Файл: Мектепішілік баылау анытамасы Таырыбы 9 сыныптарда 20222023 оу жылында ббжм орытындысы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 383
Скачиваний: 22
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектепішілік бақылау анықтамасы
Тақырыбы: 9 сыныптарда 2022-2023 оқу жылында ББЖМ қорытындысы
ББЖМ өткізу тәртібі ҚР БҒМ 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларымен реттеледі. Қағидалар орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) білім беру ұйымдарының меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, түріне қарамастан қолданылады.
ББЖМ мемлекеттік бақылау түрі болып саналмайды, білім алушы үшін де, білім беру ұйымы үшін де ешқандай құқықтық салдары болмайды.
ББЖМ мақсаты – білім алушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуін ұлттық деңгейде өлшеу арқылы орта білім беруді жүйелі жетілдіру.
4 және 9-сыныптар үшін ББЖМ МЖМБС талаптарына сәйкес функционалдық сауаттылық деңгейін, білім мен дағдыларды, аналитикалық, логикалық ойлау қабілеттерін анықтау үшін өткізіледі.
ББЖМ тестілеуі жыл сайын сәуір айында орта білім беру ұйымдарының базасында компьютер арқылы электронды форматта өткізілетін болады.
ББЖМ өткізілетін білім беру ұйымдарының тізбесін жыл сайын уәкілетті орган анықтайтын болады. Іріктеу параметрлеріне: аумақтық тиесілігі, ұйымның түрі, оқыту тілі, білім алушылар контингенті жатады.
Алдыңғы оқу жылдарында ББЖМ-ға қатысқан білім беру ұйымдары келесі жылы ББЖМ-ға қатысатын білім беру ұйымдарының тізбесіне кірмейді.
ББЖМ өтетін білім беру ұйымдарын таңдау бағдарламаға тізімді енгізу нәтижесінде кездейсоқ іріктеу арқылы жүзеге асырылады.
Белгіленген аумақта шектеу шаралары мен төтенше жағдай енгізілген жағдайларда уәкілетті орган ББЖМ өткізуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды.
Тест тапсырмаларының саны, мазмұны мен түрі, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағаттардың саны МЖМБС-ға сәйкес тест спецификациясымен анықталады. Тест спецификациясын Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) әзірлейді
ББЖМ нәтижелері, оны аяқтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім беру ұйымдарына хабарланады. Сондай-ақ білім алушылардың нәтижелері тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер экранында бірден көрсетіледі.
ББЖМ нәтижелері бойынша әрбір білім беру ұйымы кері байланыс алады – білім беру сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар түрінде әдістемелік көмек алады, бұл:
1) білім беру сапасына әсер ететін факторларды (білім алушылардың оқудағы қиындықтары, оларды даярлаудағы олқылықтар, педагогтердің кәсіби дамуына қажеттілік) анықтауға;
2) әдістемелік қолдау көрсетуді қажет ететін білім беру ұйымдарын анықтауға;
3) білім беру ұйымдарының педагогикалық әлеуетін күшейтуге ықпал етеді.
Биылғы жылы 9 сыныптарда 31 оқушы бітіргелі отыр. ББЖМге дайындық мақсатында әр айда негізгі пәндерден тест жұмыстары алынып отырды және пәндер бойынша мониторинг жасалды. Білім сапа нәтижесі төмендегідей болды:
ДӘЖО: Ш.Базарбаева