Файл: Лекция 1. Кіріспе. Мдениет ымы жне оны мні Мдениеттануды зерттеу обьектісі жне пні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 256

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


4. Модернистiк өнер стильдерi ұзақ өмiр сүрмейдi. Бiрнеше ай, бiрнеше жыл iшiнде олар пайда болып, белгiлi болып, сахнадан түседi. Бiрнеше он жылдыққа жеткенi кейбiреуi ғана. Көбiне кез келген жаңалық өнердегi төңкерiс ретiнде түсiнiледi. Бұрын болмаған құбылыс - бiр суретшiнiң шығармашылығының кезеңдерге бөлiнуi, әр кезеңнiң өз стилi болуы (Мысалы Пикассоның қызғылт, көгiлдiр, кубистiк кезеңдерi). Әуелде қорқып, үрейленiп, содан кейiн жаңа көркемдiк бағытқа қосылғандай дәрежеге ие болады. Жарнамалық - жаңа стилдi әйгiлi етудiң маңызды шарты, басқаның назарын аудару үшiн жанжалдар да пайдалы. Жаңа стиль бейнесi әдетте мәдени элитаның санасында ғана болады. Бұхараға оның жаңғырықтары мен шұғыласы жетедi: әуен үзiндiлерi - танымал әндерде, картина фрагменттерi - орама қағазда. т.б.

Модернизм дәуiрiнiң ең ықпалды стилдерiне В. Бранский алты стилдi жатқызады: импрессионизм символизм, экспрессионизм, конструктивизм, сюрреализм және абстракционизм.

2. Импрессионизм, Символизм, Экспрессионизм, Сюрреализм, Конструктивизм, Абстакционизм ұғымдары.

Импрессионизм (әсер) бағыты француз реалистiк өнердiң қойнауында пайда болды. 1874 ж. К.Моненiң «Күннiң шығуы»‚ «Әсер» атты пейзажы импрессионистердiң бiрiншi көрмесiнде көрсетiлдi. Импрессионистер (К.Моне, Э.Мане, Э.Дега, О.Ренуар және т.б.), ең алдымен қоршаған ортаны өзi тiкелей бақылап және оның әралуан көрiнiстерiн жеке зерттеп, содан кейiн өнерге өзiнiң көрген бiлгендерiн түсiрдi көпшiлiк жағдайда өзiнiң назарын «заттарды көру мәнiне» аударды. Осыдан барып, импрессионистер, заттың бояулық байлығын ашатын жарыққа және заттық қалпын өзгертетiн, қоршаған ортаның динамикасын беретiн ауаның массасының қозғалысына басымырақ көңiл бөлдi.

Символизм - импрессионизмнiң орнына келген, күнделiктi «өркениеттiк» өмiр шындықтарын ақыл - парасатпен түсiнуден бас тарту қамтылған стиль. Ол сезiммен қабылданатын заттар әлемiн мағынадан айырып, олардан басқа, жұмбақ, ақыл жетпейтiн әлемдi iздеуге шақырады. Бақыланатын құбылыстар ақыл-оймен түсiнiлмейтiн символдар, олардың символдық мәнi де құпия. Символистiк әсердiң мистикалық сипаты бар. Символизм жұмбақты сұлу дейдi.

Экспрессионизмге - (фр. expression - мәнерлiлiк, жеткiзу) контрастардың қақтығысуы, сынық сызықтардың бейнелiлiгi, кеңiстiктiң бұрмалануы, бояулардың әралуандық шынилығын нервтiк дисгармониямен, ерсi пропорциямен алмастыру тән болды. Сыртқы шындықты жоққа шығару жағынан символизмге жақын. Бiрақ бұл стиль одан да түңiлген, тартымды әл-емнiң бар екенiне үмiтсiз қарайды. Экспрессионизмнiң әлемi ортаймайтын қасiретке толы. Символизм экзотика мен құпияға әуестенсе, экспрессионизм қазiргi заманның әдепсiздiгiне бағытталған, күнделiктi өмiрдi бейнелеуде шындықты бұрмалауға дайын. Ф.Кафка өзiнiң «Айналу» деген әңгiмесiнде бiр күнi таңертең өзiнiң үлкен жәндiкке айналғанын көрген шенеулiк туралы жазған. Әңгiменiң қайғылы сюжетi бойынша, ол, жәндiк-адам өз бөлмесiнде өледi.


