Файл: 1 кесте оланы бліктері, орналасуы, андандыру аймаы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 105
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1 кесте
Қолқаның бөліктері, орналасуы, қандандыру аймағы
Артерияның атауы/ латыншасы | Артерияның орналасуы, сипаттамасы | Артерияның тармақтары Тармақтардың орналасуы мен сипаттамасы Қандандыру аймақтары /мушелері/ |
Қолқаның жоғарылаған бөлігі Рars ascendensaortae | Жүректің сол қарыншасынан басталады. Ұзындығы 6 см, ені 3 см. Төстің сол шетінің артында, үшініші қабырғааралықтың тұсында, өкпе сабауының артында орналасқан. Оның басталған жері кеңейген, қолқа жуашығы /bulbus aortae/ деп аталады. | Тек жүректі қандандырады. |
Қолқаның доғасы Arcus aortae | Доғасымен жоғары қарай орналасады. Екініші қабырға тұсынан басталып, артқа иіледі. Жүректің артымен төмен бағытталып, 4-ші кеуде омыртқасының тұсында төмендеген бөліне ауысады. Доғаның алдында -төс сабы, артында – кеңірдек бифуркациясы, астында – сол бас бронхы орналасады. | Доғадан шыққан тамырлар басты, мойынды, екі қолды қандандырады. |
Қолқаның жоғарылаған бөлігі Рars descendens aortae | Қолқаның ең ұзын бөлігі. 4-ші кеуде омыртқасынан 4-ші бел омыртқасына дейн созылады. 4-ші бел омыртқасының тұсында аорта екі жалпы мықын артерияларына бөлінеді, бұны аорта бифуркациясы деп атаймыз. Қолқаның төмендеген бөлігі екі бөлікке бөлінеді: кеуде қолқасы мен құрсақ қолқасы. | Кеуде, құрсақ қуысының және жамбас астауының мүшелерін, екі аяқты қандандырады. |
2 кесте
Қолқаның жоғарылаған бөлігінің тармақтары
Қандандыру аймағы – жүрек
Артерияның атауы/ латыншасы | Артерияның орналасуы, сипаттамасы | Артерияның тармақтары | Тармақтардың орналасуы мен сипаттамасы | Қандандыру аймақтары /мушелері/ |
Қолқаның жоғарылаған бөлігі Рars ascendensaortae | Жүректің сол қарыншасынан басталады. Ұзындығы 6 см, ені 3 см. Төстің сол шетінің артында, үшініші қабырғааралықтың тұсында, өкпе сабауының артында орналасқан. Оның басталған жері кеңейген, қолқа жуашығы /bulbus aortae/ деп аталады. | Оң тәждік артериясы arteria coronaria dextra | Қолқа мен оң құлақшаның арасында, жүректі оң шетінен орап, тәждік сайда жатады. Жүректің артқы қабырғасына өтіп, айналама артериясымен анастомоз құрайды. Ең ірі тармағы - артқы қарыншааралық тармақ. | Оң жүрекше мен қарыншасының қабырғалары. Жүрекшеаралық перде. Қарыншааралық перденің артқы бөлігі. Сол қарыншаның артқы бөлігі. |
Сол тәждік артериясы arteria coronaria sinistra | Сол жүрекшенің алдыңғы бетінде, тәждік сайда жатады. Екі тармаққа бөлінеді: алдыңғы қарыншаралық артерия және айналама артерия. Алдыңғы қарыншааралық артерия алдыңғы қарыншааралық сайда жатады. Айналама артерия сол тәждік саймен жүректің артына барады, оң тәждік артериямен анастомоз құрайды. | Сол қарыншаның қабырғалары. Қарыншааралық перде. Оң қарыншаның алдығы қабырғасы. Сол жүрекшенің қабырғалары |
3 кесте Қолқаның доғасының тармақтары
Қандандыру аймағы – бас, мойын, қол, кеуде.
