Файл: Балаларды жасы 5 жас Жоспарды рылу кезеі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 53

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы Балтабай Адамбаев тірек орта мектебі

Мектепалды даярлық О «а» сыныбы

Балалардың жасы 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 1I-апта 06 – 10 наурыз 2022-2023 оқу жылы


Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі


Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің толық аты - жөнін атап сәлемдесуді үйрету. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту, бүгінгі ауа райы туралы балалардың ойын білу

Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен кеңес , әңгімелесу



Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру


Ата-аналармен әңгіме: Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.





Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс- әрекеті, кітаптарды қарау және басқалар)

Сөйлеп тұрған таңғы

радио:

«Нұр төккен,гүл көктем»

жайлы әңгімелесу

Мақсаты: сурақтарға толық жауап беруге үйрету.

Дидактикалық ойын: «Дала гүлдерін білесің бе?»

Көрнекілігі: көктем мезгілі суреті. Слайд суреттер.

Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру.

Технология:ақпараттық

Интеграция: қатынас,

Шығармашылық.

Қостілділік: көктем –весна,

Барысы: Көктем мезгіліндегі өсімдіктердің тіршілігі, шөптесін өсімдіктер ( 4-5 түрін), жидектер, саңырауқұлақтар туралы суретпен жұмыс жасау 

Мақал-мәтел: Бір ағаш кессең,жүз ағаш отырғыз

Сергіту сәті: Әуен қойылады. Балалар ілесіп, қимылдар жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көктем мезгіліндегі өсімдіктердің тіршілігі туралы;

Меңгереді: өсімдіктер ( 4-5 түрін), жидектер, саңырауқұлақтар туарлы білімдерін қалыптастыру

Үстел үсті театр ойыны:

Еріншектер:

Тық-тық, тық-тық,

Тұр орыннан бас бармақ,

Балң үйрек сен де тұр,

Ортан терек, сен де тұр,

Шылдыр шүмек сен де тұр,

Титтей бөбек қане тұр,

Саусақтарым, ал жүгір.





« Сәлем жаңа күн»

Д/ойын : «Жанды және жансыз табиғатты ажырат».

Жер,су,ауа.

Мақсаты: балаларға берілген тапсырманы тез шешуге,жылдам жауап беруге, ауада,суда не болатынын дұрыс айтуға төселдіру.

Қоршаған ортаға қамқорлық сезімін тәрбиелеу.Шапшаң жауап беруге баулу.

Еңбек тапсырмасы:

Балықтарға жем шашу

«Табиғат мінезі»

Дидактикалық ойын:

«Бұл қай кезде болады?»

«Көктем көрінісі»

Мақсаты: көктем мезгілінің ерекшелігін білу.

Шарты: суретке қарап әңгімелеу.

Еңбек тапсырмасы: Кезекшілікті ұйымдастыру

Табиғат ерекшеліктері туралы суретке қарап, қай мезгілде болатыны туралы әңгімелеу.

Ертеңгілік жаттығу


Таңғы жаттығу кешені № 9

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық (бұдан әрі-ҰІӘ)

Психомоторлық жаттығу:

Тәулiк бойы тынбайтын,

Болайықшы ақ жаңбыр. (Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)

Астан-кестен жауатын,

Өткiншi ендi бiз жаңбыр.

(Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiред)

Психомоторлық жаттығу:

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.




Психомоторлық жаттығу:

Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаңсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.


Психомоторлық жаттығу:

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жадырап,

Судай таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ҰІӘ


1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Сөйлеуді дамыту

Міндеті - Мамандықтар жайлы әңгіме жүргізу арқылы сөздік қорларын толықтыру

Мақсаты : Мамандықтармен таныстыру
–Өз ата-аналарың қандай жұмыс жасайды? Қандай мамандық иесі? Білесіңдер ме? Педагог балаларға М.Хакімжанованың «Кім немен ойнайды?» өлеңін мәнерлеп оқып береді
Теңізші болатын бала, Бұлақпен ойнайды.

Емші болатын бала, Сынаппен ойнайды. Батыр болатын бала, Қынаппен ойнайды. Жарықты жағатын бала, Шырақпен ойнайды.