Сюрреализм. ХХ ғ. бiрiншi ширегiнде пайда болған сюрреализм француздың surrealisme – шындықтан тыс деген сөзбен байланысты. Бұл стильдiң атауы оның негiзгi идеясын, яғни шындықтан жоғары тұруды бiлдiредi. Ол экспрессионистiк өнерде қамтылған шырғалаң азаптан жеңiлдеу жолын ұсынғандай. Шындық өте қайшылықты. Иррационализм (Шопенгауэр, Ницше) және экзистенциализм (Сартр, Камю, Ортега-және-Гассет) философиясына, Фрейдтiң санасыздық iлiмiне сүйене отырып, сюрреалистер шындықтың мәнсiздiгiн эмоция арқылы меңгеруге талпынды. Алғашқы сюрреалистiк тәжiрибелер француз әдебиетiнде бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс дүрбелеңiнен кейiн пайда болды.

Конструктивизмнiң модернистiк өнердiң басқа ағымдарынан айырмашылығы – романтикалық емес, натуралистiк тармақтан шыққандығы. Конструктивистер импрессионизмге тән мезеттiк әсердi, символистерге тән әлемнен жоғары мәнге табынуды, сюрреализмге тән абсурдты, аурудың сандырағы деп санады. Әлем дегенiмiз – конструкция, темiр, дене, ет, керек десеңiз, әлем машинаға ұқсас құрылған, ол - машина, онда айқын және түсiнiктi формалар мен механизмдер үстемдiк етедi. Конструктивистер кәсiптiң бесiгi, өнеркәсiптiк алып ретiнде болған қаланы бейнеледi.

Конструктивизм идеалы - «заттардың машиналық рухын», олардың iшкi жасырын конструкциясын бейнелеу. Адамның өзi де машинаға ұқсас тұлға, ол әлемнiң механикасына дұрыс енген. Бұл әдiс сәулетте, дизайнда, абстрактiлi теориялар мен әдiстемелiк оқу құралдарын көрнекi безендiруде қолайлы, көше белгiлерiн, кез келген маркерлердi жасау үшiн тиiмдi, сурет өнерiнде колориттi бейнелердi жасауға қабiлеттi.

Абстракционизм өнердегi жаңа жолдарды, модернистiк iзденiстердi белгiлi бiр дәрежеде аяқтаған стиль болды. Онда заттық әлемге сүйену мен ақылға сыйымдылық бiртiндеп жойылады, өмiрдегi заттар бұрмаланбайды, түр өзгерiске түспейдi, материалсызданбайды, мәнсiзденбейдi - олар тек жойылады, олардың жеке iздерi - штрих, түсi ғана қалады. Адам шын дүниеден безедi.

Көркем шығарманың сюжетi материалдық әлемдегi құбылыс немесе оқиға емес, «ғарыштың рухани энергиясын» концентрациялау болады. Абстракционизмнiң идеалы затсыздық, идеалдық көрiнiс, ғарыштық энергияны шығарып тұратын, iшкi кернеуi бар жасанды графикалық – түстiк жазықтық болады.

