Файл: азастан Республикасы Денсаулы сатау министрлігі Тркістан облысыны адами леуетті дамыту басармасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 89

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Көптеген қоғамдық ғимараттарда табиғи желдетуден басқа үрмелі- сормалы жасанды желдету ұйымдастырылады. Ол ең алдымен адамдар саны көп болатын мекемелерде, ауруханаларда, тамақтану нысандарында, кинотеатрларда, дүкендерде және т.б. орындарда орнатылады.

Тұрғын үйді жарықтандыру

Жарықтандырудың гигиеналық маңызы. Табиғи және жасанды жарық көздеріне қойылатын гигиеналық талаптар
Жарықтану дегеніміз жарықтандыратын жерге түсетін жарық ағынының тығыздығы. Жарықтану бірлігі болып – люкс ( лк) қабылданған. Тұрғын және қоғамдық ғимарттарды жүйелі инсоляциямен және жеткілікті табиғи жарық көзімен қамтамасыз ету тұрғын үй гигиенасының маңызды мәселелерінің бірі.

Жарықтандыру жүйесі екі түрге бөлінеді: табиғи ( күн сәулесінің жарығы) және жасанды ( қыздыру және люминисцентті шамдардың көмегімен) жарықтандыру.

Күн сәулесі – жарықтанудың ең үлкен көзі болып саналады. Күн көзінің шашыраңқы сәулесімен ауа райының ашық күні жарықтануы 25000 – 50000 лк-ке жетеді. Ал қыста, күн бұлтты күндері ол көрсеткіш 700-1500 лк –ке дейін төмендейді. Табиғи жарықтандыру деңгейі бірнеше факторларға байланысты: жыл мезгіліне, тәулік уақытына, күн сәулесінің түсу бұрышына, яғни жарықтандыру мен ультра күлгін сәулелерінің қарқындылығына, сондай-ақ табиғи ағаштармен және ғимараттармен көлеңкеленуіне, ауа райына, терезелердің әйнектелген ауданына, шынылардың тазалығына, қабырғалар мен жиһаздардың бояуының түсіне, жарық сәулелерінің шағылысуы және жұтылуына.

Күндізгі табиғи жарықтану жақсы болу үшін терезенің ауданы мен бөлменің еденінің ауданы бір - біріне сай болу керек.

Тұрғын үйлерді және қоғамдық ғимарттарды жобалауда, үй салғанда, ол үйдің жарық болуының, күн сәулесінің жақсы түсуінің адам ағзасы үшін маңызы зор.

Үйдің ішіне табиғи жарықтың түсуі үйдің терезелерінің орналасуына, үлкендігіне, бөлменің ауданына, әйнектерінің тазалығына, терезедегі перденің орналасуына байланысты.

Мысалы, терезе әйнегі бір қабат болса, ол күн сәулесінің 10-15% - ын ұстап қалады, ал екі қабат терезе 20-30% - ға дейін, ал қалың перделер күн сәулесінің 40% - на дейін ұстайды. Лас, жуылмаған әйнектер күн сәулесін 50% -ға дейін ұстап қалады екен. Сондықтан терезелерді уақытылы жуып, тазалап тұру керек. Терезелерге қалың перде тұтпаған жөн, ал жазда көбінесе терезелер ашық тұрғаны жөн.. Жарықтың түсуіне терезенің қалай орналасқаны да көп әсерін тигізеді. Күн жаққа қараған терезелерден жарық мол түссе, ал көлеңке беттегі терезелерден жарық тіпті түспейді. Сондықтан да үй үшін және қоғамдық орындар үшін табиғи жарықтандыру мен қатар жасанды жарықтандыру жүйесінің де маңызы зор.

Табиғи және жасанды жарықтану жақсы болса, ол адамның көру қабілетіне жақсы әсер етеді, адамның өмірлік тонусын көтереді, жұмыс қабілетін жоғарылатады, бөлмелердің санитарлық деңгейін жақсы жағдайда ұстап тұруға әсерін тигізеді.