Артерияның атауы/ латыншасы | Артерияның орналасуы, сипаттамасы | Артерияның тармақтары | Тармақтардың орналасуы, сипаттамасы | Қандандыру аймақтары /мушелері/ |
Қолқа доғасы- Arcus aortae | Қолқаның жоғарылыған бөлігінің жалғасы болып келеді. Артқа және солға бағытталады, II-ші қабырғадан IV-ші кеуде омыртқасына дейін. Алдында төс сабы, артында трахея бифуркациясы, астында сол бас бронхы орналасқан. Қолқаның бұл бөлігінен үш ірі артерия шығады. | Иық-бас сабауы Truncus brachiocephalicus | Қолқа доғасынан, оң қабырғаның шеміршегінің тұсынан басталады. Оң төс-бұғана буынының артында екіге бөлінеді - оң бұғанаасты және оң жалпы ұйқы артериясына. | Бастың, мойынның, кеуденің оң бөліктері. Оң қол. |
Сол жалпы ұйқы артериясы a.carotis communis sinistra | Сол жалпы ұйқы артериясы оң жалпы ұйқы артериясынан ұзын болады /2,0-2,5 см-ге/. Жоғары тіке бағытталады. Қалқанша шеміршегінің жоғарғы жиегінің тұсында екіге бөлінеді – ішкі және сыртқы ұйқы артерия-ларына. | Бастың, мойынның сол бөлігі. | ||
Сол бұғана асты артериясы a.subclavia sinistra | Бұғананың астынан, өкпе қапшығы ұшының үстімен, кейін алдыңғы және ортаңғы сатылы бұлшық еттердің арасымен өтіп, бірінші қабырғаны айналып, қолтық шұңқырына бағытталады. | Мойынның, желкенің, жұлынның, бас мидың сол бөліктері. |
4 кесте
Сыртқы ұйқы артериясының тармақтары
Артерияның атауы/ латыншасы | Артерияның орналасуы, сипаттамасы | Артерияның тармақтары | Қандандыру аймақтары /мушелері/ |
Сыртқы ұйқы артериясы Arteria carotis externa | Жоғары көтеріледі, төменгі жақтың шетінде құлақ маңы безінен өтеді де, соңғы тармақтарына бөлінеді – самайдың беткейдегі артериясы және жоғарғы жақ артериялары. Жоғары көтеріліп келе жатқанда одан әртүрлі тармақтар бөлінеді, олар бет пен бастың мүшелерін қандандырады. | -Жоғарғы қалқанша артериясы /a.thyroidea superior/ | Көмейдің бұлшық еттері мен шырышты қабаты, тіласты сүйегі, қалқанша безі, мойын бұлшық еттері, төс-бұғана-емізік бұлшық еті |
-Тіл артериясы /a.lingualis/ | Тіл, ауыз бұлшық еттері, тыңдай бадамшалары, тіласты безі, ауыз қуысы, иек. | ||
-Беттік артерия /a.facialis/ | Жұтқыншақ, бадамшалар, жұмсақ таңдай, жақасты безі, ауыз бұлшық еттері, мимикалық бұлшық еттер. | ||
-Желке артериясы /a.occipitalis/ | Желкенің терісі мен бұлшық еттері, құлақ қалқаны, мидың қатты қабығы. | ||
-Артқы құлақ артериясы /a.auricularis posterior/ | Желкенің, құлақтың, емізіктәрізді өсіндінің аумағындағы тері, ортаңғы құлақ | ||
-Жұтқыншақтың жоғары көтерілуші артериясы /a. рharyngea ascendens/ | Жұтқыншақ, мойынның терң бұлшық еттері, бадамшалар, есту түтігі, жұмсақ таңдай, мидың қатты қабығы, ортаңғы құлақ. | ||
-Самайдың беткейдегі артериясы /a.temporalis superfacialis/ Тармақтары:маңдай, төбе, беттің көлденең, алдыңғы құлақ, ортаңғы самай, шықшыт безінің артериялары | Маңдай мен төбенің бұлшық еттері мен терісі, шықшыт безі, мимикалық бұлшық еттер, самай бұлшық еті | ||
