Файл: Мектептегі информатика сабаы басымдытар жне жетілдіру стратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсы тыдаушыны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 465
Скачиваний: 34
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Мектептегі информатика сабағы:
басымдықтар және жетілдіру стратегиялары»
педагогтердің біліктілігін арттыру курсы
ТЫҢДАУШЫНЫҢ
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ
ҚАЗІРГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
Электрондық үкімет порталының функциялары.
Қазақстандағы цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау
Оқу мақсаты: 11.3.4.6 Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау; 11.6.2.2 электрондық цифрлық қолтаңбаның және сертификаттың мақсатын сипаттау; 11.6.2.3 электронды сандық қолтаңба қолдану алгоритмін сипаттау; 11.3.4.7 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау |
1-тапсырма. «Цифрлық сауаттылық» тақырыбы бойынша 10 сұрақ дайындаңыз. Сұрақтарды пайдаланып, Google Form сервисінің көмегімен өз әріптестеріңіздің (оқушылардың) арасында сауалнама жүргізіңіз. Зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды жасаңыз.
|
2-тапсырма.
1. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсат-міндеттері қандай?
(Ресурс: «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000827, https://digitalkz.kz/kz/o-programme/
Бағдарламаның әр бағытын жүзеге асырудың пайдасы қандай? Цифрлық мемлекеттің артықшылығы неде?
|
3-тапсырма.
ЭЦҚ-ны қолдану маңызын көрсету үшін мемлекеттік қызмет көрсету саласында «Бұрын қалай еді» және «Қазір қандай болды» инфорграфикасын құрып көрсетіңіз.
|
4-тапсырма.
Бүгінгі күні электрондық үкіметті қалыптастыру мен дамытудың төрт негізгі кезеңі аяқталды:
- Ақпараттық кезең
- Интерактивті кезең
- Транзакциялық кезең
- Трансформациялық кезең
Осы кезеңдердің мазмұнын сипаттаңыз
Ақпараттық кезең Интерактивті кезең Транзакциялық кезең Трансформациялық кезең |
IT STARTUP. CROWDFUNDING ПЛАТФОРМАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ. ЖОБАНЫ НАСИХАТТАУ
Оқу мақсаты: 11.5.3.1 Startup (стартап) түсінігін баяндау; 11.5.3.2 Crowdfunding (краудфандинг) платформасының жұмыс принциптерін сипаттау; 11.5.3.3 өнімді нарықта алға жылжыту және сату жолдарын сипаттау; 11.5.3.4 маркетингтік жарнама құру (инфографика, видео) |
5-тапсырма.
Стартаптың даму кезеңдерімен танысып, интернет қосымшасын жасауға бағытталған ІТ-стартаптың қадамдарын сипаттаңыз.
1. «Енгізу» кезеңі (Pre-Seed Stage)– идеяларды және оларды жүзеге асыру әдістерін іздеу.
2. Іске қосу (Startup Stage) – инфесторлардың қатысуымен өнімді нарыққа шығару. Өнім аналогтарынан артық болуы керек.
3. Өсуі (Growth Stage) – нарықтағы өнімге сұраныс, нарықтығы жоспарланған деңгейін дамыту.
4. Кеңейту (Expansion Stage) – бизнес-жоспардың мақсаттарына жету, жаңа нарықтарды игеру.
5. Шығу (Exit Stage) – компанияның даму шыңына жету. Инвесторлар өз үлестерін ірі компанияларға сатады
ІТ-стартаптың даму кезеңдері |
6-тапсырма. Қазақстандағы 10 үздік ІТ-стартапты сипаттаңыз (интернеттен іздеу және Тыңдаушыға арналған нұсқаулықты қараңыз)
|
7-тапсырма.
Краудфандингтің мүмкіндіктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз (краудфандингтік платформалар).
Краудфандингтің жақсы жағы | Краудфандингтің кемшілік тұстары |
| |
8-тапсырма.
Қазақстанда краудфандинг платформаларын дамыту.
Тыңдаушыға арналған нұсқаулықтағы материалмен (21-22-б.) және https://kz.astanahub.com/, https://egov.kz/cms/ru/astana-hub платформасымен танысыңыз.
Қазақстанда краудфандинг платформалары туралы қысқаша хабарлама дайындаңыз (ментальды картаны, кластерді және басқа да инфографика түрлерін қолданыңыз).
|
9-тапсырма.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жаңа жобалардың 21% -ы нарықта өз өнімдерін пайдаланатын мақсатты аудитория таба алмағандықтан жеңіліске ұшырағанын айтады. Неге осылай? Мұның себебі неде? Өз шешіміңізді ұсыныңыз.
|
10--тапсырма.
Сіз өзіңіз әзірлеген мобильді қосымшаны насихаттап бастағаныңызды елестетіп көріңіз. Оны жылжытуды бастамас бұрын, келесі сұрақтарға жауап беріңіз
Өнімді не үшін жылжытасыз? Көбірек сатып пайда тапқыңыз келе ме, әлде пайдаланушылардың сенімін күшейтіп жақтаушылардың санын көбейткіңіз келе ме? | |
Өнімді насихаттап, алға жылжытуға осы себептер жеткілікті ме? Сенімдісіз бе? | |
Насихаттауға бөлінген қаржы мөлшері қандай?? | |
Насихаттаудың табысты болғанын қалай бағалайсыз? | |
Тыңдаушыға арналған нұсқаулықтағы материалмен (28-29-б.) танысып, дайын өнімді насихаттау үшін сізге қандай құрал ыңғайлы/пайдалы болатынын сипаттаңыз.
|
11-тапсырма.
