Файл: 1 кесте оланы бліктері, орналасуы, андандыру аймаы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 106
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
11 кесте Құрсақ қолқасының тармақтары.
Артерияның атауы/ латыншасы | Артерияның орналасуы, мінездемесі | Артерияның тармақтары | Қандандыру аймақтары /мушелері/ |
Париеталды тармақтары: Төменгі көкеттік артерия a.phrenicae inferiores | Көкеттің құрсақ қуысына қараған бетіне барады | Жоғарғы бүйрекүсті артериясы a.suprarenalis superior | Көкеттің құрсақ қуысына қараған беті |
Бел артериялары a.lumbales | Төрт жұп артерия. Бел омыртқаларының тұсында құрсақ қолқасынан шығады. | | Арқа мен іштің бұлшық еттері мен терісі, жұлын. |
Жұп висцералды тармақтары: Ортаңғы бүйрекүсті артериясы a.suprarenalis media | Бірінші бел омыртқасының тұсында қолқадан бөлініп, бүйрекүсті безіне барады. | | Бүйрекүсті безі. |
Бүйрек артериясы a.renalis | Бүйрекүсті артериясынан төменірек, I-II-ші бел омыртқаларының тұсында қолқадан бөлінеді. Бүйрек қақпасына кіреді. | Төменгі бүйрекүсті артериясы a.suprarenalis inferior | Бүйрек, бүйрекүсті артериясы. |
Жыныс безінің артериясы a.testicularisa.ovarica | Ерлерде бүйрек артериясынан төменірек қолқадан бөлініп, шап қаналы арқылы, шәует бауының құрамында жыныс безіне барады. Әйелдерде бұл артерия анабез ілініп тұратын байламның құрамында анабезге барады. | | Ерлер мен әйелдің жыныс бездері, жатыр түтігі, атабез қосалқысы. |
12 кесте Құрсақ қолқасының тақ висцералды тармақтары.
Артерияның атауы/ латыншасы | Артерияның орналасуы, мінездемесі | Артерияның тармақтары | Қандандыру аймақтары /мушелері/ |
Құрсақ сабауы Truncus coeliacus | XII кеуде омыртқасынаның тұсында құрсақ қолқасынан бөлінеді. Қысқа артерия, ұзындығы 1,5-2,0 см. Үш тармаққа тармақталады. | Сол асқазан артериясы а.gastrica sinistra | Асқазанның денесі мен кардиялық бөлігі. |
Жалпы бауыр артериясы a.hepatica communis /меншікті бауыр, асқазан-он екі елі ішек, оң асқазан-шарбы артерияларына бөлінеді/ | Меншікті бауыр артериясы - бауыр, өт қапшығы, асқазан қабырғасы. Асқазан-он екі елі ішек артериясы – он екі елі ішек, ұйқы безі. Оң асқазан-шарбы артериясы – үлкен шарбы, асқазан қабырғасы. | ||
Көкбауыр артериясы a.lienalis | Көкбауыр, асқазан, үлкен шарбы, ұйқы безі. | ||
Жоғарғы шажырақай артериясы a.mesenterica suerior | XII кеуде-I бел омыртқалары-ның тұсында, құрсақ сабауы-нан төменірек, құрсақ қолқа-сынан бөлінеді. Ол ұйқы безінің денесімен, он екі елі ішектің төменгі бөлігінің арасынан өтеді. Жіңішке ішектің шажырақай майының арасына кіріп, оң жақтағы мықын шұңқырына жетеді. Оның бойынан тармақтар шығады. | Төменгі ұйқы безі-он екі елі ішек артериялары a. pancreaticoduodenales inferiores | Ұйқы безі мен он екі елі ішек. |
Ащы ішек және мықын ішек артериялары a.jejunales a. ileales | Ащы ішек пен мықын ішек | ||
Мықын жиек артериясы a.ileocolica | Соқыр ішек, құрт тәрізді өсінді, мықын ішек, жоғарылаған мықын ішек. | ||
Оң жиектік артерия a. colica dextra | Жоғарылаған тоқ ішек | ||
Ортаңғы жиектік артерия a. colica media | Жоғарылаған тоқ ішектің жоғарғы бөлігі, колденең тоқ ішек оң бөлігі. | ||
Төменгі шажырақай артериясы a.mesenterica inferior | II-III-ші бел омыртқасының тұсында, жоғарғы шарықай артериясынан төменірек, құрсақ қолқасынан бөлінеді. Бөлінген соң ішастар сыртымен солға және төмен қарай бағытталады. Үш ірі тармаққа бөлінеді. | Сол жиектік артерия a.colica sinistra | Колденең тоқ ішек сол бөлігі, төмендеген тоқ ішек. |
Сигма тәрізді артерия a.sigmoidei | Сигма тәрізді ішек | ||
Жоғарғы тік ішек артериясы a.rectalis superior | Тік ішектің жоғарға және ортаңғы бөлігі |
13 кесте Ішкі мықын артериясының тармақтары.
