Файл: Патофизиология учебник.pdf

Добавлен: 05.02.2019

Просмотров: 42947

Скачиваний: 258

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

11

 

ЖАЛПЫ ПАТОФИЗИОЛОГИЯ 

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ;  МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ЖЕТУ 

ӘДІСТЕРІ 

Патофизиология  —  (гректің  раthоз  (ауру,  дерт,  кесел), 

рһузіз  -  (табиғат,  жаратылыс,  функция,  қызмет),  Іоgоs  — 
(ілім,  ұғым)  деген  сөздерінен  құралған).  дертгану 
физиологиясы  деген  ұғымды  білдіреді.  Ол  ауру  организмнің 
тіршілік 

заңдылықтарын 

тексереді. 

Атап 

айтқанда, 

патологиялық 

физиология 

жасушалардың, 

ағзалардың, 

жүйелердің 

және 

тұтас 

организмнің 

қалыптан 

тыс 

өзгерістерінің ең жалпы зандылықтарын анықтайды. Сонымен, 
патофизиологияның 

негізгі 

мақсаты 

болып, 

дерттік 

үрдістердің  (аурудың)  пайда  болу  себептері,  даму    және 
сауығу  жолдары  мен  оның  салдарларын  зерттеу  есептеледі

Осыған  байланысты  патофизиология  пәнінің  алдында  тұрған 
міндеттерге мыналар жатады: 

● 

аурудың 

пайда 

болу 

себептік 

байланыстарын 

(этиологиясын,  гректің  аitiа  -  себеп,  Іоgоs  -  ілім  деген 
сөздерінен тұрады) зерттеу; 

●  аурудың  даму  және  сауығу  жолдарының  негізгі 

заңдылықтарын  (патогенез,  гректің  раtһоs  —  дерт,  gеnезіз 
— даму деген сөздерінен құралған) анықтау; 

●  тәжірибелік емдеу тәсілдерін жетілдіру; 
●  жас мамандар мен оқушыларда клиникалық дүниетанымды 

қалыптастыру; 

● дерттанудың  жалпы қағидаларын қалыптастыру. 

Патологиялық  физиология  жалпы  биологиялық  ғылымдармен 

тікелей 

байланысты 

және 

олардың, 

әсіресе 

қалыпты 

физиология мен биохимия пәндерінін, негіздеріне сүйенеді. 
Олардан 

айырмашылығы 

жоғарыда 

көрсетілген 

патофизиологияның  мақсаттары  мен  міндеттерінде.  Сонымен 
бірге 

патофизиология 

патанатомия 

пәнімен 

тығыз 

байланысты. Бұл екі пән жалпы биологиялық және клиникалық 
пәндердің арасында тұрады 

Егер  патологиялық  анатомия  науқастың  ағзалары  мен 

тіндеріндегі жергілікті құрылымдық өзгерістерді зерттесе, 
онда  патофизиология  тұтас  организмді,  оның  реттеуші 
жүйелерімен  біріктіріп  зерттейді.  Науқас  организмнің 
сыртқы  орта  ықпалдарына  бейімделу  мүмкіншіліктерін, 
ондағы 

қорғаныстық-икемделістік 

жағдайларды 

зерттеу 

патофизиология пәніне ғана тән өте ыңғайлы мүмкіншілік. 

 Клиникада аурудың жеке тұлғалардағы дара көріністерін 

зерттеп, 

емдейді. 

Мысалы, 

терінің 

қабынуын 

дерматовенерологтар 

зерттесе

мидың 

қабынуын 

невропатологтар, 

жүректің 

қабынуын 

кардиологтар, 

бүйректің  қабынуын  -  нефрологтар,  т.  с.  с.  тексеріп 


background image

 

12

 

емдейді,  Ал,  қабыну  процестерінің  орналасқан  жеріне 
қарамай  барлығының  даму  негізінде  белгілі  бір  жалпы 
заңдылықтар 

жатады. 

Осы 

жалпы 

заңдылықтарды 

патофизиология зерттейді. 

Сонымен  қорыта  келгенде,  патофизиология  аурудың  пайда 

болу  себептерінің,  даму  жолдарының  жалпы  заңдылықтарын 
зерттейді
.  

Патофизиология 

қалыпты 

физиология 

сияқты 

эксперименттік 

әдісті 

қолданады. 

Лабораториялық 

жануарларда  адам  ауруларының,  үлгісін  (моделін)  алады. 
Аурудың 

үлгісі 

деп 

зертханалық 

жануарларда 

адам 

ауруларының кейбір түрлерінің көшірмесін алуды айтады.  

