Файл: Лекция 1. Кіріспе. Мдениет ымы жне оны мні Мдениеттануды зерттеу обьектісі жне пні.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 289
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| Тараз мемлекеттік педагогикалық унивенрситеті | Ф 15-38-2/067 | |
Пәннің оқу-әдістемелік кешен Лекция тезистері «Философия және толеранттылық» кафедрасы беттің беті | СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮКҚНҮ 07 - 2011 Баспа 2.Дана №1 |
Лекция №1. Кіріспе.Мәдениет ұғымы және оның мәні
1. Мәдениеттанудың зерттеу обьектісі және пәні.
2. Мәдениет ұғымының даму логикасы және тарихы.
3. Мәдениет құрлымы: материалдық және рухани мәдениет.
Мақсаты: Мәдениеттану туралы түсінік беру, объект, пәнін анықтау. Мәдениет ұғымына түсінік беру, оның тарихын және құрылымын талқылау.
Міндеттері: Студенттерді мәдениет түсініктерімен таныстыру, мәдениеттану ғылымына қызығушылық тудыру, мәдениет ұғымымен таныстыру. Материалдық және рухани мәдениет ерекшеліктерін ашып көрсету. .
1.Мәдениеттанудың пәні нақты обьект емес, оны нақты құбылыстардан тысқары, руха-ни мәдениеттің сыңарлас жақтарының (мифтік, діни, философиялық, ғылыми, өнер т.б.) сұрыпталған ақпараттарынан туындайтын ерекше жүйеленген білім. Осы тұрғыда мәде-ниеттану басқа гуманитарлық ғылымдарға қарағанда өзіндік ерекше білімдер жүйесі.
Мәдениеттанудың зерттеу объектісі – мәдениет, бірегей көп қырлы құбылыс. Негізі-нен мәдениеттанудың пәнін төрт топқа бөліп қараған тиімді. Оның бірінші тобына табиғат туралы, мәдениеттің генезисі, мәдениет құрылымдары және функциясы, дамуы заңды-лықтары, мәдениет элементтерінің өзара байланыстары туралы білімдер жатады. Мәде-ниеттану мәдениеттің шығу тегін, даму кодын, мәдениет мұрагерлігінің тәсілін, тұрақ-тылығын ашады. Яғни, мәдениеттің сақталуы, жаңаруы, өзгеруі және мәдениетті танудың әртүрлі концепцияларын қарастырады. Олар оқулықтарда, «мәдениет теориясы» делінеді.
Мәдениеттанудың пәнінің екінші тобына мәдени өмiр сүру аспектiсi арқылы қарас-тырылатын бүкiл әлем жатады да‚ негiзгi мазмұны болып адамның өзiн және табиғатты гуманизациялау саналады. Мәдениеттанудағы «Әлем» адам айқындаған болмыс ретiнде қарастырылады және дәл осындай ғана болмыс мәдениет деп аталынады. Сонымен қатар, талқыланып жүрген мәселелер кешені, әсіресе мәдениет пен өркениеттер арақатынасы, мәдениет дағдарысы, мәдениеттердің орнын басушылығы, диалогі, олардың тәжірибе тұрғысындағы көрінісі және мәдени-әлеуметтіліктің даму барысы жатады.
Мәдениеттанудың пәнінің үшінші тобына ең алдымен мәдениеттің рухани сыңарлас жақтарының (миф, дін, өнер, философия) шығу тегі, табиғаты, мазмұны мен мәні және олардың трансформациялануының даму барысы жатады, сонымен қатар оларды болжау, ал болашақта басқару жатады.
Мәдениеттану пәнінің төртінші тобына адамдардың әлеуметтік тәжірибесін іріктеу, шоғырландыру және қарекет түрлерін қолдануға жаңа ақпараттар көздерін ашу жатады. Ғасырлар бойғы жинақталған мәдениет туралы теориялық білімдердің жиынтығын жүзеге асырады.
Мәдениеттанудың талдау тәсілінің барысында суреттеу, талдап қорыту және мәде-ниетті зерттеулерінде эмпирикалық деректерді жүйелендіру сияқты әртүрлі пәндердің тәсілі ішінара қолданылады. Мәдениеттану зерттеулерінде бұл қолданылатын аралық пәндердің тәсілдері өзгеріске ұшырап трансформацияланады. Бұл оның гуманитарлық білімдер қатарына жататындығында, демек «рух туралы ғылымға» тән тәсілдер мәде-ниеттануға да жатады.
