Файл: за мерзімді жоспарды тарауы Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: №6 ОМ КММ

7.4 А. бөлім – Нысандар мен оқиғаларды модельдеу

Күні: 15.04.2022 ж Мұғалімнің аты-жөні: Жундибаева М.А.

Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Редакторға кіріктірілген нысандар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.1 – Нысандар мен оқиғалардың 3D моделін құру


Сабақтың мақсаты

Барлығы: Оқушылар үшөлшемді редакторлардың қызметін біледі. SketchUp үшөлшемді редакторының интерфейсін біледі. Қарапайым нысандардың 3D моделін құруды үйренеді

Көпшілігі: SketchUp редакторында қарапайым обьектілерді модельдей алады. Үшөлшемді редакторлардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасай алады.

Кейбірі: Редакторға кіріктірілген нысандарды сипаттай алады. Сырттан нысандар кірістірудің қосымша мүмкіндіктерін біледі. Нысандар мен оқиғаларды 3D моделін құруды үйренеді

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану


Бағалау критерийі

  • - SketchUp үшөлшемді редакторының интерфейсін біледі. Негізгі командалар мен инструменттер панелінің құралдарын пайдалана алады; қарапайым нысандардың 3D моделін құрады;

  • - 3D обьекттерді қолдана алады және өңдей алады. Қарапайым обьектілерді модельдей алады;

  • - SketchUp редакторына нысандарды кіріктіру (импорттау) мүмкіндігі туралы қорытынды жасай алады және талдай алады. Нысандар мен оқиғаларды 3D моделін құрады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

өз модельдерін көрсете алады (айту және тыңдау дағдылары).

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Үшөлшемді модель

  • Рендеринг

  • Әсерлер, өтулер, монтаждау

Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Әзірленген модель…сәйкес келеді.

  • Әсер құру үшін … қажет.

Мені модельді …негізінде әзірледім.

Құндылықтарға баулу

Бірлесе жұмыс жасау арқылы білімге қол жеткізу, бір-бірін сыйлау, құрметтеу.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, Физика, Математика, Сызу

Алдыңғы білім

Модельдер, 3D-модельдер

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут








5 минут

Ұйымдастыру: Сәлеметсіздер ме, оқушылар? көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. (сынып оқушыларын түгелдеймін).

Психологиялық сәт

«Амандасу» тренингін ұйымдастырамын.
«Күн» бейнеленсе, жақсы ықыласпен тілек айтамыз.
«Жүрек» бейнеленсе, бір-бірімізбен құшақтасамыз.



«Қол» бейнеленсе, қолымызды қысып амандасамыз.
«Күлкі» бейнеленсе, бір-бірімізге күлімдей қараймыз.

«Мозаика» әдісі арқылы «Анимация» және «Модель» деп топтарға біріктіру. (Осыдан екі топқа бөлінеді, алтын ережемен таныстырып өтемін).

Миға шабуыл:

Өткен тақырыпты қайталау.

Сұрақ:

  1. Екі өлшемді және үш өлшемді графиканың айырмашылығы қандай?

  2. 3D графикасымен жұмыс жасайтын бағдарламаларды білесіз?

  • AutoCAD

  • 3DStudio Max

  • Blender

  • Sketchup

Сұрақ: 3D модельді жасау үшін қандай құру кезеңдерін білесіздер?

Сыныпта өткен тақырыпты талқылау жаңа сабаққа көшеміз

Жаңа тақырып зерттеу

3D нысандарын құру кезеңдері:

  1. Модельдеу - үш өлшемді объектілер құру.

  2. Өрнектеу — модельге әртүрлі суреттерді еңгізу (ағаш, мрамор, металл және т б.)

  3. Жарықтандыру — орнату және жарық көздері.

  4. 4. Түсіру — таңдау нүктелерін түсіру камераларын орнату.

  5. Рендеринг (визуализация) — шынайы фотосуреттер немесе анимация құру.





Жұмыс дәптері

А4 парағы, стикер, маркер







Сабақтың ортасы

30 минут







Оқушыларға Sketchup бағдарламасы қалай іске қосылатының көрсетемін.

  1. Тапсырма. (Оқулықпен жұмыс)

Жұптық жұмыс. Оқушылар Sketchup бағдарламасының интерфейсіне зерттеу жүргізіп, берілген кестеге құралдардың атауы мен мүмкіндігін толтырылады.

SketchUp – бұл үшөлшемді объектілерді құру, өңдеу үшін арналған бағдарлама. Жобалар SketchUp *.skp форматында сақталады.

«Қызметін анықтау» стратегиясы берілген суретке қарап батырманың қызметін сәйкестендіру.

Кестені толтырып болған соң, оқушылар бір-бірімен алмасып, кері байланыс береді.

Дескриптор

  • 3D модельді жасау үшін негізгі құралдар атауын біледі

  • 3D модельді жасау үшін негізгі құралдардың мүмкіндігін біледі.