Қазіргі  жағдайда  адамның  қөп  ауруларының  үлгілерін 

тәжірибелік жануарларда алуға болады. Мәселен, жарақаттық 
сілейме  (шок),  қантты  диабет,  атеросклероз,  артериялық 
гипертензия, миокард инфаркты, өкпе, бүйрек қабынуы т. б. 
Сонымен  қатар,  есте  сақтайтын  бір  жай,  ол  адам 
ауруларының  үлгісін  жануарларда  толық  көлемінде  алу 
мүмкін  емес.  Сонда  да  аурудың  патогенезіндегі  кейбір 
маңызды түйіндерін, кейбір әйгіленімдер мен синдромдардың 
үлгісін 

алудың 

толық 

мүмкіндігі 

бар. 

Мысалы, 

гипертониялық  аурудың  үлгісін  алғанда  адамда  кездесетін 
ауруды  толық  қайталау  мүмкін  емес.  Сондықтан  тек  сол 
ауруға  тән  әйгіленімді  -  қан  қысымының  көтерілуін 
(гипертензияны) 

ғана 

тәжірибелік 

жануарларда 

алуға 

болады. 

Ал,  адамның  кейбір  ауруларын  жануарларда  қайталауға 

мүлде  болмайды.  Оларға:    жан-дүниелік  (психикалық) 
ауруларды,  өспенің  кейбір  түрлерін  (асқазанның  обыр 
өспесі  (рак),  зат  алмасуының  ауруларын 

(подагра), 

аллергиялық  ауруларды  (бронхиалық  демікпе),  жыныстық 
қатынас ауруларын (мерез, соз, жүре пайда болған иммундық 
тапшылықты  синдромы  (ЖИТС)  т.  б.  ауруларды  жатқызуға 
болады. 

Эксперименттік әдістердің негізгі мүмкіншіліктері
● 

аурудың 

пайда 

болу 

себептері 

мен 

себептік 

байланыстарын тексере алады; 

●  аурудың  эксперименттік  үлгісінде  ең  алғашқы  пайда 

болу  сатысынан  бастап  соңғы  нәтижесіне  дейін  байқауға 
болады; 

●  аурудың  емделмеген  түрін  байқап,  толық  тексеруге 

болады.  Ал,  бұл  мүмкіншіліксіз  аурудың  патогенезін 
анықтау мүмкін емес; 

●  жаңа  ашылған  қандайда  болмасын  ем  тәсілдерін  

жануарларда тексеру (эксперименттік терапия) мүмкіншілігі 


background image

 

13

 

болады.  

Осыған  қосатын  жай,  қазір  патофизиологияда  клиникалық 

бақылау 

әдісі 

де 

кеңінен 

қолданылады. 

Клиникалық 

патофизиология өзі бір жеке пән больш тарап келеді. Яғни, 
қазіргі  зерттеу  құралдарының  (компьютерлік  томографтар, 
ультрадыбысты  құралдар  т.  б.)  жетістіктері  клиникалық 
патофизиологияның дамуына үлкен ықпал етеді. 

Патофизиология  пәні  жалпы  және  жүйелік  патофизиология 

деген  екі  үлкен  бөлімнен  түрады.  Жалпы  патофизиология 
ауру  туралы  жалпылама  түсінікпен  (жалпы  нозология)  және 
біртектес  дерттік  үрдістермен  таныстырады.  Ауру  туралы 
жалпы  түсінік  аурудың  пайда  болу  себептік  байланыстары 
(этиологиясы),  олардың  даму  жолдары  (патогенезі)  туралы 
түсініктермен  байланысты.  Ал,  олар  өзалдына  организмнің 
тұқым  қуалаушылық  ерекшеліктерімен,  дене  бітімімен  және 
қоршаған  орта  ықпалдарына  жауап  қайтару  қабілетімен 
(реактивтілігімен)  тығыз  қатынаста  болады.  Сондықтан  бұл 
түсініктер  патофизиологияның  жалпы  нозология  тарауына 
енеді.  Жалпы  патофизиологияның  келесі  маңызды  тарауы 
болып  біртектес  дерттік  үрдістер  есептеледі.  Оларға: 
жасушалардың 

бүліністері, 

жергілікті 

қанайналым 

бұзылыстары,  қабыну,  қызба,  зат  алмасуларының  біртектес 
бұзылыстары, аллергия, өспе өсуі т. б. жатады

 

 

Біртектес 

дерттік 

үрдістер 

мынадай 

нышандарымен 

айқындалады: 