Абстракционизм тек сурет өнерiн қамтыды. Өнердiң басқа формалары мұны қабылдаған жоқ. Сәулет өнерiнiң өз заттық жағы бар, одан ол бас тарта алмайды. Музыка онсыз да абстрактiлi, ол ереже бойынша сезiммен қабылданатын әуен мен ритмдi толық бұзуға болмайды. Әдебиетте ойлы, мағыналы сөздiк материалды бұзу адамды мезi ететiн құбылыс тудырады. Көркем суретте абстракционизм затсыз суреттiң ежелгi дәстүрiн

(Исламдық арабеска, буддалық мандала, зергерлiк және сәндiк өнер) ұстанды.
2. Фридрих Ницше (1844-1900) ежелгi мәдениеттегi бiлiмдерге сүйене отырып‚ өзiнiң «Музыка рухынан туындаған трагедия» еңбегiнде грек құдайлары Дионис пен Аполлон есiмдерiне байланыстырып мәдениеттiң дионисийлiк» және «аполлондық» типтерi туралы идеяны дамытты. Дионис өмiрдiң вакхилiк (ежелгi грек және рим аңыздарында: өсiмдiктер және сауық-сайран құдайы‚ жүзiм шаруашылығы мен шарап ашытушылардың қамқоршысы) апатын‚ дәстүрлер мен тоқырауға қарсы бүлiктi бiлдiредi. Аполлон – ақылдылық‚ сабырлылық‚ тыныштық пен үйлесiмдiлiкке талпыну.

Ницше еуропалық мәдениет пен өнер идеалын осы бастапқы тартыстың тепе-теңдiгiнен көрдi‚ ал өзi дионисийлiк жақты қолдап‚ үгiттеумен болған. Қайшылыққа толы iзгiлiк (әсiресе дiндегi) пен бегiлi бiр шарттылықтың құрсауынан бос дионисийлiк бастау ғана, күрес пен сынақтарда‚ ең жоғарғы тұлғаның типi - «құдiреттi адамды» жасауға қабiлеттi.

Ол, мәдниет өзiмен табиғатқа жат нәрсенi қамти жүрiп‚ өмiрдiң қарсы жағын құрайды деп қорытындылайды. Мысалы‚ дiн‚ iзгiлiк‚ байырғы философия өмiрдi мойындамайды және осыдан келiп «еуропалық нигилизм» пайда болды. Мәдениет «құдiреттiлiкке»‚ «билiктi қалау» түрлерiнде көрiнетiн табиғи инстинктiнi басады. Ол‚ адамдарды бiр-бiрiмен ұқсастыруға бағытталған‚ сонысымен бiрдейлiгi жоқ тек қана табиғи басқыштылықта (градацияда) болатын өмiрмен қарама-қайшы келедi. Сондықтан мәдениет құндылықтарын қайта қарау қажет. Ницше мәдениеттi жоққа шығармай‚ оған жаңа мән беруге тырысады. Ол‚ мән‚ өмiрге өте лайықты‚ өте құндырақ‚ жаңа‚ болашақ адамның типi - «құдiреттi адамды» тәрбиелеу.

Өткен тарихтағы‚ құдiреттi адам бейнесiнiң үлгiсi философтың ойынша‚ тумысынан ақсүйек‚ көркемдiк талғам тән‚ табиғи «өмiр-сүйгiш»‚ өмiрдiң барлық көрнiстерiн шынайы ұнататын шағын каста мырзалары болды. Ал‚ нағыз мәнiнде құдiреттi адам - бүкiл адамзат талпынатын идеал. Ницшеде Құдайдың орнын «құдiреттi адам» толықтырады. «Құдай өлдi‚ бiз оны өлтiрдiк» - деп‚ Заратуштр арқылы хабарлайды және оның орнына «құдiреттi адамдар» келу керек дейдi.

