ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 256
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.2 айдан 5 жасқа дейінгі балаларда жалпы қауіпті белгілеріне жатады (БШАЫЕ):
А. Жөтел, жиілінген тыныс алу
В. Летаргия, ес-түссіз
С. Қызба, бөртпелер
D. Мазасыздық, ашуланшақтық
Е. Құлақтың ауырсынуы, іріңді бөлінділер
2.Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу (БШАЫЕ) бойынша ауыр анемия белгілеріне жатады:
А. Алақандарының көрнекті бозаруы
В. Алақандарының шамалы бозаруы
С. Алақандарының көрнекті сарғаюы
D. Алақандарының шамалы сарғаюы
Е. Көзге көрінетін қатты азу
3.Сәбиді емізуді қате ұстау белгісіне (БШАЫЕ) жатады:
А. Сәбидің аузы барынша ашық болады
В. Сәбидің иегі емшекке тиіп тұрады
С. Астыңғы еріні сыртқа шығыңқы болады
D. Астыңғы еріні ішке шығыңқы болады
Е. Емшектің басым бөлігі астынан емес, үстінен көрініп тұруы керек
4.Дені сау табиғи тамақтандырған балаға қосымша тамақты қашан береді?
A. 4 айдан бастап
В. 5 айдан бастап
С. 6 айдан бастап
D. 7 айдан бастап
E. 8 айдан бастап
5.Кандай мақсатпен емшек жасындағы балаға рационына жеміс шырындары мен алма пюресін енгізеді?
А. Минералдық тұздармен толықтыру
В. Ақуызбен толықтыру
С. Майымен толықтыру
D. Майда еритін дәрумендермен толықтыру
E. Суда еритін дәрумендермен толықтыру
6.Жіті диарея деп есептеледі, егер:
А. Диарея 10 күнге дейін созылса
В. Диарея 12 күнге дейін созылса
С. Диарея 14 күнге дейін созылса
D. Диарея 16 күнге дейін созылса
E. Диарея 18 күнге дейін созылса
7.Қабылдауға 3 айлық баласымен анасы келді. Мешелді алдын алу мақсатымен балаға D витамин тағайындалды. D витаминнің алдын алу дозасы:
A. 250 ХБ
В. 500 ХБ
С. 1000 ХБ
D. 1500 ХБ
E. 2000 ХБ
8.Уілдеп дыбыс шығарады, өз есіміне қарайды, сөздің буындарын қайталайды, бөлек сөздерді түсінеді. Баланың қай дамуы туралы айтылған?
А. Шығармашылық даму
В. Музыкалық дамуы
С. Физикалық дамуы
D. Нервтік-психикалық дамуы
Е. Моторлық дамуы
9.Нәрестеде жалпы 4 қауіпті белгілерінің бірі болса, оны шұғыл түрде ауруханаға жіберу керек. Қауіпті белгіні көрсетіңіз:
А. Нәресте нашар емеді
В. Қатты жөтеледі
С. Осы ауыру кезінде тырысу
D. Мазасызданады
Е. Қатты жылайды
10.Нәрестеде өмірінің 8-ші күні табиғи қатпарларында қабыну белгісі жоқ мономорфты дақты бөртпелер шықты. Сіздің болжамалы диагноз:
А. Нәрестенің флегмонасы
В. Баздану
С. Стрептодермия
D. Везикулопустулез
Е. Тілме
11.Ауыр сусызданумен өтетін диарея болса, бала сусын іше алмаса, сұйықтықты тамырішілік енгізу тағайындалады. Ауыр сусызданумен өтетін диареяда қандай ерітінді тамырішілік енгізіледі?
А. 5% глюкоза ерітіндісі
В. 40% глюкоза ерітіндісі
С. Регидрон ерітіндісі
D. Реополиглюкин
Е. Рингер лактат ерітіндісі
12.Баланың моторлық қызметтерін бағалау кезінде неге көңіл аудару керек?
А. 2 айлық бала аударылмайды
В. 9 айлық бала сүйеніп тұра алмайды
С. 4 айлық бала тіреусіз отыра алмайды
D. 6 айлық бала еңбектей алмайды
Е. 2 айлық бала басын көтере алады
13.Медбике жаңа туылған нәрестеге қандай жиілікте бару керек?