Шопан болатын бала, Диқан болатын бала, Топырақпен ойнайды. Ғалым болатын бала, Кітаппен ойнайды.

Балаларға өлеңді екінші рет оқығанда, өлең жолдарында кездесетін мамандақтарды саусақтарымен санап отыруды тапсырады


Сауат ашу негіздері

Міндеті: - - Сөздердің жалпы атауын атауға, дыбыстық талдау жасауды үйретуді меңгерту

Мақсаты төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйретуді жалғастыру

Дидактикалық жаттығуы: «Дауыссыз дыбыстан басталатын сөз жалға»

Мен сендерге суретін көрсетіп сөз айтамын сендер тек дауыссыз дыбыстардан

басталатын мағынасына келетін сөздер жалғауларың керек. Мысалы: алма (қызыл), тон

(жылы), мысық ( сары), тышқан (кішкентай), қасық (темір), жастық (жұмсақ), кітап

(қызық), доп (жеңіл), ат (жүйрік), үстел (биік), кірпі (кішкентай), саңырауқұлақ (көп), алма

(үлкен), нан (жұмсақ), сабын (сопақ), арба (жалпақ), таңқурай (майда), құлпынай (дəмді),

банан (сары), кесе (əдемі), қалам (жасыл), етік (жылы), қозы (сүйкімді)... т.б.



Сауат ашу негіздері

Міндеті - Сөйлем құрауға, сөйлем сызбасын сызуға, сөйлемді мағынасына байланысты толықтыруға үйретуді жалғастыру

- Сөздердің жалпы атауын атауға, дыбыстық талдау жасауды үйретуді меңгерту (кірік,08.03)

Мақсаты , сөйлем туралы алған білімдерін пысықтау.

Дидактикалық жаттығу: «Сөйлемге қажетті сөзді қос»

– Мен сендерге бір сөзі жетпейтін сөйлем айтамын, ал сендер сөйлем дұрыс құрылу

үшін, мағынасы бойынша келетін сөз қосуларың керек.

Мысалы:

Əкем балғамен шегені ... (шегеледі).

Əжем шұлық ... (тоқыды).

Көбелек гүлге ... (қонды).

Бағдаршамда қызыл түс ... (жанды).

Құрылысшы кірпіш ... (қалады).

Дəрігер науқасты ... (емдеді).

Атам газет ... (оқыды).

Балалар далада ... (ойнады).

Əпкем ыдысты ... (жуды).

Ағай күй ... (тартты).

Дидактикалық ойын: «Сөйлемді толықтыр»

Мақсаты: Сурет бойынша сөйлемдерді құрауға, жай сөйлемдерді толықтыруға үйрету.

Көрнекілігі: «Аулада» тақырыбындағы мазмұнды сурет.

Мазмұны: педагог балаларға суретті көрсетіп, жай сөйлемді құрап айтады, мысалы:

Əсем ойнап жүр.

Балалар сөйлемді қайталап, бір-екі сөзді қосып айтады, мысалы: Əсем аулада ойнап

жүр.

Келесі бала тағы бір-екі сөзді қосады. Əсем аулада досымен ойнап жүр.

Көркем әдебиет

Міндеті: Өлеңді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту

Мақсаты: өлеңді жаттату арқылы тілдік бейнелілігін

сезінуге баулу.

Суретте не бейнеленген?

Əжесі мен немерелері немен айналысып жатыр?

Сен əжеңе қалай көмектесер едің?

2. Əжеңе не сыйлайсың? Суретін сал.

3. Есіңде сақта!

Асыл əжем, қуанышым, берекем,

Өнегенің өрісі де сен екен.

Педагог мағынасын түсіндіреді. Өнеге – үлгі деген мағынаны білдіреді

Үзіліс: Затты лақтыру мен қағып алуға арналған ойындар «Допты қуып жет»

Тынымсыз Тіл туралы ертегі жаттығулары:

Сыйқырлы айнаға қарап отырып, араның масаның , шегірткенің, жыланның дыбыстарын салып көр. Осы дыбыстарды Тынымсыз Тіл ұнатады ма соны байқа.