Бұл «идеографиялық» әдіс (Г.Риккерт), нақтылы - оқиғалы мәдениет әлемін, олардың ерекшеліктерін суреттеп, мәдениеттің ұқсас сияқты, не ұқсассыз сапалығын бейнелеуге көбірек бейім. Олар мәдени құбылыстың өзгерістілігі мен біртұтастығын бейнелей алады, бірақ олардың көмегі арқылы өзгеру мен біртұтастықтың түрлерін айқындауға болмайды. «Түсіну» (В.Дильтей) методологиясын тұлғаның және мәдениеттің рухани біртұтастығын интуитивтік тұрғыда ұғу «рух туралы ғылымдарға» тән деп қарастырды. Сонымен қатар, мәдениеттің ішкі себеп - салдар қызметтерін айқындау үшін нақтылы талдаулар: құрылымдық-функционалдық тұрғы, типтендіру, математикалық талдауды қолдану арқылы моделдеу, бұқаралық сұрақ (сұрақтама алу және интервью ұйымдастыру), контент-талдау әдісімен мәтіндерді зерттеу және т. б. қолданылады. Мәдени-тарихи үрдістің нақты пара-пар суреттемесін алу үшін осы аталған барлық әдістемелік бағыт бағдарларды епті түрде үйлестіру қажет.
Мәдениеттанудың дамуы және қалыптасуының негізгі кезеңдері: Бірінші кезең. Жалпы XVIII ғ. жартысында мәдениетті белгілі бір бүтіндік тұрғысынан қарастыра бастағанда, қоғамдық жүйені сипаттауды руханилықпен байланыстырғанда іске асты. Мәдениет туралы мәселені осы тұрғыда алғаш рет қойған, мәдениеттану теориясын алғаш рет жасаған
Готфрид Гердер болды. Ол мәдениеттің анықтамасын беріп қана қоймай, сонымен қатар мәдениеттің шығу тегі, оның дамуын, қозғалыс механизмдерін, әртүрлі мәдениеттердің түрлерінің өзара байланысы туралы, тіл мен мәдениет жүйесіндегі діннің ролі туралы, мәдениеттің әралуандығын туындатудағы географиялық факторлардың маңыздылығы туралы бірқатар идеялар берді.
Нақтырақ айтқанда Виндельбанд, Риккерт, Кассирер жұмыстарының көрінуі мәдениет теориясының дамуындағы екінші кезең болды. Бұл кезең ХХ ғасырдың 40-шы жылдарының ақырына дейін созылды.
Мәдениет теориясының дамуының үшінші кезеңінде американдық және Ұлыбритания, Франция мәдениеттанушылары, әлеуметтік антропологтары, өздерінің ғылыми ізденістерінің ең басты мәселесі ретінде сол уақытқа дейін көп жылдар бойғы жинақталған эмпирикалық деректерді жүйелеп ұғуға мүмкіндік беретін мәдениет теориясын жасауды мақсат етті.
Төртінші кезеңде, мәдениет теориясының мәселелер кеңістігі аздыкөпті айқындыққа ие бола бастаған және философтар, тарихшылар, социологтар, антропологтар шеше алмайтын бірақ ғылыми тану әдістерін пайдалану арқылы мәдениет феноменін қарастыра алса ғана шешілетін бір топ мәселелердің бар екендігі анықталды.
Алайда, мәдениет теориясы мәселелерінің жазықтықтары туралы түсініктер, әртүрлі авторларда өте әрқилы. Мысалы, Л. Уайттың еңбектерінде бұл ғылымның зерттейтін мәселелерінің төңірегіне қазіргі заман мәдениеттану білімінің тәжірибедегі барлық мәселелері енеді.
Ал, A.Кребердің еңбектерінде, мәдениет теориясының бейнесі басқаша көрінеді. Оның көзқарасынша, мәдениет теориясының негізгі мақсатына, мәдениеттің өзінен-өзі дамитын заңдарын айқындап және ол заңдардың қоғам дамуы заңдарымен өзара байланыстарын табу жатады.
