Файл: Лекция 1. Кіріспе. Мдениет ымы жне оны мні Мдениеттануды зерттеу обьектісі жне пні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 260

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
iне деген қатынастары арқылы көрiнетiн ұйымдастырушы тәсiл.

3.Мәдениет құрылымы: материалдық және рухани мәдениетМәдениеттi бiртұтас жүйе тұрғысында қарастырсақ материалдық пен рухани өндiрiс түрлерiне сай әдетте материалдық мәдениет және рухани мәдениет‚ деп екi түрге бөлу қалыптасқан. Материалдық мәдениет адамдардың материалдық өндiрiстiк қарекеттерiнiң барлық өрiстерi мен олардың нәтижелерiн қамтиды. Оларға: еңбек құралдары‚ тұрғын үйлер‚ күнделiктi қолданбалы бұйымдар‚ киiм-кешек‚ көлiк құралдары және т.б. жатады. Рухани мәдениетке рухани өндiрiстiң өрiстерi және олардың нәтижесi‚ яғни сана өрiстерi – ғылым‚ адамгершiлiк‚ құқық‚ философия‚ өнер‚ әдебиет‚ фольклор‚ дiн және т.б. Мат-ериалдық және рухани өнiмдердi өндiру жағдайларындағы‚ адамдардың өзара‚ өзiмен өзi-не және табиғатқа деген қалыптасқан қатынастарын да осыған жатқызуға болады.

Мәдениет құрылымын айқындаудың тағы бір түрі, мәдениеттiң бiртұтас кеңiстiгiнің үш деңгейі арқылы жүргізуге болады: мамандандырылған (салалық‚ элитарлық)‚ трансля-циялық және үйреншiктi (күнделiктi) мәдениет. Мамандандырылған кумулятивтiк деңгей-де мәдениет, элементтерiнiң өзара байланыстары ретiнде дамиды‚ ал ол элементтердiң әрқайсысы адамның белгiлi бiр қарекетке бейiмдiлiгiнiң нәтижесi. Оларға шаруашылық мәдениет‚ саяси мәдениет‚ құқықтық мәдениет‚ дiни мәдениет‚ көркемдiк мәдениетi жа-тады. Кумулятивтiк мәдениеттiң әрқайсысына күнделiктi қарапайым мәдениеттер сай келедi. Олар бiр-бiрiмен тығыз байланыста болып бiр-бiрiне ықпал жасайды.

Экономикалық мәдениетке үй шаруашылығын‚ әулеттегi бюджеттi жүргiзу жатады; саясатқа – әдет-ғұрып; құқыққа – iзгiлiк; философияға – қарапайым көзқарастар; дiнге – ырымшылдық‚ түрлi нанымдар‚ халықтық сенiмдер; ғылыми-техникалық мәдениетке – тәжiрибелiк технология; көркем мәдениетке – қарапайым эстетикалық талғамдар (халықтық сәулет өнерi‚ баспананы әшекейлеу өнерi). Ал‚ трансляцияық деңгейде кумулятивтiк пен күнделiктi деңгейлердiң арасындағы байланыстар iске асады‚ мәдени ақпараттардың айырбастары жүргiзiледi.

Комулятивтiк пен қарапайым деңгейдiң арасында трансляциялау арқылы жүргiзiлетiн байланыс арналары бар: мәдениеттiң әрбiр бөлшектерiндегi құндылықтар‚ салт-дәстүрлер келешек ұрпаққа бiлiм өрiсiнде трансляцияланады (берiледi); көпшiлiк байланыс құрал-дары (КБҚ) – теледидар‚ радио‚ басылым - мұнда нормалар‚ дәстүрлер‚ өнер шығарма-лары және көпшiлiк мәдениет‚ күнделiктi өмiрдегi құндылықтармен және «жоғарғы» құндылықтар арасындағы өзара байланыстары жүзеге асады; әлеуметтiк институттар‚ мәдениет мекемелерi мұнда мәдениет туралы бiлiмдер және мәдени құндылықтар көп-шiлiк қауымға
iтапханалар‚ мұра жайлар‚ театрлар) қолайлы болады.