Ағайынды аралар.

Ағайында арарармыз,

Еңбек үшін жаралғанбыз.

-з-з-з-з-з

Шырын іздеп күні бойы

Гүл бақшаны аралаймыз

-з-з-з-з-з

(Үш саусағыңды түйістіріп, ұшып жүрген араларға ұқсат, әрбір екі жолдан кейін аралардың ызылдағанын сал.)

Жаман ара

Қалмай ұшып соңынан,

Ара қуды Мұратты.

-з-з-з-з

Шағып алып қолынан,

Досымызды жылатты.

-у-у-у-у

(Араның дауысы мен баланың ара шаққандағы дауысын сал)








Ойын: «Допты қуып жет»   

Мақсаты:  Балаларды ептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.Тәрбиешінің берген белгісін мұқият тыңдай білуге үйрету. 
Ойынның шарты: 
Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады.
Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек. Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын.











2 - ұйымдастырылған іс-әрекет




Қоршаған орта

Міндеті: - Қоршаған ортада, табиғатта тәртіп ережелерін білу

Мақсаты Қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрет

Тәрбиеші саңырауқұлақ жайлы мәлімет береді. Балалар сендер білесіңдерме? Орманға шыққанда қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек? Тәрбиеші балаларды екі топқа бөліп отырғызып, балаларға табиғатқа серуенге барғандағы қауіпті деп санайтын өсімдіктер мен жәндіктердің суретін жапсыруды, екінші орталықтағы балаларға қауіпсіз деп санайтын өсімдіктер мен жәндіктердің суретін жапсыруды ұсынады. Тәрбиеші ормандағы қауіпсіздік ережесі жайлы айтады.

Математика негіздері

Міндеті: Айлардың атауларын жыл мезгілдеріне қарай айту

Мақсаты уақытты бағдарлау дағдыларын қалыптастыру.
«Жыл бойы» (доппен) дидактикалық ойыны

Педагог допты лақтырып, сұрақ қояды:

Ақпан жыл ішінде нешінші ай?

Жылдың соңғы айы қандай?

Қазаннан кейінгі қандай ай?

Жаз айларын ата және т.б.

«Жыл мезгілі»

Ойын жаттығуы: «Мен бастаймын, сен жалғастыр»

Педагог бастайды, балалар жалғастырады.

Алдымен көктем, содан кейін ... жаз

Алдымен бүгін, содан кейін ... ертең

Алдымен қаңтар, содан кейін ... ақпан.

Олар педагогті мұқият тыңдайды, сөйлемді мағынасы бойынша жалғастырады.

Мұндай тапсырмаларды балаларды өздері құрастыруға шақыра аласыз.




Математика негіздері

Міндеті: -Уақытты бағдарлау дағдыларын қалыптастыру.

- Тәулік бөліктерінің ауысуын («кеше», «бүгін», «ертең»), оқиғалардың ретін («алдымен – содан кейін», «бұрын – кейінірек») анықтау (кірік.08.03)

Мақсаты Апта күндері, тәулік бөліктері, циферблат бойынша уақытты анықтауды ретімен атау біліктілігін бекіту

. Демонстрациялық материалмен жұмыс

Апта күндерін естеріне түсіреді. Аптаның бірінші, бесінші, жетінші күндерін атауды сұрайды.

«Жанды апта» дидактикалық ойыны

1-ден 7-ге дейінгі цифрлар араласып, педагогтің үстелінде бетімен төмен қарап қойылады. Балалар таңдаған карточкасының цифріне қарай ретімен қатарға тұрады, олар аптаның күндеріне айналды. Сол жақтағы бірінші бала алға қарай шығып:

«Мен Дүйсенбімін. Келесі қай күн?» т.с.с.

Ойынға қатыспаған балалар «апта күндеріне» тапсырма береді.

-Барлық демалыс күндерін атаңыз.

-Аптаның екінші күнін атаңыз.

Қоршаған орта

Міндеті: Өз өмірінің қауіпсіздігін сақтау (бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, ойнамау, бөтен машиналарға отырмау

Мақсаты . Таныс емес жағдайда өзін-өзі ұстау ережелерін түсіну.

