіргі заманғы адамның дамуына тән қақын ретінде қарауға мүмкіндік береді . Акселерацияның басты мысалдары ретінде : - жаңадан туған балалардың салмағы мен бойының өсуін ( зерттеу кезіне ( 1979 ж . ) , орта есеппен 1-2 кг - ға және 4-5 см - ден жоғары ( сол жүз жылдықтың 30 жылдары ) . - - тістерінің уақытынан бұрын шығуын және олардың тұрақты тіске ауысуын ( 1-2 жылға ) - скелеттің мерзімінен бұрын сүйекке айналуын ( 20 ғасырдың 20-30 жылдарымен салыстырғанда 2-3 жылға ерте ) - өткен ұрпақтармен салыстырғанда жалпы бойының 8 10 см . - ге өсуін . - мектп жасындағы балалардың бойының өсуі , ерте жыныстық жетілуін ( ұлдарда 11-12 жаста ) мысалға келтіруге болады .


Ретардация ( лат . Retardatio - баяулау ) қарама - қарсы үдеу процесі болып табылады және балалар мен жасөспірімдердің өсу қарқынында , 1-2 жастағы құрдастарынан физиологиялық жүйелердің дамуы мен қалыптасуындағы артта қалушылықты білдіреді . Акселерация сияқты , ол үйлесімді және үйлесімсіз болуы мүмкін . Көптеген қасиеттердің даму қарқыны мен соңғы деңгейі әрқашан өзара байланысты бола бермейді .

Реактивтілік латынша - қарсы әсер деген сөзден шыққан . Реактивтілік – организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы орта әсеріне жауап қайтару қасиеті ; ол да бүкіл тіршілік атаулының зат алмасу , өсу көбею т.бмаңызды қасиеттері секілді .Организмнің реактивтілігнің түрлеріі : түрлік , топтық , даралық болып ажыратылады.

Реактивтілік және резистенттілік туралы түсінік көне медицина дәуірінде қалыптаса бастады . Бұл жөніндегі мәліметтерді көне қытай және көне үнді медициналарынан табуға болады . Алайда ол көне грек медицинасында неғұрлым нақты формада қалыптасты . Сол кездің өзінде ақ дәрігерлер әр түрлі адамдардың ауру тудыратын әрекетті түрліше сезінетіндігін білді . Мұны гиппократ организм сөлінің біркелкі араласпауынан –дискразиядан деп түсіндірді . Реактивтілік туралы ілімнің жаңа бағыты XVII ғасырдың аяғында басталды . Глиссон тұңғыш рет бүкіл жанды организмді тітіркендіргіштік қасиетімен сипаттады .

Гетерохрония— ағза ұрпағының денесіндегі бір тканьнің, немесе мүшенің күні бұрын немесе кешігіп жетілуі. Гетерохронияға сүтқоректі жануарлардың жаңа туған балаларының аузындағы емуге икемделген тіл еттерінің күні бұрын жақсы жетілуі мысал бола алады. Эволюциялық даму биологиясында гетерохрония - бұл оның ата-бабаларымен немесе басқа организмдермен салыстырғанда организмдегі даму процесінің уақытында немесе ұзақтығында генетикалық бақыланатын кез келген айырмашылық. Бұл өлшемнің, пішіннің, сипаттаманың өзгеруіне, тіпті кейбір мүшелер мен белгілердің болуына әкеледі. Бұл гетеротопияға, эмбриондағы белгілі бір процестердің кеңістіктегі жағдайының өзгеруіне қарама-қайшы келеді, бұл морфологиялық жаңалықтарды да жасай алады. Гетерохронды түр ішілік гетерохрония, түр ішіндегі өзгергіштік және түр аралық гетерохрония, филогенетикалық өзгергіштік, яғни тектік түрге қатысты ұрпақ түрінің өзгеруі деп екіге бөлуге болады.

3.2.6.Проэмбриональды ,эмбриональды және постэмбриональды бөлімдерде болатын негізгі ерекшеліктерге анықтама беріңіз.



Проэмбриональдық (грекше рrо — дейін, embryon — ұрық) кезеңі организмдердің жеке дамуында гаметогенез процесінде жыныс клеткаларының пайда болуымен байланысты. Жануарлардың аталық жыныс клеткалары құрылымы бойынша басқа клеткалардан (соматикалық) айтарлық айырмашылығы болмайды, ал жұмыртқа клеткаларының маңызды ерекшелігі сол, онда сарыуыздың көп болуы. Жұмыртқа клеткаларындағы сарыуыздың мөлшері мен оның орналасуын негізге алады.

Эмбрионалдық кезең (грекше embrion-ұрық, genesi- шығу тегі)- ұрықтанғаннан бастап туғанға дейінгі немесе жұмыртқаны жарып шыққанға дейінгі ұрықтың даму кезеңі.

Ұрықтың дамуының алдында ұрпақ алды кезеңі болады. Бұл кезеңде жұмырқаның пісіп жетілуі, өсуі және белгілі бір пішінге енуі жүреді. Ал ұрықтың дамуынан кейін қарапайым бір жұмыртқа клеткасынан жеке өмір сүруге қабілеті және әртүрлі органдар мен ұлпалардан тұратын көп жасушалы ағза пайда болады, яғни постэмбрионалдық даму жүреді.