Ницше ұжым мен рухани бишаралықты туындататын iзгiлiкке қарсы. Рационалдық және парасаттылық құрылыс Ницшенiң айтуынша,өзiнiң биiгi мен құдiреттiлiгiн және өзiне басқа ерiктi бағындыруға бағытталған белгiлi бiр ерiктiң болашағы. Сайып келгенде‚ категориялардың, пiкiрлердiң, таным көрнiстерiнiң мақсаты - өмiрдiң белгiлi бiр түрiн сақтау және қалпына келтiру. Бiрақ мәдениет тiлi өзiне тән сақтау қызметiн орындай отырып, табиғаттың немесе өмiрдiң түп нұсқасын бұрмалайды. Бұл бұрмалау екi кезеңдi қамтиды: бiрiншi, алғашқы қобалжуға тiкелей байланысты бейнелер, аңыздар, метафоралар; екiншi, хаостан пайда болған интуитивтiк «түсiнiктерден», адам олардың өз жүйесiне көшедi және өмiрмен байланыс үзiледi, өйткенi оларды түсiнiктер бүркемелейдi. Өмiрге деген құштарлық үшiн жасалған мұндай «бұрмалау» өмiрге қас өзiндiк күшке айналады. Мысалы, Ницшенiң айтуынша, христиан дiнi адам болмысының нақты қайнар көзiн ойдан шығарылған аспан мен Құдай құдiретiн жамылу арқылы жүргiзедi.


Осы тектес ауыстырулар жалған ғылыми ақиқатқа, зердеге, заңдылыққа және т.б. негiзделген ғылымдар арқылы жалғастырылды. Ницше мәдениеттiң басқа құрылымы – өнерге ерекше көңiл аударды. Өнер пайданың көзiнен алшақ және адамдардың қарапайым талғаулары арқылы өмiр сүредi. Ницшенiң бұл философиялық ой желiсi «жүйеге» айналмаса да, оның өмiрiнiң ақырына дейiнгi барлық кезеңдердi қамтыды.

2. О. Шпенглердің мәдениет туралы теориялары. Освальд Шпенглер (1880-1936) мәдениет философиясының мәселелерiн негiзiнен шештi‚ әйтсе де мәдениеттiң дағдарысқа ұшырап жойылып кетуi, шек келтiрмейтiн обьективтi заңды құбылыс деп есептейдi. «Өмiрдiң» өзi бiр мәдениеттiң дүниеге келiп‚ екiншiсi жойылып жататын нәрсе. Олардың әрқайсысының өзiндiк iшкi құрылымы берiк қалыптасқан‚ тұйықталған‚ абсолюттi түрде қайталанбайтын денелерге ұқсайды.

Мәдениеттiң тарихи тағдыры мен табиғаты туралы мәселелер оның «Еуропаның құлдырауы» атты еңбегiнiң негiзгi желiсi. Шпенглер мұнда тарихи - мәдени процестi бiр ғана логикаға жүктейтiн гегельдiк логикадан бас тартады. Шпенглер үшiн бiртұтас әлемдiк мәдениет болуы мүмкiн емес. Әр мәдениеттiң өз тағдыры бар: «Адамзаттың ешқандай да жоспары, идеясы жоқ!». (Шпенглер О. Закат Европы. т.I. М., 1993. C. 15I.)

Шпенглер ойының келесі негізі - ол, тарихтың (мәдениетте) мәні біртұтастық, деп есептеді. Бәз-баяғы тарихи уақыттың бір мезгілінде көптеген оқиғалар іске асып жатады, бірақ олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста. Осыдан мәдениеттің ішкі құрылымына жету үшін оның сыртқы бейнесіне де (гештальт) көңіл аудару негізгі мақсаттың біріне айналады, әрине олар тарихшының назарынан ешқашан да тыс қалмау керек.

Шпенглердің конструктивтік үшінші идеясы әрбір тарихи заманның (яғни әрбір мәдениетте) кеңістік, уақыт, адам болмысының ақырғы мақсаттары және т. б. туралы өзіндік ұғымдары болады. Мысалы, егер эллинизм заманында ертедегі гректер өткен уақытты (Цезарь өзін Шолпанның тегінен екендігін ешқандай да сандырақ деп есептемегені сияқты) мифтік тұрғыда түсінгені сияқты, христиандық мәдениеттің адамы үшін әлем тарихы екіге - Христос туғанға дейінгі және кейінгі болып бөлінеді.

