Файл: Лекция 1. Кіріспе. Мдениет ымы жне оны мні Мдениеттануды зерттеу обьектісі жне пні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 259

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


XXI ғасырда орын алатын сол ғаламдық өзгерістер міндетті түрде қазақ халқының рухани мәдениетіне де белгілі бір ықпалдар жасап отырғандары белгілі және ол заңды да. Қоғамның бір күйден екінші күйге ауысуындағы ахуалды тікелей өз мүддесіне сай пайдалана отырып, қазақ қоғамына діни-идеологиялық, рухани-әдептік экспансия жүргізіп жатқан жақтары да жоқ емес. Сол себептен бүгінгі Батыс қауымын дендеп тарап отырған кейбір келеңсіз дерттен рухани мәдениетімізді кез келген деңгейінде аман алып қалу мәселесі қазіргі заманның туындатып отырған өзекті мәселелерінің бірі. Яғни қазіргі заманның озық рухани мәдениетінің мәселелерін анықтауда әрі оларды насихаттауда, оның құндылығын өз халқымызға түсіндіруде мәдениеттанудың да үлесі зор болмақ.

Дәстүр түптеп келгенде адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін өтеуге негізделген, сол себепті ол замана талаптарына сай өзгеріске түсіп немесе жаңартылып отырады. Қазіргі техногендік өркениет функционалды рационалдылығымен, тартымдылы-ғымен, ыңғайлығымен ерекшеленіп, адамның өмір-қамының жеңілдігін қамтамасыз етеді. Ма-териалдық байлыққа, өмірлік жақсы жағдайға деген қажеттілік, өзінің тұрмыстық жағдайын түзеуге деген ұмтылыс азаматтық өркениет дамуының қуатты ынталандырушы күші болып табылады.

Әрине кез-келген өзгеріс біржақты болып келмейді, оң өзгерістермен қатар батыстың бұқаралық мәдениетінің келеңсіз үлгілері жастардың санасынан орын ала бастағаны белгілі. Қазақы көркем сөзді игеру дамытылмай батыстық әңгімелердегі жаргондар мен әр түрлі салалардағы ұғымдардан бастап, жарнамалар мен оқыту үлгі-қалыптарының сай келмейтін кейбір жақтарына дейін күнделікті өмірге толығымен енді. Қазақ болмысының жат қасиеттеріне бұрындары өте сирек кездесетін қылықтар мен құбылыстар қосылды: жұмыссыздық, жезөкшелік, саудагершілік, зинақорлықпен қатар қылмыстық әлемде кісі өлтіру, әйел зорлау, өз-өзіне қол жұмсау т.с.с.

2.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы барысындағы ең маңызды міндет республиканың болашақ азаматтарын тәрбиелеу, оларға терең кәсіби білім берумен қатар, ортақ мәдениет, нағыз зиялылық және моральдық қасиеттерді бойына дарыту болып табылады. Әрине, бұл салада қоғамдық пәндердің атқаратын ролі үлкен.

Қоғамымызда білім берудің жаңа моделіне өту барысыңда орта оқу орындарында этика, эстетика, дүниетаным сияқты пәндерді енгізу аса маңызды шаралардың қатарына жатады. Бұл пәндер оқушылардың рухани және көркемдік құндылықтар туралы түсінігін және туған өлкеміздің мәдени жетістіктері мен әлемдік мәдениеттің дамуы тарихындағы алатын орны туралы ұғымын кеңейтеді.


Қазіргі уақытта мәдениет адам болмысының эпицентрі ретінде пайымдала бастады. Кез-келген ұлт немесе халық өзіндік ерекшеліктерін жоғалтпай мәдени бірегейлігін сақтаған жағдайда ғана өмір сүре және дами алады деген көзқарас бекіді. Әрине біздің ерекшелігіміз, сол өзге халықтармен, ұлттармен әрекеттесе, мәдени құндылықтарымен алмаса отырып дами аламыз.

Рухани жаңару - өте күрделі және қиын үдіріс. Тарихта әрбір халық өзіне тиімді рухани мұратты іздеп және күні бүгінге дейін құру жолында. Ондай рухани мұрат негізінде рухани мәдениеттің құрамдас бөліктерінен орын алады. Сол жалпыадамзаттық құндылықтардың ішінде қазақ халқына тән құндылықтар-антиномиялары мынадай: «өмір - өлім», «махаббат - жеккөрушілік», «еркіндік - еріксіздік», «сенім - сенімсіздік», «әдемілік - сұрықсыздық», «ақиқат - адасушылық», «шындық - жалғандық», «бақыт- бақытсыздық», «әділеттілік - әділетсіздік», «байлық - кедейлік» және т.б.

Рухани кеңістікті құрайтын элементтер көп. Солардың ішіндегі оның мәнін терең де ауқымды анықтайтындар бұл қазақ халқының аңыз-әңгімелері, әдебиеті, рухани мәдениеті мен оның түрлері, рухани қазынаның басқа да элементтері. Олардың даму деңгейі, қоғамдық өмірге тигізетін әсері және қоғамдық сананы белгілеудегі алатын орны ерекше.

Адам бостандыққа ие болады, ал рухтың бостандығы - адам табиғатының негізгі қасиеті. Осы қағида әзірше тек сана арқылы түсінілуде, ал оны жүзеге асыру тарих деп аталатын ұзақ уақытты талап етеді. Ұлттық мәдениеттің бастауы тарих, осы арқылы оны күшейту бүгінгі күннің мұраты. Ал ұлттық рухани дүниетанымның негізгі мақсаты осы жоспарды біліп, тарихтың ішкі логикасын анықтау.

Қазіргі нарық жағдайында жеке адамдардың бостандығы дегеніміз жеке меншіктің бостандығы. Меншіктің мөлшері-жеке тұлға өлшемінің куәсі, оның еңбегінің талантының салдары. Жетілген азаматтың демократиялық қоғамдағы қалыпты жағдайы осындай, ал біздің елде бұл алдағы уақытта қол жеткізетін мұрат болып отыр. Осындай қоғамда меншікті теңестіруге болмайды, ол заң шеңберінде қорғалып, адамдардың санасында, тіпті, әдет-ғұрыптары мен күнделікті қызметінде берік орын алуы керек. Сонда ғана ұлттық мәдениетті қауымдық және қоғамдық деңгейде қалыптасқан ойлау құрылымын, сана болмысы мен іс-әрекет түрлерін және осылардың жеке адам бойындағы қасиеттер ретіндегі жиынтығын толық та жан-жақты қалыптастыруға мүмкіндік туады. Ал, бұл дегеніңіз адамзат рухани мәдениетінің асыл мұраты болып табылады.
Әдебиеттер:



1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002)

2. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.

4. Философиялық энциклопедия. Алматы. 2004.

Қосымша әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. -Алматы, 1996.

2. Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 1998.

3. А.И.Шендрик. Теория культуры. М., 2002.

4. Абай Құнанбаев. Сочинения.-Алматы, 1995.

5. Алъ-Фараби. Философские трактаты. -Алматы, 1970.

6. Баласағұн Ж. Құтты білік, Алматы, 1986.

7. Хасенов Ә. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. Алматы, 1988.

8. Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары. Алматы, 1991.

9. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпохи и цивилизации. -М., 1993.

10.. Гуревич В.В. Памятники средневековой культуры. М., 1982.

11. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. - Алматы, 1994.