Проблемалық сұрақ:

– Өмірде қауіпті заттар ғана емес, қауіпті адамдар да кездеседі.

Қандай адамдарды қауіпті деп санауға болады?

Балалар бейтаныс адамдардан келетін қауіп туралы

талқылайды.

Қорытынды: Өмірде мейірімді және жақсы адамдар өте көп,

бірақ өкінішке орай, жаман адамдар да бар. Адамның сыртқы

бейнесіне қарап, жаман ойлы екенін ажырата алмаймыз,

өйткені жаман адам өте әдемі, мейірімді болып көрінуі мүмкін.

Сондықтан барлық бейтаныс адамдардан алыс жүру керек

Ойын жағдаяты: Педагог балаларға алдын ала

дайындалған көрініс ұсынады.

Перде ашылып, ұлттық киім киген әдемі әже шығып,

мейірімді, сабырлы дауыспен былай дейді:

– Қалқам, маған су берші, шаршап, шөлдеп қалдым. Сен

қандай жақсы, мейірімді баласың, көмектесші маған.

Бала (үй иесі) есікті ашады, әжеге су ұсынады. Әженің

орамалы шешіліп қалғанда, балалар мыстан кемпірді көреді.

Ол қарқылдап күліп, балаға тап береді.

Келесі көрініс: Әдемі Ханшайым есік қағып, телефонмен

сөйлесу үшін кіруге рұқсат сұрайды. Бала есік ашқанда,

перде ішінен қолында қылышы бар Ханшайым шығады.

Қорытынды: Бөгде адамдарға сеніп, есік ашуға болмайды.

Егер бейтаныс адам есікті қағып тұрып алса, есікті

жұлқыласа, дереу полицияға хабарласу кере

Үзіліс: Жүгіруге арналған ойындар «Күн мен жаңбыр»
     

Тынымсыз Тіл туралы ертегі жаттығулары:

Шегіртке.

Ш-ш-ш-шегірткемін ш-ш-ш-шырылдақ,

Ән саламын ш-шырылдап:

-ш-ш-ш-ш-ш

Жоқ тұрақты мекенім,

Ш-ш-ш-шөпті қорек етемін.

-ш-ш-ш-ш-ш

(Шегіртке болып «ш»дыбысын айтып көр.)

Қоңыз.

Тым қатулы кескіні,

Жақтырмаймын ешкімді,

Үлкен қара қоңыздың

Дауысы алыстан естілді:

-ж-ж-ж-ж-ж

Мұндай сұмдық бола ма?

Келе салып сонаға

Гүжілдеді: «Бұл ж-ж-ж-жерге

Енді қайтіп ж-ж-ж-жолама!»

-ж-ж-ж-ж-ж

Көбелек пен инелік

Қалды тіптен именіп.

Мұңды әуен басталды

Шегірткеміз күйзеліп:

-ш-ш-ш-ш

Ызылдады ара да:

-з-з-з-з-з

Ызылдады маса да:

-з-з-з-з-з

Ал өрмекші үн түнсіз

Жасырынды тасаға

«Тыныштықты бүгінгі

Келді дағы бүлдірді»-

Деп қоңызға құмырсқа

Өз ренішін білдірді.

Ал қоңызға бәрібір,

Айтатыны: «Ары ж-ж-жүр!»

Жанында еш досы жоқ,

Гүж-гүж етіп әлі жүр.

(Балақай, ойыншық жәндіктермен үстел театрын жасап ойнауға болады. Әр жәндіктің сөзін айтып болған соң, оның дыбысын салуды ұмытпа)







Ойын: «Күн мен жаңбыр» 
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.
Ойынның шарты:Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды.
Ұсыныс: Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді
«терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды.



Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітап-

тарды қарау және басқалар)

Қимылды ойын: «Кім жылдам?».

Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру, жылдамдықтарын дамыту.

Жаттығу ойыны:

Орнында тұрып биіктікке секіру.

Мақсаты: секіре білу дағдыларын дамыту, жылдамдықтары мен күштерін есептей білу.