А. Аптасына 1 рет
В. Аптасына 2 рет
С. Айына 1 рет
D. Айына 2 рет
Е. 2 айда 1 рет
14.Аймақтық медбике 4 айлық баланың үйіне вакцинацияға шақырту мақсатында келді. Баланың аурғанына 2 күн болғаны белгілі болды. Тәулігіне үш рет көп сұйықты нәжіс мазалайды. Тексеру кезінде жалпы қауіпті белгілері жоқ. Бала мазасыз, көзі шүңіреймеген, тері қатпарлары тез жазылады. Егер Сіз диареяны үйде емдеудің А жоспарын таңдасаңыз, бала қанша сұйықтық мөлшерін ішу керек?
15.А. Әр сұйық дәреттен кейін 50-100 мл
В. Әр сұйық дәреттен кейін 100-200 мл
С. Әр сұйық дәреттен кейін 20-30 мл
D. Әр сұйық дәреттен кейін 10-20 мл
Е. Әр сұйық дәреттен кейін 30-40 мл
16.БШАЫЕ бағдарламасы бойынша 6 айдан бастап емшек еметін балаға қосымша тамақты беру жиілігі:
А. 1 рет
В. 3 рет
С. 5 рет
D. 7 рет
Е. 8 рет
17.4 жасар балаға «Жедел ішек инфекциясы, энтероколит синдромы» диагнозы қойылды. Қандай емдік диетаны тағайындау керек?
А. №1 диета
В. №2 диета
С. №3 диета
D. №4 диета
Е. №5 диета
18.53 см ұзындығы, салмағы 3500 г., тірі дені сау ұл баланы 28 жастағы босанушы дүниеге алып келді. Сәби туылғанда: жүрек соғысының жиілігі минутына - 120, терісі қызғылт, дем алуы ырғақты минутына - 16, гипертонус. Жаңа туған сәбиге Апгар шкаласы бойынша қанша балл беруге болады?
А. 2-3 балл
В. 4-5 балл
С. 5-7 балл
D.8-9 балл
Е. 9-10 балл
19.Нәрестеге 20 күн. Анасының айтуы бойынша бала таңертең емізгеннен кейін бір рет құсқан, 1 сағаттан кейін құсу қайталанды, бір рет тырысу болды. Анасы жедел жәрдем шақырды. Дене температурасы қалыпты. Баланың есі анық. Анамнезінен: бала бірінші жүктіліктен, бірінші босанудан 38 апта мерзімінде туылды, жүктілік ерекшеліктерсіз, гестозсыз өткен. Инфекциялық аурулармен қарым-қатынас болмаған. 20 күн ішінде нәресте ауырмаған. Сіздің әрекетіңіз:
А. Үйде қалдыру, ем тағайындау
В. Шұғыл түрде емханаға жолдама беру
С. Дәрі-дәрмек енгізу, анасына күтім бойынша кеңес беру
D. Шұғыл түрде госпитализациялау
Е. Дәрі-дәрмек енгізу, анасына учаскелік педиатрды шақырту
20. 9 кг салмақпен 12 айлық балада 4 күн бойы сұйық нәжіс байқалады, дене қызуы 37,50С. Жалпы қауіпті белгілері жоқ, қабағы ісінген, сұйықтықты ұсынғанда шөліркеніп ішеді, тері қатпарлары 2-3 секундтан кейін жазылады. БШАЫЕ бағдарламасы бойынша осы диарея қалай жіктеледі?
А. Сусыздану жоқ
В. Орташа сусыздану
С. Созылыңқы диарея
D. Ауыр сусыздану
Е. Дизентерия
21.Дәрігер жас анамен жаңа туылған нәресте күтімі жайлы әнгімелесуде. Бес ұсыныстың төртеуі кенеттен болатын өлімнің алдын алуға арналған. Жалпы ұсынысты көрсетіңіз:
А. Нәрестені емізу кезінде дұрыс ұстау
В. Баланы арқасымен жатқызу
С. Қатты жөргектеуден сақтану
D. Ұйықтаған кезде нәрестенің бетін жаппау
Е. Бала ұйықтап жатқан бөлмеде темекіні шекпеу
22.Ерте жастағы балалардың жиілінген тыныс алу шегін анықтау үшін балалар жасына қарай үш топқа бөлінеді: 2 айға дейін, 2 айдан 12 айға дейін, 12 айдан 5 жасқа дейін.