Төмендегі кестеде бәсекеге негізделген әртүрлі қаржылық мүмкіндіктерге сәйкес жобаны алға жылжыту/насихаттау бойынша ұсыныстар берілген (Хьюз Дж. «Нысананы дәл көздеу! IPhone және iPad қосымшаларының маркетингі» кітабынан).
Осы ұсыныстарды өз мобильді қосымшаңызды жылжытуға пайдалануыңызға бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз.
Инструмент: конкурс Конкурсқа қатысушылар жеңімпаздармен байланысу үшін аты-жөнін, электрондық поштасын, телефон нөмірлерін жібереді. Мақсаты: Конкурс өнімді алға жылжыту және жеңілдіктер ұсыну үшін тұтынушылардың базасын құруға көмектеседі. |
Бюджет көлемі | Алға жылжыту бойынша ұсыныстар |
Қаржыланбайды | Бағдарламаны шектеулі мерзімге ақысыз немесе төмендетілген бағамен пайдалануды ұсыныңыз |
500$-ға дейін | Конкурс: қосымшаны қолданудың ең креативті жолын ұсынған жеңімпазға IPhone немесе iPad-ны сыйлаңыз. Конкурс бірнеше айға созылуы керек. Конкурс: Үздік идея ұсынған адамға $100 сыйлық карталарын беріңіз. Сыйлықтар: сіздің қосымшаңызды қалай қолданатыны туралы айтқан барлық тұтынушыларға кітап, қосымшалар әзірлеу бойынша онлайн курстарға сертификат, футболка, бас киімдерді сыйлаңыз. |
1000$-ға дейін | Барлық алдыңғы нұсқалар немесе Конкурс: сіздің қосымшаны ең креативті және жаңашыл мақсатта пайдаланатын адамға MacBook сыйлаңыз. |
1000$-дан жоғары | Барлық алдыңғы нұсқалар немесе Конкурс: Бір жаққа саяхаттауды ұйымдастырыңыз. Веб-сайтта жеңімпаздың аты-жөнін және сіздің өнімді қалай пайдаланатыны туралы пресс-релиз жариялаңыз. |
|
12-тапсырма.
Өнімді (мысалы, мобильді қосымша) насихаттау үшін Pictochart онлайн-қызметінде баннерлік жарнама әзірлеңіз (piktochart.com). Қолайлы инфографикалық үлгіні пайдаланыңыз.
*https://www.renderforest.com, https://dashboard.supa.ru/ онлайн-сервистерін пайдаланып, бейне жарнама әзірлеуге болады.
|
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ. ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮДЕРІСІ
Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу. Бағалау критерийлері және ойлау дағдыларының деңгейлері. Дескрипторлар. Тапсырма түрлері.
1-тапсырма.
«Информатика» пәнінің оқу бағдарламасынан бірнеше оқу мақсатын таңдаңыз (ұзақ мерзімді жоспар, сынып). Оқу мақсаттарына бағалау критерийін құрастырыңыз. Бағалау критерийлерін ойлау дағдысының деңгейлерімен сәйкестендіріңіз.
Тексеру парағын қолданып, бағалау критерийлерінің сапасына сараптама жасаңыз.
Тапсырманы орындауға қатысты ұсынымдар:
Тапсырманы орындау барысында туындаған қиындықтарды жеңу үшін http://smk.edu.kz/ порталында ұсынылған пән бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағындағы мысалдарды қарастыруға болады.
Пән_____________________________________________________
Оқу мақсаты: | |
Бағалау критерийі | Ойлау дағдыларының деңгейі |
| |
| |
Пән_____________________________________________________
Оқу мақсаты: | |
Бағалау критерийі | Ойлау дағдыларының деңгейі |
| |
| |
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ
(бағалау критерийінің сапасына сараптама жасау)
Сипаттама | Критерий №______ | ||
Сәйкес | Сәйкес емес | ||
1 | Бағалау критерийі оқу мақсатымен байланысты | | |
2 | Бағалау критерийі нақты, анық және тиянақты | | |
3 | Бағалау критерийі бақылауға болатын (өлшенетін) нақты әрекетті сипаттайды | | |
4 | Бағалау критерийі ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес | | |
5 | Бағалау критерийі күтілетін нәтижелерді көрсетеді | | |
Бағалау критерийінің сапасы туралы жалпы қорытынды: | |||
□ Оте жақсы □ Ішінара түзетуді қажет етеді □ Түзетуді қажет етеді |
|
2-тапсырма.
А) Жабық тапсырма әзірлеу
Пәннің оқу бағдарламасынан (ұзақ мерзімді жоспар, сынып, тоқсан) оқу мақсатын таңдап, бағалау критерийін анықтаңыз. Оқу мақсатына сәйкес тапсырма әзірлеңіз:
1) бір дұрыс жауабы бар тест;
2) бірнеше дұрыс жауабы бар тест
Пән ___________________________________ Сынып _________
Бөлім:____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тақырып: _____________________________________________________________________________
Оқу мақсаты | |
Бағалау критерийі | |
Ойлау дағдыларының деңгейі | |
Тапсырма |
В) Сараптама жасау.
Тексеру парағын қолданып, тапсырмаларға сараптама жасаңыз.
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ
Жабық тапсырма |
|