Жасанды жарықтандыру жүйесі

Жасанды жарықтандыру жүйесі бірнеше түрге бөлінеді:

а) қыздыру шамдары

б) люминисцентті шамдар

Бірінші жарықтандыру жүйесінде жылу энергиясы жарыққа айналады. Ал люминисцентті шамдар ол ұзын шишадан жасалған қуыс трубалар, ол трубкалар сынаптың буымен және аргонның буымен толтырылған. Ал трубканың екі ұшы электродтарға жалғанған. Бұл шамдарды электр жүйесіне қосқанда екі электродтың арасында электр тогы пайда болып, олар ультракүлгін сәулелерінің әсерінен трубканың ішкі бетінде жағылған люминофор заты сәуле шашып жарықтандырады. Люминисцентті шамдардың сәулесінің құрамы күн сәулесінің құрамына жақын болады. Сондықтан бұл шамдар көру мүшесіне жақсы әсерін тигізеді. Люминисцентті шамдар мектептерде, мата сататын дүкендерде қолданылады. Люминисцентті шамдар жарықтың түсіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді: көгілдір люминисцентті шам, ақ люминисцентті шам, сары люминисцентті шам. Люминисцентті шамдардың кейбір кемшіліктері бар. Олардың сәулесінің құрамында көгілдір сәулелер көп болса, адамның бетінің түсін өзгертіп жібереді, сондықтан люминисцентті шамдарды ауруханаларда қолдануға рұқсат берілмейді.



13 сурет.

Үстіңгі суретте сақина тәріздес қорғағышы бар шам, ал

төменгі суреттерде люминисцентті шамдардың түрлері көрсетілген.
Көзге ауырлық түсетін жұмыс орындарында (мысалы сурет салатын, сызу сызатын, тігін тігетін жерлерде) жарықтандыру жүйесінің аралас түрі қолданылуы керек, яғни ол жерді қосымша жергілікті шаммен жарықтандырған да дұрыс. Бұл жерде табиғи жарық көзі мен қатар жаасанды жарық көзі де жеткілікті болуы қажет.

Көптеген тексерулер кезінде байқалып отырғандай: көру мүшесіне күш түсетін жұмыстар үшін ең жақсы жарықтың түрі ол ақ және сәл сарылау түс.


Табиғи және жасанды жарықтандыруға гигиеналық баға беру
Табиғи жарықтануды люксметр аспабының көмегімен және жарықтану коэффициентін, түсу бұрышын, табиғи жарықтану коэффициентін анықтаумен бағалайды.

Жарықтану коэффициенті дегеніміз - терезелердің әйнектелген бөлігінің ауданының еден ауданына қатынасы. «Тұрғын ғимараттар» құрылыс нормасы мен ережесіне сәйкес бұл көрсеткіштер тұрғын бөлмелер үшін 1:6 - 1:8, кластар үшін 1:4 - 1:5, аурухана палаталары үшін – 1:5 - 1:6, операция бөлмелері үшін 1:2 – 1:3, ал коридорлар, баспалдақтар аймағында 1:12 – 1: 15 қатынасына тең болуы қажет. Геометриялық параметрлерге, жұмыс орнынан терезенің үстіңгі және астыңғы жақтауларына дейінгі түзу сызықтармен түзілетін жарық сәулелерінің
түсу бұрышы жатады. Түсу бұрышы екі сызықтан тұрады - біріншісі жұмыс орнынан терезенің төменгі жақтауына жүргізілген, ал екіншісі жұмыс орнынан терезенің жоғарғы жақтауына жүргізіледі( №12 суретте көрсетілген, САВ бұрышы.) Бұрыштың мөлшері терезенің үлкендігіне, жұмыс орнының орналасуына байланысты болады. Жұмыс орны терезеден алыстаған сайын түсу бұрышы азаяды, соған байланысты жарықтану нашарлайды. Түсу бұрышының көрсеткіші 27°-тан жоғары болғанда қалыпты жарықтандыру қамтамасыз етіледі. Түсу бұрышын анықтау үшін жұмыс орнынан терезеге дейін ара қашытықты өлшейді және терезенің биіктігін өлшейді де, мына формулаға салып шешеді:

