ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 428
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Гаструла - ұрық дамуының екінші сатысы. Бұл кезенде көптеген маңызды оқиғалар өтеді, яғни жасушалардың жіктелуі - ұрық жапырақшалары; гаструла (қарын) қуысы, желілену және жүйке тақташалары пайда болады. Біз үшін ең маңызды оқиға - ұрық жапырақшаларының - жасушалардың ерекшеленген, жіктелген қабаттарының пайда болып қалыптасуы. Ұрықтың ертерек даму сатысы - эктодерма және ішкісі - энтодерма. Сондықтан гаструланы қосқабатты ұрық немесе ұрық дамуының екі қабатты сатысы деп атайды. Даму барысында үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма жекеленіп шығады. Сөйтіп гаструланың кейінгі сатысы үшқабатты болады.
2.5 Ағзаның түрленіп және тікелей дамуы.
Тура дамуда жұмыртқа қабығынан босанып шыққан немесе жаңадан туылған жас ағза ересек ағзадан ешқандай айырмашылығы болмайды, олар тек дене бітімінің пропорциясымен ғана ерекшеленеді. Мұндай даму көптеген жануарларға және адамдарға тән.
Түрленіп даму жұмыртқадан ересек ағзаларға мүлдем ұқсамайтын бір немесе бірнеше дернәсілдік формалардың алмасуы аркылы жүреді.
Постэмбриондық (ұрықтан кейінгі)даму ағзаның жұмыртқа қабықшасын жарып шыққаннан кейін , ал ұрығы құрсақта дамитын сүтқоректілерде туа салысымен басталады. Постэмбриондық даму екіге бөлінеді:
1)дұрыс даму, мұнда ағза ересек түріне ұқсап туады;
2)түрленіп даму-эмбриондық дамудан кейін дернәсіл пайда болады , ішкі және сыртқы белгілері, қоректенуі мен қозғалуы, т.б. жөнінен сол түрдің ересек ағзасымен салыстырғанда ерекше болады.
Тікелей дамуға жорғалаушыларды, құстар мен сүтқоректілердің дамуын мысалға келтіруге болады, омыртқасыз жануарларда сүліктер, қырықаяқтар және өрмекшілер осы жолмен дамиды.
Түрленіп даму- негізінен омыртқасыз жануарларға тән қасиет. Мысалы, ішекқуыстылар, жалпақ және буылтыққұрттар, шаянтәрізділер, бунақденелілер, т.б. ал омыртқалылардан амфибиялар түрленіп дамиды.Түрленіп даму биологиялық маңызы өте зор. Ересек түрімен дернәсілдің арасында тіршілік үшін күрес (мекені, қорек,т.б.), болмайды. Мысалы, ересек бақа құрлықта тіршілік етіп, бунақденелілермен қоректенсе,ал оның дернәсілі итшабақ суда тіршілік етеді, сондағы омыртқасыздармен қоректенеді. Кейбір ағзалардың дернәсілдері сол түрдің таралуына жәрдемдеседі. Мысалы, көптеген отырықшы немесе аз қимылдайтын құрттар мен былқылдақ денелілердің дернәсілдері планктон құрамына кіріп, еркін жүзеді және сол түрді таратады, ал есейгенде тасқа немесе су балдырларына бекініп тіршілік етеді.
2.6 Сүйектердің түрлері,құрамы,сүйектердің дамуындағы органикалық және бейорганикалық заттардың маңызы,жас ерекшелігі.
Сүйек — тірі ағзаның тірек-қимыл мүшелерінің ішіндегі жұмсақ тіндердің тірегі және бұлшықеттердің қозуы кезінде рычаг қызметін атқаратын маңызды құрылым. Адамның денесіндегі 200-ден астам тақ және жұп сүйек-тер адамның қаңқасын немесе скелетін құрайды. Сүйек коллагені мен аз мөлшерде суда ерімейтін кальций тұздарымен толыққан майдан тұрады. Сүйек сыртқы қатты қабаттан және ішкі кеуекті қабаттан тұрады. Сүйек ұлпасын құрайтын жасушалар остеобласт деп аталады .Сүйектер тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпаларынан түзіледі. Сүйектің сырты – тығыз ұлпа, ішкі бөлімі – борпылдақ ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйекқабы болады. Сүйек қабының астыңғы бетінің жасушалары бөлініп сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйек қабы арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі де сүйек қабына тікелей байланысты. Сүйек қабында қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі. Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық сүйектенуі 20–25 жасқа дейін жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның сүйегінің үштен екі бөлігін бейорганикалық, ал қалғанын органикалық заттар құрайды. Органикалық заттар иілгіштік, серпінділік, ал бейорганикалық заттар мықтылық қасиет береді.
Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% нәруыз тектес органикалық зат оссеин (жұмсақ, серпінді органикалық зат) 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш болатындықтан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде органикалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып морт сынғыш келеді.
Сүйектің түрлері ұзын сүйек – аяқ-қол сүйектері,қысқа сүйек –омыртқа,білезік,тілерсек.Жалпақ сүйектер – бас,иық,жамбас т.б
2.7 Бұлшықет қозғалғыштығының жүйкелік жолдары.
Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды.. Адам денесінде 600-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-дан астамын құрайды. Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол мен аяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан. Кейбір ұзын бұлшық ет түрлі сүйектерден басталады да екі басты, үш басты және төрт басты болып келеді. Организмдегі бұлшық ет тіндерін екі түрге бөледі: а) қаңқалық көлденең жолақты бұлшық еттер. Бұлар тірек-қимыл мүшелеріне қатысты денені әртүрлі қозғалысқа келтіреді, жиырылу жылдамдығы өте жоғары болады; ә) бірыңғай салалы (тегіс) бұлшық еттер ішкі органдардың қызметін қамтамасыз етеді, баяу жиырылады, үнемі ұзақ қозғалыста болады. Бұлшық ет пішініне немесе бекитін сүйектеріне сай шаршы, үшбұрышты, жұмыр, дельта, жолақ деп аталады. Ал қызметіне қарай — бүккіш, жазғыш, әкелуші, әкетуші; орналасқан жеріне қарай — төс-бұғана бұлшық еті, қабырға аралық бұлшық еттер, т.б. болып ажыратылады. Бұлшық ет тірек-қимыл мүшесіне жатады. Дененің қозғалысы мен қызметі Бұлшық еттің жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Оның жиырылу процесі жүйке талшықтары импульстерінің әсерімен рефлекторлы түрде өтеді. Бұлшық етте қан тамырлары, жүйке түйіндері мен талшықтары және лимфалық құрылымдар орналасады.
Бұлшықеттер адам ағзасындағы әртүрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің қатысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде қуысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу қозғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшық еттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі.
2.8 Нейронның құрылысы .Синапс байланысының маңызы.
.Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке жасушалары - нейронның денеден, ұзын және қысқа өсінділерден тұрады. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі - аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері - дендриттердің сыртында ақ қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған (тек ең ұшы сөл ғана тарамдалады) бір аксон болады. Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал) дендриттер арқылы келеді.
Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді:
сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді);
байланыстырғыш - козуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді;
қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді.
Жүйке жүйесіне ми, жұлын және жүйкелер жатады. Жүйкелер жүйке жасушаларының (нейрондардың) өсінділерінен түзіледі. Жүйкелер адам денесінің барлық жеріне таралған, барлық мүшелерді ми және жұлынмен байланыстырады. Егер қозғалтқыш нейронның ұзын өсіндісінен (аксондарынан) тұрса, ол қозғалтқыш жүйке. Сезгіш нейронның қысқа өсінділерінен (дендриттерінен) тұрса, ол сезгіш жүйке деп аталады. Бұл жүйкелерден басқа аралас жүйкелер де болады, ол нейронның аксоны мен дендриттерінен түзіледі. Аралас жүйкелер арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне және одан мүшелерге беріледі.
Жүйке жүйесінің құрылымындағы синапс нейонның соңындағы шағын аймақ болып табылады, ол жүйке жасушалары арасындағы ақпаратты тасымалдауға жауап береді. Оның қалыптасуына екі жасуша қатысады - жіберу және қабылдау. Ол ақпаратты бір нейроннан екіншісіне тасымалдау үшін қолданылады. Синапстар жүйке жасушаларының бір-бірімен жанасатын бөліктерінде орналасады.
Қазіргі кезде жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар бар екені анықталды: қоздырушы және тежеуші синапстар. Орталық жүйке жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші медиатор болады да, ол қабылдаушы нейронға тежеп әсер етеді. Әрбір нерв клеткаларында көптеген тежеуші және қоздырушы синапстар болады. Бұл нерв әрекеттерінің бір-бірімен байланысты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамда өте көп болады.
2.9 Перифериялық жүйке жүйесінің қызметі,орналасуы,ерекшелігі.
Біріншіден, жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесі мен перифериялық жүйке жүйесі екі бөлікке бөлінгенін түсіну маңызды. Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлындықты қамтиды, ал перифериялық жүйке жүйесі ми мен жұлын буындары мен бұлшық еттер мен мүшелерді қамтитын басқа бөліктерге дейін созылатын барлық нервтерді қамтиды.Жүйенің әрбір бөлігі ағзадағы ақпараттың қалай жеткізілуіне маңызды рөл атқарады.
