Файл: Станция 1. Жарааттара (ауруханаа дейінгі) медициналы кмек крсету Тапсырма.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 106

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Станция № 5. Анафилактикалық шок кезінде медициналық көмек көрсету (ауруханаға дейінгі)

Тапсырмалар:

1. Шұғыл көмек көрсетіңіз.

Әрекет алгоритмі



Қадамдар

Әрекет алгоритмі

1

Науқастың жағдайын бағалау

Аллергеннің организмге түсуін тоқтату Пациенттің жағдайының ауырлығын бағалаңыз және дәрігерді шақыруды қамтамасыз етіңіз

АҚ, ЖЖЖ, ТЖ, сатурация мониторингін қамтамасыз ету.

2

Пациентті

шокқа қарсы іс-шараларды жүргізуге дайындау

Пациентті жатқызып, тілін ұстау, басын бүйіріне қаратыңыз, төменгі жақсүйекті алға тартып, ауыз қуысын тазалаңыз, аяғын көтеріңіз (Тренделенбург қалпы)

3

Тамыр ішіне кіруді қамтамасыз ету

Шеткергі тамырды катетерлеу. Катетерлер №14,16

4

Пациенттің организмін оттегімен қамтамасыз ету

Таза ауаның келуін қамтамасыз ету. Ылғалданған оттегіні беру

5

Анафилаксиялық шокты емдеу үшін негізгі дәрілік және медициналық құралдарды дайындау

Шокқа қарсы іс-шараларды жүргізу үшін қажеттінің барлығын дайындау:

Шокты емдеуге арналған негізгі дәрілік заттардың тізбесі

дәрілік заттарды в/і тамшылатып енгізуге арналған жүйе, әртүрлі көлемдегі шприцтер,

ӨЖЖ аппараты (Амбу қабы) кеңірдекті интубациялауға арналған жиынтық (болған жағдайда)

«небулайзер» аппараты

6

Шұғыл көмек көрсету бойынша іс-шараларды орындау

Дәрілік заттарды енгізуді қамтамасыз ету:

санның алдыңғы немесе бүйір бетіне 0,18% эпинефрин ерітіндісі 0,5 мл, тиімділігі болмаған жағдайда 5 минуттан кейін б/і қайта енгізу; 50 мкг 0.18% эпинефрин ерітіндісі 500 мл физ. ерітіндімен в/і тамшылатып енгізу.

инфузиялық ем жүргізу (коллоидты және кристаллоидты ерітінділерді енгізу 0,9% натрий хлоридінің









изотоникалық еріт. 1-2л.

глюкокортикостероидтарды енгізу: 60 - 90 мг (120 мг дейін) преднизолон ерітіндісін вена ішіне енгізу,

немесе дексаметазон 8-32 мг, немесе

гидрокортизон 200мг б/і немесе в/і баяу.

7

Бронхоспазм кезінде бронхолитикалық терапияны жүргізу

Натрий хлоридінің 2,5 мл изотоникалық еріт-де 2,5 мг сальбутамол ерітіндісін ингаляциялау арқылы (небулайзер арқылы) енгізу.

8

Десенсибилизациялаушы ем жүргізу

Гемодинамика тұрақтанғаннан кейін антигистаминді (десенсибилизациялайтын) дәрілік заттарды енгізу:

препараттардың бірі болған кезде: хлоропирамин ерітіндісі 2% - 1-2 мл,

немесе дифенгидраминді 1%- 1 мл б/і немесе в/і енгізу

9

Реанимациялық

іс-шараларды жүргізу (қажет болған жағдайда)

Реанимациялық

іс-шаралар жүргізу (жүректің жабық массажы, жасанды тыныс алу, интубация).

10

Аяқтау

Реанимация бөліміне жатқызу.



Орындау уақыты-10минут