Мәдениеттiң қоғамдағы атқаратын негiзгi қызметтерiМәдениет өзiнiң материалдық‚ рухани көрнiстерiнде бiр кездегi бытыраңқы биология-лық жеке түрлердi адами тiршiлiк көзiне айналдырып бiртұтас қоғамдық организмге байланыстыратын жалғыз-ақ күш. Мәдениеттiң бұл әлемi өмiршең, өзiнен өзi жаңарып отыратын субстанция, ол субстанцияның негiзi: алгоритм iнез-құлықтың, жүрiс-тұрыс-тың бағытын‚ белгiлi бiр нәрсеге қол жеткiзудiң тәсiлiн айқындайтын бағдарлама, ереже-лер жүйесi‚ ұйғарым) әдiстер, адамдардың еңбегiнiң, көркемөнерiнiң интеллектуалдық қаракеттерi. Мәдениет уақыт пен кеңiстiкте адамдар тобын бiрлестiредi‚ адамдарды бiр-тұтас адамзат өрiсiне бiрiктiредi‚ мүмкiн оларға болашақтағы әлемдiк жүйеде экология-лық‚ атомдық жойқын апатқа ұшыраудағы ролiн алдын ала айқындайды.

Мәдениет адам өмiрiндегi мұндай ролдерi мен «мiндеттерi» оның атқаратын қыз-меттерiнен көрiнедi. Дүниенi тануда болсын немесе табиғатты қорғауға тырысса да‚ Құ-дайға сенсе де немесе гуманизмнiң жоғары идеалын ұстаса да адам оныңбәрiн өзiне, өзi үшiн жасайды. Мәдениеттануда «мәдениеттiң қызметi» ұғымына мәдениеттiң қоғам мен жеке адамдарға жасайтын әртүрлi әсер-ықпалдары‚ бағыттары жатады. Мәдениет таным-дық, бейімделу, коммуникативтiк (байланыс), шоғырландырғыш iрiктiру), әлеуметтен-дiру, теңелту (рекреативтiк), ойындық қызметтерді атқарады.
Әдебиеттер:

1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002)

2. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.

4. Философиялық энциклопедия. Алматы. 2004.

Қосымша әдебиеттер:

1. Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 1998.

2. А.И.Шендрик. Теория культуры. М., 2002.

3. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпохи и цивилизации. -М., 1993.

4.. Гуревич В.В. Памятники средневековой культуры. М., 1982.

5. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. - Алматы, 1994.


Лекция №2. Мәдениет және өркениет

  1. Өркениет пен мәдениет ұғымы.

  2. Батыс пен Шығыс: мәдениет диллемасы.

Мақсаты: Мәдениет және өркениет ұғымдары, олардың өзара қатынасын,батыс пен шығыс мәдениетін ашып көрсету.

Міндеттері: студенттерді мәдениет және өркениет феномендерінің мәні және олардың өзара қатынастары туралы,оларды теңдестіру немесе оларды бөлектеу сұрақтарымен таныстыру.
1. Өркениет пен мәдениет ұғымы.Мәдениет және өркениет ұғымы. Қазіргі заман мәдениеттануының өте маңызды проблемалар санының қатарына мәдениет және өркениет феномендерінің мәні және олардың өзара қатынастары туралы сұрақтарды жатқызуға болады. Ғылымда оны шешудің екі жолы қарастырылып жүр: бұл ұғымдарды теңдестіру немесе оларды бөлектеу. Шығу тегі сонау антикалықтан басталғанымен қолданысқа тек қана ағартушылық заманында енді.

Ол уақыттары өркениеттілік дамудың озық түрлерімен, халықтардың эволюциялық даму концепцияларымен баламаланды. Аяғында өркениет термині полисемантикалық (көп мағыналық) бейнесін тапты. Вольтер еңбектерінде өркениет өркениеттілік мінез-құлықпен яғни жақсы үлгілермен және өзіндік бақылау дағдыларымен теңдестіріледі. XIX ғасыр бұл сөздің мағынасын кеңейтті, адамзат дамуының сатыларын бейнелеу үшін қолданылды. Осы уақыттары өркениетті тек қана еуропалық мәдениетпен ұштастыратын көзқарастар құрылып, ақыр соңында философияда, саясаттануда және экономикада еуропацентризмді дамытуға қызмет етті. Демек, басқа қалған мәдениеттілі аймақтар өркениеттіліксіз немесе аз өркениеттелінілген.