2 айға дейінгі баланың жиіленген тыныс алу шегін анықтаңыз?
А. 1 минутына 60 және одан жоғары
В. 1 минутына 50 және одан жоғары
С. 1 минутына 40 және одан жоғары
D. 1 минутына 30 және одан жоғары
Е. 1 минутына 20 және одан жоғары
23.6 жасар бала. Шағымдары: дене қызуының 38,60С дейін көтерілуі, жұтынған кезде тамағының ауырсынуы, әлсіздік. Қарау кезінде жұтқыншақтың (анқаның) гиперемиясы, бадамша бездерінде ақшыл түсті қабық. Ішкі мүшелер бойынша ешқандай ерекшеліктер жоқ. Дифференциалды диагностика дифтериямен жүргізу үшін өткізу керек:
А. Қанның жалпы талдауын
В. Леффлер бацилласына жағынды алу
С. Несептің жалпы талдауын
D. Қақырықты бактериологиялық зерттеу
Е. Қақырықты микроскопиялық зерттеу
24.Процедуралық кабинетте көк тамырдан қан алу кезінде 6 жастағы қыз бозарып, есін жоғалтты. Алғашқы көмекті неден бастау керек?
А. Горизонталды қалыпта жатқызу, бас жағын көтеру, дәрігерді шақыру
В. Бір қырымен жатқызу, аяқ жағын көтеру, дәрігерді шақыру
С. Бір қырымен жатқызу, аяқтарын бүгу, дәрігерді шақыру
D. Горизонталды қалыпта жатқызу, басын артқа қарай шалқайту, дәрігерді шақыру
Е. Горизонталды қалыпта жатқызу, аяқ жағын көтеру, дәрігерді шақыру
Нәрестеге 12 ай бұрын перзентханада БЦЖ вакцина енгізілген. Вакцинация жасалғандығын және ағзаның туберкулез микобактериясына спецификалық қорғанышы бар екендігін білдіретін екпелік реакциясын көрсетіңіз:
А. Дақ
В. Папула
С. Қабыршық
D. Тыртық
Е. Везикула
25.11 жастағы қыз бала 1,5 ай бойы ауырған. Бетінде «көбелек» тәрізді бөртпе шыққан, мезгіл-мезгілде деформациясыз полиартрит көріністері байқалады. Ауыз қуысында ұсақ бөртпелер. Аускультация кезінде плевраның үйкеліс шуы естіледі. Қанның жалпы талдауында: гемоглобин (Hb) – 73 г/л, эритроцитер -2,8×1012/л, ЭТЖ-61 мм/сағ. Протеинурия: 0,33-0,66 г/л. Бұл көріністер қандай ауруға тән?
А. Жүйелі қызыл жегі
В. Ревматоидты артрит
С. Түйінді периартрит
D. Ревматикалық қызба
Е. Дерматомиозит
26.Сізге бір жасар баланың анасы баласының тәбетінің төмендеуі, әлсіздігіне шағымданды. Қарау кезінде тері жамылғысы мен шырышты қабаттары бозарған, жүрек ұшында систолық шуыл естіледі. Қанның жалпы талдауында: гемоглобин (Hb) – 72 г/л, эритроциттер -3,1×1012/л, түсті көрсеткіші - 0,7. Сіздің болжамды диагнозы:
А. В12 -тапшылықты анемия
В. Ақуыздар тапшылықты анемия
С. Гемолитикалық анемия
D.Теміртапшылықты анемия
Е. Гипопластикалық анемия
27.Жасөспірім дене температурасының 38-39⁰С дейін жоғарылауына, басының ауруына, жұтынған кезде тамағының ауырсынуына, саливация жоғарлауына шағымданады. Фарингоскоппен қарағанда: бадамша бездерінің ұлғаюы және гиперемиясы, бадамша бездерінде диаметр 1-3 мм бірнеше домалақ сарғыштау нүктелер. Пальпация кезінде аумақтық лимфа түйіндерінің ұлғайғаюы және ауырсынуы анықталды. Болжамды диагноз қойыңыз:
А. Катаральдық баспа
В. Фолликулярлық баспа
С. Лакунарлық баспа
D. Фибриноздық баспа
Е. Ошақты жаралы-некротикалық баспа
28.Бірінші сынып оқушыларына БЦЖ ревакцинациясының алдында Манту сынамасы жүргізілді, 2 оқушының Манту сынамасының нәтижесі оң болды. Манту сынамасының қай нәтижесі оң болып саналады?