Артерияның атауы/ латыншасы | Артерияның орналасуы, мінездемесі | Артерияның тармақтары | Қандандыру аймақтары /мушелері/ |
Висцералды тармақтары: Кіндік артериясы a.umbilicalis | Зәр шығару және жыныс мүшелеріне барады. | Шәует шығарушы өзектің артериясы | Несепағардың төменгі бөлігі, несепқуықтың жоғарғы бөлігі, шәует қуықшалары, шәует шығарушы өзек, ерлердің жыныс безінің қосалқысы. |
Жатыр артериясы a.uterina | Әйелдің жыныс мүшелеріне барады | | Жатыр, қынап, жатыр түтігі, жыныс бездері. |
Ортаңғы тік ішек артериясы a.rectalis media | Тік ішекке барады. Жоғарғы және төменгі тік ішек артериялары мен анастомоз құрайды. | | Тік ішек, қуық асты безі, шәует қуықшалары. |
Ішкі жыныс артериясы a.pubenda interna | Кіші жамбас астауынан алмұртасты тесігінен шығып, әрі қарай кіші шонданай тесігі арқылы шонданай-тік ішек шұңқырына барады. | | Ұма, аталық жыныс мүшесі, клитор, зәр шығару түтігі, шатаралық бұлшық еттері, тік ішектің төменгі бөлігі. |
Париеталды тармақтары: Мықын-бел артериясы a. iliolumbalis | Үлкен бел бұлшық етінің артымен өтеді, латералды бағытталады. | | Іштің және белдің бұлшық еттерін қандандырады. |
Латералды сегізкөз артериялары aa.sacrales lateralis | Сегізкөзге қарай бағытталады. | | Сегізкөз, жұлын, ішпе пен арқаның төменгі бұлшық еттері, сегізкөз аумағының терісі. |
Жоғарғы бөқсе артериясы a.glutea superior | Жамбас астуынан алмұрт үсті тесігі арқылы шығады. | | Бөқсе, сан, жамбас, шатаралықтың бұлшық еттері, жамбас буыны, боқсе аумағының терісі. |
Төменгі бөқсе артериясы a.glutea inferior | Алмұрт асты тесігі арқылы үлкен бөқсе бұлшық етіне қарай бағытталады. | | Бөксе аумағының бұлщық еттері мен терісі, шонданай жүйкесі, жамбас буыны, жартылай жамбас пен санның бұлшық еттері. |
Жапқыш артерия a.obturatoria | Жамбас астауының бүйір қабырғасының бойымен жапқық каналына қарай барады. Каналдан өтіп, санға қарайшығады. | | Жамбас пен санның бұлшық еттері, жамбас буыны, шонданай сүйегі, шатаралық пен сыртқы жыныс мүшелерінің терісі. |
14кесте Сыртқы мықын артериясы мен сан артериясының тармақтары.