О. Шпенглер. Шпенглердің ойынша тарих, аумасып отыратын, дара кейіпте дамитын, мезгілді шек қойылған «мәдениет» деп айтатын организмдер құрылымдарына ұқсастардан құралады. Олар сегіз: египеттік, үнді, вавилондық, қытай, антикалық, араб, батыс мәдениеті және Майя халықтарының мәдениеті. Алайда, мәдениеттер өзімен-өзі дербес және басқалардан оқшауланған тек қана өзінің ойлау, көру, түйсіктер, әсерленушілік заңдылығына бағынышты жанды дене. Бір мәдениет енді бір мәдениеттің айтқанына түсінген емес. Олар мектептегі білімдер сияқты бір бірімен байланыссыз болады. Осыдан Шпенглер адамзат бірлігі туралы түсініктердің сандырақ екендігін көреді, өйткені жергілікті мәдениеттердің өзаралық қарым-қатынастары жоқ.

Арнольд Тойнби пікірі бойынша, барлық өркениеттерден тек қана сегізі
(батыс, византиялық ортодоксальдық, орыс, араб, үнді, қиыр шығыстық, қытай, жапон - кәріс) осы заманға жетті. А. Тойнби 1961 шыққан «Постижения истории» кітабында өркениеттің жойылу үрдісін жеткілікті түрде толық бейнелеп түсіндіреді. Оның көзқарасы бойынша бұл үрдіс үш сатыдан тұрады: жарылу, ыдырау және опат болу.

Мәдениет морфологиясы: негізгі элементтері және құндылықтары.

Мәдениет өмiрiнiң бар кезеңiнде болатын, адамдардың көптеген iс-қылықтарынан, әрекеттерiнен тұратын, мәдениеттi құрайтын айрықша сыңарлас бiр бөлiгi дәстүрлер, нормалар, құндылықтар, бiлiм және мағыналар болып саналады. Оларсыз мәдени өмiр мүмкiн емес, олар қоғамның рухани өмiрiне, әлеуметтiк өмiрдiң дамуына әртүрлi бағыт берiп, қоғамдағы қажеттi реттiлiк пен тұрақтылықты күшейтедi.

1. ДӘСТҮРЛЕР. Дәстүрлер қоғамда белгiлi бiр уақытта, орында, белгiлi бiр оқиға-жағдайға байланыс-ты қолданылып жатады. Ол үлгi, қарекеттiң айқындалмаған бiр бөлiгiне енгiзiледi. Бiр ұрпақтан келесi ұрпаққа жеткен және тарихи қалыптасқан, көп уақыт бойы белгiлi бiр бiрлесiкте сақталған әлеуметтiк және мәдени мұраның белгiлерiн дәстүр деп атайды. Оларға дәстүрлi еңбек тәжiрибелерiн, тәртiптiң түрлерiн, өмiр салттарын, тәрбие барысын, күнделiктi қалыптасқан тазалық ережелерiн, тамақтану уақыттарын, ұйқыны т.б. жатқызуға болады. Мыс.: үйге кiргенде еуропалық адам ең алдымен бас киiмiн шешедi, ал шығыста аяқ киiмiн шешу есiне түседi. Дәстүрлерi осылай қалыптасқандықтан оларды нақты жағдайлармен түсiндiруге болмайды.

Формалданған дәстүрдiң белгiлi бiр орында, белгiлi бiр уақытта арнайы себеппен жасалынуы әдет-ғұрып деп аталынады. Қоғамда жоғарғы статусы бар, көпшiлiк алдында орындалатын, қарапайым дәстүрге қарағанда, адам әдет-ғұрыпты еркiн таңдай алмайды. Әр қоғамда жеке адамды (ат қою, шоқындыру, сүндетке отырғызу, төл құжат беру т.б.) немесе жасы үлкен-кiшi топтарға бөлу (туған күндер мен мерей тойлар, жерлеу рәсiмдерi және т.б. ) сияқты арнайы әдет-ғұрып, салттары бар.