●  олар  көптеген  әртүрлі  себепкер  ықпалдардан  дамиды 

және,  соған  қарамай,  белгілі  бір  жалпы  заңдылықтармен 
немесе бір патогенездік жолмен өрбиді; 

●  олар  әдетте  екі  қарама-қарсы,  бүліністік  және 

икемделістік-бейімделістік,  құбылыстардың  диалектикалық 
бірлігімен, өзара күресімен сипатталады; 

●  олар  жоғары  дамыған  жануарлар  мен  адам  денесінде 

бірдей  заңдылықтармен  өтеді.  Осы  жағдайларда  ғана 
біртектес дерттік үрдістер деп атайды. 

    Жүйелік патофизиология организмнің жекелеген 

ағзалары мен жүйелерінде  дерт даму заңдылықтарын 
зерттейді. 

 

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ

  

ПӘНІ

  

ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ

  

ҚЫСҚАША

 

ТАРИХЫ. 

Аурулардың  пайда  болуын,  даму  жолдары  мен  зардаптарын 

зерттеу  үшін  жануарларға  тәжірибелер  жасау  қажеттілігі 
пайда  болды.  Бүгінгі  күні  қазақ  жерінде  жануарларға 
тәжірибе  жасау  көне  заманнан  басталғаны  белгілі  болып 
отыр. 

Қараүзген 

шипагер 

Өтебойдақ 

Тілеуқабылұлы,  


background image

 

14

 

Есімханның  ұлы  Жәнібек  ханның  тапсырмасы  бойынша,  XVII-
ғасырдың  екінші  жартысы  шамасында  жазып  қалдырған 
қолжазбасы  осы  айтылғанның  толық  айғағы  бола  алады.  Бұл 
ұлы  шипагер-ғалым  қойлар  мен  дала  түлкілеріне  тәжірибе 
жасап, 

қанайналым 

шеңберлерін 

ашқаны 

айқындалды. 

Қойлардың  басын  және  жүрегін  зақымдап,  ми  мен  жүректің 
организм  тіршілігіндегі  маңызын  зерттеген.  Ол  шешекке 
қарсы  екпелер  дайындау  үшін  таналарды  егіп,  олардан  сау 
адамдарды  егетін  таназат  (вакцина)  алған.  Ол  кісінің 
таназат  алу  жолы  сол  кездегі  халықтың  жергілікті  тұрмыс 
жағдайларына  толығынан  сәйкес  келеді.  Мәселен,  танадан 
алынған  вакцина  жаңа  сойылган  малдың  бүйрек  қапшығына 
құйыльш,  қараңғы  жерде  сақталуы  өз  заманының,  тіпті 
бүгінгі  ғалымдардың  ойына  келмейтін,  үлкен  ғылыми 
жетістігі болып есептеледі. 

Сонымен  бірге,  бұл  ғүлама  шипагердің  адам  денесінің 

сусыздануын  және  оньщ  сатыларын,  суға  кетіп  өлген  немесе 
суыққа  үсіп  қалған  адамдарды  тірілту  жолдарын  алғаш 
зерттеп  шешуі  өз  заманының  үлкен  ғылыми  жетістіктеріне 
жатады.  Көрсетілген  ғылыми  еңбек  баспада  басыльш,  кең 
тарамағанымен,  басқа  елдердің  елшілері  мен  саудагерлері 
арқылы  ауыздан  ауызға  беріліп,  жер  шары  мемлекеттеріне 
тарап  кетуі  ешбір  күмән  тудырмайды.  Сондықтан  еуропалық 
ғылыми  медицинаның  дамуына  бүл  ақпараттар  ықпал  етпеді 
деуге ешбір негіз жоқ. 

Медицинаның  өзекті  мәселелерін  жануарларда  тәжірибе 

жасап  шешу  еуропалық  ғылыми  медицинада  эксперименттік 
дерттану  (патология)  немесе  патологиялық  физиология  деп 
аталды. 

1819  ж.  Я.  Л.  Гэйллиот  ең  алғаш  патологиялық 

физиология  атауын  қолданьш,  «Жалпы  патология  және 
патологиялық  физиология»  атты  оқулығын  жариялады.  Бұл 
атауды  немістің  ұлы  патологы  Р.  Вирхов  (1847)  кеңінен 
қолданды. 

Эксперименттік  дерттанудьщ  негізін  қалаушы  болып 

Франсуа  Мажанди  (1738—1855),  Клод  Бернар  (1813—1878),  В. 
В, Пашутин (1845—1901) есептеледі. 