ВС

tg α = ------------

АС

Тангенстің табиғи маңызы

№ 6 кесте

α

Tg α

α

Tg α

α

Tg α

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

0,017

0,035

0,052

0,070

0,087

0,105

0,123

0,141

0,158

0,176

0,194

0,213

0,231

0,249

0,268

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

0,287

0,306

0,325

0,344

0,364

0,384

0,404

0,424

0,445

0,466

0,488

0,510

0,532

0,554

0,577

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

0,601

0,625

0,649

0,675

0,700

0,727

0,754

0,781

0,810

0,839

0,869

0,900

0,933

0,966

1,000


Мысал: жұмыс орнынан терезеге дейінгі қашықтық – 3м, терезенің биіктігі – 1,6м. Түсу бұрышын анықтау керек.
1,6

Шешуі: tg α = ------------

3,0
tg α= 0,53 ( №6 кестеге қарап, α табамыз)
α= 280
Мысалы: Саңылау бұрышын анықтау үшінжұмыс орнынан қарсы тұрған ғимараттың жоғарғы нүктесіне линия жүргіземіз СА нүктесінен СД түзуін жүргіземіз. ДАК бұрышын табамыз.





Сондай-ақ жұмыс орнынан терезенің жоғарғы жақтауына және жарықтың түсуіне кедергі жасайтын ғимаратқа қарсы тұрған құрылымның (қарсы тұрған ғимарат, тал ағаш) жоғарғы нүктесіне дейін жүргізілетін сызықтармен түзілетін
саңылау бұрышы анықталады. Жұмыс орнынан терезеге дейін горизонтальді сызық жүргізіледі (№14 суретте көрсетілген) СА түзуі және терезенің биіктігінің қарсы тұрған ғимараттың жоғары нүктесіне қиылысқанға дейін СД түзуі жүргізіліп, ДАС бұрышы анықталады. Ашық аспан әлемінен келіп түсетін бұрыш неғұрлым үлкен болған сайын, соғұрлым жарықтану жақсы болады. Саңылау бұрышы ВАС мен ДАС бұрыштарының айырмашылығына тең. Ол нормада 5°-тан кем болмауы керек.



14 сурет. Түсу бұрышы мен саңылау бұрышын анықтау
Мысалы. Жұмыс орнынан терезеге дейінгі ара қашықтық - 3м, терезенің биіктігінің қарсы тұрған ғимараттың жоғары нүктесіне қиылысқанға дейін СД түзуі – 1,2м, түсу бұрышы - 28° Саңылау бұрышын табу керек.

1,2

Шешуі: tg α ДАС = ------------

3,0

tg α ДАС = 0,40 (№3 кестеде асты сызылып көрсетілген)
ДАС = 22°

Саңылау бұрышы ( ВАД ) тең: ВАС мен ДАС бұрыштарының айырмашылығына тең: 28° - 22° = 6°
Жасанды жарықтандыру қыздыру шамдарының және люминисцентті шамдардың көмегімен іске асырылады. Қыздыру шамдарының сымдағы жылу энергиясы жарық энергиясына айналады. Соңғы жылдары қыздыру шамдары экономикалық жағынан тиімді люминесцентті (газоразрядты) шамдармен алмастырылуда.

Люминисцентті шамдағы төменгі қысымдағы ультра күлгін жарығы, шамның қабырғасындағы люминофорлардың жарықтануы әсерінен көзге көрінетін жарыққа айналады.

Люминисцентті шамдар тек экономикалық жағынан (қызмет көрсету уақыты қыздыру шамдарына қарағанда 5 есе ұзақ) ғана емес, сондай-ақ гигиеналық тұрғыдан да тиімді. Себебі ауа температурасын өзгертпейді және жарықтандыруы табиғи жарыққа жақын.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың жарықтандырылуы «Табиғи және жасанды жарықтану» атты құрылыс нормасы мен ережелері нормативті құжатының талаптарына сәйкес болуы керек.
Люксметр Ю -116
Бұл аспаптың көмегімен табиғи және жасанды жарықтану деңгейін анықтауға болады. Ол өлшеуіш құралдан (монометр) және селенді фотоэлементтен тұрады. Ал селенді фотоэлементке әр түрлі қондырғылар:

светофильтрлер - насадка түрінде салынады. Фотоэлементте жарық энергиясы электрлік энергияға айналады. Жарықтануды анықтау барысында жарық фотоэлементке түсіп, фотоэлектрлік ток туындатады, ол гальванометр стрелкаларының жылжуын туындатады. Өлшегіш құралдың бетінде ауыстырғыш кнопкасы және схемасымен сызба болады