  1. Тапсырма.

SketchUp 3D редакторы. Топтық жұмыс

  1. Түрлі ақпарат көздерін (интернет ресурс, оқулық, бағдарламаның анықтамалығы, т.б.) пайдалана отырып бағдарлама туралы ақпарат іздеңіз:

  • редактордың инструменттер панелі

  • редакторға кірістірілген объектілер

  • Ақпаратты кестенің сәйкесті бөлігіне толтырыңыз

    Толтыруға арналған кесте



    Интерфейстік бөлім атауы

    Негізгі қызметі

    Элементтері (Объекттері)

























    Жұмыстарды демонстрациялау

    Білім алушылар кіші топтарда толтырған кестелерін сынып оқушыларына түсіндіреді, қорғайды.

    ІІІ тапсырма

    1 Тәжірибелік жұмыс (компьютерде жеке жұмыс атқарады)

    SketchUp бағдарламасының құралдарын пайдаланып параллелепипед құрастырыңдар.

    1. Бағдарламаны іске қосамыз.

    2. Тиісті шаблонды таңдаймыз. Шаблондар ішінен әзірге «Простой шаблон–метры» таңдаймыз.

    3. Бағдарлама терезесі ашылғаннан кейін «Прямоугольник» батырмасын шертеміз. Жұмыс алаңындағы «Сүйеніп тұрған адам» координаталық сызықтардың басына меңзердің ұшын қойып, тіктөртбұрыш сызамыз.

    4. Тяни /Толкай батырмасын баса отырып, тіктөртбұрышты созу арқылы, 134-суреттегі көлемді фигураны саламыз.

    5. «Окно – Материалы (Терезе – Материалдар)» командасының көмегімен модульді іске қосамыз. Пайда болған сұхбат терезесі көмегімен параллелепипед қабырғаларын (134-суретте) көрсетілгендей кірпішпен қаптаймыз.

    6. Параллелепипед төбесін «Кровля» бөліміндегі «Черепицамен» қаптаймыз. (135-сурет)




    134 сурет 135 сурет
    №2 Тәжірибелік жұмыс. https://www.youtube.com/watch?v=Bfk8gGHVbDs адресі бойынша бейнефильмдегі материалды негізге ала отырып, Sketch Up программалық ортасында үйдің суретін салу. (5.10-сурет)

    Дескриптор

    1. Инструменттердің қызметін біледі;

    2. Инструменттерді пайдалана алады;

    3. Создает 3D объект жасайды;

    4. 3D объекттің сыртқы келбетін өзгерте алады;

    5. Объектіні визуалды көрсетуді басқара алады;

    «Серпілген сауал» әдісі арқылы сабақты бекіту

    1. Sketch Up программасын қалай іске қосамыз?

    2. Sketch Up редакторы қандай аймақтарға бөлінеді?

    3. Х, Y және Z осьтері программада не үшін түрлі түстермен белгіленген?

    4. Sketch Up программасының қандай мүмкіндіктерін білесіңдер?

    5. Sketch Up-та жобаларды сақтау үшін файлдың қандай кеңейтілуі қолданылады?

    6. Нысандардың модельдерін қай сала мамандары үшін аса қажет деп ойлайсындар?

  • Интербелсенді тақта, слайд, түрлі түсті стикерлер


    Оқулық, компьютер, А4 формат, түрлі түсті стикерлер

    https://www.youtube.com/watch?v=Bfk8gGHVbDs


    Сабақтың соңы

    2

    минут



    Кері байланыс:

    «Қажетті сөздің астын сызыңыз» әдісі

    1. Сабақ үстінде мен жұмыс жасадым

    белсенді/ енжар

    2. Сыныптағы өз жұмысыма

    ризамын / риза емеспін

    3. Маған сабақтың уақыты … көрінді

    қысқа / ұзақ

    4. Мен сабақта

    шаршадым / шаршамадым

    5. Менің көңіл күйім … болды

    жақсы / нашар

    6. Сабақта қолданылған тапсырмалар … болды

    түсінікті / түсініксіз

    маңызды / маңызды емес

    қызықты / қызықсыз

    7. Менің ойымша, үй тапсырмасы

    оңай / қиын

    қызықты / қызықсыз










    Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

    Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай текеруді жоспарлап отырсыз?

    Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

    Бірлескен жұмыс, жеке жұмыс арқылы сабақты меңгерту. Мозайка әдісін қолдануда оқушылар топқа бөлуде, кері байланыс жасату арқылы.

    Жұптық жұмысты орындау барысында

    кестені толтырып болған соң, оқушылар бір-бірімен алмасып, кері байланыс береді.


    Компьютер мен адам арасында арақашықтықты талапқа сай сақтау, компьютермен жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптарын ұстану

    Жалпы бағалау

    Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

    1:

    2:

    Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

    1:

    2:

    Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері\ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?