Файл: Патофизиология учебник.pdf

Добавлен: 05.02.2019

Просмотров: 43045

Скачиваний: 258

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

16

 

тигізетін маңызын зерттеуде елеулі еңбектер атқарды. 

Профессор  Сәулебекова  М.  С.  оқушыларымен  бірге  Қазақ 

тағам тану институтында нәтижелі еңбек етті. 

1951  ж.  Қарағанды  мединститутында,  бүгінгі  медицина 

академиясында,  патофизиология  кафедрасы  ашылды.  Бұл 
кафедраны ұйымдастырып, айтарлықтай еңбек еткен профессор 
Я. А. Лазарис (1904 - 1989)  оқушыларымен бірге екі үлкен 
ғылыми мәселелермен шұғылданды: 

● өкпе ісінуінің патогенезі  және оны тәжірибеде емдеу 

жолдары,  

● қантты диабет және оның патогенезі. 

Бірінші  мәселе  бойынша  өкпе  ісінуі  кезінде  өкпе 

қылтамырлары  қабырғаларының  өткізгіштігі  жоғарылауында 
жүйке  жүйесінің  маңызы  көрсетілді.  Екінші  мәселе  бойынша 
қантты  диабеттің  эксперименттік  үлгісін  жануарларға 
аллоксан  енгізу  арқылы  алуды  алғаш  ұсынды.  Аллоксандық 
және  дитизондық  диабеттерді  тәжірибеде  зерттеу  арқылы 
қантты  диабеттің  патогенезін  анықтауға  айтарлықтай  үлес 
қосты. 

1955 

ж. 

патофизиология 

кафедрасын 

Семейдің 

мединститутында, 

бүгінгі 

медицина 

академиясында, 

профессор  Назарова  Т.  А.  (1915-1986)  ұйымдастырды.  Оның 
негізгі 

ғылыми 

бағыты 

әртүрлі 

шок 

жағдайларының 

(жарақаттық, гемотрансфузиялық т. б.) жүйкелік рефлекстік 
жолдармен  дамуын  терең  зерттеуде  болды.  Организмнің 
сезімтал рецепторлары орналасқан әртүрлі аумақтарын (ұйқы 
артериясының 

синокаротидтік 

аумағын, 

ішектердің 

бөліктерін,  көкбауырды)  тұтас  қан  жүйесінен  оқшаулап, 
оларға  бөтен  қанмен  әсер  ету  арқылы  шок  дамуында 
жүйкелік-рефлекстік жолдардың маңызы үлкендігін көрсетті. 
Профессор  Назарова  Т.  А.  Қазақстанда  патофизиологиядан 
өзінің  мектебін  ашқан  ғалым.  Оның  шәкірті  доцент  Қ.  А. 
Шаймарданов 

(1936-2004) 

Семей 

мединститутының 

патофизиология  кафедрасын  оншақты  жыл  басқарды.  1997 
жылдан  бастап  2004  жылға  дейін  бұл  кафедраны  Т.  А. 
Назарованың  шәкірті  профессор  В.  И.  Кравцов  басқарып 
жарақаттық  шок  кезіндегі  иммунитеттің  өзгерістері  туралы 
докторлық диссертация қорғады.  

1959  ж.  Ақтөбе  мединститутында  (қазіргі  медицина 

академиясында) 

патофизиология 

кафедрасын 

профессор 

Маманова  X.  Е.  (1918—1977)  ұйымдастырды.  Ол  иммунология 
саласында 

біршама 

еңбектер 

атқарды. 

Оның 

оқушысы 

профессор Қасенов Қ. О. көрсетілген кафедраны 1977 жылдан 
2001 жылға дейін меңгеріп, организмге жылан уының әсерін, 
оны емдеу жолдарын іздестіруде нәтижелі еңбектер атқарды. 


background image

 

17

 

1967 ж. Ақмола мединститутында, бүгінгі қазақ медицина 

акаде-миясында,  патофизиология  кафедрасы  ашылды.  Ол 
кафедраны  кейін  ұзақ  жыл  профессор  В.  Г.  Корпачев  (1936—
1998)  меңгеріп,  организмнің  төтенше  ауыр  жағдайларын, 
постреанимациялық  патологияны  зерттеуде  ғылымға  елеулі 
үлес  қосты.  Ол  көптеген  патофизиология  мамандарын 
дайындап  қалдырды.  Соның  ішінде  профессор  Е.  Д.  Дәленов, 
профессор Н. Қ. Хамзина т.б. атауға болады.  

 

Жалпы нозология 

Нозология  (гректің  nоsоs  —  ауру,  дерт,  Іоgоз  —  ілім) 

ауру  туралы  жалпы  ілім.  Бұл  медицина  ғылымының  ең  бір 
көне күрделі мәселесі. 