А. Инфильтрат (папула) 5 мм және одан астам
В.Инфильтрат (папула) 2-4 мм
С. Инфильтрат (папула) 0-2 мм
D.Инфильтрат15 мм және одан астам
Е. Инъекция орнында гиперемия
29.Фебрильды қалтырау, тамағының ауырсыну, теріде петехиялар, қандағы гиперлейкоцитоз, дифференциалданбаған жасушалар, "лейкемиялық ойық" келесі аурудың белгілері:
А. Созылмалы миелолейкоз
В. Созылмалы лимфолейкоз
С. В12 -тапшылықты анемия
D. Жіті лейкоз
Е. Теміртапшылықты анемия
30.Балаға 1 жас 7 ай. Кенеттен жөтел пайда болды, 15 минуттан кейін ентігуге шағымданады. Қарау кезінде: дене қызуы қалыпты, бала белсенді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде ысқырықты сырылдар естіледі, перкуторлы қорапты дыбыс. Сіздің болжамды диагноз:
А. Бронх демікпе
В. Жіті ларинготрахеит
С. Жіті пневмония
D. Жіті бронхит
Е. Бронхтың бөгде заты
31.Балаға 2 ай. Барлық екпелерін ҚР ұлттық күнтізбесіне сай алған. 3 айында кезекті вакцинацияға шақырылды. 3 айлық бала қандай екпелерді алу керек?
А. АбКДС, ВГВ
В. АбКДС, Хиб, ИПВ
С. АбКДС, ИПВ
D. БЦЖ, ВГВ
Е. ККП, ОПВ
32.Теміртапшылықты анемия жеңіл дәрежесі анықталған баланың ата-анасына тамақтандыру рационы бойынша, берілетін ұсыныстарды таңдаңыз:
А. Ет, балық, субпродукты, қарақұмық және тары ботқасын пайдалану
В. Сүт, сүт қышқылдар өнімдерін пайдалану
С. Жеміс, көкөніс салаттары, винегрет, көкөніс консервілерін пайдалану
D. Көкөніс сорпалар, диеталық шұжықтар, ботқалар, макарон пайдалану, тұзды шектеу
Е. Ет, балық, субпродукты, саңырауқұлақтар, бұршақ тұқымдастарды шектеу
33.3 жастағы балада бала бақшада дене қызуы 37,80С көтерілді, шамалы мұрыннан су ағу, ақшыл сұйығы бар жұқа күлбірек тәрізде бөртпе бетке, кеудесіне, арқасына, қол-аяққа, бастың шаш өскен жерлеріне шықты. Жұтқыншақ (анқа) шамалы қызарған. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
А. Қызылша
В. Скарлатина
С. Желшешек
D. Қызамық
Е. Аллергиялық дерматит
34.5 жастағы балада дене қызуы 400С көтерілуі, бірнеше рет құсу, бас ауыруы байқалды. Ауру басталғаннан 10 сағаттан кейін бүкіл денесінде, көбінесе жамбас, сирақ, бөкселер аймағында жұлдыз тәрізді, геморрагиялық бөртпе пайда болды. Сіздің болжамды диагноз:
А. Стрептококкты инфекциясы
В. Менингококкты инфекциясы
С. Геморрагиялық васкулит
D. Тромбоцитопениялық пурпура
Е. Иерсиниоздық инфекция
35.Медбике (фельдшер) 4 жастағы ауру баланың жағдайын білу үшін үйіне барғанда анықтады: жөтел, дене температурасының жоғарылауы, тамақтан және судан бас тартуға шағымданады. 3 күн бойы симптоматикалық ем қабылдаған, ем нәтижесіз. Қарау кезінде тері жамылғылары бозарған, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы байқалады, өкпеде тыныс әлсіреген, оң жақ төменгі бөлігінде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Пневмонияға күдікпен бала ауруханаға жіберілген. Шұғыл госпитализация көрсеткішін көрсетіңіз.