Перифериялық жүйке жүйесі - орталық жүйке жүйесінің сыртындағы барлық нервтерді қамтитын жүйке жүйесінің бөлінуі. ОЖЖ-нің негізгі рөлі - ОЖЖ-ны органға, қолдар мен терілерге қосу. Бұл нервтер орталық жүйке жүйесінен дененің ең шеткі аймақтарына дейін созылады. Перифериялық жүйе ми мен жұлынның организмнің басқа аймақтарына ақпарат алуына және жіберуге мүмкіндік береді, бұл біздің ортаға әсер ететін ынталандыруға мүмкіндік береді.
Перифериялық жүйке жүйесін құрайтын нервтер, шын мәнінде нейрондық жасушалардан аксондар немесе аксон байламы болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл нервтер өте кішкентай, бірақ кейбір жүйке түйірлері соншалықты үлкен, олар адамның көзімен оңай көрінеді.Перифериялық жүйке жүйесі екі бөлікке бөлінеді:
Соматикалық жүйке жүйесі
Автономды жүйке жүйесі
Соматикалық-бұл орталық жүйке жүйесіне сенсорлы және қозғалмалы ақпаратты тасымалдауға жауап беретін перифериялық жүйке жүйесінің бөлігі.
Автономды-қан ағыны, жүрек соғысы, ас қорыту және тыныс алу сияқты дене мүшелерінің еріксіз қызметін реттеуге жауап беретін перифериялық жүйке жүйесінің бөлігі. Басқаша айтқанда, бұл органның аспектілерін басқаратын автономды жүйе, әдетте ерікті түрде бақылауға алынбайды. Бұл жүйе бұл функцияларды олардың орынды түрде ойлануына жол берместен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2.10 Сезімтал,аралық және атқарушы нейрондардың орналасуы.
Сезімтал (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді);
Аралық - козуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді;
Атқарушы - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді.
Ол бес бөлімнен, атап айтқанда: 1) қабылдаушы құрылым - рецептордан; 2) қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден; 3) аралық нейрондардан түратын орталықтан; 4) қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден; 5) жауап беруші құрылым - эффектордан түрады. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бүзылса рефлекс біржола жоғалып кетеді. Соңғы кезде рефлекстік доғамен қатар рефлекстік шеңбер деген үғым қолданылады. Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады. Оның алтыншы бөлімі эфференттік ағзадан орталық жүйке жүйесіне рефлекстік әсерленіс туралы хабар, яғни кері байланыс (афферентация) арқылы орталыққа жеткізіледі. Кері байланыс рефлекстік доғасын бекітіп, оны шеңберге айналдыра-ды. Әрбір рефлекстің сезу өрісі болады.
2.11 Ұрықтың дамуы кезінде жүйке жүйесінің дамуы.
Омыртқалы жануарлар жүйке жасушалары негізінен орталық Жүйке жүйесіне біріккен жұлын мен мидан тұрады. Омыртқалылардың эмбрионалдық дамуында Жүйке жүйесі сыртқы ұрық қабықшасы - эктодермадан (алғашқы жүйке пластинкасы түрінде) дамып, кейін науашық, ал одан әрі қауыса келіп түтікке айналады. Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды
2.12 Жоғары жүйке қызметі.
Жоғары жүйке қызметі - үлкен ми сыңарлары, ми қыртысы және қыртыс асты бөліктері арқылы атқарылатым адамның күрделі іс-әрекеті мен мінез-құлқының, танымдық іс әрекеті процестерінің физиологиялық механизмдерін қамтамасыз ететін жүйкелік реттеудің жоғарғы түрі. Жоғары жүйке қызметі өте күрделі рефлекторлық жолмен жүріп, ағзаны, адам мінез-құлқын реттеп отырады. Жоғары жүйке қызметі арқылы адам және жануарлар сыртқы ортамен тығыз байланыста болады. Жоғары жүйке қызметі өз алдына ілім ретінде И.М. Сеченов пен И.П. Павлов зерттеген.Жоғары жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен қарым - қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғарғы дәрежедегі қызметтер : ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз т.с.с ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі. Еш әрекет өзінен өзі пайда болмайды, тітіркендіргіштің әсерінен туады. Қобалжу, сезім, адамның ойы белгілі бір жауапты тудырады, мұның барлығы да бұлшық еттердің қызметімен аяқталады..