Постэмбрионалдық - эмбрион туылғаннан немесе жұмыртқадан шыққаннан бастап өлгенге дейінгі кезең.

Адам өмірінің кезеңдері

*Нәрестелік кзең

*Емшектік кезең

*Мектепке дейінгі сәбилік кезең

*Мектепке дейінгі естияр кезең

*Мектеп жасындағы ересек кезең

*Жасөспірімдік кезең

*Балғын жастық кезең

*Кемелденген кезең

*Мосқалдық кезең

*Қарттық кезең

Емшектік кезең. Мұнда нәресте анасынан нәрлі уыз сүтін емеді. Бұл кезеңде сәбидің көп уақыты ұйқымен өтеді. Таиақ қажет болғанда оянады. Емшектік кезеңде тамақ беру уақыты мен тазалықты мұқият сақтау керек.

Нәрестелік кезең – нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 28-күнге дейінгі уақыт аралығы осылай аталады. Бұл кезеңде жаңа туған нәрестенің барлық мүшелері және мүшелер жүйесі өз алдына қызмет атқарып, өзара іс-әрекет жасайды.

Мектепке дейінгі сәбилік кезең – бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүріп, сөйлеп, әр нәрсені білгісі келеді және ойлау қабілеті дамиды.


Мектеп жасына дейінгі кезең - бұл кезеңде баланың айналасында болып жатқан заттарға қызығушылы артады және «бұл не?» деген сұраққа жауап іздейді.

Мектеп жасындағы ересек кезең – баланың іс әрекетінде сапалық өзгерістер байқалады бұл баланың мектепке баруымен тікелей байланысты. Енді бала мектеп тәртібіне бағынуға байланысты іс-әрекеттерге бағынады.

Балғын жастық кезең – барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің қалыптасуы толығымен жетіледі. Жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің қызметі бір-бірімен үйлесімді жүреді.

Мосқалдық кезең – бұл кезеңде адамның қимыл-әрекеті баяулайды, зат алмасу қарқыны бәсеңдейді. Жүйке жүйесінде тежелу айқын басымдылық береді

Кемелденген кезең – ақыл-ой, санасы, ойлау қабілеті жетіліп, шығармашылық іс әрекеттері табыстарға жетелейді. Қоғам алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді.

Қарттық кезең - бұл кезеңде барлық мүшелер жүйесінің қызметі, жалпы зат алмасу қарқыны баяу жүреді

3.2.7.Тірек-қимыл жүйесінің негізгі 5 қызметі.

Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді. Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты. Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т.б.) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Соңғы кезде бұл жүйе зат алмасуына, әсіресе минерал заттардың мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысатыны анықталды. Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекітілген. Олардың, көбі екі сүйекке бекігендіктен олардың қозғалысыны іске асырады. әрбір сүйекке екі, тіпті оданда көп еттердің ұштасуы мүмкін.


Еттердің негізгі қызметі-сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.

Адамның қимыл-қозғалысы организмдердің эволюциялық дамуында қалыптасқан оған тән морфологиялық және функциялық денені тік ұстауға, қимыл-қорғанысқа ет пен сүйектен басқа тірек-қимыл жүйесіне кіретін буындар, сіңірлер, тарамыстар қатысады .

3.2.8 Тура және тура емес остеогенез заңдылықтарына түсініктеме беріңіз.

Сүйек ұлпасы – байланыстырғыш ұлпаның арнайы типі.Жасушааралық заты минералдардан тұрады. Оның құрамы негізінен кальций фосфаты яғни бейорганикалық заттар. Осы ұлпалардан қаңқа сүйектері құралады.Кез келген сүйектің түзілуі мезенхима текті жас дәнекер тінді жасаушалар – остеобласттар есебінен жүреді, оларды басты тірек рөлін атқаратын жасуша аралық заты жасап шығарады. Қаңқа дамуының үш сатысына сәйкес сүйектер дәнекер немесе шеміршек тіндер негізінде дамиды. Остеогистогенездің түрлері:

Тура остеогистогенез.

Тура емес остеогистогенез.



3.2.9Жоғары жүйке қызмет топтары.Темпераменттер

Жоғары жүйке қызметі - үлкен ми сыңарлары, ми қыртысы және қыртыс асты бөліктері арқылы атқарылатым адамның күрделі іс-әрекеті мен мінез-құлқының, танымдық іс әрекеті процестерінің физиологиялық механизмдерін қамтамасыз ететін жүйкелік реттеудің жоғарғы түрі. Жоғары жүйке қызметі өте күрделі рефлекторлық жолмен жүріп, ағзаны, адам мінез-құлқын реттеп отырады. Жоғары жүйке қызметі арқылы адам және жануарлар сыртқы ортамен тығыз байланыста болады. Жоғары жүйке қызметі өз алдына ілім ретінде И.М. Сеченов пен И.П. Павлов зерттеген.