1878  ж.  В.  В.  Пашутин  жалпы  және  эксперименттік 

патологияны  медициналық  факультеттердің  оқу  курсына 
енгізді. 

1930 

жылдары 

бұрынғы 

Кеңестер 

Одағында 

патофизиология  медицивалық  пән  деп  аталып,  медицина 
саласында жоғары білім беру бағдарламасына енгізілді. 

Сонымен  Ресейде  бірінші  жалпы  және  эксперименттік 

патология  кафедрасын  Қазан  университетінде  В.  В.  Пашутин 
(1845—1901)  ашты  және  ол  1878  ж.  патофизиологиядан 


background image

 

15

 

алғашқы  нұсқауды    жазды.  В.  В.  Пашутиннің  ғылыми 
бағыттары: 

зат 

алмасулары 

мен 

энергия 

алмасуының 

бұзылыстары, патофизиологияның маңызды мәселелерінің бірі 
болып  есептеледі.  Оның  толық  және  жартылай  ашығу,  жылу 
алмасуының 

бұзылыстары, 

оттегі 

жеткіліксіздігі, 

гиперкапниялар  туралы  ізденістері  бүгінгі  күнге  дейін 
маңызын жоғалтқан жоқ. 

Ол  патофизиологиядан  көптеген  мамандар  дайындады. 

Ресейде 

патофизиологияның 

ілім 

және 

пән 

ретінде 

қалыптасуына орыстың үлы физиологы И. П. Павловтың (1849—
1936)  қосқан  орасан  еңбегін  атамауға  болмайды.  Ол 
жануарлардың  тіршілік  құбылыстарына  жаңа  көзқараспен 
қарап,  патологияда  нервизм  ілімін  дамытты,  қанайналым, 
асқорыту  жүйелері,  жоғары  жүйке  әрекеттері  туралы 
ілімдерді толықтырды. 

Қазақстандағы бірінпгі патофизиология кафедрасы Алматы 

мединститутында,  яғни  бүгінгі  Қазақ  ұлттық  медицина 
университетінде,  1933  жылы  ашылды.  1933—1946  ж.  бұл 
кафедраның  меңгерушілері  болып:  проф.  Глеклер  Н.  Э., 
доцент  Четвертак  Д.  С.,  профессор  Лейтес  С.  М.  және 
профессор  Очкур  П.  П.  қызмег  атқарды.  1946  -  1969 
ж.аралығында  кафедраны  профессор  Глозман  О.  С.  басқарды. 
Ол  өзінің  шәкірттерімен  екі  үлкен  ғылыми  проблемалар 
төңірегінде  шұғылданды.  Оның  біріншісі:  уланған  дененің 
қанын донордың қанымен толық ауыстыру операциясы. Кезінде 
оның  үлкен  амалдық  манызы  болды  және  талай  адамдарды 
өлімнен  арашалап  қалды  Екіншісі:  тез  қансырау  және  шок 
проблемасы  екінші  дүние  жүзілік  соғыс  кезінде  ерекше 
көзге  тұскен  мәселе  екендігі  және  онын  қазіргі  бейбіт 
күндерде де өте манызды екендігі ешбір күмэн туғызбайды.. 
Профессор 

О. 

С. 

Глозман 

кептеген 

патофизиология 

мамандарын  дайындады.  Солардың  ішінде  профессорлар: 
Насыбуллина  X.  С.,  Сәулебекова  М.  С.,  Каримов  М.  А., 
Макашев  К.  М„  Маманова  X.  Е,  т.б.  бар.    Профессор 
Насыбуллина  X.  С.  1969  -  1991  жылдары  аралығында  Алматы 
мединститутыньщ 

патофизиология 

кафедрасын 

меңгеріп, 

көптеген  нәтижелі  еңбектер  атқарды.  Ол  оқушыларымен 
бірге,  бүгінгі  күннің  талабына  сай,  көптеген  ықпалдардың 
организмге  бірігіп  әсер  етулерін  зерттеді.  Мәселен, 
қансырау  мен  гипокинезияның,    ішімдіктің,  қантты  диабет 
пен  қансыраудың  т.  с.  с.  организмге  біріккен  асерлерінің 
практикалық манызы зор екені ешқандай күмән келтірмейді. 

Профессор  Каримов  М.  А.  шәкірттерімен  бірге  Қазақ 

онкология  және  радиология  ғылыми-зерттеу  институтында 
әртүрлі  химиялық  заттардың  организмде  өспе  дамуына