Джеймс Фейблман 1968 ж. жарыққа шығарған «Адам мәдениетінің теориясы» кіта-бында, мәдениеттану теориясы адамдар қажеттіліктерінен бастап әлеуметтік институт-тардың қызметіне дейінгі ауқымы кең мәселелерді қамтитындығын көруге болады.
Питирим Сорокиннің мәдениет теориясы тіптен өзгеше. Оның ойынша осы ғылымның деңгейінде мәдениет типологиясы және әлеуметтік мәдениеттің динамикасы зерттелінеді.
Э. С. Маркарянның еңбектерінде мәдениет теориясы: мәдениет генезисін, функцияларын, мәдениет типологиясын зерттеп қана қоймай, мәдениет және азаматтың арасындағы өзара байланыс, мәдениет және қоғам, мәдениеттер және қарекет, дәстүрлер мен новациялардың арақатысы, белгілі бір мәдениеттің «кодтарының» өзгеру мәселелері, ғылыми техникалық революцияның нәтижелері, соған байланысты туындайтын жаһандық мәселелер, мәдениет «құрылыстарының» мәселелері және оларды толық жетілдіру жолдары сияқты мәселелерді қамтиды.
В. В. Силъвестровтың еңбектерінде мәдениет теориясының мақсаты мәдениеттің бел-гілі бір артефактыларын анықтау емес, негізінен адам қарекетін бағдарлайтын идеалдары-ның, құндылықтарының пайда болу құпияcын айқындау.
Сонымен, жоғарыда атап өткендей‚ мәдениеттану ең алдымен ерекше бiрегей фено-менге айналған мәдениет туралы бiлiмдердiң жиынтығы. Нақты айтсақ‚ біріншіден, мәде-ниеттану гуманитарлық ғылымдардың жинақталған ерекше түрi.
Екiншiден, мәдениеттану мәдениет және оның мәнi туралы бiлiмдер жүйесi‚ даму, өмiр сүру заңдылықтары‚ мәдениетегі мәнді түсiну тәсiлдерi. Мәндер көптеген адам-дарды бiрiктiрiп‚ олардың сезiм-ойларының негiзiн құрайды‚ iс-қарекеттерiнiң түрлерiн туындатып‚ жалпы мәдениеттi жасайды. Мән кез келген құбылыстар мен заттық объектi-лердi адамдармен байланыстырушы қызметiн атқарып‚ адам болмысының мазмұнын құрайды. Мәдениеттану соған ғылыми түрде қол жеткiзудiң обьектiсi.
Yшiншiден, мәдениеттану - гуманитарлық пәндердiң iшiндегi метатеория және мәдениет туралы бiртұтас жүйе құрайтын себепкер шарты‚ оның әдiстемелiк негiзi.
2. Мәдениет туралы дағдылы түсініктер мен түрлі ғылыми көзқарастар. Жалпы, адамдардың жәй ғана өмiр сүру кезiнде мәдениет ұғымын әр тұрғыда қарас-тыра бередi. Мәдениет ұғымына күнделiктi өмiрде, тұрмыстық жағдайда адамдардың қар-ым-қатынастарында адамдардың iшкi дүниесiнiң мөлшерлiк үлгi жағы, немесе адам қыл-ықтарының қалпы жатады. Мысалы, мәдениет ұғымы арқылы, әлеуметтiк ортада өзiнiң әдептiлiгiн, өзiнiң қылықтарының өлшемiн бiлетiн сыпайы адамдарды сипаттайды. Бiрде мәдениетпен бiлiмдiлiктi қатар қойса, ендi бiрде мәдениеттi белгiлi бiр құбылыстардың сапалы деңгейiн сипаттау үшiн қолданады.
Ғылым болса өзiнiң логикалық жүйесiнен кейбiр қиялдар мен адасушылықтарды жоқ-қа шығара отырып мiндеттi түрде обьективтiк ақиқатқа жетуге тырысады. Бәрiбiр, ол да салыстырмаы ақиқат, оның мүмкiндiгi де тарихи шектелген. Түсiнiктiң бытраңқылығы, сол ғылымның iшiндегi ғалымдардың әртүрлi көзқараста болуына да байланысты.