Қимылды ойын: «Орамал тастамақ»

Мақсаты:

-ойын шартын түсініп ойнауға, аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа баулу.

Жаттығу ойыны Затты нысанаға лақтыру.

Мақсаты: қол күштерін, көз мөлшерін дамыту




Қимылды ойын: «Қасқыр қақпан».

Мақсаты:

-белгі бойынша әрекет етуге баулу;

-жылдамдық, байқампаздық дағдыларын дамыту.

Жаттығу ойыны: Қимылдарын дамыту.

Мақсаты: секіру техникасын меңгерту (жіппен секіруге жаттықтыру).

Қимылды ойын «Үйсіз қоян».

Мақсаты:

—бір-біріне соқтықпай жүгіре білуді үйрету;

—жылдамдыққа және шыдамдылыққа

тәрбиелеу


Балалардың үйге қайтуы

Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.



Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.






Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.



Ата –аналарға кеңес

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.






























Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы Балтабай Адамбаев тірек орта мектебі

Мектепалды даярлық О «а» сыныбы

Балалардың жасы 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 1II-апта 13 – 17 наурыз 2022-2023 оқу жылы


Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі


Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің толық аты - жөнін атап сәлемдесуді үйрету. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту, бүгінгі ауа райы туралы балалардың ойын білу

Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен кеңес , әңгімелесу



Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру


Ата-аналармен әңгіме: Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.


Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс- әрекеті, кітаптарды қарау және басқалар)

Айналамдағы дыбыстар. Дыбыс

Мақсаты: Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз) ажыратып, дұрыс дыбыстау.



Дидактикалық ойын

«Бұл не? Кімге керек?»

Мақсаты: Балабақша қызметкерлері мен қажет құралдарымен таныстыру.


«Әдемі үйшік»

Мақсаты: Балалар өз еріктерімен үйшікті құрастыра алады.



Нан туралы тақпақ

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып, қастерлеп

Торғайларға тастаңдар!

Үстел –үсті ойыны:

«Менің балабақшам»

Мақсаты: Түрлі-түсті ағаштар көмегімен балабақшасын құрастыру.



Ертеңгілік жаттығу


Таңғы жаттығу кешені № 9

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық (бұдан әрі-ҰІӘ)

«Кім шапшаң»

Мақсаты : Балалар топтасып ойнай алады


«Тәрбиеші апайлар» тақпағын мəнерлеп оқу.

Мақсаты: Тақпағын қайталай отырып апайларын жақсы көре алады.


Тіл ұстарту жаттығулары

«Теңін тап»

Мақсаты:Балалар екі бірдей заттарды таба алады.



«Дүкенші»

Мақсаты: Балалар мағынасын түсініп топтасып ойнауды түсінеді.



«Не артық»

Мақсаты: Суретте көрсетілген артық суретті алып тастап, дәрігерге керекті заттардың суретін қоя алады.



Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ҰІӘ


1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Сөйлеуді дамыту

Міндеті Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолдану,

-Адамдардың қарым-қатынасын, олардың еңбекке қатынасын білдіретін үстеулермен байыту

Мақсаты : Тақырыпқа байланысты әңгіме құрауды үйрету.
–Ана! Бұл сөз жер бетіндегі әр елде бар. Ол – көркем, сүйкімді әрі ұлы сөз.

–Әрқайсымыздың да анамыз бар, дұрыс емес пе?

–Ендеше өз аналаларыңды суреттеп, «Менің анам» тақырыбына әңгіме құраңдар. Педагог балаларға көмек ретінде қосымша сұрақтар қояды:

–Анаңның аты кім?

–Кім болып жұмыс істейді?

–Анаңды сипаттап бере аласың ба? Ол қандай адам?

–Анаң сені жақсы көреді ме? Оны қайдан білесің?