Аурудың  мәнін  түсіну  үшін  денсаулықтың  не  екенін 

түсіну  қажет.  Бүгінгі  күнге  дейін  денсаулық  толық 
зерттелмеген.  Дені  сау  адам  деген  түсініктің  нағыз 
белгілері  әлі  жинақталмаған.  Мысалы,  егер  1000  дені  сау 
деген  адамды  әртүрлі  ағзалар  мен  жүйелердің  қызметтерін 
сипаттайтын 

100 

көрсеткішпен 

тексерсе, 

онда 

тексерілгендердің  0,6%  ғана  сау  адамдарға  ілінетіні 
байқалған.  Осыдан  адамдардың  барлығы  бірдей  ауру  деуге 
болмайды.  Егер  организмнің  сыртқы  қоршаған  орта  (адам 
үшін  әлеуметтік  орта)  жағдайларына  бейімделу  қабілеті 
бұзылмаса,  онда  олар  дені  сау  адамдар  қатарына  жатады. 
Денсаулықтың физиологиялық өлшемі болып қалыптылық немесе 
белгілі  бір  тұрақты  өлшем  (норма)  есептеледі.  Қалыптылық 
(қан  қысымының  деңгейі,  дененің  температурасы,  қан 
жасушаларының саны, қандағы әртүрлі заттардың глюкозаның, 
нәруыздардың  т.  б.  деңгейі  т.  с.  с.)  көрсеткіштердің 
көпшілікке 

тән 

арифметикалық 

орташа 

денгейімен 

анықталады.  Ал,  бұл  көрсеткіштер  әр  жерде  әртүрлі  болуы 
мүмкін.  Мәселен,  таулы  жерлердің  тұрғындарының  қанында 
эритроциттердің  саны  орташа  арифметикалық  деңгейден  көп 
болады.  Емтихан  тапсырар  алдында  студенттердің  қанында 
глюкозаның  мөлшері  мен  қан  қысымы  көтерілуі  байқалады. 
Тамақ  ішкеннен  кейін  шеткері  қанда  лейкоциттердің  саны 
көбейеді.  Міне  осындай  т.  б.  жағдайларда  бұларды  ауру 
адамның  қатарына  жатқызуға  болмайды.  Сондықтан  орташа 
арифметикалық  көрсеткіштермен  денсаулық  жайлы  қорытынды 
жасау кейде ауыр қателіктерге әкеулі мүмкін. 

Сондықтан 

денсаулыққа 

анықтама 

беруге 

тырысудың 

көптеген  ұмтылыстары  бар.  Оның  бәріне  тоқталу  мүмкін 
емес.  1946  ж.  Бүкіл  әлемдік  денсаулық  сақтау  ұйымы  (БДҰ) 
денсаулық  туралы  мынандай  анықтама  берді:  «Денсаулық 
дегеніміз  денеде  дерт  немесе  жай  көзбен  көрінетін 


background image

 

18

 

ақаулардың  болмауы  ғана  емес,  адамның  көңіл-күйі  мен 
әлеуметтік жағдайларының толық сәттілігі». Бұл анықтамада 
қоршаған  ортамен  организмнің  байланысы  мен  өзарақатынасы 
ескерілмеген.  Денсаулық  деп  организмнің  сыртқы  орта 
ықпалдарына  бейімделіп,  өзінің  ішкі  тұрақтылығын  қалыпты 
деңгейде 

сақтап 

қалатын 

жағдайын 

айтады. 

Осыған 

байланысты көптеген ғалымдар ауруды ұдайы өзгеріп тұратын 
сыртқы 

ортаның 

ықпалдарына 

организмнің 

бейімделу 

қабілетінің бұзылуы — деп анықтайды.  

Ауру денсаулықтан  мына жағдайлармен ерекшеленеді: 
●  ол  ауру  туындататын  экзогендік  немесе  эндогендік 

себепкер ықпалдардан дамиды; 

●  ол  ағзалар  мен  тіндерде  құрылымдық,  зат  алмасулық 

және  функциялық  өзгерістердің  пайда  болуымен  көрінеді. 
Бұл  өзгерістер  ағзаның  бүліністерімен  және  бұзылған 
функцияларының  теңгерілуімен қабаттасады; 

● 

ол 

қоршаған 

ортаның 

ұдайы 

өзгеріп 

тұратын 

ықпалдарына 

организмнің 

икемделіп 

бейімделу 

мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінеді; 

●  ол  организмнің  рухани  және  күш-қуат  жұмсау 

мұқтаждықтарын  өтеу  мүмкіншіліктерінің  төмендеуімен  және 
еңбек  жасындағы  ересек  адамдардың  еңбекке  қабілеті 
азаюымен байқалады; 

● 

ол 

адамның 

көңіл-күйінің 

және 

күш-қуатының 

сәтсіздігіне әкеледі. 

