Файл: Мектептегі информатика сабаы басымдытар жне жетілдіру стратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсы тыдаушыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 469

Скачиваний: 34

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







2-тапсырма.

Мобильді қосымшаны сынау үшін эмуляторлардың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырыңыз.


Эмулятор

Артықшылықтары

Кемшіліктері

AppInventor Emulator








Android Virtual Device (Android Studio)








Appetize (https://appetize.io)









3-тапсырма.

Жоба бойынша жұмыс процесін бір құрылымға келтіретін «бағдарламалық жасақтаманың өмірлік циклінің» (SDLC) алты кезеңін ұстана отырып, төмендегі сұрақтарға жауаптарды тұжырымдаңыз.
Қарастырылып отырған тақырыпты зерттеуге қатысты қандай проблемалар шешім қабылдауды қажет етеді?



Мен не істегім келеді? Өзімнің сайтымда қандай ақпаратты орналастырғым келеді?



Сайтты жобалау (макетін, кодын әзірлеу) кезінде мақсаттарыма қалай қол жеткіземін?




Әзірленген жобаның сапасын қалай тексеремін? Жобаны қайда жариялауға болады?



Мобильді қосымшаны әзірлеу кезінде бағалау критерийлерін ұсыныңыз.




4-тапсырма.

Берілген тапсырмалар бойынша критерийлерге сәйкес мобильді қосымшаның макетін немесе прототипін жасау үшін скетч-макеттеуді немесе онлайн қызметтерді пайдаланыңыз https://draw.io, https://wireframe.cc немесе https://mockups.com

Тапсырмалар тізімі:

  1. Есептеуге арналған бағдарламаларды әзірлеңіз: а) арифметикалық және тригонометриялық операцияларды есептеу (калькулятор); ә) квадрат теңдеудің түбірлері; в) санның факториалын есептеу.

  2. Жер радиусы R = 6350 км болатын сфера деп алып, Жер бетінен белгіленген биіктіктегі нүктеден көкжиек сызығына дейінгі қашықтықты анықтаңыз.

  3. Мемлекеттегі тұрғындардың саны және оның жерінің аумағы белгілі. Осы мемлекеттегі халық тығыздығын анықтаңыз.

  4. Адамның туған жылы мен айы, сондай-ақ қазіргі жыл және айдың нөмірі (қаңтар – 1 және т.б.) белгілі. Адамның жасын (толық жасын) анықтаңыз. Көрсетілген айлар сәйкес келген жағдайда толық жыл өтті деп есептеу керек.

  5. Электр тізбегінің бір-біріне қосылмаған екі бөлігінің кедергісі және олардың әрқайсысындағы кернеу белгілі. Қай бөліктен то аз өтеді?

  6. Тұрғын үйдің кіреберісінде а нөмірінен бастап қатарынан нөмірленген п пәтер бар. Барлық пәтерлердің нөмірлерінің қосындысы жұп сан бола ма, анықтаңыз.

  7. Футбол чемпионатында командаға жеңіс үшін – 2 ұпай, жеңіліс үшін — 0, тең ойын үшін – 1 ұпай беріледі. Команданың бір ойын үшін алған ұпай саны белгілі. Ойынның нәтижесін сөз арқылы тұжырымдаңыз (жеңіс, жеңіліс немесе тең ойын).

  8. Үш таңбалы сан берілген. Ол палиндром («төңкерілген сан»), яғни ондық жазбасы солдан оңға және оңнан солға бірдей оқылатын сан болып табыла ма, анықтаңыз.

  9. Белгіленген алты таңбалы сан бақытты сан болып табыла ма, анықтаңыз. (Алғашқы үш цифрының қосындысы оның соңғы үш цифрының қосындысына тең алты таңбалы сан бақытты сан деп саналады.)

  10. Жылдың нөмірі 4-ке еселі сан болса, кібісе (високосный) жыл табылады, алайда 100-ге еселі жылдан ішінен 400-ге еселі жылдар ғана кібісе жыл болып табылады (мысалы, 1700, 1800 және 1900 – кібісе жыл емес, 2000 – кібісе жыл). п натурал саны берілген, осындай нөмірлі жыл кібісе жыл бола ма, анықтаңыз.

  11. Жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамның жұмысы мынадай тәртіппен программаланған: әр сағаттың басында үш минут бойы – жасыл түс жанады, содан кейін екі минут бойы – қызыл, үш минут ішінде қайтадан жасыл және т.б. Кезекті сағаттың басынан өткен минуттардағы уақытты білдіретін нақты t саны берілген. Осы сәтте жаяу жүргіншілер үшін қандай түс жанғанын анықтаңыз.

  12. Азамат 1 қыркүйекте банкте есепшот ашып, 10 000 теңге салды. Бір ай өткенде салым мөлшері қолда бар сомадан 5%-ға ұлғаяды. Анықтаңыз: а) бірінші, екінші, ..., оныншы ай үшін салым сомасының өсуі; б) үш, төрт,..., он екі айдан кейінгі салым сомасы.

  13. Шаңғышы жаттығу кезінде бірінші күні 7 км жүгірді. Әрбір келесі күні алдыңғы күнге қарағанда жолды 15%-ға арттырды. Анықтаңыз: а) шаңғышының жаттығудың екінші, үшінші ..., оныншы күніндегі жолы; б) жаттығудың алғашқы 7 күнінде барлығы қанша жол жүрді.



Жобаны орындау барысында келесі оқулықтардағы материалдарды қолдануға болады:

  • «Информатика» Жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушыларына арналған оқулықтар

  • MIT AppInventor-да мобильді қосымшаларды бағдарламалау. Практикум/ Ливенец М.А., Ярмахов Б.Б., «Мобильді қосымшалар академиясы». 100 б.; илл.