Артерияның атауы/ латыншасы | Артерияның орналасуы, сипаттамасы | Артерияның тармақтары | Қандандыру аймақтары /мушелері/ |
1.Сыртқы мықын артериясының тармақтары: Төменгі құрсақ үсті артериясы a.epigastrica inferior | Іштің алдыңғы қабырғасының ішкі бетімен іштің тік бұлшық етіне барады. | Шат артериясы Жапқыш артериясы Әйелдің жұмыр байламының артериясы | Іштің тік бұлшық еті, жапқыш бұлшық еті, әйелдің жұмыр байламы. |
Мықын сүйегін орайтын терең артерия a.circumflexa ilium profunda | Мықын сүйегінің қырымен артқа қарай барады. Іш пен жамбастың бұлшық еттерін қандандырады. | | Іш пен жамбастың бұлшық еттері. |
2.Сан артериясының тармақтары: Беткей құрсақ үсті артериясы a.epigastrica superfacialis | Жоғары қарай, іштің алдыңғы қабырғасына барады. | | Сыртқы қиғаш бұлшық ет, іштің терісі. |
Мықынсүйегін орайтын беткей артерия a.circumflexa ilium superfacialis | Шап аумағына бағытталады | | Шап аумағының бұлшық еттері, терісі және лимфа түйіндері. |
Сыртқы жыныс артериялары a.pubendae txternae | Жыныс мүшелерін қандандырады. | | Ерлерде ұмаға, әйелдерде үлкен жыныс ернеулері. Шат сүйегі аумағының терісі. |
Шап артериялары a.inguinales | Шап аумағына барады | | Шап аумағының терісі, бетке және терең лимфа түйіндері. |
Төмендеген тізе артериясы a.descendens genus | Сан артериясынан бөлініп, төменге қарай бағытталады. | | Тізе буыны |
Санның терең артериясы a.profunda femoris | Cан артериясының ең ірі тармағы. Сан артериясынан шат байламынан 3-4 см төменірек бөлінеді. | Ортан жілікті орайтын латералды және медиалды артериялар. | Жамбас белдеуінің және санның бұлшық еттері мен терісі. |
Үш тереңге кететін артерия. | Ортан жілік, жамбас буыны, санның бұккіш бұлшық еттері. |
15 кесте Балтыр мен аяқ ұшының артериялары тармақтары.
Артерияның атауы/ латыншасы | Артерияның орналасуы, сипаттамасы | Артерияның тармақтары | Қандандыру аймақтары /мушелері/ |
Тақым артериясы a.poplitea | Сан артериясының тікелей жалғасы болып келеді. Тақым шұңқырының тереңінде орналасады. Оның тармақтары тізе буының айналасында артериялық тор құрайды. Тақым шұңқырының төменгі бұрышын-да сан артериясы екі соңғы тармағына бөлінеді – алдыңғы және артқы асық жілік артериялары. | -Екі төменгі /медиалды және латералды/, екі жоғарғы /медиалды және латералды/ тізе артериялары. -Ортаңғы тізе артериясы. | Тізе буыны, сан бұлшық еттері |
Алдыңғы асық жілік артериясы a. tibialis anterior | Бұл артерия жілікаралық жарғақтан өтіп, балтырдың алдыңғы бетіне ауысады. Сосын балтырдыңғы алдыңғы топ бұлшықеттерінің арасымен төмен түседі. | Алдыңғы және артқы асық жіліктік қайырма артериялары. | Тізе буыны. |
Алдыңғы медиалды және латералды толарсақ артериялары. | Медиалды және латералды толарсақ аумағы | ||
Аяқ ұшының сыртқы артериясы a.dorsalis pedis | Алдыңғы асық жілік артериясының тікелей жалғасы болып келеді. | -Медиалды және латералды тілерсек артериялары -Доғатәрізді артерия -Төрт сыртқы табан артериясы -Бірінші сыртқы табан артериясы -Терең табан артериясы | Аяқ ұшының сүйектері, бұлшық еттері, терісі. |
Артқы асық жілік артериясы a. tibialis posterior | Балтырдың артқы бетімен төмен түсіп, асық жіліктің медиалды толарсағын орап, табанға қарай барады. Төмен түсіп бара жатқанда бірнеше тармақ жібереді. Табанда екі тармаққа бөлінеді – медиалды және латералды табан артериялары. | -Шыбық артериясы | Балтыдың артқы және латералды топ бұлшық еттерін, шыбық сүйегін қандандырады. Латералды толарсақ торын құрайды. |
-Толарсақ артериялары | Толарсақ торларын құрайды. | ||
-Өкше артериялары | Өкше аумағын қандандырады | ||
-Медиалды табан артериясы | Табанның медиалды бөлігінің бұлшық еттері мен терісі. | ||
-Латералды табан артериясы | Медиалды табан артериясымен терең табан доғасын құрайды. | ||
-Терең табан доғасы -Төрт табан артериясы -Төрт жалпы табан бақай артериясы -Меншікті табан бақай артериялары | Бұл артериялар табанның сүйектері, бұлшық еттері мен терісін қандандырады. Табанның артериялары сыртқы артериялармен анастомоздар құрайды. |