Сонымен,

 

ауру - деп тұтас организмнің қоршаған ортаның 

ықпалдарына 

қорғанып-бейімделу 

мүмкіншіліктерінің 

шектелуімен  көрінетін,  дерт  туындататын  сыртқы  немесе 
ішкі 

ықпалдардан 

дамитын, 

оның 

биологиялық 

және 

әлеуметтік  мұқтаждықтарын  атқара  алмайтын    жаңа  сапалы 
жағдайын 

айтады. 

Ауру 

түсінігі 

дерттік 

серпіліс 

(патологиялық  реакция),  дерттік  үрдіс  (патологиялық 
процесс),  дерттік  жағдай  (патологиялық  жағдай)  деген 
түсініктерге жақын түрады.  

Дерттік  серпіліс  —  организмнің  немесе  оның  кейбір 

жүйелерінің 

әдеттегі 

немесе 

ауру 

туындататын 

қоздырғыштардың 

әсерлеріне 

биологиялық 

мәнсіз 

және 

сәйкессіз  жауап  қайтаруы.  Мәселен,  көпшілік  адамдар  елей 
бермейтін,  назар  аудармайтын  шаң,  өсімдік  тозаңдарына  т. 
б.  заттарға  кейбір  адамдар  түшкіріп,  көзінен  жас  ағып 
жауап  қайтарады.  Кейбір  адамдарда  дәрілердің  әсерінен 
анафилаксиялық сілейме (шок) дамиды. 

Дерттік  үрдіс  —  бүлінген  тіндер  мен  ағзалардағы  әрі 

зақымдану, әрі қорғану-бейімделу серпілістерінің біріккен 
жиынтығы.  Ауру  туындататын  ықпалдың  бүліндіргіш  әсеріне 


background image

 

19

 

заңды  түрде  пайда  болатын  организмдегі  серпілістердің 
тізбегі.
  Мәселен,  тез  дамитын  кейбір  тіндердің  қабынуы. 
Бұл  кезде  кейбір  ағзалар  мен  тіндердің  құрылымы  мен 
қызметінің 

бұзылыстары 

жалпы 

организімнің 

ауруына 

әкелмейді.  Мысалы,  теріскен,  сыздауық,  пульпит  (тіс 
ұлпасының  қабынуы),  шиқан.  Дерттік  үрдістер  көптеген 
аурулардың даму негізінде жатады. 

Дерттік  жағдай  —  организм  үшін  кері  биологиялық  мәні 

бар  қалыптан  тыс  тұрақты  ауытқуы.  Ол  өте  сылбыр  дамитын 
дерттік  үрдіс  немесе  оның  салдары
.  Мысалы,  тері  мен 
шелмай  өзектерінің  қабынуы  дерттік  үрдіс  болады.  Осы 
қабынудың  нәтижесінде  организмде  көптеген  жыл  сақталатын 
тыртық жиі дамиды. Тыртық тінінде басқа тіндердегідей зат 
алмасуы  өтеді.  Тыртық  сылбыр  өтетін  патологиялық  үрдіс, 
басқаша  айтқанда  дерттік  жағдай  және  ол  мида,  жүректе, 
бауырда  т.  б.  ішкі  ағзаларда  қалыптасуы  мүмкін.  Сонымен, 
алғашқы  іріңді  қабыну  —  дерттік  үрдіс  ретінде  біртіндеп 
тыртыққа айналып бітуінен дерттік жагдайға  ауысады. 

Кейде  кері  бағытта  ауысуы  да  мүмкін.  Мысалы,  туа 

біткен  мең  немесе  қал  (дерттік  жағдай)  механикалық 
қоздырғыштардың,  күн  сәулелерінің  әсерлерінен  қатерлі 
өспе  -  меланомаға,  былайша  айтқанда  дерттік  үрдіске 
айналуы мүмкін. 

Дерттік  үрдіс  немесе  дерттік  жағдайдың  болуы  әлі  жалпы 

организмнің  ауруы  болғаны  емес.  Қосымша  факторлардың 
әсерінен  олар  толық  көлемді  ауруға  айналуы  мүмкін. 
Мәселен,  терідегі  бір  шаш  қалтасының  қабынуы  (сыздауық, 
шиқан) 

дерттік 

үрдіс 

болады, 

бірақ 

тұтас 

адам 

организмінің ауруы емес. Ал, осы қабынудың көптеп бірінің 
артынан  бірі  шығуы  «фурункулез»  деп  аталған  қауіпті 
ауруға  әкеледі.  Бұл  кезде  дене  қызуы  көтеріледі,  зат 
алмасулары  өзгереді,  ас  қорыту  ағзаларының,  жүйке 
жүйесінің т. б. ішкі ағзалардың бұзылыстары байқалады. 