Жоғарғы жақ артериясы /a.maxillaris/. Тармақтары:ортаңғы менингиалды, төменгі альвеолярлық, көзасты, төмендеген таңдай, сына-таңдай артериялары. | Ортаңғы құлақ, тістер, ауыздың шырышты қабаты, мұрын қуысы, мимикалық, шайнау бұлшық еттері, мидың қатты қабығы, |
5 кесте Ішкі ұйқы артериясының тармақтары
Артерияның атауы/ латыншасы | Артерияның орналасуы, сипаттамасы | Артерияның орналасуы мен тармақтары | Қандандыру аймақтары /мушелері/ |
Ішкі ұйқы артериясы Arteria carotis interna | Мойында тармақтар бермейді. Мойынның бүйірімен, жұтқыншақ пен ішкі мойытұрық венасының арасымен жоғары көтеріледі. Самай сүйегінің ұйқы тесігінен ми сауытына өтеді. Өткеннен кейін түрік ертоқымының тұсында тармақталады. | Көз артериясы /a.ophtalmica/ | Көз алмасы, қөз бұлшық еттері, жас безі, қабақ, тортәрізді сүйек, мұрын қуысы, маңдайдың терісі мен бұлшық еттері. |
Алдыңғы ми артериясы /a.cerebri anterior/ | Мидың маңдай және төбе бөліктері, сүйелді дене, иіс сезі жуашығы мен жолы. | ||
Ортаңғы ми артериясы /a.cerebri media/ | Мидың маңдай, төбе және смамай бөліктері. | ||
Артқы дәнекер артериясы /a.communicans posterior/ | Мидың артқы бөлімі |
6 кесте
Бұғана асты артериясының тармақтары
Артерияның атауы/ латыншасы | Артерияның орналасуы, сипаттамасы | Артерияның тармақтары | Тармақтардың орналасуы | Қандандыру аймақтары /мушелері/ |
Бұғана асты артериясы Arteria subclavia | Оң бұғана асты артериясы иық-бас басауынан басталады. Сол бұғана асты артериясы қолқа доғасынан басталады. Бұғана асты артериясы бұғананың астынан, өкпе қапшығы ұшының үстімен, кейін алдыңғы және ортаңғы сатылы бұлшық еттердің арасымен өтіп, бірінші қабырғаны айналып, қолтық шұңқырына бағытталады. | Омыртқа артериясы /a. vertebralis/ | Бұғанаасты артериясының ең ірі, маңыз-ды тармағы. Ол VII-ші мойын омыртқасының тұсынан басталады. Әрі қарай VI-I мойын омырт-қаларының көлденең өсіндісінділерінің тесіктері арқылы жоғары көтеріліп, шүйденің үлкен тесігінен ми сауытына кіреді. Ми сауытына кіргеннен кейін оң және сол омыртқа артериялары қосылып, негізгі артерия пайда болады. Негізгі артериядан оң және сол артқы ми артериялары бөлінеді. Бұл артериялар ортаңғы ми артерияларымен қосылып, «Виллизий шеңберін» құрайды. | Мидың қатты қабығы, мишық, бас ми, көпір, ішкі құлақ. |
Ішкі кеуде артериясы /a.thoracica interna/ | Бұғанаасты артериясына бөлініп, I-VIII қабырғалардың шеміршегінің артымен төмен қарай бағытталады. Бұл артериядан бұлшықет-қөқет артериясы мен жоғарғы баған артериясы бөлінеді. | Айырша без, кеңірдек, бронхылар, жүрек қапшығы, көкет, кеуде бұлшық еттері, сүт безі, іш бұлшық еттері, | ||
Қалқанша-мойын сабауы /truncus thyrocervicalis/ | Бұғанаасты артериясынан алдыңғы сатылы бұлшық еттің тұсынана бөлінеді. Сол жерде бірнеше тармаққа тармақталады. | Қалқанша безі,мойын, арқа, иық белдеуінің бұл-шық еттері | ||
