Файл: Сценарий Масаты Балаларды даярлыта алан білімдерін тексеру, орытындылау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
БІЗ ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ!
( Даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий )
Мақсаты: Балалардың даярлықта алған білімдерін тексеру, қорытындылау.
Міндеттері:
1. Балалардың білімдерін пысықтау, өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру.
2. Сөздік қоры мен тіл байлықтарын дамыту.
3. Үлкендерді құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: шар, гүлдер, мерекелік жазулар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізушілер сахнаға шығады.
1-ші жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, қадірлі қонақтар, құрметті мұғалімдер бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді даярлықпен қоштастырғалы отырмыз. Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын.
2-ші жүргізуші: Өтті қызық көп күндер
Жеті жасқа жеттіңдер
Барасыңдар сыныпқа
Бір белестен өттіңдер
1-ші жүргізуші: Өсті ақыл ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың
Сахнаға балалар шығып тақпақтарын айтады.
1-ші бала: Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Даярлықпен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
2-ші Ботақандай бөбек деп
Еркелеткен ұл-қызын
Анамызды ерекше
Қуантамыз біз бүгін
3-ші бала: Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ержетті деп бөбегім
Туған Отан қуансын
Туған дала қуансын
4-ші бала: Жерде қар жатса да
Асыр салып ақпанда
Күнде ертемен мектепке
Келетінбіз ақ таңда
5-ші бала: Айдос Добым, добым домалақ
Қайда кеттің домалап?
Үстел үстін бүлдірдің
Тәрелкені сындырдың
6-шы бала: Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып, ән жаттап
Оқып, жазып үйрендік
7-ші бала: Сүйген өз ұл-қызын
Бөбегім деп аянбай
Мектебім өз үйім
Тәрбиешім болды анамдай
2-ші жүргізуші: Ән: «Ақ көгершін» о
1-ші жүргізуші:Балалар бізге қонаққа «Сауат ашу» мен «Әліппе» келе жатыр, кәне қарсы алайық.(Балалар амандасып қарсы алады)
Әліппе сөзі: Армысыңдар, жас достар
Армысыңдар, ата-ана
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға
Білім деген ғажайыптың
Әліппесін меңгерер
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Сауат ашу: Біз сендер даярлықпен қоштасып жатыр дегенді естіп қонаққа келдік. Енді өнерлеріңді, білімдеріңді әліппеге көрсетіңдер.
2-ші жүргізуші: Ал енді балалар біз білімдерімізді, өнерлерімізді әліппе мен сауат ашуға көрсетейік. Кішкентай әріптерді ортаға шақырайық.
1-ші бала: Әлішер Әріптерді таныңдар
Бәрін жаттап алыңдар
Онда қызық ойын бар
Оған көңіл қойыңдар
2-ші бала: Бауыржан Ойнаңдар да ойлаңдар
Қызығына тоймаңдар
Бәрін қарап шығыңдар
Әріп сырын ұғыңдар
3-шы бала: Мөлдір А дегенім ардақты
Ақ сүт берген анамыз
4-ші бала: Жаннел Б дегенім бал тілім
Біз бақытты баламыз
5-ші бала: Ермек Ә дегенім әншінің
Әнге айналған әуені
1-ші жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған,халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!- деп мың бұралған бишілерімізді қарсы алыңыздар.
Би: «Шығыс биі» ортада бишілер тобы
2-ші жүргізуші: балалар, математикадағы Тапқышбек деген жолдастарыңды білесіңдер ме? (Иә)
Бүгінгі кешімізге Тапқышбек те келе жатыр, кәне ,қарсы алайық.(Тапқышбек келіп балалармен амандасады)
Тапқышбек: Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер математика әліппе-дәптеріндегі менің тапсырмаларымды орындап жүрдіңдер. Енді сендерді өз көзіммен көрейін деп бүгінгі қоштасу кештеріңді естіп келіп қалдым. Құр алақан келмей өзіммен бірге сендердің білімдеріңді тексеру үшін тапсырмалар ала келдім.
Тапқышбек: Ой, балалар, сендер бәрін біледі екенсіңдер. Бірінші сыныпқа даярлықтарың жақсы екен. Қаламызда сендер сияқты көп балалар бітіріп жатыр соларға да барайын, сау болыңдар.
1-ші жүргізуші: Ән: «Ана» орындайтын «балдәурен» даярлық тобының оқушысы Тайгоныров Елжан.
Әліппе: Балалар сендерге ризамын білімді, өнерлі екенсіңдер бірақ ертегі тыңдағым келіп тұр. Маған ертегі қойып беріңдерші.
2-ші жүргізуші: Ендеше ертегі тамашалайық.
«Балдәурен» даярлық тобы- «Бауырсақ»ертегісі
1-ші жүргізуші:
Би: «Грузин биі» ортада бишілер тобы
2-ші жүргізуші: «Өркен» даярлық тобы- «Шалқан» ертегісі
1-ші жүргізуші: Би: «Реп»
Көркем гимнастика өнерін тамашалайық: ортада «Өркен» даярлық тобының оқушысы Әдиұлы Бекжан.
2-ші жүргізуші: «Бәйтерек» даярлық тобы- «Түлкі мен Үйрек» ертегісі
1-ші жүргізуші: Би: «Қуыршақ биі» ортада бишілер тобы
«Орыс биі» ортада бишілер тобы
(Сауат ашу мен Әліппе ортаға шығады)
Сауат ашу: Балалар мен сендермен қоштасайын енді біз кездеспейміз, сендер бір сынып жоғарыладыңдар, мен сендер сияқты кішкентай балаларды қарсы аламын. Ары қарай сабақтарыңды жақсы оқыңдар,тәртіпті болыңдар.Енді мен кетейін, сау болыңдар.
Әліппе: Балалар сендер маған қатты ұнадыңдар, барлықтарың да білімді, өнерлі екенсіңдер. Бүгінгі кеште мен өте жақсы демалдым, енді сендермен 1-ші қыркүйекте кездесеміз, жаз бойы жақсылап демалып келіңдер. Ал қазір мен кетейін баратын жерлерім бар, сау болыңдар.
2-ші жүргізуші: Хор: «Біз өмірдің гүліміз!»
1-ші жүргізуші: «Даярлықпен қоштасу» кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп басшыларына берейік.