Мәдениеттiң мағынасы‚ бұл – қоғамның жалпы рухани өмiрi‚ өнер мен ғылымның жетiстiктерi‚ оқыту жағдайындағы меңгеру және мiнез-құлық жолдарындағы тәрбиелену, жеке тұлғаның руханилығы‚ белгiлi бiр нәрселердiң даму деңгейi (еңбек‚ тұрмыс-салт‚ сөйлеу және т.б. мәдениетi). Сонымен қатар‚ мәдениет ұғымының арнайы мағыналары да бар. Мысалы‚ этнографияда - адамдардың топтық ортақтығын белгiлейдi‚ археологияда - бiр дәуiрдегi ұқсас қазба мұралардың жиынтығы.
Ал ендi мәдениет ұғымының бөлiнуiн белгiлi бiр тұрғыда қарастырсақ, оның екi жол-ын көруге болады: зайырлы және дiни мәдениеттер. Мәдениеттiң түп-тамыры байырғы заманға барып тiреледi. Оның дiни көзқарастардан нәр алатындығы даусыз. Оларға адам-дар арасындағы салт-сана, дәстүр, жоғарғы бiр күшке табыну, жаратқанның құдiретiне сену сияқты т.б. табынудың түрлерiн жатқызуға болады. Дiни қарекеттер, дiни тәжiри-белер – алғашқы адамдардың табиғи жағдайдан шығуы, адам болмысының пайда бола бастауы. Сол себептен «ғибадат» (культ) және «мәдениет» ұғымдарының бiр-бiрiне концептуалдық жағынан жақындасуының өзi әдiлеттi. Оның бергi жағында тарихта зайырлы мәдениеттiң де барлығын бiлемiз. Зайырлы дегенiмiз, табынушылықтан тыс, оны жанап өтетiн, рационалдық ақыл-естiң негiзiнде пайда болатын, ғылымның табыстарына негiзделген түрлi толғанулардың жиынтығы.
Мәдениет ұғымының даму логикасы және тарихы . Жалпы «мәдениет» сөзі негізінде латынның colere деген сөзінен бастау алады. Алғаш рет әдебиетте «мәдениет» ұғымы Римнiң атақты философы, шешенi Марк Туллий Цице-ронның (б.д.д.16 – 43 ж ж.) «Тускулан кеңесi» атты еңбегiнде кездеседi. Бұл сөздi адам болмысының қазiргi кезде «руханилық» деп аталынып жүрген мағынасында қолданды. Антикалық полисте азаматтарды дайындау‚ ессiз баладан, ер адамдық деңгейдегі қалып-тасу жағдайларын сипаттады. Олар бұл жағдайды «пайдейя» (жас бала) түсiнiгiмен белгi-ледi. Гректердiң «пайдейя» терминi екi мағынада: бiрiншiсi тiкелей тәрбиелеу, үйрену, екiншiсi бiлiмдi, ағартушылықты, мәдениеттi анықтайды. Олар адамдарды белгiлi кәсiби емес, керiсiнше тұлға етiп айқындалған құндылықта қалыптастыруды негізгі деп санады.
Софисттер болып аталынатын философтар «Мәдениет идеясын» негіздеуді бізге Платонның баяндауында жеткен Прометей және Эпиметей туралы аңыздардың арқасында жасады. (Ол аңызды 26 беттен табасыз)
Мәдениет қоғамға және тұлғаға адами мағынаны енгiзуге мүмкiндiк бередi. Ол адамзат дамуындағы сұрыпталып жинақталған қабiлеттiлiгiн пайдалану үшiн өзiне сiңiрiп алады. Мәдениеттi болу – бұл «қолдан келтiру». Көптеген заттарды қолдана бiлу, ғасыр-лар бойы қалыптасқан құбылыстарды‚ бүгiнгi актуалдылықты өз күйiнде және өзi арқылы көре бiлу. Сонымен‚ мәдениет дегенiмiз‚ адамның өмiр сүру қарекетiн дамытатын рухани еңбегi‚ материалдық және руханилық нәтижелерi‚ әлеуметтiк шамалар жүйесiнде және мекеме орындарында‚ рухани құндылықтарда‚ адамдардың табиғатқа‚ өзара және өз