Қабырға-мойын сабауы /truncus costocervicalis/ | Бұғанаасты артериясынан бөлініп, сатылы бұлщық еттердің арасымен өтеді. Сол жерде тармақталады. | Бас пен мойынның терең бұлшық еттері, жұлын, 1-2-ші қабырғааралық бұлшық еттері. | ||
Мойынның көлденең артериясы /a.transversa colli/ | Бұғанаасты артериясынан алдыңғы сатылы бұлшық еттеің тұсынына бөлініп, мойында колденең орналасады. | Мойынның және арқаның жоғарғы бұлшық еттері. |
7 кесте Қолтық артериясының тармақтары
Артерияның атауы/ латыншасы | Артерияның орналасуы, сипаттамасы | Артерияның тармақтары | Қандандыру аймақтары /мушелері/ |
Қолтық артериясы Arteria axillaris | Бұғанаасты артериясының тікелей жалғасы болып келеді. Қолтықасты шұңқырында аттас веналармен және иық жүйке өрімімен қатар жатады. Әрі қарай ол иық артериясына айналып кетеді. | Жоғарғы кеуде артериясы /a. thoracica superior/ | Қабырғааралық бұлшық еттер, үлкен және кіші кеуде бұлшық еттері, сүт безі. |
Кеуде-акромион артериясы /a.thoracoacromialis/ | Кеуде, иық бұлшық еттері, бұғана, иық буыны, кеуде мен иықтың терісі. | ||
Латералді кеуде артериясы /a. thoracica lateralis/ | Қолтық теріасты майы мен лимфа түйіндері, кеуде бұлшық еттері, сүт безі. | ||
Жауырын асты артериясы /a. subscapularis/ | Арқаның, иық белдеуінің, иықтың бұлшық еттері мен терісі, иық буыны, | ||
Тоқпан жіліктің алдыңығы айналама артериясы /a.circumflexa humeri anterior/ | Иық буыны мен дельтатәрізіді бұлшық ет. | ||
Тоқпан жіліктің артқы айналама артериясы /a.circumflexa humeri posterior/ | Иық буыны, иық белдеуі мен иықтықтың бұлшық еттері. |
8 кесте Иық, шынтақ, кәрі жілік, кол ұшының артериялары
Артерияның атауы/ латыншасы | Артерияның орналасуы, мінездемесі | Артерияның тармақтары | Қандандыру аймақтары /мушелері/ |
Иық артериясы /a.brachialis/ | Қолтық артериясының тікелей жалғасы болып келеді. Екі басты бұлщық еттің ішкі жағында, екі иық венасымен және аттас жүй-кемен қатар жатады. Шынтақ буынның /шынтақ шұңқырында/ тұсында екі артерияға тармақта-лады – шынтақ және кәрі жілік артериялары. | Иықтың тереңдегі артериясы a.profunda brachii | Шынтақ буыны, иықтың бұлшық еттері мен терісі. |
Шынтақ артериясы /a.ulnaris/ | Шынтақ сүйегінің бойымен, бі-лектің бетке және терең бұлшық еттерінің арасымен төмен түседі. Әрі қарай шынашықтың бұлшық еттерінің арасымен алақанға өте-ді. Алақанда кәрі жілік артерия-сының беткей тармағымен ана-стомоз құрап, алақанның бет-кей доғасын құрайды. | Шынтақтың қайырылма артериясы Ортақ сүйекаралық артерия a.interossea communis Терең алақан артериясы a.palmaris profundus | Шынтақ буыны, білектің алдыңғы және артқы топтағы бұлшық еттері. |