Педагог қол көтерген балалардың бәрінің ойларын тыңдайды



Сауат ашу негіздері

Міндеті: - Сөздердің жалпы атауын атауға, сөздерді буынға бөлгізуге, сөздің дыбыстық сызбасын сызуға жаттықтыру арқылы зейіндерін дамыту

Мақсаты Сызбаға сəйкес дауыссыз дыбыстардан

басталатын сөйлемдер құрай білулерін жетілдіру

Дидактикалық жаттығуы: «Дауыссыз дыбыстан басталатын сөз қос»

– Мен сендерге сөздер айтамын сендер сол сөзге мағынасымен байланысты дауыссыз

дыбыстардан басталатын сөздер айтасыңдар.

Мысалы: жылы... (шұлық), тəтті ...(банан), қатты...( көмір), жасыл.... (шөп), қар...,

(пима), дəмді ... (жүзім), сұйық ... (тамақ), қара... (тон), қорқақ ... (қоян), қу ... (түлкі),

сүйкімді ... (мысық), пысық ...( қыз), ұзын ... (бала), ақылды ... (қыз), момын ... (қой), ұзын ...

(моншақ), сары ...(шаш), дəмді...( шай), тəтті... (торт), жасыл...( қияр), ұзын.... (бантик)

т.б.

Сауат ашу негіздері

Міндеті Сөйлем құрауға, сөйлем сызбасын сызуға, сөйлемді мағынасына байланысты толықтыруға үйретуді жалғастыру

Мақсаты Сызбаға сəйкес дауыссыз дыбыстардан

басталатын сөйлемдер құрай білулерін жетілдіру ,

Дидактикалық жаттығуы: «Дауыссыз дыбыстан басталатын сөз қос»

– Мен сендерге сөздер айтамын сендер сол сөзге мағынасымен байланысты дауыссыз

дыбыстардан басталатын сөздер айтасыңдар.

Мысалы: жылы... (шұлық), тəтті ...(банан), қатты...( көмір), жасыл.... (шөп), қар...,

(пима), дəмді ... (жүзім), сұйық ... (тамақ), қара... (тон), қорқақ ... (қоян), қу ... (түлкі),

сүйкімді ... (мысық), пысық ...( қыз), ұзын ... (бала), ақылды ... (қыз), момын ... (қой), ұзын ...

(моншақ), сары ...(шаш), дəмді...( шай), тəтті... (торт), жасыл...( қияр), ұзын.... (бантик)

т.б.

Дидактикалық жаттығуы: «Сөз жина, тез жина»

– Мен сендерге дыбыстарды айтамын, сендер алақандарыңды біріктіріп, кесе жасап

дыбыстарды жинап отырыңдар. Дыбыстар қалай айтылды, солай жиналуы керек, олардың

орнын ауыстыруға бір дыбысты түсіріп алуға болмайды. Сендер сөзді дұрыс жинасаңдар, сол

сөздің суреті тақтадан ашылады. Мысалы: - «к.ү.й.», - «б.ү.р.», - «ə.н.ш.і.», - «м.а.л.», -«ж.е.л.»,

- «б.а.қ.а.», - «б.а.л.а.п.а.н.», - «с.ə.б.і.з.», - «а.л.м.а.», - «а.р.б.а.», - «ж.ү.р.е.к.», - «д.ə.р.і.».


Сауат ашу негіздері

Міндеті Сөздердің жалпы атауын атауға, сөздерді буынға бөлгізуге, сөздің дыбыстық сызбасын сызуға жаттықтыру арқылы зейіндерін дамыту

Мақсаты Сызбаға сəйкес дауыссыз дыбыстардан

басталатын сөйлемдер құрай білулерін жетілдіру,

Таға сөзінде 2 буын, 4 дыбыс.

Т – қатаң дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.

А – жуан дауысты дыбыс, қызыл түспен белгілейміз.

Ғ – ұяң дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.

А – жуан дауысты дыбыс, қызыл түспен белгілейміз.

Сөзді қолды шапалақтап, буынға бөледі.

Педагог тақтаға тырма сөзінін сызбасын іледі.

Тырма сөзінде 2 буын, 6 дыбыс бар.

Т – қатаң дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.

Ы – жуан дауысты дыбыс, қызыл түспен белгілейміз.

. Р – үнді дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.

М – үнді дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.