Мобильді қосымша дизайнына қойылатын талаптар:

  1. Түстер мен олардың реңктерінің дұрыс үйлесімі;

  2. Объектілерді (toolbar, content) кеңістікте талғаммен орналастыру;

  3. Мәтінмен және типографикамен сауатты жұмыс (қаріптер мен гарнитуралар);

  4. Пайдаланушылармен өзара әрекеттестік (визуалды басқару элементтері);

  5. Жұмысты істеуге қатысты кеңестер және пайдаланушының қателіктерінің алдын алу.


Скриншотты төмендегі терезеге салыңыз:




5-тапсырма.

Тапсырманы критерийлерге сәйкес орындау үшін AppInventor немесе басқа мобильді қосымшалар конструкторын (Thunkable, AppyBuilder) қолданыңыз, Blockly-кодтарын пайдаланыңыз.
Мобильді қосымшаның орындалатын файлын әзірлеуге қойылатын талаптар:

  • Қосымшаның скетч-макетін, wireframe прототипін әзірлеу;

  • Мақсатты аудиторияны есепке алып, мобильді қосымшаның мақсатын анықтау;

  • Ақпараттылық, ыңғайлылық, түсінікті навигация құрылымы;

  • Көркем безендіру, түстер мен қаріптердің үйлесімділігі;

  • Кодтағы шарттар мен циклдерді техникалық орындау, пайдалану;

  • Кодқа түсініктемелер мен пайдаланушының құжаттамасын, қосымшаның сипаттамасын әзірлеу;

  • Қателіктерді тестілеуді және оларды жою тәсілдерін құжаттау;

  • Жобаны белгіленген мерзімде орындау (тайм-менеджмент);

  • Мобильді қосымшада (Firebase) тіркелу және авторизациялау;

  • Қосымшаны көрсету және таныстыру

Қосымша коды мен интерфейсінің скриншотын төмендегі формаға орналастырыңыз:




Қалыптастырушы бағалау:

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма әзірлеңіз. Тапсырмаларға сәйкес дескрипторларды құрастырыңыз.


Пән ___________________________________________ Сынып

Бөлім __________________________________________________________________



Оқу мақсаты:




Бағалау критерийі

Білім алушы



Ойлау дағдыларының деңгейі




Тапсырма

Дескриптор: Білім алушы






ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ. BLOCKCHAIN ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Жасанды интеллект. Жасанды интеллектіні қолдану салалары


Оқу мақсаты:

10.3.1.2 өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллект қолдану саласын сипаттау;

11.3.4.2 өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллект қолдану саласын сипаттау


1-тапсырма. «Сөздер бұлты»

Сілтемені ашыңыз: https://wordart.com/kmed3fx1x2ev/artificial-intellige

Сөздер бұлтын қараңыз және келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

Бұлттағы қандай сөздердің мағынасын білмейсіз?

Жасанды интеллект дегенді қалай түсінесіз?

Сіз бұрын жасанды интеллектті қолдандыңыз ба?

Сіздің үйіңіздегі қандай құрылғылар жасанды интеллектіні қолданады және ол қалай қолданылады?





2-тапсырма «Жасанды интеллектіні қоғамда қолдану»

Жасанды интеллект (ЖИ) қоғамда қалай қолданылады? Мысал келтіріңіз.

ЖИ келесі бағдарламаларда қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалаңыз


Google Maps:



Netflix:

Яндекс такси/ Siri:



Facebook:


Ресурстарды пайдаланыңыз:

https://www.youtube.com/watch?v=hxI1SmcDBpk–Google Maps uses of AI

https://www.youtube.com/watch?v=axCBA3VD5dQ – Netflix uses of AI

https://www.youtube.com/watch?v=qjbwFj4EKJM - Яндекс.Такси

https://www.youtube.com/watch?v=-CRJLam3BNc – Facebook uses of AI
3-тапсырма. «Research»

Ұсынылған тізімнен жасанды интеллектінің бір саласын зерттеңіз: өнеркәсіп, білім беру, медицина, ойын индустриясы, экономика.

Таңдаған салада жасанды интеллектіні қолданудың нақты мысалдарын келтіріңіз, сонымен қатар осы саладағы жасанды интеллектінің артықшылықтарын көрсетіңіз.





Саралау: Интернеттің көмегімен жасанды интеллектіні өз қызметінде белсенді қолданатын ТОР10 компанияны және осы салада қолдануда пайдалы екенін дәлелдегеніне қарамастан жасанды интеллектті қолданудан түбегейлі бас тартатын ТОР10 компанияның тізімін келтіріңіз.





НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.

ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ


Оқу мақсаты:

10.3.1.1 машиналық оқыту принциптерін, нейрондық желілерді (нейрондық және синапстар) түсіндіру);

11.3.4.1 машиналық оқыту принциптерін, нейрондық желілерді (нейрондық және синапстар) түсіндіру;

11.3.4.4 жасанды интеллектіні әзірлеуде «мұғаліммен оқыту» әдісін қолдану ауқымын сипаттау



4-тапсырма. «Айырмашылық»

Төмендегі суретті қарастырыңыз, жасанды интеллект, машиналық оқыту және терең оқыту арасындағы айырмашылықтарды жазыңыз.



Жасанды интеллект

Машиналық оқыту

Терең оқыту









5-тапсырма. «Кестені толтыру»

Нәтижелерді таныстыру үшін төмендегі кестені пайдаланыңыз.




Машиналық оқыту тәсілі

Мұғаліммен оқыту

Мұғалімсіз

оқыту

Мұғалімнің ішінара қатысуы арқылы оқыту

Бекіте отырып оқыту

Оқыту ерекшеліктері












Міндеттер












Негізгі алгоритмдер












Артықшылықтары












Кемшіліктері












Қолдану мысалдары