2. НОРМАЛАР. Әдет-ғұрыпқа қарағанда, нормалар (шама, өлшем, ереже) iс-әрекеттi басынан аяғына дейiн түгел емес, тек қана бiр принциптiң параметрiн қамтиды. Нормалардың мазмұны, олардың қатынасы бар нақты өрiс қарекеттерiнiң әр түрлiлiгi, бiркелкi шамаланбаған, ал олардың мазмұны мен мөлшерлеу тәсiлдерi әр мәдениетте әр түрлi. Өндiрiс өрiсiнде техникалық нормалар қабылданған. Азаматтар мен әлеуметтiк институттар арасындағы өзара қатынас өрiстерi заң нормаларымен реттеледi.


Нормалардың тұрақты түрлері ұзақ уақыт ұрпақтар өмiрiнде сақталады, iзгi өнегелiлiк тарапынан негiзделедi, дiн беделiмен жиi түсiндiрiледi және заңнан қолдау табады. Кейбiр нормалар уақыт өтiп кетсе де, өзiнiң тиiмдiлiгiн жоғалтса да, бос салт-жораларға, ескi стильге айналса да ұзақ сақталады.

3. ҚҰНДЫЛЫҚТАР жоғары деңгейде объектiлердi, хал-жағдайды, қажеттiлiктi, мақсат-ты таңдауды түсiндiредi. Құндылықтар деп‚ адамдар мен әлеуметтiк топтардың‚ қоғам-ның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын белгiлi бiр заттар мен құбылыстардың қасиет-терiн айтады. Құндылықтар үлкендi‚ кiшiлi‚ абсолюттi және салыстырмалы‚ материалдық және рухани т.б. түрлерге бөлiнедi. Кез келген құндылықтарды олардың типiне және деңгейiне қарап классификациялау әрқашан да белгiлi бiр шартқа байланысты, өйткенi оларға әлеуметтiк және мәдени мәндер енедi. Алайда оған қарамастан мазмұны жағынан құндылықтарды шартты түрде мына реттiлiкпен жiктеуге болады.

А)Виталдық құндылықтарға: өмiр, денсаулық, тәндiлiк, қауiпсiздiк, тұрмыс халi, адамның хал-жағдайы (топтық, тыныштық, көңiл күй) күш-қуат, төзiмдiлiк, өмiрдiң сапасы, тәжірибелік, прагматикалық, тұтынудың деңгейi және т.б. жатады

Мыс.: тәжірибелілік – прагматикалық.Адамдардың барлық құралдарын пайдалана отырып өзiнiң күнделiктi тұрмысын жақсарту және шынайы пайда түсiру үшiн нақты материалдық жемiске қол жеткiзу тәжірибелілікті көрсетедi. Тәжірибелік, жағдайды құрамды бөлшектерге бөлiп тастауға, көтерiңкi идеялардан арылуға ықпал жасайды. Сон-дықтан тәжірибелік идеалдық құндылықтарға селқостық көзбен қарайды, олар идеоло-гиялық пiкiрталастарға араласуды керексiз, жағдайсыз, утопиялық деп санайды.

Тәндiк, денелiлiк.Кез келген қоғамда адамның тәндiгi құндылықтар өрiсiнiң маңызын құрайды. Алайда‚ нормативтiк немесе идеалды тәндiктер әр мәдениетте бiр-бiрiмен таң-қаларлық айырмашылықта болады.

Ә) Әлеуметтiк құндылықтар: әлеуметтiк орны, дәрежесi, байлық, мамандық, от басы, сабырлылық, кәсiпқойлық, тәртiп, тәуекелге бел байлаушылық‚ әлеуметтiк теңдiк, жыныс теңдiгi, үлкенге немесе болашаққа бағытталғандық, ұлттық теңдiк.

Б) Саяси құндылықтар: сөз еркiндiгi, азаматтық, бейбiтшiлiк.

В) Моральдық құндылықтар: жақсылық, игiлiк, махаббат, борыш, намыс, шыншыл-дық, адал ниеттiлiк, парасаттылық, берiлгендiлiк, өзара көмектесу, әдiлеттiлiк және т.б.

Г) Дi