А – жуан дауысты дыбыс, қызыл түспен белгілейміз

Көркем әдебиет

Міндеті: Өлеңді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту

Мақсаты: ауыз əдебиеті шығармалары негізінде салт-дəстүр туралы түсінік беру
Өлеңде не туралы айтылған?

– Өлең ұнады ма?

– Авторы кім?

– Қай мезгілде ағаштар бүршік жарады?

– Наурыз мерекесі қай уақытта тойланады?

– Қай уақытта малдар төлдейді?

– «Сары уыз» деген не?

Өлеңді суреттер бойынша қайтала.

Педагог мнемокестедегі суреттер арқылы өлеңді оқып береді, балалар қайталайды.

Наурыз айында күн мен түннің теңеліп, ұзақтығы бірдей болатыны туралы айтып

түсіндіреді



Үзіліс: Жүгіруге арналған ойындар «Торғайларп мен мысық»







Ойын: «Торғайлар мен мысық»
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 
Шарты:Жерді шеңбермен белгілеу керек /5-6м.диаметрмен/. Ортада тәрбиешімен тағайындалған бала жүреді – ол мысық. Қалған балалар шеңбердің сыртында- олар торғайлар. Мысық ұйықтап қалады.Торғайлар шеңбердің ішіне дән жеуге кіреді. Мысық оянып кетеді де, торғайларды көріп, оларды ұстай бастайды. Торғайлар шеңберден шығуға асығады. Шеңбердің ішінен мысыққа ұсталған торғайлар, шеңбердің ортасында қалады. Мысық 2-3 торғайды ұстаған соң, тәрбиеші жаңа мысықты таңдайды. Ұсталған торғайлар басқа ойынаушыларға қосылады. Ойын 4-5 рет қайталанады. 
Ұсыныс: мысық ақырын барыпторғайларды ұстайды (қатты ұстамай, ақырын ғана қолын тигізеді)











2 - ұйымдастырылған іс-әрекет




Қоршаған орта

Міндеті: - Мобильді құрылғыларды қолдану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін білу

Мақсаты Байланыс құралдары құралдарының бір-бірінен

айырмашылығы мен ұқсастығын түсіндіре отырып,

ойлай қабілеттерін дамыту
Компьютердің жалпы қызметі туралы не айта аласыңдар?

– Компьютер ақпараттық-байланыс құралға жатады. Компьютермен сурет салуға,

кино, мультфильмдер көруге, ойындар ойнап, хат жазуға т.б. көптеген іс-əрекеттерді

орындауға болады.

– Компьютер не үшін қажет?

– Компьютердің қызметі жайлы не білесіңдер? Оның құрылымы қандай?

Компьютер суретін көрсету. Құрылысы жайлы əңгімелеу. Балалар компьютер

туралы білетіндерін айтады.

– Компьютер – монитор (экран), клавиатура, процессор, принтер, дыбыс күшейткіш

колонкаларынан жəне «тышқаннан» (қозғалтқыш) тұрады.

Педагог ноутбук алып шығады.

– Мынау не? Бұны компьютер деп атауға бола ма?

– Ноутбук – компьютердің кішірейтіліп, өзіңмен бірге алып жүруге ыңғайланған

формасы.

Педагог ноутбукке алдын ала жазылып, дайындалып қойылған слайдтарды балаларға

көрсетіп, əңгімелейді.

– Балалар, біз компьютермен сөйлесе аламыз ба? Ал мына компьютер сендермен

сөйлескісі келіп тұр.

Математика негіздері

Міндеті: Апта күндері, тәулік бөліктері, циферблат бойынша уақытты анықтауды ретімен атау біліктілігін бекіту

Мақсаты Апта күндері, тәулік бөліктері, циферблат бойынша уақытты анықтауды ретімен атау біліктілігін бекіту
«Жанды апта» дидактикалық ойыны

1-ден 7-ге дейінгі цифрлар араласып, педагогтің үстелінде бетімен төмен қарап қойылады. Балалар таңдаған карточкасының цифріне қарай ретімен қатарға тұрады, олар аптаның күндеріне айналды. Сол жақтағы бірінші бала алға қарай шығып:

«Мен Дүйсенбімін. Келесі қай күн?» т.с.с.