Ендігі конструктивтік төртінші идеясы Шпенглердің мәдениеттану теориясының базалық негізі болып саналады. Ол Шпенглердің «Первовопросы» деген соңғы еңбегінде ашылған, онда, барлық ақырғы мен басталу жасырылған органикалық өмір, философиялық рефлексияның пәні болуы тиісті деген тұжырым жасайды.

Органикалық өмір бүтіндей құпиялыққа толы күй-жағдайының мүмкіндігінен өзін ашатын бастапқы феномен. Өмір идеясы жаппай ұқсас ішкі түрмен кішкене инфузориядан бастап ұлы мәдениеттерге дейін: ұрықтану, тууы, өсу, қартаю, опат болу берілген. Өзінің мәдениеттану теориясын жасауда Шпенглердің сүйенген негіздік базалық постулаттары осындай. Сонымен Шпенглер әрбір мәдениеттің өзі өзіне меншікті этикалық шегін, көлемін қойды. Жалпы адамзаттық этика болмайды. Әрбір мәдениеттің мәні - дін, демек әрбір өркениеттің мәні – діниліктен тысқары екендігіне сенімді.


3. А.Д.Тойнбидің мәдениет туралы теориялары. Тойнбидің ғылыми талдауының негіздік ұғымы өркениет категориясы. Нақ соған арқа сүйей отырып өзінің айбынды «ғимаратының» құрылымын жасады. Тойнби өркениеті оған дейінгілерге қарағанда биологиялық заңдармен дамитын дене тұрғыда емес, ол өзінің қозғалысында қоғамның жалпы даму заңдылықтарына бағынатын әлеуметтік бүтіндік.

Тойнби өркениеттердің әрекеттілік мәселесін терең және байсалды түрде зерттейді. Оның ойынша, өркениеттер жүйелерінің арасында еш-уақытта үйлесімдік болған емес. Адамзат тегінің тарихында, жалпы өркениеттердің күрес тарихында, кімнің техникалық дамуы жоғары дәрежеде дамыған болса сол әрдайым жеңіске жетіп отырған. Әсіресе оны бүгінгі Батыс және Шығыс әлмдерінің қарама-қайшы әрекеттестігінен көрінеді, егер адамзат ірі мемлекеттер аралық дүниежүзілік көлемде әскери қағысулардың өзінен құтыла қойғанның өзінде олардың өркениеттілік қайшылықтары жойылмайтындығына Тойнби сенімді. Үшінші мың жылдық дүниежүзілік өркениеттер жүйесін құру жолындағы жедел үрдісі ғана алдын ала сақтай алатын, өркениеттер арасындағы жаһандылық қақтығыстардың уақыты болады, деп есептейді.

Әдебиеттер:

1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002)

2. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.

3. Философиялық энциклопедия. Алматы. 2004.

4. Кенни Энтони Батыс философиясының жаңа тарихы, 2-том, Орта ғасыр философиясы. - Алматы: 2018 ж.

5. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. – Алматы: 2018ж.

6. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. – Алматы: 2018 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 1998.

2. А.И.Шендрик. Теория культуры. М., 2002.

3. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпохи и цивилизации. -М., 1993.

Лекция №10. Тақырыбы Қазақ мәдениетінің бастаулары

  1. Қазақ жеріндегі көне тайпалар мәдениетінің ерекшелігі

  2. Орхон-Енисей – мәдени жазба ескерткіштері

  3. Дәстүрлі қазақ мәдениеті



Мақсаты: Қазақ мәдениетінің бастауларын,оның тарихымен таныстыру, оның негізгі мәнін ашу.

Міндеттері:Студенттерді қазақ мәдениетінің рухани мәдениетінің қалыптасуымен таныстыру, олардың ерекшеліктерін анықтау.
1. Қазақ халқының рухани мәдениетінің мәдениеттің қалыптасуы. Өткен тақырыптарда айтып өткендей мәдениеттану ғылымының пәні мәдениет, алайда ол белгілі бір нақты объекті емес, ол нақты құбылыстардан тысқары, рухани мәдениеттің сыңарлас жақтарының