 

АУРУДЫҢ НЫШАНДАРЫ 

Ауру  деп  айту  үшін  оның  мынадай  үш  түрлі  нышандары 

болуы қажет:  

●  тұлғалық  әйгіленімдері  (субъективтік  симптомдары) 

немесе науқас адамның өзін-өзі сезінуі; 

● 

дерттің 

айғақты 

әйгіленімдері 

(объективтік 

симптомдары);  

● 

қоршаған 

ортаның 

ықпалдарына 

науқас 

адамның 

икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі. 

Тұлғалық әйгіленімдердің негізінде адамды әлі ауру деп 

айтуға  болмайды.  Кейбір  адамдар  жоқ  сезімді  бар  деп 
шағынуы  мүмкін.  Мәселен,  ауыр  қылмыс  жасаған  адам  өтірік 


background image

 

20

 

науқас  болуға  тырысатыны  белгілі.  Кейбіреулер  осындай 
айлакерлікті  соғысқа  қатыспау  үшін  жасайды.  Кейде 
өздерінің сезімін тым әсірелеп көрсетуі мүмкін. Сондықтан 
жекелеген аурулардың көріністерімен оқулық әдебиет арқылы 
таныса  бастаудан  3-курстың  студенттерінің  арасында  сол 
аурулардың  белгілерін  өздерінде  табу  жиілейді.  Бұндай 
аурулар  3-курс  студенттерінің  аурулары  делінеді.  Кейде 
науқас адам өзінде бар ауруды үзақ уақыт сезбеуі ықтимал. 
Артериалық 

гипертензиялар, 

бүйрек 

аурулары, 

қантты 

диабет,  өспелердің  т.  б.  көптеген  аурулардың  бастапқы 
кезеңдері науқас адамдарға білінбей өтуі мүмкін. 

Аурудың 

айғақты 

әйгіленістері 

(объективтік 

симптомдары)  медициналық  аспаптармен  клиникалық  және 
зертханалық  зерттеулер  арқылы  анықталады.  Кейде  бұл 
әйгіленістердің  болуы  да  әлі  ауру  деуге  негіз  бермейді. 
Мәселен,  адамның  қанында  глюкозаның  тамақ  ішкеннен  кейін 
деңгейі  әдеттегіден  жоғары  болады  Таулы  жерлердің 
тұрғындарының  қанында  эритроциттер  көбірек  болатыны 
белгілі. 

Аурудың  үшінші  нышаны  —  қоршаған  ортаның  ықпалдарына 

науқас  адамның  икемделіп-бейімделу  мүмкіншіліктерінің 
шектелуі,  осыдан  ересек  адамның  еңбекке  қабілетінің 
төмендеуі байқалады. 

Осы үш нышандары бірге қабаттасып адам бойында болғанда 

ғана оны ауру деуге болады. 

 

АУРУЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУ НЕГІЗДЕРІ. 

Пайда  болу  себептеріне  қарай:  туа  біткен  және  жүре 

пайда болған аурулар деп ажыратылады. Туа біткен аурулар: 
тұқым  қуалайтын  тектік  ерекшеліктерден  немесе  іштегі 
ұрықтың  даму  бұзылыстарынан  немесе  туылу  кездеріндегі 
кесепаттардан  дамитын  болады.  Жүре  пайда  болған  аурулар: 
жұқпалы  (инфекциялық)  және  жұқпалы  емес  (бейинфекциялық) 
болуы ықтимал.  

Даму  жолдарына  қарай  оларды:  тектік,  аллергиялық, 

қабынулық,  зат  алмасулық,  өспелік,  жүйкелік  реттелулік, 
жүйкелік дистрофиялық т. б. аурулар деп ажыратады.  

Даму жылдамдығы мен көріну қарқынына қарай: 
 қауырт,  
● жіті,  
● жітілеу,  
● созылмалы (сүле) ауруларға ажыратылады. 
 Қауырт  ауру  4  тәулік  ішінде,  жіті  ауру  5-14  тәулік 

аралығында,  жітілеу  ауру  15-40  тәулік  аралығында, 
созылмалы ауру бірнеше ай – жылдар бойы өтеді.  

Дерттің  арнайы  өзгерістерінің  денедегі  деңгейіне