Ойынға қатыспаған балалар «апта күндеріне» тапсырма береді.

-Барлық демалыс күндерін атаңыз.

-Аптаның екінші күнін атаңыз


Математика негіздері

Міндеті Циферблат бойынша уақытты анықтау

Мақсаты: Талдау, салыстыру, қарапайым тұжырымдар жасау; зейін, жад, сөйлеу дағдысын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту
демонстрациялық материалмен жұмыс.

- Суреттерді қараңдар.

-Бірінші суретте не бейнеленген?

- Екінші суретте не бейнеленген? (Үшінші, төртінші).

Әр суреттің астына осы оқиғалардың қандай тәртіппен жүретіні туралы өз нөмірі бар карточка қойыңыз. Бұл қай кезге қатысты сөздер екенін атауды ұсынады. Таңертең, кеш, күн, түн сөздерін дұрыс ретпен қайталауды сұрайды

Математика негіздері

Міндеті: Циферблат бойынша уақытты анықтау

Мақсаты Талдау, салыстыру, қарапайым тұжырымдар жасау; зейін, жад, сөйлеу дағдысын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту

.

3-тапсырма

Педагог уақытты циферблатпен айту қаншалықты маңызды екенін сұрайды. Суретте не бейнеленген? Сағат неше болғанын көрсетіп тұр? Циферблатта қандай сан жетіспейді? Жазуды ұсынады.

4-тапсырманы орындау

Суреттегі айырмашылықтарын табады. Қанша айырмашылық тапса, сонша дөңгелек салады. Суреттерді бірдей етіп жасайды

Қоршаған орта

Міндеті: Мемлекеттік мерекелердің Наурыз мейрамы маңыздылығын түсіну

Мақсаты наурыз мейрамы туралы түсінік беру, ұлттық ойындар арқылы балалармен математикалық тапсырмаларды орындап, өткен тақырыпты бекіту және көктем гүлдерінің түрлерімен таныстыру, шығармашылық жұмыстарға баулу.
Балалар, сендер білесіңдер ме наурыз айында қандай мейрам болатынын?

- Наурыз мейрамын біздің халқымыз қалай тойлатады? Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

- Балалар, Наурыз мейрамына барып, қатысқыларын келе ме?

- Олай болса барлықтарымыз орнымыздан тұрып, Наурыз мейрамға ән айтып барайық.

Балалар, біздің топта да білім алға бассың. Бүгін біз мейрамда түрлі ұлттық ойындар ойнап, жарысайық. Қыдыр Атамызға өз білімдерімізді көрсетейік. Балалар, ойын ойнап, жарысамыз ба?
Қыдыр Ата
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, жауабын тауып көріңдерші.

Жұмбақ

Құлпырса, қадірлейді, аялайды.

Құраса сыпырғышқа жарамайды.

– Бұл не?

-Жарайсыңдар балалар, сендер менің жұмбағымның жауабын шештіңдер, мен сендерге осы көктем гүлдерін сыйлаймын.

Үзіліс: Қимыл-қозғалысқа арналған ойындар

«Күн мен түн»
     









Ойын:“Күн мен түн”

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 

Шарты:“Күн” мен “Түн” деген екі топ алаң ортасындағы сызықтан 1,5-2м рақашықтықта бір-біріне арқасымен қарап тұрады. Жүргізуші біресебір, біресе екінші топты атайды. Аталған топ сол сәтте өз үйінежүгіреді. Басқа топ ойыншылары айналып, қашып бара жатқанқатысушыларды ұстап қалуға тырысады. Содан соң топтар орнына

қайта оралады. Ұсталған ойыншылар саны есептелінеді. Жүгіріс

бірнеше рет қайталанады. Өзге топтың ойыншыларын көп ұстаған топ жеңіске жетеді.

Ереже:

1.Өз үйіне белгі берілмей тұрып жүгіруге тыйым салынады.

2. Тек үйдің сызығына дейін ғана ұстауға болады.

3. Ұсталған ойыншылар есептелген соң қайтадан ойынға кіреді.