Кәрі жілік артериясы /a.radialis/ | Иық артериясының жалғасы болып келеді. Дөңгелек пронатормен иық-кәрі жілік бұлшық еттерінің арасымен өтеді. Білектің төменгі бөлігіне келгенде беткейге шығады да, терінің астында орналасады, сондықтан осы жерде тамырдың соғуын байқауға болады. Кәрі жіліктің дисталды ұшына келгенде, біз тәрізді өсіндісін айналып, қолдың сыртына шығады. Содан кейін алақан сүйектерінің арасымен алақанға өтеді. Шынтақ артериясының терең алақан тармағымен қосылып, алақанның терең доғасын құрайды. | Беткей алақан артериясы a.palmaris superfacialis Кәрі жіліктің қайырылма артериясы | Шынтақ буыны, иық пен білектің бұлшық еттері. Қол ұшының бұлшық еттері мен сүйектері. |
9 кесте Қол ұшының артериялары
Артерияның атауы/ латыншасы | Артерияның орналасуы, мінездемесі | Артерияның тармақтары | Қандандыру аймақтары /мушелері/ |
Алақанның терең доғаcы Arcus palmaris profundus | Алақанның терең артериялық до-ғасы кәрі жілік артериясы мен шынтақ артериясының терең алақандық тармағының анастомозынан пайда болады. Одан алақанның сүйекаралық артериялары бөлінеді. | Алақанның сүйекаралық артериялары aa.metacarpeae palmares | Алақанның сүйекаралық бұлшық еттері. |
Алақанның беткей доғаcы Arcus palmaris superfacialis | Алақанның беткейдегі артерия-лық доғасы шынтақ артериясы мен кәрі жілік артериясының беткей алақандық тармағының қосылуынан пайда болады. Саусақтарды бүгуші бұлшық еттің шандырының астында орналасады. Одан жалпы алақандық саусақ артериялары бөлінеді. Әрі қарай алақанның сүйекаралық артериялары жалпы алақандық артерияларына қосылады. Содан кейін қайтадан екі меншікті алақан саусақтық артерияларға бөлінеді. | Жалпы алақандық саусақ артериялары a.digitales palmares communis | Алақанның, саусақтардың бұлшық еттері мен терісі. |
10 кесте Кеуде қолқасының тармақтары.
Артерияның атауы/ латыншасы | Артерияның орналасуы, мінездемесі | Артерияның тармақтары | Қандандыру аймақтары /мушелері/ |
Париеталды тармақтары: Жоғарғы көкеттік артерия a.phrenicae superiores | Көкеттің жоғарыға қараған бетіне қарай бағытталады | | Көкеттің кеуде қуысына қараған беті |
Артқы қабырғааралық артериялар a.intercostales | Он жұп артерия III-XII қабыраралықтардың бойымен жүреді. Қабырғалардың басының тұсында латералды, медиалды тері тармақтарына және арқа тармақтарына бөлінеді | Латералды және медиалды тері тармақтары Арқа тармақтары | Қабырғааралық бұлшық еттер, іштің тік бұлшық еттері, кеуденің терісі, сүт бездері Арқаның бұлшық еттері мен терісі, жұлын. |
Висцералды тармақтары: Бронхиалдық артериялар a.bronchiales | Екі-үш артерия болып брохылардың бойымен өкпеге кіреді. Өкпенің ішінде өкпе артериясының тармақтарымен көптеген анастомоздар құрайды | | Өкпе, кеңірдек, бронхылар. |
Өңеш артериялары a.esophageales | Өңеш қабырғасына барады | | Өңеш қабырғасы |
Медиастиналдық артериялар a.mediastinales | Көкірекаралық мүшелеріне барады | | Көкірекаралық мүшелері |
Периқардиалдық артериялар a.pericardiaci | Жүрек қапшығының артқы жағына барады. | | Жүрек қапшығы |